Пятница , 4 июля 2025

Көрмеден кейінгі КҮЛКІМІЗ КӨМІР БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 


Мил­ли­ард­тар­ды жал­маған ЭКСПО-17 көр­месінің жабы­лға­ны­на бір ай болған жоқ: ал күні кеше Қаза­қстан­ның кей­бір өңір­леріне алға­шқы қар­дың түс­кені сол-ақ екен – көмір­дің баға­сы шары­қтап кет­ті. Газ бар­маған алыс ауыл­дар­да оның бір тон­на­сы 20 мың тең­ге­ге дей­ін жет­ті деген сөз бар.

Неге? Бұл қай­дан кел­ген баға?

 

Себебі ЭКС­ПО-ның мил­ли­ард­таған шығы­нын қара халы­қтың есебі­нен жабу үшін, ком­му­нал­дық және басқа да тариф­тер күрт көтеріл­ді. Мәсе­лен, Қаза­қстан­да көмір­дің баға­сы­ның көтерілуі оны тасы­мал­дау тариф­терінің өсуі­мен түсін­діріледі, деп мәлім­деді «Аста­на қала­сы­ның кәсі­по­рын және өнер­кәсіп басқар­ма­сы» РМК өнер­кәсіп­ті дамы­ту бөлі­мінің басты­ғы Аза­мат Раши­тов. «Өздеріңіз білесіз­дер, алды­мен жанар-жағар­май құю баға­сы қым­бат­та­ды, екін­ші­ден, Қаза­қстан темір жолы­ның темір­жол тариф­тері 25%-ға арт­ты. Тиісін­ше, осы фак­тор­лар­дың бар­лы­ғы биз­нес өкіл­дерін қазір­гі жағ­дай­ға бей­ім­де­у­ге мәж­бүр ете­ді. Біз­де нары­қтық эко­но­ми­ка бар, сон­ды­қтан әкім­дік­тің көмір­ді сату нары­ғы­на ара­ла­суы­на құқы­ғы жоқ», – деді А. Раши­тов кеше елор­да әкім­ді­гін­де өткен брифингте.

Бұл, шама­сы, Раши­тов ырыл­датқан сөз емес: оған осы­лай деу­ге жоғарғы жақтан жар­лық кел­ген. Көр­ме­ден кей­ін­гі халы­қтың күл­кісін көмір қылу­дың билік­тік тех­но­ло­ги­я­сын рет­теу раши­то­втарға тап­сы­ры­лған сыңайлы.

Енді мына қызы­қты қараңыз: «нары­ққа ара­ла­суға құқы­ғы жоқ» сол әкім­дер ел-жұрт­ты тай­лы-тұяғы­мен ЭКСПО көр­месіне бір шыбы­қ­пен айда­ды; екі-үш күн­деп Аста­на­да облы­стың күн­дерін өткізді; оған бет­ке басар, «шөп­ке ты…ар» жақ­сысы мен жай­саңын ақы беріп жина­ды; мем­ле­кет­тің қып-қызыл қыру­ар қар­жы­сын құрт­ты. Басқа шаше­тек­тен шашы­лу­ды айт­паған­да, әр облыс осы көр­мені «көтеріп алу» жолын­да күшен­ген күй­ге түсті.

Ал енді тариф­тер көтеріліп, қыстың көзі қыра­уда көмір­дің баға­сы шары­қтап кет­кен кез­де оған «әкім­дер­дің ара­ла­суға құқы­ғы» бол­май қал­ды. Бұл «судан өткен­ше қызы­ң­ды алай­ын…» деудің сый­қы бол­ды да шықты. Ақы­ры қара халық көмір­ге қарап қалар күн туған­да, «қызды ұруға» құлы­қ­сыз боп қалды.

Ауа рай­ын зерт­те­уші маман­дар­дың жоралғы­сы­на қараған­да, биыл соңғы 100 жыл­да бол­маған суық қыс болай­ын деп тұр. Ал бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, бір жарым мил­ли­о­ны жұмыс­сыз, 3 мил­ли­онға жуы­ғы – «өз күнін өзі көр­ген» халық бұл қысты қалай өткі­зеді – ол мәсе­ле­ге «әкім­дер ара­ла­суға» болмайды.

Аман бол, көмір­ге қарап, күл­кісі көмір болған қазақ!

Ермұрат БАПИ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн