Суббота , 5 июля 2025

ИРАН-ҒАЙЫП ІБІЛІСТЕНУ КӨРІНІСІ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.
Алдаспан
ИРАН-ҒАЙЫП
ІБІЛІСТЕНУ КӨРІНІСІ

(Эссе)

«Үміт­сіз – Шайтан…» –
Халық Даналығы.

Қалған –
Көңілім:
«Кең-Сай» –
Бейне…
Мерт-Бозаң!
Бұрқ-Сарқ –
Қайнап…
Қаңсыған:
Құр –
«Дерт-Қазан»!
Қызыну –
Жоқ!
Қызығу –
Жоқ…
Жоқ!
Жоқ!
Жоқ!
Жоқ –
Мағынам,
Мазмұн-Мәнім…
Жоқ –
Мазам!

«Пар­ти­ям» –
Жоқ!
«Хар­ти­ям» –
Жоқ!
Жоқ –
Түгім:
Телім –
«Жерім»,
Жиған –
«Дүние-Боқты­ғым»!
Сырда –
Туғам
(«Нұр-Әкім» –
«Нұр-Қима­шқа»:
Рухы –
Қиғаш…
Руы –
Ең…
Ең –
«Шет­кі­мін»!)!

Кім­мін,
Осы?!
Немін?!
Мені,
Неліктен,
Өңкей –
Обыр,
Ыңғай –
Жебір…
Желіккен:
Апталап-Айға,
Айлап-Жылға –
Хайуандап,
Айырады –
Азаматтық-Еріктен!

«Жоқ»,
Болғам –
Соң:
«Бар­ларға»,
«Ор» –
Қаз­дым ба?!
Кес –
Қыл­дым ба,
Жел-Бұт –
Жемқор-Азғынға!
Бостан –
Босқа…
«Қасқыр-Итке» –
Таланып,
Қар-Мұзданған –
«Мәң­гүрт»,
«Ақы­лы» –
Азбын ба!

Қаңы­раған –
Қайран:
«Абай» –
Ауылым!
Түгел –
Марқұм:
Әкем,
Шешем…
Бауырым!
«Дикен-Бей­іт» –
Аруақтарым,
Кеше –
Гөр…
Тәуенденбей:
Тарттым,
Тағдыр –
Ауырын!

Бекер –
Келіп,
Кетіп –
Барам…
Бекерге:
«Жеті­суға»,
Мәңгі –
Бақи-Мекенге!
Фәни-Жалған?!
Сенен,
Бір –
Күн…
Өтерде,
Созсам,
Қолым:
«Дар-Басы­ма» –
Жетер ме!

«Жоқ»,
Болғам –
Соң:
Қорқыныш –
Жоқ…
Үрей –
Жоқ!
«Жоқ» –
Өмірімді:
Сүрмегемдей,
Сүлейлеп!
…Саған,
Жаным,
Айтпағамдай:
«Сүй­ем!» –
Деп!
Жар-Төсекте:
Жатпағамдай –
Иемдеп…

Жоқ –
Албырттық!
Жоқ –
Аңғырттық!
Жоқ –
Паңдық!
Жарқылдадық!
Жалқындадық…
Тоттандық!
«Бөз­ге» –
Оранып,
Буылатын –
«Үш-Жер­ден»,
Ақтық –
Сәтке:
Кеп –
Қалдық-ау…
Кеп –
Қалдық!

…Күдік –
Көптік:
Әрі –
Бағың,
Әрі –
Сор…
Үміт –
Жоқтық:
Ібілістену
Көрінісі –
Ол!
«Соқыр»,
«Мылқау»,
«Тас-Керең­мін» –
Білсеңіз,
Мендей,
«Бақұл» –
Қам-Қазақтың:
Бәрі –
Сол!

21.02.2016

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн