Понедельник , 16 июня 2025

ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы


 

(Соңы. Басы газет­тің 21 қыр­күй­ек­те­гі санында)

 

 

Тәу­ел­сіздік­тің тәт­ті дәмі билік пен билік төңіре­гін­де топ­тасқан­дар­дың еншісін­де. Кеңе­стік жүйе ыды­рап, бүгін­гі мем­ле­кет­тік құры­лым қалып­тасқан­да, ол сон­дай бағыт­ты бағ­дар етті. Нәти­же­сін­де қоға­мы­м­ыз бай мен кедей­ге жік­тел­ді. Сөй­тіп, ара­да өткен 26 жыл 50 елдің қата­ры­на қалай «енгені­міз» Abai.kz пор­та­лын­да жари­я­ланған мақа­ла­дан бел­гілі бол­ды. Сөзі­міз дәлел­ді болу үшін, соның бір үзі­гін тіл­ге тиек ете кетейік.

 

• «Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дайы әлем­де­гі ең кедей Чад рес­пуб­ли­ка­сы және Афри­ка­ның жағ­дай­ы­мен теңес­кен. Бұл – елі­міз аза­мат­та­ры­ның 1,3 мил­ли­о­ны кедей екен­ді­гінің дәлелі. Болжам­мен 80 пай­ы­здан астам қаза­қстан­ды­қтар банк­тер­ге қарыз…».

 

Бұл «шық­па, жаным, шық­па» деп күн кеш­кен бар­ша қара­пай­ым халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гі­нен айқын ақпар бере­рлік көр­сет­кіш десек, енді күл­лі қаза­қстан­ды­қтар­дың ара­сы­нан айры­қ­ша дара­ла­на шырқап шыққан мил­ли­ар­дер­лер мен мил­ли­о­нер­лер­дің жағ­дай­ы­нан мәлі­мет беру мақ­са­ты­мен оларға да аз-кем кіді­ре кет­кені­міз жөн шығар.

Биы­лғы жыл­дың мамыр айын­да Forbes.kz сай­тын­да жари­я­лаған қаза­қстан­дық 50 кәсіп­кер­дің тізі­мі төңіре­гін­де ой өрбіт­сек, оның көш­ба­сын­да №1 болып мыстың короліне айналған Вла­ди­мир Ким тұр. Ол 2016 жылғы сәуір­ден бастап, бір жыл ішін­де бай­лы­ғын 800 млн дол­ларға молай­тып­ты. Одан кей­ін Евра­зи­я­лық топ­тың құра­мын­дағы алю­ми­ний мен темір кенін мен­шік­те­ген Али­джан Ибра­ги­мов ата­ла­ды. Ол бай­лы­ғын 200 мил­ли­онға есе­леп­ті. Ерлі-зай­ып­ты Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­ев­тар­дың әрқай­сы­ның бай­лы­ғы 100 млн дол­ларға артып­ты. Ал Болат Өте­мұра­то­втың ақша­сы бұры­нғы 2 400 000 000 дол­лар күй­ін­де қалып­ты. Forbes жур­на­лы­на қаза­қстан­дық мил­ли­ар­дер­лер болып енген осы бесе­удің көшін 720 000 000 дол­лар­мен Рашит Сәр­се­нов, 705 млн дол­лар­мен Кеңес Рақы­шев, 498 млн дол­лар­мен Дәу­рен Жақ­сы­бе­ков, 470 млн дол­лар бай­лы­ғы бар Еркін Тәті­шев, 449 000 000 дол­лар ақша жиған Бақыт­бек Бай­сей­ітов жалға­сты­ра­ды. Осы аталған мыр­за­лар­дың тегінің өзі-ақ олар­дың кім екенін сездіріп тұр емес пе?! Әйгілі бай­лар қата­ры­на кір­ген 50 кәсіп­кер­дің ішін­де Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Дани­ал Ахме­то­втың 32 жастағы ұлы Талғат та бар.

«Осы Ахме­то­втың ұлы 32 жасын­да 145 млн дол­лар­ды қалай жинап үлгер­ді?» деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды, – деп жазып­ты сол уақыт­та Abai.kz сай­ты арқы­лы елге таралған мақа­ла­да. – Талғат Ахме­тов қазір Пав­ло­дар облы­сын­дағы бір­не­ше кәсі­по­ры­нға иелік ете­ді. Олар­дың ішін­де «Каз­энер­го­ка­бель» АҚ, «Гло­рия-фарм» ЖШС, «Пав­ло­дар кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы» және өзге де ком­па­ни­я­лар бар. Бұл облы­ста бір кез­дері Дани­ал Ахме­тов әкім болға­ны бел­гілі. Сарап­шы­лар Ахме­то­втер сол жыл­да­ры біраз «май­лы жілік­ке» ие болып қалға­нын айта­ды. Одан бөлек Талғат Ахме­тов Аста­на­дағы бір ком­па­ни­я­ның қожай­ы­ны ата­нып отыр, һәм Шығыс Қаза­қстан облы­сы мәс­ли­ха­ты­ның депутаты.

Елу бай кәсіп­кер­дің ішін­де біздің көңілі­мізді өзіне ала­бө­тен аударған екін­ші адам – Қай­рат Саты­бал­ды, – деп жаза­ды одан әрмен қарай мате­ри­ал авто­ры. – Елба­сы­мы­здың неме­ре інісінің Alatau Kapital (ACI) ком­па­ни­я­сы «Қаза­қ­те­ле­ком­ның» 3,4 пай­ыз акци­я­сы­на (5,8 млрд тең­ге­ге баға­ланған) иелік ете­ді екен. Қай­рат Саты­бал­ды сон­дай-ақ Kaspi Bankтың 29,12 пай­ыз акци­я­сын уысын­да ұстап оты­рған көрі­неді. Мұның сыр­тын­да «Amup LТД», «Дүние-Агро», «Кор­по­ра­ция Дүние», «Дүние-Күзет» және «Коле­са» ЖШС атты ком­па­ни­я­ла­ры бар…».

 

Өстіп, аты-жөн­дері дара­ла­на ауы­зға алы­нған кәсіп­кер­лер­дің иелі­гін­де­гі кор­по­ра­ция, ком­па­ния, серік­те­стік­тер­дің жай-жап­са­рын аша үңіліп, қаз­ба­лай бас­та­саңыз, арғы жағы­нан бір кез­дері үлкен мем­ле­кет­тік меке­ме, кәсі­по­рын болға­нын, енді иелері халы­ққа қыз­мет ететін, сол арқы­лы маң­дай­ды жіп­сіт­пей-ақ мил­ли­он­дар­ды паш­кілеп жиып оты­ра­тын бай-бағлан екенін бір­ден ұға­сыз. Ара­ла­рын­да халы­қты аш кене­дей сорып оты­рған банк қожай­ын­да­ры да аз емес. Ал банк­тер халы­қты аяу­сыз қана­удың қай­нар көзі, қозға­у­шы теті­гіне айналға­лы қашан! Пуб­ли­цист-жазу­шы, қоғам қай­рат­кері Марат Тоқаш­бай­дың ФБ парақ­ша­сын­дағы жаз­ба­сы­на қараған­да, елі­міз­де­гі еңбек­ке жарам­ды 8,5 мил­ли­он адам­ның 5 мил­ли­о­ны екін­ші дең­гей­лі банк­тер­ге қарыз. Соның үштен бірі банк алдын­дағы қары­зын өтей алмай­тын ауыр халде…

Марат аға­мы­здың тағы бір айтуын­ша, Австра­ли­я­ның резерв­тік бан­кінің елге беретін қарыз ақша­сы­ның ағым­дағы пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі 1,5%, Ұлы­бри­та­ния мен Кана­да бан­кі – 0,25%, Қытай – 4,3%, Перу – 4,12%, Гон­конг пен Нор­ве­гия – 0,5%, Поль­ша – 1,5% бол­са, Қаза­қстан банк­терінің мөл­шер­ле­месі – 18–25%. Ал ақиқа­ты­на кел­ген­де, банк­тер­ге бере­шек елдің аузы­нан естуі­міз­ше, қай­та­ры­ла­тын ақша­ның пай­ы­здық өсі­мі 50–60-қа өрлеп кетеді.

Сон­да бұл не? Өз халқын ашы­қтан-ашық заң­да­сты­рып тонау, қанау, қор­лап, құл­ды­ққа салу емес пе?.. Ел жап­пай жұмыс­сыз. Жұмыс істе­ген­дерінің жалақы­сы мардымсыз.

Енді эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Слям Ахме­то­втың осы жылғы 8 науры­зда «Обще­ствен­ная пози­ция» апта­лы­ғын­да жарық көр­ген мақа­ла­сы­нан жұмыс­сыздық қасіретіне қаты­сты дере­гіне жүгінсек:

 

• «У нас в офи­ци­аль­ной ста­ти­сти­ке есть такой посто­ян­ный пока­за­тель, как «само­за­ня­тые», удель­ный весь кото­рых дости­гал 31 про­цент от тру­до­спо­соб­но­го насе­ле­ния. Сей­час, по экс­перт­ным дан­ным, посто­ян­ной рабо­ты не име­ют 3,3 млн чело­век – это 36,6%. А «само­за­ня­тых» ста­ти­сти­ка умень­ши­ла до 2,2 млн чело­век, или до 24,4%. Кро­ме того, офи­ци­аль­но она пока­зы­ва­ет 5% без­ра­бот­ных. (В жиз­ни кар­ти­на может быть даже хуже) … Коли­че­ство граж­дан стра­ны, кото­рые не име­ют теку­щих отчис­ле­ний в пен­си­он­ный фонд… таких граж­дан, по экс­перт­ным дан­ным, насчи­ты­ва­ет­ся 6 млн чело­век, или 66% тру­до­спо­соб­но­го насе­ле­ния!» дейді.

 

Бұл көше­де­гі әлдекім­нің жай айта салған сөзі емес, бәріне бай­ып­ты көз­бен қарап, ой түй­ген ғалым­ның орны­қты тал­да­уы. Илан­ды­ра­тын шын­ды­ғы бар сөз! Біздің билі­гі­міз бар-жоғы 5–6 айға созы­ла­тын, әрі кет­се жыл жарым­нан кей­ін тоқтап қала­тын құры­лыс нысан­да­ры, жол жөн­деу жұмыста­ры неме­се ЭКСПО секіл­ді шығы­ны шаш-етек­тен тұра­тын әлем­дік дең­гей­лі нысан жұмыста­ры­на тар­ты­лып, содан соң тағы да жұмыс­сыз сен­деліп қала­тын адам­дар­ды тұрақты жұмысы бар­лар қата­ры­на қоса­ды. Құдай біледі дей­ін, әлем­нің бір­де-бір елін­де жоқ, тек біз­де ғана бар «само­за­ня­тые», яғни қорас­ын­да бес қой, бір сиыр, он тауы­ғы, он сот­тық жері бар­лар­дың бәрі өздерін-өздері жұмыспен қам­та­ма­сыз ететін­дер­дің сана­ты­на еніп кете­ді. Билік­те­гі «біл­гі­ш­тер­дің» ұғы­мын­ша, олар­ды жұмыс­сыз дей алмайсыз.

Ал енді нақты қыз­меті бар­лар­дың жай-күй­ін мысалға алай­ы­қ­шы. Ада­мға білім мен тәр­бие беру­ден, олар­ды емдеп жазу­дан асқан маман­дық бол­ма­са керек. Түр­ки­яда дәл солай. Ұста­здар мен дәрі­гер­лер­дің жалақы­сы бәрі­нен жоға­ры. Мем­ле­кет тара­пы­нан оларға алаң­сыз қыз­мет жасау үшін бар жағ­дай жасалған.

Біз­де ше? Сөзім­ді созбай, Kerey.kz сай­тын­да жари­я­ланған жас мұғалім Рок­со­ла­на Цой­дың жазуы­на жүгін­сем, оның айлық жалақы­сы 50–55 мың ғана. Қары­з­бен өмір сүреді. Жолым­ның өзіне жалақым­ның жар­ты­сы жұм­са­ла­ды. Таңер­тең­гі 8‑ден түскі сағат 1‑ге дей­ін жұмыс істе­сем де, тыныш оты­рғы­з­бай­ды. Тағы да біре­удің орны­на сабақ бере­мін. Себебі мұғалім жетіс­пей­ді… Жұмыстағы жұрт­тың дені әйел. Әйел болған­да да шеті­нен долы, ашу­лан­шақ, күй­е­у­ге шық­паған неме­се жалғы­з­ба­сты қатын­дар. Өмір­ден қажы­ған… «Иә, сені де сон­дай тағ­дыр күтіп тұр, Рок­со­ла­на, – дей­ді өзіне-өзі. – Бір-екі жыл күт. Сен де солар­дың кебін киесің…».

Елі­міз­де ЭКСПО жоба­сы әлде­не­ше жылға ұла­сты. Оның құры­лы­сы­на қан­ша қар­жы жұм­салға­ны ашық айтыл­май­тын бір жұм­бақ. Алып-қашпа сөз­ге сен­сек, үш мил­ли­ард дол­лар кет­кен. Әрине, билік ол шығын­ды барын­ша кемі­те­ді. Өз-өзін ақта­ды, көр­ме­ге келу­шілер саны рекорд­тық дең­гей­ге жет­ті деп даб­ы­рай­та­ды. Мей­лі ғой, енді ол өткен күн­дер­дің еншісін­де­гі шаруа.

Әлбет­те, оның құры­лы­сын­да арқа­ның адуын аязы, азы­наған бора­ны­на қара­май, жер-жер­ден үй-жай, бала-шаға­сын қал­ды­рып келіп жұмыс жасаған бауыр­ла­ры­мы­здың еңбе­гі ере­сен. Аста­на­да одан басқа да қауырт жүр­гізілетін құры­лы­стар жете­ді. Сон­дағы жұмыс­шы­лар­дың ара-тұра төбе­ден құлап ажал құшқан­да­ры, азап шегетін­дері де ұшырасады.

– Қыс бойы ЭКСПО құры­лы­сын­да бол­дым, – деді жеті­сай­лық бір аза­мат. Әңгі­месіне қараған­да, құры­лыс мате­ри­ал­да­рын тасы­ған маши­на­ларға қақ­па­ны ашып, жауып тұрған. 60 мың тең­ге жалақы­мен жұмыс істепті.

– Ең ауыр, күр­делі жұмыс атқарған­дар­дың еңбе­кақы­сы қалай төлен­ді? – деп сыр тарттым.

– Ең жоғарғы­сы электр­мен дәне­кер­ле­ушілер­дің еңбе­гі бол­ды. Олар 150 мың тең­ге­ден алып тұр­ды, – деді ол.

– Не дей­ді? Сон­дай­дан ғана төледі ме? – деп қай­ран қал­дым. Өйт­кені қақаған қыста… Ана­дай жағ­дай­да, оның үстіне басты­қта­ры уақыт­пен сана­спай жұмысқа жегетін жер­де азапты еңбек­терінің ақы­сы­на беретіні 150 мың тең­ге­ден ғана болып­ты. Жей­тін тамағы, жал­дап тұра­тын пәтері, жолақы­сы, киетін киі­мі бар деген­дей. Оның үстіне әлгі айлы­қтың бір бөлі­гі салы­ққа деп ұста­ла­ды емес пе! Одан қан­ша ақша арты­ла­ды? Ауыл­да ауыз ашып қарап оты­рған бала-шаға­сы­на қан­ша қар­жы жібе­реді? Әй, шама­лы-ақ шығар. Содан соң не ішкен­ге, не киген­ге жары­ма­са, әлгін­дей жағ­дай­да жұмыс жасаған аза­мат­та­ры­мы­здың ден­са­улы­ғы ұза­ққа бар­май сыр бер­мей ме?

 

Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның 2015 жылғы жүр­гіз­ген зерт­те­улері бой­ын­ша, Қаза­қстан ден­са­улы­ғы ең мықты деген 145 елдің ара­сын­да 111-орын­да екен. Бұры­нғы КСРО-ны алған­да ден­са­улы­ғы ең мықты­сы Гру­зия – 71-орын­да, одан кей­ін Арме­ния – 79, Тәжік­стан – 84, Өзбек­стан – 85, Әзір­бай­жан – 87, Бела­русь – 91, Ресей – 97, Укра­и­на – 99, Қырғыз­стан – 101, Түр­кі­мен­стан 107-орын­да. Біз бәрі­нен де арттамыз…

Бұл жүйе – билік­те­гілер мен парақор, жемқор­ларға өте оңтай­лы жүйе. Олар ауы­рып-сырқай қал­са, біз­де­гі ауру­ха­на­ларға емес, алыс шетел­дер­де­гі емдеу орын­да­ры­на ұшып бара­ды. Ондай­ларға кво­та алу да түк емес. Егер де оның орайы кел­ме­се, төлей­тін ақша­ла­ры қал­та­ла­рын­да. Ал қара­пай­ым халық сырқат­та­на көр­месін деңіз. Олар­дың жайы өте мүш­кіл. Кезе­гін күте­ді, кезе­гі келіп емде­летін жер­ге орна­лас­са, ақ халат­ты «абзал жан­дар» ауы­зда­рын аран­дай аша­ды. Біз­де­гі меди­ци­на­ны жемқор­лық, парақор­лық жеңе алма­стай жай­лаған… Обал-сау­ап­ты біл­мей­тін, адам­дарға жаны ашы­май­тын қоғам­да ғұмыр кешіп жатыр­мыз. Бүгін­гі билі­гі­міз бізді осын­дай қасірет­ті жағ­дай­ға жеткізді.

Халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы өте аяны­шты. Үйсіз-күй­сіз, кісі есі­гін саға­лап жүр­ген­дер дәл қазір­гі жағ­дай­ла­ры­мен өмір бойы үйсіз өте­ді. Мем­ле­кет жастар­дың жұмысқа тұруы­на, отба­сын құруы­на, ұрпақ өрбітуіне мүм­кін­дік жасау мін­детін мүл­де ұмы­тқан. Босанған әйел­дер­ге өмір­ге әкел­ген сәби­лері үшін берілетін жәр­дем ақша мөл­шері өте төмен, ол жөр­гөк­пұлға да жет­пей­ді. Демек, біз­ге елі­мізді кере­мет етіп көр­се­тетін, өздерін ақта­май шаш-етек шығы­нға баты­ра­тын олим­пи­а­да, спар­та­ки­а­да, нешетүр­лі әлем­дік ауқым­дағы сам­мит, сим­по­зи­ум, медиа­фо­рум дей­сіз бе, жоқ әлде ЭКСПО ма, бір сөз­бен айтқан­да, солар­дың бәрінің қажеті жоқ еді. Әуелі халқы­мы­здың өмірін жақ­сар­тып, қаза­ғы­мы­здың демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­ын көте­ру­ге, шалғай­да жүр­ген қан­даста­ры­мы­здың барын­ша көп­теп ора­луы­на мүм­кін­дік жасау керек еді. Бір-ақ рет берілетін өмірін дұрыс сүре алма­са, ауру-сырқау боп, қай­ыр­шы­лық күн кеш­се, ұл-қызда­ры ертеңіне сен­бе­се, ондай адам­дарға әлем­ді там­сан­ды­рған алып жоба­лар емес, әрбір­ден кей­ін Аста­на­ның кере­гі қанша?!

«Өзі жат елде қай­ыр­шы­лық құрып жүріп, елін бай деп мақтаған­дар – Құдай қарғаған­дар» деп­ті бір дана­гөй. Сол дана­гөй өте дұрыс айта­ды. Ал «Самұрық-Қазы­на» АҚ басқар­ма төраға­сы Өмір­зақ Шөке­ев мыр­за ше?

«Жал­пы, үлкен ком­па­ни­я­лар қарыз­сыз жұмыс істе­мей­ді. Өйт­кені тиім­сіз. Қарыз болуы керек, – дей­ді ол аса біл­гіш­сініп. – Бірақ бел­гілі шегі болуы қажет… Дирек­тор­лар кеңесі нақты нор­ма­тив­ті өзі бел­гілей­ді… Жақын­да Қытай­ға барып кел­дік. 3 млрд дол­лар­ды Қытай даму бан­кі біздің ком­па­ни­яға ешқан­дай кепіл­діксіз беру­ге әзір. Осын­дай қары­зды неге алмасқа?» («Жас Алаш», 26.05.2017 ж.).

Өмір­зақ мыр­за! Мүй­із шық­са, қары­зды алу­дай алдық қой. Ол ақша­лар қай­да? Халы­қтың есебі­нен алы­нған мил­ли­ард­тарға кім есеп береді? Сор­лы қаза­ғы­мыз оның қай­ы­ры­мын қашан көреді? Бүгін­де дамы­ған елу елдің емес, 80 елдің қата­рын­да жүр­міз. Кеше­гі кеңе­стік құрам­да болған, біз­де­гі­дей бай­лы­қтан аулақ Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де Ішкі жал­пы өнім жеке басқа шаққан­да Қаза­қстан­ды 2,5 есе орай­ды. Елі­мізді өстіп қашанғы кері кет­кен қай­ыр­шы­лық күй­де ұстайсыңдар?

 

Үкі­меті­міз халы­қтың қажет емес деп қар­сы­лық көр­сет­кеніне қара­май, Қытай­дан 51 кәсі­по­рын көшіріп, 28 млрд АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де инве­сти­ция тар­та­тын бол­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қытай елінің бас­шы­сы Си Цзинь­пин­мен кез­дескен­де, «Бір бел­деу – бір жол» бағ­дар­ла­ма­сы­ның маңы­зы жоға­ры бола­ты­нын айтып өтті. Ал Үндістан бөлі­гі осы орай­да 14–15 мамыр­да (2017 ж.) Бей­жін­де өткен фору­мға бар­ма­ды. Аста­на­дағы сам­мит­те Шан­хай ынты­мақ­та­стық ұйы­мы­на мүше болып кір­ген Үндістан «Бір бел­деу – бір жол» бағ­дар­ла­ма­сын «отар­ла­у­шы кәсі­по­рын» деп бағалады.

Енді осы бағ­дар­ла­ма Қаза­қстанға не бер­ді? Қытай 2013 жылы Жібек жолын жаңғыр­ту деген желе­умен «Бір бел­деу – бір жол» бағ­дар­ла­ма­сын бастап, жүзе­ге асы­ру үшін 40 млрд дол­лар бер­ді. Сол ақша­ның есебі­нен біз­де «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сы пай­да бол­ды. Қытай ақша­сы­на Батыс Қытай – Батыс Еуро­па көлік жолы, темір жол және әуе қаты­на­сы салынды.

Бәрі­міздің білуі­міз­ше, Қытай осы­ған дей­ін Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на 42,8 млрд дол­лар салған. Қары­зға жал­пы жиын­ты­ғы 50 млрд дол­лар беріп­ті. Соған алдағы беру­ге құл­шы­нып оты­рған 28 млрд дол­лар­ды қос­сақ… Міне, бас айнал­ды­ра­тын, Қаза­қстан­ды тырп еткіз­бей тіз­гін­деп ұстап, бар бай­лы­ғын қар­пып қала­тын, қай­та­ра­тын қары­зы ұрпақтан-ұрпаққа ұла­са­тын «ғажап» жоба… Осы­ны ойлаған­да, Қале­кең – дра­ма­тург-жазу­шы Қал­тай Мұха­меджа­нов аға­мы­здың күліп оты­рып айта­тын кере­мет сөзі: «Ит екеш ит те сүй­ек­ті к…не қарап жұта­тын еді ғой» деген сөзі еріксіз еске түседі екен…

Өткен жыл пре­зи­ден­ті­міздің пәр­мені­мен мүлік жари­я­лы­лы­ғы жылы бол­ды. Негізі­нен дәу­лет­тілер­дің пай­да­сы­на көбірек қыз­мет ететін мұн­дай науқан бұған дей­тін де өткізіл­ген. Қымқы­ры­лған талай нысан­дар мен қыл­мысты жол­мен жеке­ге өтіп кет­кен мем­ле­кет мүлік­тері заңдастырылған.

Осы жолғы шара бары­сын­да да оған қаты­сты қыз­мет атқа­ра­тын үлкен­ді-кішілі шене­унік­тер әрқа­лай есеп бер­ді. Әсіре­се шетел­дік банк­тер­де­гі қар­жы­ға қаты­сты әңгі­ме­ге елба­сы­мы­здың өзі айры­қ­ша шүй­іл­ді. Аты атал­маған бай­ларға қара­тып 31 жел­тоқ­санға дей­ін тыққан-пыққан­да­ры­ң­ды әкелің­дер, әйт­пе­се жағ­дай­ла­рың қиын бола­ды деп қатқыл сөйледі.

 

Қар­жы мини­стрі Бақыт Сұл­та­но­втың үкі­мет оты­ры­сын­дағы сөзі нақты­лы­ғы­мен елді елең еткізді. Оның айтуын­ша, елі­міздің 712 аза­ма­ты шетел­дік банк­тер­де 52 түр­лі валю­та­мен ақша ұстай­ды екен. Ең көп таралған валю­та бой­ын­ша 240 аза­мат – 517 млн дол­лар, 237 аза­мат – 30 млн еуро, 121 аза­мат – 23 млн фунт стер­линг­пен сақтайды.

Бақыт мыр­за­ның әлдеқан­дай болып ауы­зға алып оты­рған бұл ақша­лы аза­мат­та­ры бер­гі жағын­дағы­лар ғой. Ал арғы жағын­да алып­тар­дың сұл­ба­сы бұлдырайды…

Дәл осы уақыт­та: «Ұлы­бри­та­ни­яда Ресей мен Қаза­қстан сияқты бірқа­тар жемқор­лы­ғы асқы­нған елдер­дің шене­унік­тері қыл­мыстық жол­мен әкел­ген ақшаға сатып алған дүние-мүлік­ті тәр­кілеу тура­лы заң жоба­сы қара­лып жатыр», – деп хабар­ла­ды Business FM.

«Ста­ти­сти­каға сен­сек, Лон­дон­дағы жыл­жы­май­тын мүлік­тің 7 пай­ы­зы шетел­дік­тер­дің үлесін­де екен. Әрі оның көп­шілі­гі қала­ның қақ орта­сын­да, ең қым­бат аудан­дар­да орна­ласқан. Осы 7 пай­ы­здың ішін­де халы­қтың есебі­нен бай­ы­ған біздің де талай бағы­лан­дар бар…» – деп жаз­ды «Жас Ала­штың» тіл­шілері (18.10.2016 ж.).

Ұлы­бри­та­ния баяғы­дан мем­ле­кет­тік дәстүрі, сая­са­ты орны­ққан ел. Билі­гі өз еліне нұқ­сан кел­ме­уін, қай­та сырт­тан ағы­лған қар­жы­дан мем­ле­кет мүд­десі үшін қар­пып қалу­ды ойлай­ды. Оны жүзе­ге асы­ру­дың амал-айла­сы әбден заң­да­сты­ры­лған. Біз сон­дай мем­ле­кет­тік ұста­ны­мға енді-енді ғана ұмты­лып жатыр­мыз. Тәу­ел­сіз ел болға­ны­мы­здан бері әлде­не­ше рет жүр­гізіл­ген мүлік жари­я­лы­лы­ғы жөнін­де­гі шара­лар осы бағыт­тағы іс-әре­кет­тер шығар, шамасы.

Иә, әр елдің қар­жы­сы өз мем­ле­кетіне қыз­мет ету­ге тиіс. Сон­да ғана эко­но­ми­ка ілгерілей­ді, халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы арта­ды. Осы­ны діт­те­ген елба­сы­мы­здың өткен жылғы үні қан­ша­лы­қты өктем шыққа­ны­мен, ол сөзіне елең еткен мил­ли­ар­дер­лер де, мил­ли­о­нер­лер де бол­ма­ды-ау, әсте. Солай болған­ды­қтан, абақты­да қамауда оты­рған тәу­ел­сіз жур­на­лист, сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай: «За эти годы из Казах­ста­на выве­ли сот­ни мил­ли­о­нов дол­ла­ров в офшо­ры. Они же и про­дол­жа­ют пра­вить неза­ви­си­мым Казах­ста­ном… По раз­ным дан­ным, из стра­ны выве­ли 330 мил­ли­ар­дов дол­ла­ров…» деп жаз­ды («ДАТ», 20.04.2017 ж.).

 

Ақыл айту оңай. Билік тіз­гінін­де оты­рған­дарға бұй­ы­ру да оңай. Алай­да ауы­здан шыққан ойын жүзе­ге асыр­ту қиын­ның қиы­ны. Ал айты­лған сөз – сөз күй­ін­де қал­май, орын­да­луы үшін, ең әуелі әркім істі өзі­нен баста­уы керек. Мәсе­лен, елба­сы­мыз өзінің отба­сы мүше­лерінің офшор­дағы ақша­ла­рын қай­тарт­са, сөз жоқ, онда Маш­ке­вич, Шоди­ев, Ибра­ги­мов, Ким­дер жары­са қоштап, жоға­ры­дағы өзі­міз тіл­ге тиек еткен 50 кәсіп­кер де, біз біл­мей­тін басқа­лар да дуа­лы ауы­здан шыққан ойға бас иер еді. Сон­да біз бей­ша­ра кей­пі­міз­ден айы­ры­лып, айна­ла­мы­здағы алпа­уыт елдер­ге ауыз ашып, жал­таңкөз боп қай­ыр тіле­уден ары­лар едік.

Ал әзір­ге… иә-иә, елдің жағ­дайы онша емес. Ресей­дің шыла­у­ы­на ілініп, путин­шіл оры­стар­дың бастан өткеріп жатқан қым­бат­шы­лы­ғын да, қыспағын да бір­ге көру­де­міз. Тең­ге­міз тең­селіп тұр. Ол құн­сызданған екпінін тежей алмай­ды. Демек, халқы­мы­здың хал-жағ­дайы уақыт ұза­ған сай­ын қиын­дап, күр­де­лене береді…

Бүгін­де осын­дай әрі-сәрі заман болып тұр. Бәрі­міз бір қаза­қтың ұл-қызда­ры­мыз. Сұра­са кел­сек, қарын бөле шыға­мыз. Сол себеп­ті бір-бірі­міз­ге жау болуға қақы­мыз жоқ.

Іштен шыққан жау бол­май­ық, бауырларым!

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,

пуб­ли­цист-жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн