Суббота , 5 июля 2025

КӘСІПОДАҚ ЖЕ ТЕКШІСІЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы


 

 

 

Маңғы­стау облы­сын­дағы Oil Construction Company (OCC) мұнай ком­па­ни­я­сы­ның кәсі­по­дақ жетек­шісі Әмин Еле­усі­нов екі жылға сот­тал­ды, оның мүл­кі тәр­кі­ле­неді және бес жыл қоғам­дық, кәсі­по­дақ қыз­меті­мен шұғыл­да­на алмайды.

 

Аста­на қала­сы Алма­ты аудан­дық № 2 сотын­да бүгін осын­дай үкім шықты. Судья Гүл­жан Уба­ше­ва­ның айтуын­ша, сот Еле­усі­но­втің бұрын сот­тал­маға­нын, «ағы­нан жары­лға­нын», «кінәсін мой­ын­даға­нын» ескерді.

Жаза мерзі­мі 20 қаңтар­дан – Еле­усі­нов қамауға алы­нған күн­нен баста­ла­ды. Кәсі­по­дақ жетек­шісі ұсталған уақыт­та Маңғы­стау облы­сын­дағы мұнай­шы­лар Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның жабы­луы­на нара­зы­лық ретін­де аштық жари­я­лап жатқан еді. Сот Еле­усі­но­втен 8 мил­ли­он тең­ге өндіру­ге үкім етті. Про­ку­ра­ту­ра­мен жасалған келісім бой­ын­ша, Әмин Еле­усі­нов кәсі­по­дақ ақша­сын жымқы­рға­нын, поли­ция қыз­мет­кер­лерін балағат­таға­нын, оларға мой­ын­сұн­баға­нын және күш көр­сет­кенін мой­ын­дай­ды. Келісім бой­ын­ша, ол 8,2 млн тең­гені 2018 жыл­дың мамы­ры­на дей­ін төле­уі тиіс.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн