Воскресенье , 20 апреля 2025

Күйеуге тимеген «мисс мирадан» ОН БАЛА ТАПҚАН ӘЙЕЛ АРТЫҚ

Қаз қалпында

 

Күйеуге тимеген қыз бала мен үш-төрт бала туған әйелдің арасында үлкен айырмашылық болады емес пе? Түр-түсі, жүріс-тұрысы… тағы да басқа. Кеше ғана жасы отызға келсе де, күйеуге тимеген бір таныс бойжеткен қыз бес бала туып, толыңқырап кеткен бір келіншекке біраз әнгіме айтып тастады. Балалы құрбымның толып кеткенін, шашының біраздан бері бояу көрмегенін айтып, сынға алды. Одан соң маған қарап:

«Неменеге тыртиып азып кеткенсің? Жараспайды. Фигураны бір қалыпты сақтау керек. Фитнес-орталыққа барсаң, фигураң мощный болады», – деді көлгірсіп. Ондай шолжаңбайлардың сөзіне бей-жай қарап тұратын мен емес: «Біздің үйдің тірлігінің өзі – фитнес. Күйеуге тимеген «мисс мирадан» он бала туған алпыстағы кемпір артық.

Бізге ақыл айтқанша, сол ақылыңды өзіңе пайдаланып, байға тиіп ала ғой!» – дедім.

PS.: Кейінгі кезде байқаймын – әлі тұрмысқа шықпаған кейбір жас қыздар үйлі-баранды әйелмен өзінің түр-тұлғасын салыстырғысы келетін сияқты. Онымен қоймай, кейбір отбасылық проблемаларға да біреуден естіп алған сөздерін тықпалап, мәселені қызу талқылайтын болыпты. «Ай, айналайындар, алдымен байға шығып алыңыздаршы!».

Салтанат Бектің «Фейсбук»-тегі жазбасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн