Пятница , 4 июля 2025

Көкте жүрген әкімді ЖЕРГЕ ТҮСІРІҢІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Ауыл­дар ахуалы

 


Жер­гілік­ті жер­де­гі билік­ке сөз­дері жет­пе­ген Пав­ло­дар облы­сы Май ауда­ны­ның бір топ тұрғы­ны Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты Айза­да Құр­ма­но­ва ханы­мға шағым хат жазып, оның көшір­месін газет редак­ци­я­сы­на жол­даған екен. Пар­ла­мент­те­гі құзыр­лы депу­тат қан­дай жау­ап берер екен деген оймен біз сол хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

 

Құр­мет­ті халық қала­у­лы­сы Айза­да ханым! Сіз­ге алға­шқы еңбек жолы­ңы­здың тұса­уын кес­кен, қаси­ет­ті мекен Май елі­нен жақ­сы ізгі хабар­лар жет­кі­зудің орны­на арыз-шағым­мен шығуым, өкініш­ке қарай, әбес­тік екенін біл­сем де, мәж­бүр­лік себеп болға­нын айтқым келеді. Құдай үшін кеші­ре көріңіз.

Бірақ өмір­ден әділ­дік ізде­ген біз сияқты дәр­мен­сіз сай­ла­у­шы­ла­ры­ңы­здың басқа ама­лы бол­маған­ды­қтан, Сіз­ден түсі­ну­шілік тілеп, көмек сұрап, осы шағым-ары­зды жазып отыр­мыз. Маз­мұ­ны төмендегідей:

2016 жыл­дың сәуір айын­да ауданға әкім болып Ардақ Аман­гел­діұ­лы Қаңтар­ба­ев тағай­ын­дал­ды. О баста мәде­ни­ет­ті, ізет­ті, іскер жан сияқты көрін­ді, үлкен­дер­дің «бәре­кел­ді­гіне» ие болған еді. Көп ұза­май ол алдам­шы әрі жасан­ды көрініс болып шықты. Қара­мағын­дағы адам­дар­мен тіл табы­са алма­ды, олар­мен дөрекі сөй­ле­сті. Соның нәти­же­сін­де бір жыл­дан астам уақыт ішін­де бес ауыл­дың әкі­мін, өзінің үш орын­ба­са­рын қыз­мет­тен шыға­рып үлгер­ді. Бүгін­гі күн­ге аудан­да жиыр­ма мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің орны бос – вакансия.

Бұл не деген сөз? Облы­стағы билік аудан­дағы штат­ты бекіт­кен­де, жағ­дай­ды біл­мей артық қыз­мет орнын бе? Әлде ол орын­дар­дағы қыз­мет­кер­лер әкім­нің қысы­мы­нан кету­ге мәж­бүр болған ба?

Ал аудан­дағы қар­жы­лық былы­қ­пай­ла­ры шек­тен асып кет­ті. Айта­лық, аудан орта­лы­ғын­да су құбы­рын жөн­де­у­ге 8 мил­ли­он тең­ге бөлініп, жаб­ды­қтар сатып алуға осы сома­ның 3,5 мил­ли­о­ны ғана ұста­лып­ты. Қалған ақша қайда?

Одан соң аудан орта­лы­ғын­дағы бақты абат­тан­дыр­мақ болып, 4 млн тең­ге бөл­гізіп­ті. Ал жүр­гізіл­ген жұмыс көле­мі бір мил­ли­он тең­ге­ге жет­пей­ді. Қалға­ны қайда?

Аудан әкі­мі өзіне арнап, көрік­ті де сәу­лет­ті етіп үй тұрғы­зды. Дұрыс – әкім үй жал­дап тұр­мауы керек қой. Сол үйді аудан бюд­жеті­нен салғыз­са да, оны кәсіп­кер туы­сы Қожа­бе­ко­втен 22 мил­ли­он тең­ге­ге сатып алған болып, акт жасалған. Ал үйдің құры­лы­сы­на бөлін­ген 22 млн тең­ге кім­нің қал­та­сын­да кетті?

Бұл сияқты өңе­ш­тен өтіп кет­кен мил­ли­он­дар жетіп-арты­ла­ды. Олар­ды, егер сіздің тара­пы­ңы­здан тек­се­ру комис­сия келіп, біз­бен хабар­лас­са, дәлел­деп беру­ге әзір екені­мізді біл­дір­гім келеді. Осын­дай былы­қ­пай­лар­ды айтып, облыс бас­шы­лы­ғы­на шағым­данған едік, олар аудан әкі­мін жақтап шықты. Осы­дан кей­ін аудан эко­но­ми­ка­сы тіп­ті шатқа­яқтап, әкім мен­мен­сіп кетті.

Осы жай­лар­ды сіз­ге баян­дай оты­рып, сіздің өзіңіз­ге беріл­ген өкіл­дік көле­мін­де (айт­пақ­шы, Айза­да Құр­ма­но­ва ханым­ның дәл осы мәсе­лені шешу­ге құзы­ры жете­ді, ол – ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің эко­но­ми­ка­лық рефор­ма және аумақтық даму коми­тетінің мүше­сі – Ред.) шара­лар ұйым­да­сты­рып, еркін­сі­ген әкім­ді көк­ке ұшыр­май, жер­ге қонақтат­саңыз екен деген тіле­гі­міз бар.

•    Май ауда­ны­ның құр­мет­ті аза­мат­та­ры – Ахме­тов Қай­ы­р­жан Ахметұ­лы, Ахме­ди­ев Іләл Сызды­құ­лы, Ақсақал­дар алқа­сы­ның төрай­ы­мы Бей­се­ке­е­ва Бал­жан Раши­тқы­зы, көп бала­лы Ардақты ана – Сағай Күл­зи­ра, Кеңтү­бек ауы­лы­ның тұрғы­ны – Нұрғо­жин Еркін және басқалар.

Пав­ло­дар облысы

 

 

 

Қызы­ләс­кер­де жер үшін АТЫС БОЛУЫ МҮМКІН

 


 

Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы Сары­ағаш ауда­ны Қызы­ләс­кер ауы­лы­ның тұрғын­да­ры мал жая­тын жер үшін аты­сқа шыға­мыз дейді.

 

Ауыл маңын­дағы жер телі­мін сатып алған жеке кәсіп­кер халы­қтың малын түгел қуып жатыр дей­ді тұрғын­дар. Олар­дың айту­ла­рын­ша, мың гек­тар­лап жер­ді сатып алған бай-бағлан­дар жыл­дар бойы жай­ы­лым ретін­де пай­да­ланған жер­ге ауыл халқы­ның малын бір күн­де кір­гіз­бей қой­ған, деп жаз­ды Stan.kz пор­та­лы «31 арнаға» сіл­те­ме жасап.

Сары­аға­штың Ақтө­бе ауыл­дық окру­гіне қарас­ты Қызы­ләс­кер ауы­лы­нан бөлек тағы да сегіз елді мекен­нің тұрғын­да­ры бір күн­де жай­ы­лым­дық жер­сіз қал­дық деп шу көтер­ді. Айту­ла­рын­ша, жай­ы­лым­ды «мен­ші­гім» деп жари­я­лаған кәсіп­кер халы­қтың малын өріс­ке жібер­мей қойған.

Тиісті орын­дарға бер­ген шағым­нан нәти­же ала алмай шар­шаған қара халық кәсіп­кер­ге заң­ды тоқтам бол­ма­са, алы­стан кел­ген ауқат­ты­ны елден өздері қуа­ты­нын айтады.

«Мал­дың жай­ы­ла­тын жері осы жер еді. Ал енді ертең­нен бастап қор­ша­мақ­шы. Қора сал­мақ­шы. Енді не бола­ды? Біздің мал қай­да бара­ды? Біз көшуі­міз керек пе?» – дей­ді ауыл тұрғы­ны Құр­банәлі Шымбаев.

«Мен ертең оның жерін өртей­мін – малым­ды кіз­гіз­бе­се. Одан кей­ін ол мені ұра­ды. Мен оны ұра­мын. Одан кей­ін менің балам оны ұра­ды. Ата­мыз бір-бірі­мізді. Амал соған бара­ды. Басқа жол жоқ», – дей­ді тұрғын Марат Тәженов.

Бір мың гек­тар жай­ы­лым­ды сатып алып, салы­ғын төлеп, мем­ле­кет­тік актісін алға­нын алға тар­тып, тұрғын­дар алды­на кел­ген кәсіп­кер өз әре­кетінің заң­ды­лы­ғын түсін­дір­мек­ке ұмты­лған. Алай­да халық оған дүр­се қоя берді.

Тұрғын­дар шағы­мы­нан хабар­дар билік жай­ы­лым жер­ді «Оңтүстік» қар­жы ком­па­ни­я­сы кепіл­ге қой­ған мүлік болған­ды­қтан, жеке аза­мат­тарға сатқа­нын айта­ды. Әкім сұра­ныс хат бер­ген соң, жер­дің біраз бөлі­гін тұрғын­дарға қал­ды­ра­ты­нын айтқан. Алай­да халық ол жер­дің тым аз екенін айтқан.

«Жеке тұлға­ларға саты­лып кет­кен. Біз солар бой­ын­ша келіс­сөз­дер жүр­гізіп жатыр­мыз. Нәти­же­сі бой­ын­ша ауыл­дың жанын­дағы жер­лер қай­та­ры­лып берілуі мүм­кін», – дей­ді Сары­ағаш аудан­дық жер қаты­на­ста­ры бөлі­мі бас­шы­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы Талғат Есенбеков.

Жай­ы­лым­ды дау­лаған Сары­аға­штағы тоғыз ауыл­дың тұрғы­ны алды­мен кепіл­ге қой­ы­лып, кей­ін кәсіп­кер­лер­ге саты­лған жер­ді сату­да бір шикілік бар деп есеп­тей­ді. Сон­ды­қтан шағым­да­ну­шы­лар билік­тің жер сатқан серік­те­стік­пен ортақ мәміле­ге кел­гені жөн деп есеп­тей­ді. Ал мәсе­ле оң шеші­мін тап­па­са, соңғы шара ретін­де көшені жауып, ере­уіл­ге шыға­ты­нын да ескертті.

ОҚО, Сары­ағаш ауданы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн