Пятница , 4 июля 2025

ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

 

Зерт­те­уші ғалым­да­ры­мыз түз­ген тағы­лым­ды тарихы­мы­зға жүгін­сек, күні бүгін­ге дей­ін халқы­мыз 360-тан астам қырғын соғы­сты бастан кешіп­ті. Солар­дың бәрі тек қана ел мен жер үшін, қаза­ғы­мы­здың мүд­десі, бола­шақ ұрпақтар­дың қамы жолын­да сана­лы түр­де жүр­гізіл­ген соғы­стар. Батыр баба­ла­ры­мыз қара бас пай­да­сын көз­деп, жеке мүд­десін қау­зап соғыс сал­маған, тұтқиыл­дан килік­кен тосын жау­ла­ры­на той­та­рыс бер­ген, аты­сқа­ны­мен аты­сып, шабысқа­ны­мен шабысып, жау­ла­ры­на қан­дай жауын­гер халық екенін көр­се­те білген.

 

Қазір­гі кар­та­мы­здағы ұлан-ғай­ыр өңір­ді ғана емес, тарих­тың бұл­тың еткен бір бұры­лы­сын­да иелі­гі­міз­ден амал­сыз сусы­тып шыға­рып алып, Қытай қожа­лы­ғы­на өткен Шығыс Түр­кіста­ны­мыз бен Ресей мен­ші­гіне беріл­ген құй­қа­лы жер­лері­мізді жүз­де­ген жыл­дар бойы қасық қаны мен шыбын жанын аямай қорғаған. Сөй­тіп, 215 елдің ара­сын­да жер көле­мінің кеңді­гі жөні­нен тоғы­зын­шы орын­да тұрған кең бай­тақ Қаза­қстан­ды біз­ге мәң­гі­ге мұра­лы­ққа қалдырған.

Біздің шека­ра-шебі­міз, мем­ле­кет­ті­гі­міз, әлдебір мыр­за айта­тын­дай, 1991 жыл­дан ғана сызы­лып, айқын­дал­май, әрі­ден тамыр тар­та­тын, Ресей Ресей бол­май тұрған­да, айна­ла­сын­дағы елдер­дің қай-қай­сысы да елді­гін мой­ын­даған, қаси­ет­ті баба­ла­ры­мыз баты­сы­нан – шығы­сы­на, шығы­сы­нан – баты­сы­на, оңтүстік, сол­түсті­гіне емін-еркін көшіп-қонып, бір-ақ тіл­де сөй­лесіп, мидай ара­ла­сып жатқан қан­дас, жан­дас бауыр, туы­сқан, қыз алы­сып, қыз беріс­кен, құда­лы­ғы мың жыл­ды­ққа ұласқан көшпе­лі қазақ елі бола­тын. Қан­ша­ма қырғын соғыс, кеса­пат­ты кезең­дер­ді бастан кеш­се де, қаза­ғы­мыз құрып кет­пе­ді. Шуақты күн мен шырай­лы топы­рақ нәр бер­ді, саны­мыз жұта­ма­ды, соның айқын айғағы – Ала­шым деп арпа­лы­сып өткен Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы ата­мы­здың «Әлхам­дул­ла, алты мил­ли­он­быз!» деген сөзі.

«Бар­лық қыл­мыстар­дың ең ауы­ры – ада­мға жаны ашы­ма­стық» деген ұлағат­ты ойын қал­ды­рып­ты көне қытай­дың әйгілі пәл­са­па­шы­сы Кон­фу Цзы. Сол – ада­мға, біздің қаси­ет­ті қаза­ғы­мы­зға жеті ата­сы­нан бер­мен қарай ала алмай жүр­ген өші бар­дай, кесір­лі сая­сат ұстанған Ф.И.Голощекин гено­ци­ді, екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың ала­па­ты бол­маған­да, біздің саны­мыз, сөз жоқ, 70–80 мил­ли­онға барып қалар едік. Жері­міздің асты-үстін­де­гі қисап­сыз мол бай­лық халқы­мы­здың саны қан­ша есе өссе де, бай да бақу­ат тір­лік жасап, алаң­сыз өмір сүруіне молы­нан жетер еді. Дәл осы­лай екеніне қар­сы келіп, дау айта­тын бір­де-бір адам шыға қой­мас-ау дей­мін! Өйт­кені бұл – айдай ақиқат.

«Біз кувейт­тік­тер­ден де бай тұра­тын бола­мыз – деп, өзіне тел­мір­сек елді иман­дай ұйыт­ты, әлі күн­ге дей­ін орын­тағын бер­мей келе жатқан тұңғыш пре­зи­ден­ті­міз Н.Ә.Назарбаев тәу­ел­сізді­гі­міз жари­я­ланған елең-алаң тұста. – Араб әмір­лі­гінің дүни­е­ге кел­ген әр нәре­стесінің есеп­шо­ты­на 20 мың дол­лар салын­са, біз оны одан артық есе­лей­міз. Олар­да мұнай ғана бар, біз­де Мен­де­ле­ев кестесін­де­гінің бәрі бар…».

 

Иә, біздің бәрі­міз­ге бай­лы­ғы судай тасы­ған ғала­мат елде туып-өсіп, ғұмыр кешудің біре­гей бақы­ты бұй­ыр­ды. Осы­нау қисап­сыз бай­лы­қтан дәметіп, иелік ететін халқы­мы­здың саны да бел­гілі, ол неба­ры жер шары тұрғын­да­ры­ның 0,25 пай­ы­зы ғана. Әлі жер қой­на­уы­ның қат­пар-қат­па­рын­да біз­ге бей­мәлім болып, тұм­ша­ла­нып жатқан қан­ша­ма қаз­ба бай­лы­қта­ры­мы­здың бар екенін қаза­ққа ерекше жомарт­ты­қ­пен еншілеп бер­ген Жара­ту­шы иеміз біледі. Ал енді 1991 жылғы, тәу­ел­сізді­гі­мізді жари­я­лағанға дей­ін­гі жасалған гео­ло­ги­я­лық кар­та­мы­зда айқын­далған нақты мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, Қаза­қстан­ның әлем­дік рей­тинг­те­гі жер бай­лы­ғы мына­дай рет­пен түзіледі:

Қорға­сын – 22 пай­ыз, мырыш – 15, 2 пай­ыз, хром кені – 37,6 пай­ыз, барит – 47,2 пай­ыз. Әлем­де бұлар­дан бірін­ші орындамыз.

Уран – 18,9 пай­ыз, күміс – 16 пай­ыз, мар­га­нец – 30 пай­ыз. Екін­ші орындамыз.

Мыс – 7,1 пай­ыз. Үшін­ші орындамыз.

Темір – 6 пай­ыз, кобальт – 3,9 пай­ыз. Бесін­ші орындамыз.

Көмір – 3,1 пай­ыз, фос­фор – 4,5 пай­ыз. Алтын­шы орындамыз.

Мұнай – 3, 2 пай­ыз – жетін­ші орын.

Алтын – 2,7 пай­ыз – сегізін­ші орындамыз.

Бок­сит – 1,4 пай­ыз – онын­шы орын.

Басқа да жер қой­на­уын­дағы қаз­ба бай­лы­қта­ры­мыз осы­лай өз реті­мен тізіліп кете­ді. Бір сөз­бен айтқан­да: бар­мыз, өте бай елміз.

Содан шығар, ірге­міз­де­гі Өзбек­стан­да ширек ғасыр­дай билік құрып, өткен жаз­да кенет­тен көз жұмған Ислам Кәрі­мов: «Мұн­дай бай­лы­ғы мей­міл­де­ген елді үш-ақ сынып­тық білім­мен басқа­руға бола­ды», – деп­ті мем­ле­кет­тік теле­ар­на­сын­да сөй­ле­ген бір сөзін­де. Марқұм Ислам әкә бұл сөзді жай­дан-жай айт­па­са керек. Өз елінің жағ­дай­ы­мен салы­сты­рып, пен­де­шілік­ке салып, сұқта­ну­мен ауы­зға алға­ны күмән­сіз; айна­ла­сы мұхит сула­ры­мен шек­тел­ген арал­да, үлкен­ді-кішілі жер сіл­кінісі бір басыл­май діріл­детіп тұра­тын, оның сыр­тын­да цуна­ми деміл-деміл зәре-құт­та­рын қашы­ру­мен маза бер­мей­тін Жапо­ни­я­ның қиын да күр­делі күй­ін көз алды­на кел­тіріп, өзін­ше ой түй­гені шығар. Расын­да, сол жапон жерін­де біз­де­гі жер бай­лы­ғы­ның жүз­ден бірі бар ма өзі?.. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан соң эко­но­ми­ка­сы күй­реп, халқы әбден күй­зеліп, Аме­ри­ка мем­ле­кеті тастаған екі бір­дей атом бом­ба­сы­нан адам айтқы­сыз қасірет шегіп, қырғын көріп шыққан ел еді. Құдай бізді ондай бақыт­сызды­қтан аулақ қыл­сын дейік.

 

Біз КСРО-дан қан­дай жағ­дай­да бөлініп едік? Көр­кей­ген қала­лар, көрік­ті елді мекен­дер… Өрісті өнері, өркен­де­ген ғылым-білі­мі, мәде­ни­еті, бақу­ат тұр­мысы­мен алып елдің құра­мын­дағы он бес рес­пуб­ли­ка­ның көш­ба­сы жағын­да тұрып, ерекше­лен­ген күн сәу­лет­ті Қазақ елі бол­дық қой… Бәрі­нен бұрын алтын асты­ғы­мен де әлем­ге әйгі­лен­ген қаси­ет­ті жері­міз­де еңбек етіп, тір­лік кеш­кен халы­қтың айран­дай ұйы­ған ынты­мақ-бір­лі­гін айтай­ы­қ­шы! Елдің ертең­ге деген сені­мі мен үміті қалай еді?! Соци­а­лизм зама­нын­да Ком­пар­ти­я­сы­ның көсе­мі, тәу­ел­сіз мем­ле­кет­ті­гін жари­я­лап, көк туын желбірет­кен тұста пре­зи­ден­ті ата­нып шыға кел­ген Н.Ә.Назарбаевқа деген шексіз құр­меті ше?..

«Әрбір жұмыс істей­тін немістің жеке пәтері мен маши­на­сы болуға тиіс» – деп­ті, көп жылғы қасірет­ті соғы­стан ойсы­рай жеңіліп, әбден тұра­лап, титы­қтап шыққан мем­ле­кет­ті қай­та көте­рудің ауыр да азапты мін­детін мой­ны­на артқан ФРГ-ның феде­рал­дық канц­лері Конрад Аде­нау­эр. Ол өз діт­те­ген мұра­ты­на жет­ті, езіл­ген неміс халқы­ның еңсесін тік­те­ді, елді даму­дың даңғыл жолы­на салды.

«Има­ны бар адам ең әуелі пары­зын ойлай­ды, иман­сыз пен­де өз пай­да­сын ғана ойлай­ды» деп жазып­ты қай­та-қай­та жүгін­гі­міз келіп тұра­тын дана­гөй Кон­фу Цзы. Әлдеқа­шан сүй­е­гі қурап қалған К.Аденауэр марқұм өте иман­ды адам болған екен. Азып-тозған елдің бақыт­ты бола­шағы, өз ұлты­ның мерейі үшін аянып қал­май, күн­діз-түні қамы­ққан халы­қтың жай­ын ойлап, билі­гін жүр­гізді. Міне, ұлтқа адал қыз­мет етудің, мем­ле­кет­ті бері­ле басқа­ру­дың үлгі етер­лік өнегесі!..

«Мем­ле­кет­тің қазы­на­сы – халы­қтың ақы­сы. Әкім­дер қазы­на кіл­тін ұстаған ада­мға аса сақты­қ­пен қараға­ны абзал, – деп­ті Мах­мұт Қашқа­ри. – Алтын мен күміс бар жер­де, ақша бар жер­де ұрлық жүр­мей тұр­май­ды. Бүгіп қал­саң, өзің де ұрысың…».

Қараңыз­шы, ғұла­ма не дей­ді? Алтын, күміс, ақшаға құны­ғып, мем­ле­кет қазы­на­сы­на қол салған кісі ғана қыл­мыс­кер емес, соған жол бер­ген, біле тұрып – түк біл­ме­ген түр таны­тқан, жасы­рып-жапқан әкім, сен де қыл­мыс­кер, ұры­сың дейді!

Естеріңіз­де болар, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев осы­дан 15–20 жыл бұрын ба екен, уақы­тын дәл айта алмай­мын, әйте­уір өзі сенім артып, билік­ке тағай­ын­даған күл­лі мини­стр­лері мен облыс әкім­дерін жиып алып, «сен­дер­дің кез кел­геніңді қол­да­ры­ң­нан жетек­теп, сотқа апа­ра ала­мын» деді. Ашы­қтан-ашық, теле­экранға тел­мір­ген дүй­ім елдің алдын­да көз­дерін бақы­рай­тып тұрып, қадап айтты.

Не деген сөз! Жай ашу­мен айта салған сөз емес, ащы шын­дық еді мұны­сы. Мил­ли­он­дап мыңғы­рған мал құлқы­нға кет­ті. Мың­даған адам­дар еңбек еткен алып кәсі­по­рын­дар бар­мақ басты, көз қысты­мен сатыл­ды; құй­қа­лы жер­лер кет­ті бөліс­ке… Бала­бақ­ша­лар мен мәде­ни­ет ошақта­ры, спорт зал­да­ры, шипа­жай­лар, тіп­ті Құдай көр­мей­тін, есті­мей­тін, кеміс-кем­тар етіп жаратқан адам­дар­дың мен­ші­гін­де­гі ғима­рат­тар да, өндіріс орын­да­ры мен дүние-мүлік­тері де екі асап, бір жей­тін­дер­дің көмей­ін­де жұтылды…

Не болып жатқа­нын біліп бол­май­тын кер кезең еді ол. Ел сапы­ры­лы­сқа түсті, сең соққан балы­қтай сан­да­лып қал­ды. Қара­пай­ым халық осы­лай қина­лып, қапы­лған шақта әлгі ел билі­гін­де оты­рған­дар­дың қылы да қисай­ма­ды. Миы­қта­ры­нан күліп, елдің есі ауған оңтай­лы сәт­ті әде­мі пай­да­ла­нып, әп-сәт­те бай­ып қалу­дың қамы­на өлер­мен­дік­пен қапы­ла кірісті. Тәу­ел­сіздік сол үшін беріл­ген секіл­ді құты­рын­ды-ау, шіркіндер!..

 

Міне, солар­дың бәрі кеше­гі қып-қызыл ком­му­ни­стер, онда да билік­тің биші­гін ұршы­қ­ша иір­ген ленин­шіл­дер еді. Еркін­дік беріл­ген тұста бет-пер­де­лерін сыпыр­ды, ком­му­ни­стік иде­яға қалай адал­дық таны­тқан «ком­му­нист» екен­дік­терін халы­қтың бай­лы­ғын талан-тара­жға салу әре­кет­тері­мен ап-айқын, ашы­қтан-ашық көр­сет­ті-ай кеп…

Осы оқиға­ның бір мыса­лы: 1992 жылы «Халық бан­кінің» төраға­сы (аты-жөнін мен айт­пай-ақ бүкіл ел біледі) Мәс­ке­уден күні өткен КСРО-ның Сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бан­кі­нен Қазақ КСР-не тиесілі шетел­дік ақша­лар­ды ұшақ­пен алып келеді. Қызы­қтың көкесі – сол әкел­ген күн­нің түнін­де үш қап­шық қар­жы қол­ды болып кете­ді. Бұл жөнін­де дәл кезін­де ду еткен шулы сөз ел аузын­да жел­дей гуле­гені­мен, артын­ша не болға­ны, қалай болға­ны бей­мәлім болып басы­лған еді. Ара­да ширек ғасыр зулап өткен соң, ол ұрлы­қтың «хика­я­сын» Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетін басқарған гене­рал­дың «Ютуб­тағы» сұх­ба­ты­нан біл­дік. «Іс қозғал­ды, ұры­лар ұстал­ды. Біре­уін елдің бірін­ші бас­шы­сы, екін­шісін рес­пуб­ли­ка Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы, ал үшін­ші қап­шы­қтағы ақша­ны «Халық бан­кінің» төраға­сы ұрлап­ты. Ұрланған шетел­дік ақша­лар­дың екі қап­шы­ғын қай­тарт­тық. Үшін­ші қап­шы­қты қай­тар­туға күші­міз жет­пе­ді», – деді бүгін­де туған топы­рақтан жырақта жан сауға­лап жүр­ген ол азамат.

«Халы­қтың аузын жабар қақ­пақ жоқ, халы­қтың кәріне ұшы­рар қақ­пан бар» дей­ді бел­гілі жур­на­лист-жазу­шы Жақау Дәу­рен­бе­ков. Жеке­ле­ген кісінің мал-мүл­кін қол­ды қылып, құмға сің­ген судай етудің ыңғайы келер, ал халы­қтың көз жасы төгіліп, қаны­мен қорға­лып, тір­нек­теп жиналған мем­ле­кетінің бай­лы­ғын сіңіріп кету әсте мүм­кін емес! Олай бола­ты­ны – сұра­уы қат­ты. Иесі – дүй­ім ел. Түп­тің-түбін­де көп көп­ті­гін көр­сет­пей қала алмай­ды. Ұры, ол қан­дай ірі бол­са да, халы­қтың кәрі­нен қашып құтыл­май­ды. Бұл қай кез­де де, қан­дай қоғам­дық-сая­си жүй­е­де де ойда тұта­тын айдай ақиқат!

«Кез кел­ген адам қате­ле­седі, бірақ ақы­мақ қана өз қатесін ешқа­шан мой­ын­да­май­ды» деп­ті әйгілі пәл­са­па­шы Ари­сто­тель. «Құдай деген құны­қ­пай­ды» деген өси­ет қал­ды­рып, артын­дағы ұрпақта­рын күнә­дан таза өмір сүру­ге үндеп­ті Ахмет Иас­са­уи баба­мыз. Алай­да ұры-қары, қыл­мыс­кер ата­улы­ның қай-қай­сысы да тәу­е­кел­шіл келетін әдеті. Ешкім­ге біл­дір­мей, қулы­ғым­ды асы­рып жүре бере­мін деп ойлай­ды. Бір қылға­нын екі қыла­ды, екі қылға­нын әдет қыла­ды. Осы­лай олжа­лы болу үшін бәріне барады.

Мәсе­лен, әлгі ақша ұрлы­ғы­нан кей­ін де талай-талай сұм­ды­қтар болға­ны күмән­сіз. Бірақ біз олар­ды ізде­мей-ақ, індет­пей-ақ 1999 жылғы Сол­түстік Коре­яға әске­ри ұшақ сатып, әлем алдын­да масқа­ра күй­ге ұшы­раған жағ­дай­ы­мы­зды еске түсірей­ік­ші. Сон­да біздің билі­гі­міз басты қыл­мыс­кер­ді ұстап, жаза­лай­тын ауыр сәт­ке тап кел­ді. Алай­да «айран ішкен құты­лып, шелек жалаған тұты­ла­тын» күл­кілі про­цесс бастал­ды. Қорға­ныс мини­стр­лі­гі Бас шта­бы­ның басты­ғы, Ауған соғы­сы­ның баты­ры, гене­рал-лей­те­нант Бақыт­жан Ерта­ев­тың басы­на қара бұлт үйіріл­ді. «Баты­рға да жан керек». Нақақтан-нақақ күй­сін бе, Бақыт­жан аға­мыз тозақ оты­на қақталған­дай қиын күй­ге түсті. Әске­ри қару­ды кім сат­ты? Ондай іске кім рұқ­сат етті? Осы сау­ал­дар­дың жау­а­бын білу үшін Аме­ри­ка бастаған мем­ле­кет­тер­дің бәрі-бәрінің наза­ры тәу­ел­сіз Қаза­қстанға ауды. «Не болар екен, қалай болар екен?» дедік біз де…

Айларға ұласқан сот­та Бас штаб басты­ғы өзінің қыл­мысты іске түк қаты­сы жоқ, тап-таза адам екенін дәлел­деп шықты. Қорға­ныс мини­стрі­міз гене­рал-пол­ков­ник Мұх­тар Алтын­ба­ев пен Ұлтық қауіп­сіздік коми­тетін басқарған Нұр­тай Әбіқа­ев өз өтіні­ш­тері бой­ын­ша қыз­мет­тері­нен кет­ті. Әйт­кен­мен, сен­деліп кет­пе­ді, еке­уі де қыл­да­ры қисай­май­тын жер­ге жіберіл­ді. Кей­ін ұшақ шуы басыл­ды-ау деген шама­да елба­сы­ның айна­ла­сын­дағы айту­лы орын­дарға дөкей болып қай­та орал­ды. Халық су ми, ақы­мақ емес қой! Әлем­дік ауқым­да айқай­лы оқиға болған қыл­мыстың кім­нен бастау алып, ол мықты­ның қалай қулық жасап, қал­та­ры­ста сыға­лай бұқ­пан­тай­лап тұрға­нын сезіп, біліп отырды…

 

Алаш көсем­дерінің бірі Мір­жақып Дула­тов: «Бостан­дық болып еді, өз тіз­гіні­міз өз қолы­мы­зға тиіп еді, не істе­дік?» – деп налып­ты осы­дан бір ғасы­рға жуық уақыт бұрын. Енді бүгін біз баба­ла­ры­мыз аңсаған, ата­ла­ры­мыз ары­стан­ша арпа­лы­сып жүріп мұра­ты­на жете алмай, арман­дап өткен тәу­ел­сіз елдің аза­мат­та­ры­мыз. Құдай жары­лқап, Қазақ елінің көк туын желбіретіп едік, қаза­ғы­мыз қарық бол­ды ма? Болға­ны не, үркер­дей топ бақыт­тан басы айна­лып, бұқа­ра халық бей­ша­ра күй­ге түсті. Неге? Нелік­тен ондай күй­ге түсті? Кім кінәлі?..

Дәл бүгін­гі күні осын­дай сау­ал­дар­дың көбей­ген тал­мауыр тұсы. Бұл мәсе­ле енді бәсең­де­мей­ді, үде­ген үстіне үдей­ді. Әлгін­дей сау­ал­дарға нақты жау­ап іздей­тін­дер қата­ры жаңа, жас толқы­н­мен толы­сып, он мың­дап, жүз мың­дап көбей­еді. Себебі бұл – солар­дың бәрі-бәрінің тепе­рі­шті тағ­ды­ры, өксік­ті өмірі тура­лы өзек­ті әңгіме…

«Гер­ма­ни­я­ның дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка­лық орта­лы­ғы­ның жыл сай­ын шыға­рып оты­ра­тын қоры­тындысы бар, – деп ой толғап­ты «Жас Алаш» газетін­де көр­нек­ті жазу­шы, ғалым, ала­шта­ну­шы Тұр­сын Жұрт­бай аға­мыз. – Сол қоры­тын­ды­ның осы­дан 5–6 жыл бұры­нғы деректері­мен таны­сып едім. Өкініш­ке қарай, сол қоры­тын­ды бой­ын­ша, біздің жері­міздің 64 пай­ы­зы қаза­қтың қолын­да емес. Өнер­кәсіп­тің 78 пай­ы­зы қазақ аза­мат­та­ры­ның мен­ші­гін­де емес…».

Сон­да ата-баба­ла­ры­мыз бел шешпей шай­қа­сып, қорғаған қаси­ет­ті жері­міз кім­дер­дің қолын­да? Ол қашан, кім­ге беріл­ді, қан­шаға беріл­ді? Біздің ғана емес, жат жұрт­та тары­дай шашы­лып, келе алмай пұшай­ман болып жүр­ген бар­ша қан­даста­ры­мы­здың еншілі үлесі бар кең бай­тақ жері­мізді өз әкесінің бәсіре­леп бер­ген басы­бай­лы затын­дай кім-көрін­ген­ге үле­стіріп, өзі секіл­ді өзге­лер­ге де солай жаса­уға қожа­лық құқын бер­ген кім өзі? Біз неге біл­мей­міз оны?

Гер­ма­ни­ядағы дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка­лық орта­лық маман­да­ры­ның кел­тір­ген дере­гін­де­гі басқа ел аза­мат­та­ры­ның мен­ші­гіне өткен 78 пай­ыз өндіріс орын­да­ры­мыз қазір қай дең­гей­де? 5–6 жыл­дан бері ол ақпар­лы есеп тағы да өскен шығар. Бөтен елде­гілер­ге бел­гілі нәр­сені біз­ден не себеп­ті жасы­ра­ды? Неге ол жария, ашық жағ­дай­да жүзе­ге асы­рыл­май­ды? Нелік­тен жабық есік­тің арғы жағын­да, билік биші­гін ұстаған бір кісінің ғана аты­мен өте­ді ол? Киелі бай­лы­қтың иесі – халық бар еді ғой. Аса­рын асап, жаса­рын жасаған ақ сақал­ды ата­лар мен ақ жаулы­қты әже­лер­ден бастап, дүние есі­гін іңгәләп ашқан сәби­лер­ге дей­ін сана­сып істе­летін, есеп-қиса­бы келісім-шар­тта анық та қанық етіп құжат­та­ла­тын мем­ле­кет­тік шаруа емес пе еді? Ақиқа­ты­на жүгін­сек, дәл солай болуға тиіс-ақ.

Бірақ біздің билі­гі­міз оны бір­жо­ла ұмыт­ты. Маңғы­ста­удың мұнай­ын да, Жезқазған­ның жезі, Қараған­ды­ның көмірі мен темірін де… Ақбақай­дың алты­ны дей­міз бе, қой­шы, қысқа­сы, қазақ елінің бар өңірін­де­гі сұра­ны­сқа ие кені­ш­тері­міз бен өндіріс ошақта­ры­мы­здың ешқай­сысын қалыс қал­дыр­май сауда­ла­ды, қазы­на­ның қор­жы­нын емес, өз көмей­лерін толтырды.

Әсіре­се мем­ле­кет­тік кепіл­дік­пен алған қары­зда­ры­мы­зды айт­саңыз­шы! Осы орай­дан алған­да жағ­дайы барған сай­ын мүш­кіл­деніп, АҚШ бастаған әлем елдері санк­ци­я­сы сан­сы­ратқан Ресей­дің өзін арт­та қал­дыр­дық. Олар­дың кісі басы­на бөл­ген­де­гі бере­ше­гі 3,5 мың дол­лар­дан айнал­са, біздің әрқай­сы­мы­здың қары­зы­мыз – 9,5 мың­нан! Шыр етіп өмір есі­гін ашқан шара­на­ның мой­ны­на аме­ри­ка­лық көк қағаз­ды іліп, «қуа­ны­шпен» құт­ты­қтай қар­сы ала­тын хал­де­міз. Билі­гі­міз қарыз алған елдер­ден тағы да бер­се, алған үстіне ала түс­сек екен деп дәме­леніп, соларға қарай сұрам­шақ қолын үзді­ге соза­ды. Алақан жай­маған елдері аз. Дәліре­гін айтқан­да, жұмыр жер­дің бетін­де­гі мем­ле­кет­тер­дің үштен екісіне қары­з­быз. «Қарыз күліп кіріп, жылап шыға­ды». Мына­дай қым­бат­шы­лық қылқын­ды­ра қысқан, жұмыс­сыздық халы­қтың жанын жегі құрт­тай жеген қасірет­ті уақыт­та өсі­мі­мен, кезең-кезеңі бой­ын­ша қай­та­руға мін­дет­ті мил­ли­ард­та­ры­мыз оңай бол­май тұр.

Сон­ды­қтан да біздің мәр­те­белі үкі­меті­міздің бар қолы­нан келері – қарыз алып, соны­мен қары­зды жабу. Ертеңді ойлай­тын­дай, келе­шек ұрпақтың қамын қау­зай­тын­дай мұр­ша жоқ. Жай-күй­і­міздің дәл осы­лай екенін көріп-біліп, қан­ша ақша сұра­саң­дар да бере­міз деп, өздерін­ше жана­шыр­лық таны­тып, ыстық ықы­лас біл­дір­ген аспан асты елінің ұсы­ныс-тала­бы­ның зардабы, зор­лы­ғы­на қара­май, мил­ли­ард­тар­дың үстіне мил­ли­ард­тар­ды қосып, қары­зға қарыз жамап алып жатыр, алып жатыр… Қақ­па­мыз күн­діз-түні айқа­ра ашық. Кеден­шілері­міз­ге ақша­ның шетін көр­сет­се, құстай ұшып, құр­дай жорға­лап кете­ді. «Кім­сің, қан­дай мақ­сат­пен өтпексің?» демей­ді. Көзі қысы­қтар қап­тап келу­де. Сай­ран­дай­мын десе – сай­ран­дай­ды. Тай­раң­дай­мын десе – оған да мақұл… Оларға «сен неге олай етесің?» деп айтуға біздің кіріп­тар билік­тің халі жоқ. Өйт­кені қары­зға бату – қауқар­дан айы­ры­лу, бей­ша­ра болу, соларға бас ию.

Бірақ ең әуелі оның ащы таяғын жей­тін қара­пай­ым қаза­қтар. Сон­ды­қтан олар ыза­лы. Намыстан жары­лар­дай ісініп, күй­іп-піседі. «Әй, мыр­за, сен шаңы­раққа қара!» деп, еңбе­кақы­ны арты­ғы­мен алып, өздерін көз­ге ілмей, құл-құтан етіп ұстағы­сы кел­ген қытай­лы­қтар мен үнділік­тер­ге, түрік­тер­ге бір­деңе десе, олар име­нудің орны­на қан­да­рын тасы­тып, тасы­раң­дап шыға­ды. Өр мінезді қан­даста­ры­мы­зға ара түсіп, қорған болуға мін­дет­ті үкі­меті­міз погон­ды жен­дет­теріне қалқан мен таяқ ұста­тып, олар­ды естері­нен тан­ды­ра қуа­лап, сот, про­ку­рор­ла­ры­на сабақ болар­дай етіп жаза­ла­уды бұйырады.

 

Күні кеше Аста­на төрін­де бой көтеріп жатқан 75-қабат­ты алып «Абу Даби Пла­за» құры­лы­сын­дағы қақты­ғыс оқиға­сы – соның бір мыса­лы ғана. Алай­да ол неден бол­ды деп тамы­ры­на тереңірек үңіліп, сабақ алай­ын дей­тін билік­те пиғыл жоқ. Алда бұдан да жаман қасірет­ті жағ­дай тұр. Соны бол­дыр­маудың қамын жей­ік демей­ді. Ниет­тері қарау. Текетіре­сті қару­дың күші­мен, қан­тө­гіс жасап қорқы­ту­мен оп-оңай шеш­кісі келеді. «Жаңаө­зен қырғы­ны­нан бері ұмы­та­тын­дай уақыт өте қой­ған жоқ қой, көке­лер! Құдай болған көке­лер, ес жисаң­дар­шы», – дей­ді ел. Бірақ одан пай­да жоқ… Ел бір жақта, елдің аяны­шты үнін, ескер­ту сөзін сезі­ну­ге, қоры­тын­ды әре­кет жаса­уға бей­іл бола­тын билік басқа қиыр­да… Ауыр да бол­са айтай­ын: олар қайт­кен­де де ақша жасау, баю, халы­қтың қар­жы­сын қымқы­ру мақ­са­ты­мен бұры­нғы­дай лағып, мәң­гіріп жүр…

«Өз ішін таза­лай алмаған биле­уші мем­ле­кет­ті де ұры-қары­дан таза­лай алмай­ды» дей­ді жар­ты әлем­ге иелік етіп, үстем­ді­гін жүр­гіз­ген Шыңғыс хан «Ұлы жарғы­сын­да». Әрине, содан кей­ін жымқы­рып-қымқы­руға, елден ебін тауып пара алуға арқа төсін­де­гі Аста­на­дан ауыл-ауыл­дағы әкім­дер­ге, мек­теп дирек­тор­ла­ры мен бас дәрі­гер, сот, про­ку­рор және басқа да мүм­кін­ді­гі, ыңғайы бар­лар­дың бәрінің ара­сын­да мұн­дай харам істен дін-ама­ны әсте аз шығар! Соның «жемісін» көріп отыр­мыз. Бүгін­де Қаза­қстан дүние жүзі елдері ара­сын­да жемқор­лық жай­лап, кор­руп­ция теже­усіз дамып, ерекше жетіл­ген мем­ле­кет­тер­дің «жүл­делісі».

(Жалға­сы газет­тің келесі санында)

 

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,

пуб­ли­цист-жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн