«Общественная позиция»
(проект «DAT» №34 (305) от 08 октября 2015 г.
АЛДАСПАН
Баян –
Жылады:
Жылады –
Тазарып…
Лақуа:
«Транс-Кайфпен» –
Ғажайып!
Баян –
Жылады:
Ән –
Тыңдап отырып…
Мен де –
Жыладым:
Күлген боп –
Өтірік.
Баян –
Жылады:
«Рахатқа» –
Батқаннан…
Мен де –
Жыладым:
«Азабын» –
Тартқаннан!
Баян –
Жылады:
Аналық –
Тамсаннан…
Мен де –
Жыладым:
Аталық –
Аңсардан!
Баян –
Жылады:
«Есінен» –
Танғаннан!
Мен де –
Жыладым:
«Есірік» –
Болғаннан!
Баян –
Жылады:
Уақытқа –
«Ашына»…
Мен де –
Жыладым:
Ұлғайған –
Жасыма!
Баян –
Жылады:
«Бағына» –
Мастанып…
Мен де –
Жыладым:
«Сорымды» –
Жастанып!
Баян –
Жылады:
Жүрегі –
Езіліп…
Мен де –
Жыладым:
Жанымнан –
Безініп.
Баян –
Жылады:
«Қазағым –
Ғажап…» –
Деп.
Мен де –
Жыладым:
«Өмірі –
Тозақ!» –
Деп.
Мен де –
Жыладым:
«Мүкіс –
Деп –
Құлағы!».
Баян да –
Жылады:
«Мен бе –
Деп –
Кінәлі?!».
Сезді ме,
Сезбеді:
«Басырын –
Көздері…»
(О, Қашан –
«Абайы»:
«Жұртынан» –
Безгелі!)
…«Улаған –
Санасын»:
«Данышпан-Данасын»!
«Жалғанға» –
Кіріптар:
«Шарпысын –
Шаласын»! –
Сезбейді!
Білмейді-ақ!
Сондықтан,
«Жылайды»:
Көңілі –
Кірлейді-ақ,
«Кебінім» –
Сыңайлы!
…Баян –
Жылады:
Елітіп –
«Әуенге»!
Мен де –
Жыладым:
«Тәуелсіз –
Тәуенде»!
Баян –
Жылады:
Шаттана –
Шошынып…
…Мен де –
Жыладым:
Баянға –
Қосылып!
Баян –
Жылады:
Шықтанған –
Гүл-Шыбық…
Мен де –
Жыладым:
Күңірене –
Күрсініп!
Баян –
Жылады:
«Тілінен» –
Түңіліп!
Мен де –
Жыладым:
«Табиғатына» –
Үңіліп!
Баян –
Жылады:
«Кәлиме» –
Балықтай!
Мен де –
Жыладым:
«Көрдегі» –
Жарықтай!
Ол да –
Жылады…
Мен де –
Жыладым…
…Енді,
Қайтеміз,
Қалай –
Қыламын?!
Арудың –
Көз-Жасы:
«Зәм-Зәм» –
Суындай!
Ақынның –
Көз-Жасы:
«Әб-Жылан» –
Уындай!
3.10.2015