Суббота , 5 июля 2025

КӘМШАТкімнің бабына КӨНЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Ойдан-қыр­дан

 

 

Отыр­са – опақ…

 


 

 

• «Сағын­ды­рған әндер-ай» кешін­де сахнаға шыққан Кәм­шат Жол­ды­ба­е­ва­ның омы­ра­уы ашық көй­ле­гіне сын айту­шы­лар көбей­ді. Таны­мал әншінің жаңа көй­ле­гін көр­ген жұрт оны «тым ашық киді» деп сөгіп таста­ды дей­ді Nur.kz порталы.

 

Бірақ Кәм­шат­тың сахна­лық көй­ле­гі (сурет­те) сон­ша­лы­қты ашық-шашық па еді? Бұған дау айту­шы­лар да аз емес. Өнер ада­мы болған соң, сахна­лық түр-тұлға­сы­на өзгеріс енгі­зу – шоу-биз­нес өкіліне бір атри­бут бол­са керек. Оның үстіне омы­рау тұсы­ның ойы­ғы кін­ді­гіне тақау түс­кен деме­сең, көй­ле­гінің жыры­ғы шек­тен шыққан деу­ге келмейді.

Тән­ті жұр­ты «шар­ша­май­тын», «еңбекқор», «ізденім­паз» атаған әншінің «сым­бат­ты» ата­нуға да хақы­сы бар шығар. Бірақ, бәл­кім, парақ­ша­дағы «қаза­қтың қызыс­ың, омы­ра­уы­ң­ды жап» деген жаз­ба жана­шыр­лы­қтың бел­гісі ме екен?

Қалай десек те, «қаза­қтың тыныш оты­рға­ны – бір кебісті екін­шісіне тығып оты­ра­ды» демек­ші, сөз бен пәле қуған ағай­ы­нға дауа бар ма? Оның үстіне шоу-биз­не­сте­гі желі оңы­нан тұрған әншінің табысы әлдекім­нің қыж-қыж қызға­ны­шын оята­тын шығар. Өнер­де­гі жолын «Кешью» тобы­нан бастаған Кәм­шат бүгін­де таны­мал­ды­лы­ққа ие әншілер­дің қата­ры­на қосы­лған. Жеке шығар­ма­шы­лы­ғы­мен ғана айна­лы­сып қана қой­май, соны­мен қатар актри­са­лық қырын да көр­сетіп жүр.

Жақын­да ғана ол «Өгей жүрек» теле­хи­ка­я­сын­да «көп сүй­іс­кені» үшін де сын­ның астын­да қалған бола­тын. Бұл жер­де оқыр­ман­да­ры екі түр­лі пікір­де сөз жары­стыр­ды. Біре­улер «кере­мет актри­са» деген баға бер­се, екін­ші топ «кім көрін­ген­мен сүй­і­се береді» деп сөк­ті. Фильм­нің сце­на­риі «сүй­істіріп» қой­са, рөл­ді ойна­у­шы актри­са одан жал­та­руы мүм­кін бе?

Бірақ Кәм­шат­ты «отыр­са – опақ, тұр­са – сопақ» көретін ерік­кен сын­шы­лар­дың сөзі талант­ты қыздың сағын сын­дыр­май­ды деп біл­ген жөн. Оның үстіне Кәм­шат­тың актри­са­лық өнерін баға­лаған түсіру­ші топ оны кезек­ті бір теле­хи­ка­яға басты рөл­ге бекіт­кен екен.

 

 

 

 

АРДАНА «Азия аруы» АТАНДЫ

 


 

• Қаза­қстан­дық ару Арда­на Каде­но­ва Miss Universe Tourism халы­қа­ра­лық сұлулық бай­қа­уын­да «Азия аруы» титулын жеңіп алды. Ливан елінің аста­на­сы Бей­рут­те өткен бай­қа­уда әлем­нің түк­пір-түк­пірі­нен кел­ген 40 сұлу бақ сынасқан.

 

Ескер­те кетей­ік, Арда­на ару­лар әле­мін­де­гі алға­шқы жетісті­гіне 2014 жылы қол жет­кіз­ген бола­тын. «Шым­кент аруы» бай­қа­уы­на қаты­сқан ол «Көре­рмен көзай­ы­мы» атағын жеңіп алған, деп хабар­лай­ды «Экспресс‑К».

Ал 2016 жыл­дың жазын­да Баку­де ТМД халы­қта­ры ара­сын­да өткен сұлулық бай­қа­уын­да отан­да­сы­мыз «Мақ­са­ты­на жететін аруы» атанған еді. Айта кетей­ік, әзір­бай­жан­дық дизай­нер Гүл­нар Хали­ло­ва Арда­на­ның ұлт­тық киі­мін жоға­ры баға­лаған болатын.

Енді Каде­но­ва қазан айы­ның басын­да Шри-Лан­ка­да өтетін Miss Intercontinental бай­қа­уы­на дай­ын­да­лып жатыр.

 

 

 

ӘЛІШЕР ӘНШІ ӘЛІ ІШЕДІ ЕКЕН

 


 

• Әнші Әлі­шер Кәрі­мов «Вре­мя» басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­тын­да жұмыстан тыс уақыт­та өзіне де, айна­ла­сын­дағы­ларға да аса талап­шыл екенін айтып­ты. Оның талап­шыл­ды­ғы сон­ша­лық, қалаған нәр­сесі уақы­тын­да орын­дал­маған жағ­дай­да әнші была­пыт сөз­дер айтуға дей­ін бара­ды екен.

 

«Мыса­лы, мен дирек­то­ры­ма маңы­зды бір істі тап­сы­руым, ал ол оны уақы­тын­да орын­да­мауы мүм­кін. Бір айта­мын, екі айта­мын, ал үшін­шісін­де орыс­ша­лап «фольк­лор­дан» жібе­ре­мін. Одан бөлек, арақ ішетінім­ді мой­ын­дай­мын. Жұрт­тың бәрі соған таң қала­ды. Бірақ мен одан ұял­май­мын. Был­тыр эст­ра­да­дағы көп­те­ген әртістер­мен бір­ге ән-сапарға шығып, ел-елді пой­ы­з­бен ара­ла­дық. Сол кез­де сахна­ла­ста­ры­ма бір­ге ішім­дік ішуді ұсын­дым. Көп­шілі­гі таң қал­ды. «Әлі­шер, сен ішетін бе едің?» – деген сұрақтың астын­да қал­дым. Пой­ы­здағы жағ­дай­ды өздеріңіз де білесіз­дер, таза­лық жағы көңіл көн­шіт­пей­ді. Про­фи­лак­ти­ка үшін ішу­ге тура кел­ді. Қыстың қақаған күн­дерін­де кон­церт алдын­да коньяк ішетінім де бар. Жау­рап тұрған кез­де оның да пай­да­сы зор. Иә, мен осын­дай­мын! Елдің мені мін­сіз деп санай­ты­ны­нан шар­ша­дым», – дей­ді әлі күн­ге ішетін Әлішер.

Айлық табысы тура­лы сау­алға жау­ап беру бары­сын­да Кәрі­мов әртістер­дің кірісін ғана емес, шығы­нын да есеп­ке алу керек екенін айтып­ты. Айтуын­ша, бей­не­ба­ян түсіріп, оны өңде­у­ге, ән жаз­ды­руға, оның аран­жи­ров­ка­сы­на қыру­ар қар­жы керек.

«Мүм­кін, үне­мі үйлесім­ді, лай­ы­қты түр­де киініп жүр­ген­дік­тен, ел мені бай, бақу­ат­ты деп ойлай­тын шығар. Тіп­ті де олай емес. Мүл­дем ақша­сыз қала­тын сәт­терім де бола­ды. Мыса­лы, жуыр­да ғана бір досым­нан қары­зға ақша алдым. Себебі қал­там­да көк тиы­ным қал­ма­ды», – дей­ді Әлішер.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн