Суббота , 12 июля 2025

КӘМШАТ СҰЛУ – қазақ аруы атанды

Ел тіле­гі

 

Жуыр­да Аста­на қала­сын­дағы «Қаза­қстан» кон­церт залын­да «Қазақ аруы-2015» рес­пуб­ли­ка­лық сұлулық бай­қа­уы болып өтті. Бай­қау нәти­же­сі бой­ын­ша, бас жүл­де және «Қазақ аруы-2015» атағы Қараған­ды облы­сы­ның сұлуы Кәм­шат Қос­ке­ло­ваға бұйырды.

 

Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың айтуын­ша, бұл бай­қау елі­міз­де осы­мен бесін­ші жыл қата­ры­нан ұйым­да­сты­ры­лып­ты. Бұл жолы елі­міздің ең әде­мі аруы атағы үшін 16 мен 25 жас ара­лы­ғын­дағы 26 үміт­кер сынға түс­кен. Сай­ыс ере­же­сіне жүгін­сек, бұл сай­ы­ста тек сұлу­лар ғана топ жар­май­ты­нға ұқсай­ды. Өз халқы­ның салт-дәстүр, әдет-ғұр­пын, тарихы мен мәде­ни­етін жақ­сы білетін жас қыздар ғана таң­да­лы­на­ды екен.

Осын­дай өнері мен өз мүм­кін­ді­гін сынға салған, кезек­ті бір сұлу­лар бай­қа­уы­ның жеңім­па­зы Кәм­шат Қос­ке­ло­ваға «Қазақ аруы-2015» ару тәжін өткен жылғы бай­қау жеңім­па­зы Гүл­наз Жола­но­ва табыс етті.

Осын­дай­да ойы­ңа әлдене ора­ла­ты­ны бар. Бір кез­де­гі әлем­ге әлпе­ті әйдік, абы­ройы асқақ Фран­ци­я­ның да құл­ды­раған тұсы болып­ты. Онда да өз мақта­ны­шта­ры­нан деседі.

Сон­да қалай дей­сіз ғой?! Бұл елдің өсіп-өнгенін, өркен­деп-көк­те­генін көр­ген өзге бақта­ла­ста­ры бір қитұрқы амал ойлап тауып­ты. Яки, әлем­ге «Фран­цуз қызда­ры ең сұлу қыз» деп жар салған көрі­неді. Нәти­же­сін­де, содан бастап шетел аза­мат­та­ры осы елдің қызда­ры­на үйлене бастап­ты. Есесіне осы­дан ұлт азып, фран­цуз­дар­дың берік «жанұя ини­сти­ту­ты» шай­қа­лып, ұлт­тың қасіреті басталған деседі…

Біз бұны несіне айта­мыз? Әрине, ел алдын­да сый­ланғанға, сыя­пат көр­ген­ге не жет­сін?! Тек осы биік­тен көрін­ген сұлу­ла­ры­мыз нағыз «Ару» аты­на лай­ық бол­са екен деген ізгі тілек­пен айтқы­мыз келеді!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн