ИРАН-ҒАЙЫП  «әлде» (тәмсіл)

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №14 (331) от 07 апреля 2016 г.

 

Алдаспан

 

Әзірейіл

(Періште):

«Болмас,

Қалыс –

Қалуға…

Уа,

Мұхаммед!

Келдім,

Жаныңды –

Алуға!

 

«Жазмыш-Жазуың» –

Солай…

Жаныңды –

Аламын…

Сосын,

Барып…

Жеткіземін –

Хабарын!

 

Не –

Деп,

Барам:

Хаққа –

Аллаһқа –

«Досыңа»…

…«Пайғамбарға,

Қылған –

Ісің:

Осы –

Ма…» –

 

Десе,

«Ол» –

Маған,

О,

Расул,

Не –

Деймін?!

Әлде…

Әл-Әзір…

Нетіп…

«Жолымды» –

Бөгеймін…

 

Әлде,

Әлде…

Алмай,

Не-ғып…

Жаныңды,

Қоя –

Тұрсам:

Нем –

Бүлініп,

Не –

Қылды?!

 

Енді,

Ғана…

«Алпыс Үшке» –

Келгенде…

Әлде?!

Әлде…

Әлде?!

Әлде!

Әлде… Әл-де…» –

 

Деді…

Жүдеп:

Сары –

Уайым,

Жастанып,

Жаратушы –

Жаббарынан,

Жасқанып…

Деді…

Қимай,

Пайғамбарды –

Өлімге:

«Айғақ» –

Іздеп…

«Амал» –

Табу,

Жөнінде…

 

Сонда,

Мұхаммед:

«Аллаһ –

Досым…

Жасырман!

Бір –

Аллаһтан,

Басқа –

Ешкімге,

Бас –

Ұрман!

 

Қоңыз –

Емен:

«Дүние-Боғын» –

Шарлайтын!

Доңыз –

Емен:

«Өз-Нәсілін» –

Зорлайтын…

 

Парқын –

Білмес,

Һарам менен

Һадалдың,

Кебін –

Кимен:

Хайуани –

Наданның!

 

Таққа –

Отырған,

Қам-Халықтың –

Сорына:

Айналады,

Ақыры –

Адам-Қорына…

 

…Алаңым –

Жоқ:

Алдыма да,

Артыма!

Көне –

Алмаймын,

Ажал,

«Әлде» –

Шартыңа!

 

«Әлде»?!

«Әлде»-ні,

Әзірейіл,

Кімнен –

Үйреңдің!

Неге,

«Иіндің»…

«Көн-Терідей» –

Илендің!

 

«Әлде» –

Деген:

«Күмән»,

«Күдік» –

Керексе?!

«Мәкүрік» –

Түйсік!

«Мәйіт» –

Таным,

Өлексе!

 

«Әлде» –

Кірсе,

Саңылауынан –

Сананың:

Сынын –

Бұзар…

Күллі –

«Сәлде-Хананың»!

 

«Әлде»-ңді –

Қой!

Ал –

Жанымды…

Шошыма!

«Жаманатым» –

Жетпесін де,

«Досыма»!

 

«Алтынымды»,

Қор –

Қылмағай,

«Жезіңе»:

Ал –

Жанымды!

Сал –

Тездетіп,

«Тезіңе»!

 

Пайғамбар мен

Періште –

«Ауыз-Жаласып»:

Айдын Күні –

Аманында,

«Адасып»…

 

«Әлде» –

Жырың,

Әлемге,

«Әжуа» –

Болмасын!

Ал –

Жанымды:

Раббым,

Күтіп –

Қалмасын!» –

 

Деді –

Кесіп…

«Иманын»,

Үйіріп –

Ұйына…

Ал,

Әзірейіл –

Мұхаммедке:

Сүйініп –

Суына…

 

Жанын –

Алды,

Оның…

Алып,

Тұншығып –

Жылады…

…«Әлде»-сіз –

Өтті:

Тәңірінің,

Тосын –

Сынағы!

 

04.04.2016

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн