Пятница , 4 июля 2025

Көкшетау орманындағы ИТ ЫРҒЫН ЫСЫРАП

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Даб­ыл!

 


 

Ғалым­дар­дың есеп­те­уі бой­ын­ша, адам­зат жара­ты­лы­сы­нан бастап күні бүгін­ге дей­ін жер бетін­де­гі орман­ның үштен екісі жой­ы­лып кетіп­ті. Ал Қаза­қтың кең бай­тақ жерін­де орман­ның үлесі небәрі төрт пай­ы­зға жуық аумақты ғана қам­ти­ды екен. Соған қара­ма­стан, Қаза­қстан­ның орман­ды алқа­бы жер жүзін­де тоғы­зын­шы орын­да бол­са керек.

 

Сары­арқа­ның кін­ді­гіне біт­кен тау­лы-қырат сілем­дер­дің ұзын­ды­ғы шама­мен 400 шақы­рым, ені 40–60 шақы­рым алқап­ты ала­ды екен. Ал сол сілем­дер­ді тұта­са жапқан, бір кез­дері ит тұм­сы­ғы өтпе­ген орман­нан бүгін­де тулақ тілім­дей, әр жер­де сел­діре­ген ошар­лы орман­дар ғана қал­ды. Бура­бай шипа­жай­ы­ның терістік жағын­дағы Май­ба­лық, Шабақты, Әули­екөл­дің жаға­ла­у­ла­ры, көнекөз қари­я­лар­дың айтуы­на қараған­да, ит тұм­сы­ғы өтпей­тін қалың жыныс орман болған.

Осы қырат­ты, бұлақты тау сілем­деріне Құдай­дың құдіреті­мен біт­кен жасыл желек­ті орман Сары­арқа дала­сы­ның тыны­сы – дем ала­тын өкпе­сі еді! Орман жой­ыл­са, табиғат­тың эко­ло­ги­я­лық жүй­есі бұзы­лып, ұлы апат жел­жа­лақ (эро­зия) дәуірі баста­ла­ды. Бұның аты – эко­цид, яғни табиғат ресур­ста­рын эко­ло­ги­я­лық апатқа ұшы­ра­тар­лық ауыр қыл­мыс! Ол апат­ты бастал­ды деу­ге де болады.

Бәрі­міз жабы­лып жаман­дай жөне­летін кеңес үкі­меті кезін­де, оба­лы не керек, егін­дік жер­лер­ге ық бол­сын деп және қыстыг­үні ылғал үшін қар тоқта­туға арналған тал­дар, аға­штар оты­рғы­зы­ла­тын. Жаңағы қол­дан оты­рғы­зы­лған жасыл желек жер­ді жел­жа­лақтан (эро­зия) сақтайтын.

Осы «Үлкен түк­ті», «Кіші түк­ті» деп ата­ла­тын орман­дар­дың жап­пай кесі­ле баста­уы жері­міз­ге Ресей­ден қара­шек­пен­ділер­дің ауда­ры­ла қоны­ста­нуы­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Қоныс ауда­ру­шы оры­стар­дың аға­штан үй салуы – қаза­қтың бай­ла­рын жай­ба­рақат қал­дыр­май, кең әрі сәу­лет­ті сарай­ды аңсаған шон­жар­лар да орманға қырғи­дай тиеді. Қара­шек­пен­ділер­дің жері­міз­ге құмыр­сқа­дай қап­тап, орма­ны­мы­зды жаудай жапы­рға­ны осы­дан 600 жыл бұрын Қара Ерті­стен үде­ре көшіп, Зерен­ді, Сан­ды­қтау, Балқа­шын, Ары­қ­ба­лық тау­лы орман­да­рын жаға­лай қоны­станған Қара­уыл, Аты­ғай рула­ры­на жай­лы тимей, ара­ла­рын­да жиі-жиі қақты­ғы­стар болып тұратын.

ХІХ ғасыр­дың басын­да қол­дан жаса­лы­нған қастан­ды­қтан жаз айы­ның күй­іп тұрған ыстық бір күн­дерін­де Қасқа­тау, Жаман­шың тау­лы алқап­тағы орма­ны­нан өрт шығып, жүз­де­ген шар­шы шақы­рым аумағын­дағы қарағай, қай­ың, терек-тал қып-қызыл отқа ора­нып, түгі қал­май жанып кете­ді. Орман­ды мекен­дей­тін жану­ар­лар­дың күлі ғана қала­ды. Осы ала­пат өрт­тен кей­ін 100 жыл­дың ішін­де орман қал­пы­на кел­гені­мен, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс басталған­да, қалың жыны­сты орман­ның тыны­шты­ғы тағы бұзы­лып, шеті­нен бұта­лып, кесіліп, май­дан қажетіне деп тасы­мал­да­на бастайды.

Соғы­стан кей­ін, әсіре­се 1947–1955 жыл­дар ара­лы­ғын­да түр­ме­ден босаған­дар­ды жинап-теріп алып келіп, осы Көк­ше­тау, Ақмо­ла облы­ста­рын­дағы орман­дар­ды қырып-жоюға сала­ды. Зерен­ді ауда­ны­на қарас­ты Жаңа­туған, Ұялы, Қара­бұлақ ауыл­да­ры­ның жаны­нан, орман­ның жиегін­де­гі қаза­қтың зират­та­ры­ның үстіне Шараш­кин қала­шы­ғы орны­ға­ды. Біздің арғы батыр баба­ла­ры­мы­здың зират­та­ры­ның үстіне аға­штан қиып ойын-сауық сарай­ын салады.

Қала­шық орна­сы­мен, тақтай тіліп өңдей­тін зәулім зауыт салы­на­ды. Содан күн демей, түн демей, Қасқа­та­удың қылқан жапы­рақты қарағай­ла­ры піс­кен-піс­пе­геніне қара­май, шеті­нен қырқы­ла­ды. Көк­ше­та­удан бастап, Пет­ро­павл төңіре­гін­де­гі қарағай­лы орман талан-тара­жға түсіп, бірер жыл­дың ішін­де құрып біте­ді. Ал бұдан шама­сы 150–200 жыл бұрын Сол­түстік Қаза­қстан­ның шоқ-шоқ тоғайы Батыс Сібір тай­га­сы­нан Алтай­ға дей­ін созы­лған қалың орман болған көрі­неді. Бүгін­де сол орман­ның әр жер­де сел­діре­ген там­ты­ғы ғана қалған.

 

Еге­мен­ді­гі­мізді алдық дегелі қирандысы ғана қалған Жаңа­туған ауы­лы­ның ғана емес, Қасқа­та­удың тап ете­гіне қонған Қара­бұлақ ауы­лы­ның да тұрғын­да­ры: «Қуа­ныш, өзің ара­ла­сып тоқтат­па­саң, бол­ма­ды, мынау біздің орман­ның қарағай­ын отап, біре­улер күн-түн демей үлкен маши­на­ла­ры­мен тасып жатыр. Енді екі-үш жыл­да орма­ны­мы­здан түк те қал­май­ын деп тұр. Тез жет!» деген хабар салыпты.

Ауыл-елде­гі ағай­ын­дар: «1929 жылғы басталған зор зұл­мат ашты­қта осы таудың орма­ны еді жаны­мы­зды сақтап қалған. Ата-ана­ла­ры­мыз тұзақ құрып, қоян ұста­ды, құс аула­ды, ал орман­ның жеміс-жидек­тері ол да азық бол­ды. Әйте­уір басқа аймақтар­да орын алған – кісінің етін жеу деген сұм­дық біздің Қасқа­тау бауы­рын айна­лып өтті. Сен арқы­лы пре­зи­дент Назар­ба­ев­тан орма­ны­мы­зға ара­ша сұрағы­мыз келеді» деген соң, Щучинск қала­сы­нан 100 шақы­рым­дай жер­де­гі Раз­доль­ное орман шару­а­шы­лы­ғы­на жолға шықтым. Веде­нов­ка село­сы­нан аса бер­ген­де, жол­да қар­сы алды­мы­здан шыққан тір­ке­месі бар КамАЗ-ды тоқта­тып, тол­ты­ра арты­лған жас қарағай кесін­ділерін қай­да апа­ра жатқа­нын сұра­дым. Сөйт­сек, Щучинск қала­сын­да При­стай­чук деген біреу ағаш өңдей­тін цех ашқан екен…

Раз­доль­ное село­сы­на кеш­теу жет­сек те, сол жер­де тұра­тын, орман шару­а­шы­лы­ғы­на тіке­лей қаты­сы бар адам­дар­дан сұрап-біл­гені­міз: Үлкен түк­ті орман шару­а­шы­лы­ғы 33 264 гек­тар жер­ді алып жатыр. Туш­ное ауы­лы­нан Сан­ды­қтау, Айдаб­ол, Зерен­ді аймағын­дағы өңір­лер­де­гі орман­ның 75 пай­ы­зы – қарағай, қалға­ны – қай­ың, терек, ал 30 пай­ы­зы – тау­лы-тасты жер­лер. 1963 жыл­дан бастап Раз­доль­ное орман шару­а­шы­лы­ғы құры­лып, ағаш өңдей­тін үлкен цех салы­нып­ты. Қазір қаңы­рай­ып бос қалған, ешкім жұмыс істемейді.

1970 жыл­да­ры орман­ды тұтас қырқу­ды тоқта­тып, жүз­де­ген гек­тар жер­ге ағаш оты­рғы­зы­ла­ды. Әсіре­се Әуел­бе­ков Еркін­нің тұсын­да Үлкен түк­ті, Кіші түк­ті орман­да­ры­на аса бір мұқи­ят қамқор­лық жаса­лы­нып, оны ысы­рап қылып кес­пес үшін, Ресей­дің сол­түсті­гін­де орна­ласқан тай­га­да екі үлкен ағаш өңдеу зауы­ты салы­нып, енді­гі­де ағаш Ресей­ден тасы­мал­да­на­ды. Орманға мұқи­ят­тық дегені­міз – ағаш дай­ын­даған­да, әбден жетіліп піс­кен, 100–120 жыл­дық қарағай­лар­ды ғана кесу керек. 60–80 жыл­дық қарағай­лар пісіп жетіл­ме­ген, олар­ды қырқу обал ғана емес, нағыз жыр­тқы­штық болып есеп­телі­неді. Аға­шты қию мөл­шері оның жыл сай­ы­нғы өні­мі­нен аспа­уы керек.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 2015 жылға дей­ін орман­ды ота­уға жари­я­лаған мора­то­рий­іне қара­май, 2008 жыл­дан бастап, жер­гілік­ті биші­ке­ш­тер орман­ды 10 жылға жеке мен­шік­ке беріп қой­ды. Содан бастап орман шару­а­шы­лы­қта­ры титы­қтап құри баста­ды… Осы­ның өзі әдейі қол­дан жаса­лы­нып оты­рған қастан­дық емес пе деген орын­ды сұрақ туын­дай­ды. Және де орман шару­а­шы­лық қожа­лы­қта­ры орман­ды қорып, рұқ­сат қағаз­сыз ешкім­ді жолат­пай­ды (жер­гілік­ті тұрғын­дар тіп­ті қурап қалған аға­штар­ды да кесе алмай­ды), орман­ды өрт­тен қорғай­ды, ағаш оты­рғы­за­ды. Ал сол орман­ды қырқып, оны әлдеқай­да жөнел­тіп, сату – басқа «біре­улер­дің» иелі­гін­де… Жер­гілік­ті жер­дің бюд­жетіне ақша тағы түсіп жатқан жоқ. Аға­шты сату­дан түсіп жатқан қыру­ар қара­жат­тар қай­да кетіп, құмға сің­ген­дей кім­дер­дің қал­та­ла­ры­на түсіп, із-тозсыз жоға­лып жатыр? Орман­ды жеке мен­шік­ке алған жаңа қожа­лар­дың алдын­дағы мін­дет­те­ме­лері бой­ын­ша, олар аға­шы оталған жер­ге ағаш оты­рғы­зу­ла­ры керек. Ал олар­да аға­штар­ды өсіріп, жетіл­діретін тәлім­бақтар жоқ. Тәлім­бақтар­дың бәрі бұры­нғы орман шару­а­шы­лы­қта­ры­ның иелі­гін­де қаңы­рап бос тұр…

 

Бұрын­да­ры 10 жыл­да бір рет Алма­ты­дағы орман шару­а­шы­лы­ғын орна­ла­сты­ру-рет­теу мини­стр­лі­гі­нен маман­дар келіп, орман­ның қай жер­лерін­де ағаш кесу­ге бола­ты­нын кар­таға түсіріп, ағаш кесуді толық жүр­гі­зетін жер­лері арнайы көр­сетілетін. Жаз­дай орман ара­лап, сани­тар­лық ота­уға жата­тын жер­лерін тағы бел­гілеп, кар­таға түсіріп, жоға­ры жақта, мини­стр­лік­те бекі­тетін. Тіп­ті жеміс-жиде­гіне дей­ін қан­дай жер­де қан­ша барын есеп­теп шыға­ра­тын. Алды­ңғы жыл­да­ры Алма­ты­дан екі жас қыз келіп, орман­ның қай жерін кесіп, ағаш дай­ын­да­уға бола­ты­нын бел­гілеп кет­келі, мұн­дағы қарағай ата­у­лы жау тиген­дей кесіліп, бұта­ла­нып, бел­гісіз бір жаққа күн демей, түн демей тасы­мал­да­нып жатыр. Жал­пы мөл­шер­леу жоба­сы бой­ын­ша, 120–130 жастағы қарағай­лар­ды қырқу керек бол­са, ал қазір жасы­на қара­май­ды, шеті­нен отап алып, жаудай шауып, құр­тып жатыр. Және жығы­лған қарағай­лар­ды трак­тор­ла­ры­мен сүй­ре­ген­де, жас өспірім қарағай шыр­ша­ла­ры тех­ни­ка­ның таба­ны­ның астын­да жан­шы­лып, сынған бетін­де қурап, күз­ге қарай шіріп жатады.

Үкі­мет­тің 2014 жылы шыққан қаулы­сы бой­ын­ша орман­ды 49 жылға жалға беру­ге бола­ды дегелі, бұрын­да­ры Бура­бай ауда­нын­да әкім болған Рус­лан Ауба­ки­ров деген мыр­за­ның орман шару­а­шы­лы­ғын басқарға­лы бері «жұл­ды­зы жарқы­рап», 14 шақты орман шару­а­шы­лы­ғы қожа­лы­қта­рын өз кісілеріне шүлен­дей тара­тып бер­ді. Бұл мыр­за­ның Жақ­сы ауда­нын­да да жеке мен­шік жер­лері бар екен. Ауба­ки­ров Рус­лан Бура­бай ауда­нын­да әкім болып қыз­мет істеп жүр­ген­де, аудан­дық «Луч» газетінің редак­то­ры Авде­юк Сте­пан: «Сіз неге Бура­бай орман шару­а­шы­лы­ғы жерінің орта­сы­нан ойып тұрып, қал­та­лы шене­унік­тер­ге үй салуға орын беріп жатыр­сыз?» – деген сұрағы­на мар­дым­ды жау­ап бере алмаған екен… Және де осы аты ата­лып оты­рған мыр­за­ның Бура­бай ауда­нын­да әкім болып тұрған кезін­де алты қазақ мек­тебі жабылған.

Орман­ды 49 жылға жеке мен­шік­ке жалға беру тура­лы шыққан үкі­мет қаулы­сы «Ақмо­ла прав­да­сы» газетін­де 2014 жылы жари­я­ла­нып, орман­ды бәсе­ке­ле­стік жалға беру жай­ын­дағы ере­же­лері егжей-тег­жей­лі жазы­лған. Орман­ды басты пай­да­ла­ну­шы Раз­доль­ное орман шару­а­шы­лы­ғы ең көп деген­де, жылы­на 3600 тек­ше метр ағаш дай­ын­дай­тын. Ал қазір Каменск орман шару­а­шы­лы­ғы қожа­лы­ғы 5000 т/м, Раз­доль­ное орман шару­а­шы­лы­ғы қожа­лы­ғы 10 000 т/м ағаш дай­ын­дай­ды екен. Сөй­те тұра, ешқай­сысы ағаш оты­рғы­зып жатқан жоқ. «Бұл әлгі Алма­ты­дан кел­ген «екі қыздың» істеп кет­кені» дей­ді жер­гілік­ті қазақтар.

 

Щучинск қала­сын­да ағаш өңдей­тін цех ашқан При­стай­чук деген ағаш алпа­уы­ты тен­дер өткі­зер­де жер­гілік­ті халы­қтың рұқ­са­ты керек екеніне қара­май, аға­шты өз біл­генін­ше кесіп, қалаға тек­ше-тек­ше­леп тасы­мал­дап жатыр. Тен­дер­ді ұтып алар­дан біраз бұрын Раз­доль­ное село­сы­ның тұрғын­да­ры­на «мен сен­дер­ге авто­бу­стар­дың жүріп-тұруы үшін қыстыг­үні жол таза­ла­тып тұра­мын, ағаш дай­ын­даған жер­дің орнын бір бұтағын қал­дыр­май жинатқы­зып оты­ра­мын» десе де, әлі күн­ге дей­ін осы­ның біре­уін де орын­даған жоқ.

Тау бауы­ры жұрт­шы­лы­ғын таң қал­ды­рған жағ­дай – кезін­де пре­мьер-министр болып, айда­ры­нан жел есіп тұрған­да, Дани­ал Ахме­тов мыр­за осы Үлкен түк­ті орма­ны­ның ең әсем жері болып табы­ла­тын жұмаққа бер­гісіз, табиғат­тың ғажай­ы­бы Әулиебұлақ сарқы­ра­ма­сы маңай­ын қарағай, қай­ың, жасыл тере­гі, жан-жану­ар­ла­ры­мен иеленіп, бауы­ры­на басып қалып­ты. Және осын­ша­ма бай­лы­қты өз аты­на жаз­бай, басқа біре­улер­дің аты­нан Аста­на қала­сын­дағы Әуе­зов көше­сі, 1201, 403-офи­сте орна­ласқан «LTD BIVC» деген құпия меке­ме ашып, Меде­уов Қуа­ныш Ораз­бекұ­лы деген­ді дирек­то­ры етіп қой­ып­ты. Құры­л­тай­шы­сы – Син Иван­на Вале­рья­нов­на. Содан бері қол­дан-қолға өтіп, басқа біре­удің қара­мағы­на көш­се де, түп­кі қожай­ы­ны Дәкеңнің өзі деседі жер­гілік­ті жұрт. Бүкіл «Север­ное лес­ни­че­ство» Дани­ал Ахме­то­втің жұм­са жұды­ры­ғын­да, ашса алақа­нын­да екен. «Орман­да­ры­мы­зды 10 жылға жалға беру жөнін­де­гі қаулы­ға қол қой­ған Дани­ал Ахме­тов мыр­за­ның тап өзі!» – дей­ді орман тұрғын­да­ры. Рас па, өтірік пе – бұл жағ­дай алда тек­серіледі деген үміті­міз бар.

 

Жолай Веде­нов­ка мен Нико­ла­ев­ка егін шару­а­шы­лы­қта­ры қожа­лы­қта­ры­ның жері­мен өтіп келе жатқан­да, мынан­дай масқа­ра құбы­лы­сты көзі­міз шал­ды. Соқа­мен жыр­ты­лған жер­дің қара топы­рағы түне­укүн­гі сұра­пыл дауыл­дар­да аспанға ұшып, жер­дің беті құнар­лы қара топы­рағы­нан айы­ры­лып, тыр­дай жалаңаш қалып­ты. Ал әлгі «плос­ко­рез­бен» өңдел­ген жер­лер­де­гі бидай­дың қыл­та­нақта­ры жер­дің қара топы­рақты үстің­гі қаба­тын дауы­лға бер­мей, сақтап қалған. Жеңіл маши­на жүр­гізіп келе жатқан Бей­сен­бай бауы­рым­мен әдей­ілеп тоқтап, жел ұшы­рып әкет­кен жер­лер­дің ойы­лып-ойы­лып қалған тереңді­гін өлше­ген­де, 15–20 сан­ти­метр­ді құра­ды. Осы апатқа ұшы­раған жер­дің көле­мі шама­мен 400 гек­тар­дың әр гек­та­ры­нан 250 тон­на қара топы­рақ ысы­рап болған­да, ең кем деген­де 100 мың тон­на құнар­лы топы­рақ (гумус) жел­дің күші­мен қай­тып кел­мес­ке ұшып кет­кен. Егер осы ысы­рап болған қара топы­рақты темір­жол­дың вагон­да­ры­на тие­се, 1666 вагон құнар­лы топы­рақ жел­мен желі­гіп, көшіп кет­ті деген сөз… Ал егер осы егін­дік жер­лер­ге, жоға­ры­да айты­лған­дай, тал­дар мен аға­штар оты­рғы­зы­лған­да, мұн­дай апат­ты құбы­лыс бол­мас еді, жері­міз эро­зи­яға ұшы­рап, мұн­ша­ма құнар­сыздан­бай­тын еді.

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,

«ДАТ»-тың қоғам­дық тілшісі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн