Пятница , 4 июля 2025

Күйкентайдай КҮН КЕШКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

ЖОО жоян­дар қолында

 


 

Қазір білім орда­ла­ры­ның жай-күй­ін сыр­ты­на қарап аны­қтай­ды. «Сыр­ты бүтін» бол­са, «ішкі түтін­де» қоғам­ның шаруа­сы жоқ сияқты. Жоға­ры оқу орын­да­ры­ның көп­шілі­гін­де­гі ішкі жағ­дай сырт көз­ден тысқа­ры. Жемқор­лық, парақор­лық, тамыр-таны­стық, жағым­паз­дық, түр­лі құқық бұзу­шы­лы­қтар «іштен» дау-дамай шыққан­да ғана айран­дай ақта­ры­лып жатады.

 

Осы­ған бай­ла­ны­сты бір мысал. Жақын­да редак­ци­я­мы­зға Алма­ты­дағы Шет тіл­дер және іскер­лік карье­ра уни­вер­си­тетінің оқы­ту­шы­сы Ләй­лә Қасы­мо­ва­ның хаты кел­ді. Хат маз­мұ­ны­на үңіл­сек, атағы дар­дай оқу орны­ның ішкі жағ­дайы қал­ты­рап тұрған сыңай­лы. «Мұн­да уни­вер­си­тет оқы­ту­шы­ла­ры­на қысым көп, бас­шы­лық тара­пы­нан дөрекілік жиі орын ала­ды» дей­ді хат иесі.

Біз хат иесін редак­ци­яға шақыр­дық: социо­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, доцент атағы бар ұстаз екен. Бұрын С.Демирел атын­дағы уни­вер­си­тет­те оқы­ту­шы болып, пәнінің қысқа­руы­на бай­ла­ны­сты Шет тіл­дер және іскер­лік карье­ра уни­вер­си­тетіне ауы­сқан. Айтуын­ша, мұн­да келе салы­сы­мен кадр бөлі­мін­де­гі қыз­мет тап­сы­ры­лып­ты. Уақыт­ша атқа­руға келісіп, уни­вер­си­тет­тің осы­ған дей­ін рет­тел­ме­ген, қи-бопыр болып жатқан құжат­та­рын шашау шығар­май жинап береді.

Бірақ бас­шы­лық тара­пы­нан жаса­ла­тын, дағ­ды­ға айналған дөрекілік­пен Ләй­лә ханым келі­се алмай­ды. Әділ­дік үшін шырыл­даған оқы­ту­шы бұл жағ­дай­ға төзу мүм­кін еме­сті­гін әріп­те­стеріне айтқан­да, олар сырт­тай қол­дау көр­сет­кені­мен, іштей тынып, өздерінің күй­кен­тай күн­деріне шүкір­шілік айту­дан аспай­ды. Ал өз жұмысы­на, қыз­метіне адал адам әрқа­шан да шын­ды­қты айту­дан тай­сақта­май­ды. Ләй­лә Қасы­мо­ва да уни­вер­си­тет рек­то­ры Саб­ри Хиз­мет­лидің ғылы­ми кеңе­сте­гі дөрекілі­гіне қар­сы келіп, ақыр аяғы шыда­мы тау­сы­лған соң, сын айта­ды. Көз­бен көріп тұрған соң, қате тұста­рын да баса айта­ды, бірақ іле-шала жұмыстан кету­ге мәж­бүр болған.

Иә, бұл қан­дай дөрекілік дер­сіз? Ләй­лә ханым­ның айтуын­ша, ғылы­ми кеңес нағыз түрік сұл­та­ны­ның жина­лы­сы іспет­ті өте­ді. Бұл тура­лы ол редак­ци­яға жол­даған хатын­да былай деп жаза­ды: «…Ғылы­ми кеңе­сте шынайы дис­кус­си­яға жол беріл­мей­ді. Рек­тор сөй­леп болған соң, көп­шілік пікір біл­діру­ге ынта біл­дір­мей­ді… Егер де істе­ген іс рек­тор­дың көңіліне жақ­па­са, кем­сітіп, айқай­ға баса­ды. Қан­дай да бір түсінік­те­ме бер­сең, рұқ­сат­сыз сөй­ледің деп айып­тай­ды… Рек­тор­дың ұсы­ны­ста­рын қол соғып, қоше­мет­теп оты­руға мін­дет­тісіз. Алақан соғыл­ма­са, өзі сұрап ала­ды… Оқы­ту­шы құра­мы­ның осын­дай әле­умет­тік-руха­ни атмо­сфе­ра­да зама­на­уи талап­тарға сай қыз­мет істей алуы мүм­кін емес».

Осы жәйт­тің жөн-жосы­ғын Ләй­лә ханым редак­ци­яға келіп, мәсе­ленің мән-жай­ын баян еткен­де тағы да аны­қта­дық. «Уни­вер­си­тет­те ой-пікір еркін­ді­гі жоқ. Құл­дық мінез-құлық үстем­дік еткен жоға­ры оқу орнын­да білім алған сту­дент қоғам­да өз орнын таба ала ма?» – дей­ді Ләй­лә ханым.

«Бұл жәйт­ті тиісті жоға­ры орын­дарға айтып, уни­вер­си­тет­те қалып­тасқан жағым­сыз атмо­сфе­ра­ны баян еттіңіз­дер ме?».

«Оны қай­да айта­мыз? Бұл уни­вер­си­тет Түр­ки­ядан қар­жы­лан­ды­ры­ла­ды. Сон­ды­қтан оның ішкі аура­сы­на тиісті қадаға­ла­у­шы меке­ме­лер ара­ла­са алмай­тын сияқты. Уни­вер­си­тет сту­дент­терінің көп­шілі­гі – ауыл­ды жер­лер­дің бала­ла­ры. Қала­лық қоға­мға әлі де үйрене алмаған бала­лар мен оқы­ту­шы­лар­ды басы­нып, өз үстем­ді­гін таны­тып оты­рған бас­шы­ның қылы­ғын қалай ақта­уға бола­ды? Бұл қазақ елін­де қара дома­лақ қазақ бала­сын басы­ну емес пе? Әрине, мәсе­ленің шегі эти­ка­лық-мораль­дық мәсе­ле­ге тіре­леді. Бірақ оның да шегі бар. Әрбір­ден кей­ін қаза­қстан­дық оқы­ту­шы­лар сұл­та­нат­тың құлы емес қой. Бұл тура­лы сол жер­де­гі мұғалім­дер­дің өзі де мой­ын­дап, «құл сияқты­мыз» деп айта­ды. Бірақ жұмыстан кете алмай­ды, бала-шаға­ны бағу үшін төзу­ге мәж­бүр. Онда да жетісіп тұрған жалақы жоқ. Уни­вер­си­тет­те оқы­ту­шы­лар, қыз­мет­кер­лер көп тұрақта­май­ды, аз уақыт­тан соң кетіп қала­ды», – дей­ді хат иесі.

Ләй­лә ханым айтқан «құл­дық мәсе­лесінің» анық-қаны­ғын білу үшін, уни­вер­си­тет­тің басқар­ма қыз­мет­кер­лері мен оқы­ту­шы­лар­дан жағ­да­ят­ты сұра­с­ты­рып көр­дік. Айты­лған­ның бәрі рас, бар­лы­ғы есім­дерін жасыр­са да, Саб­ри Хиз­мет­ли тара­пы­нан жаса­ла­тын дөрекілік пен өктем­дік­ті, қазақ кадр­ла­ры мен сту­дент­терін басы­ну деректерін біл­дей бес қыз­мет­кер рас­тап бер­ді. Атын ата­удан тар­ты­нған оқы­ту­шы­лар өздері көріп-біл­ген фак­тілер­ді кең жай­ып сал­са да, ресми рас­тап беру­ден жал­тар­ды. «Жұмыстан шыға­рып жібе­реді…» – дей­ді олар.

Уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы тара­пы­нан жаса­ла­тын басы­ну­шы­лы­қтың бір бел­гісі – оқу орнын­да адам­ның жеке құқы­ғы сақтал­май­ды. Мәсе­лен, оқы­ту­шы­лар үзіліс ара­сын­да, түс әреді­гін­де сырт­тан тамақ ішпе­уі тиіс, өйт­кені бас­шы­лы­қтың иелі­гін­де­гі уни­вер­си­тет асха­на­сы­ның жұмысы жүр­мей қала­ды; нақты жұмыс уақы­ты бел­гі­лен­се де, қыз­мет­кер­лер рек­тор айтқан уақыт­та келіп-кетуі тиіс; рек­тор адам­ның ар-ожда­ны­на тиетін сөз­дер­ді кез кел­ген жер­де, көп­шілік­тің көзін­ше айтып сала­ды; адам­ның жеке басы­ның ар-намысы, киім үлгісі мен аза­мат­тық таң­да­уын, ой-пікір­лерін рек­тор аны­қта­уы тиіс, т.б.

Осы жағ­дай­дың мән-жай­ын сұра­с­ты­ру үшін, Шет тіл­дер және іскер­лік карье­ра уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Саб­ри Хиз­мет­ли мыр­за­ның қабыл­дау бөл­месіне қоңы­рау шал­дық. Хат­шы қыз: «Рек­тор­мен қоса алмай­мын, айта­ры­ңы­зды маған айты­ңыз, мен жет­кі­зе­мін», – деп кесіп айт­ты. Осы­дан кей­ін газет редак­ци­я­сы­на рек­тор­дың үсті­нен осын­дай шағым түс­кенін айт­тық, «оқы­ту­шы­лар қауы­мы­ның адам құқы­ғы бұзы­луы жағ­дай­да жұмыс істе­уі қан­ша­лы­қты рас» деп сұрадық.

Қош, менің ұялы теле­фо­ным­ды жазып алған хат­шы қыз түс ауған соң хабар­ла­сты. Жау­а­бы қысқа бол­ды: «Рек­тор сізді қабылдамайды».

«Нелік­тен екен? Ары­зды көтеріп, өзім бар­сам, қалай бола­ды?». «Өзінің рұқ­са­тын­сыз ол кісі­ге кіре алмай­сыз», – деді хат­шы қыз. Осы­мен сөз тәмам. Рек­тор­мен жолы­ғу­дың сәті түспеді.

Қазақ халқы көн­біс келеді, сырт­тан кел­ген­ді сый-құр­мет­ке бөлеп, көк­ке көте­ру – ұлты­мы­зға тән қаси­ет. Осын­дай қонақ­жай­лы­лы­қты асы­ра пай­да­ла­нып, «асын ішіп, аяғы­на түкір­ген» жағ­дай­лар елдің батыс аймақта­ры­на кел­ген қытай­лық жұмыс­шы мұнай­шы­лар ара­сын­да да жиі кез­де­сетінін БАҚ бет­тері­нен оқи­тын едік. Енді жер­гілік­ті халы­ққа мұн­дай өркөкірек­тік көр­се­ту, олар­дың құқы­қта­рын басып-жан­шу шетел­дік иелік­те­гі жоға­ры оқу орын­да­рын­да да орын ала бастаған сыңайлы.

Сырт­тан кел­ген­нің бар­лы­ғы жер­гілік­ті халы­ққа өз тәр­тібін үйретіп, басы­на беруі керек пе? Осы сұрақтың жау­а­бын кім­нен ала­мыз? Бәл­кім, білім сала­сы­на, жоға­ры оқу орын­да­ры­на жау­ап беретін Білім және ғылым мини­стр­лі­гі бір жау­а­бын берер?!

Ақни­ет АМАНЖОЛ,

жур­на­лист-тәлім­гер

 

 

 

Бұл екі арада

 

Шетел­дік сту­дент­тер ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

 

Қаза­қстан­да оқи­тын Иор­да­ния мен Үндістан­ның шетел­дік сту­дент­тері Асфен­ди­я­ров атын­дағы Қазақ Ұлт­тық меди­ци­на уни­вер­си­тетін­де (ҚҰМУ) қар­сы­лық шара­сын өткізді, деп хабар­лай­ды Tengrinews.kz пор­та­лы. Олар уни­вер­си­тет оқы­ту­шы­ла­ры­ның оқу үрдісін­де­гі әділет­сіздік­теріне наразы.

 

Шетел­дік сту­дент­тер­дің айтуы­на қараған­да, олар­ды уни­вер­си­тет оқы­ту­шы­ла­ры емти­хан­нан нақақ «құлатқан». Атап айтқан­да, сту­дент­тер­дің «Гисто­ло­гия», «Ана­то­мия», «Био­хи­мия» және «Моле­ку­ляр­лық био­ло­гия» пән­дері бой­ын­ша білім­дері әділет­сіз баға­ла­нып, сту­дент­тер­ге келесі кур­сқа өту­ге мүм­кін­дік бер­мей­тін төмен­гі балл қой­ы­лған. Сту­дент­тер­дің айту­ла­ры­на қараған­да, мұн­дай әділет­сіздік­тің сал­да­ры­нан олар жазғы семестр­ді ақы­лы негіз­де оқуға мәж­бүр болады.

Соны­мен бір­ге сту­дент­тер уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғын өркөкірек­тік көр­сетіп, өздеріне сый­ла­стық көр­сет­пей­ді деп жазғы­ра­ды. Ере­уіл­ге шыққан жүз­де­ген сту­дент өз талап­та­ры­на оқу оры­ны бас­шы­лы­ғы беруі тиіс жау­ап­ты уни­вер­си­тет дәлізінің еденіне оты­рып күтетін­дік­терін мәлім­де­ген (сурет­те). Бірақ уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы сту­дент­тер көтер­ген про­бле­ма­ны оқу орны­ның акті залын­да талқы­ла­уды ұсы­нған соң, 280 орын­дық зал шетел­дік сту­дент­тер­ге лықа толған.

Уни­вер­си­тет­тік халы­қа­ра­лық дәрі­гер­лік факуль­тетінің дека­ны Гауһар Құр­ма­но­ва сту­дент­тер шағы­мы тек­серіліп жатқа­нын мәлім­деді. «Біз­ге сіз­дер­дің көр­сет­кен емти­хан нәти­же­лерін тек­се­ру­ге уақыт керек, – деді сту­дент­тер­ді мәміле­ге шақы­рған факуль­тет дека­ны. – Қажет десеңіз­дер, өз шағым­да­ры­ңы­зды бүр­кен­шік атпен жазып беріңіз­дер. Біз сту­дент­тер жазы­қты деп есеп­те­мей­міз, бар­лық мәсе­лені шешу­ге тырысамыз».

Уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы әр топ­тан бес адам­нан деле­га­ция құрып, қалып­тасқан жағ­дай­ды бір­лесіп шешу­ге ұсы­ныс жаса­ды. Бір­лес­кен шешім шыға­ру үшін 10 адам­нан құры­лған арнайы комис­сия тағай­ын­дал­ды. Бүгін­де бұл комис­сия шетел­дік сту­дент­тер­дің шағы­мын зерт­теу үстін­де. Біздің газет­тің редак­ци­я­сы меди­ци­на­лық оқу орнын­да қалып­тасқан кикіл­жің жағ­дай­дың бары­сын бақы­ла­у­ға ала­тын болады.

Еске сала кетей­ік, мем­ле­ке­та­ра­лық жасалған келісім­дер негізін­де ҚҰМУ-да бір мың­нан астам шетел­дік сту­дент­тер оқи­ды. Олар­дың басым көп­шілі­гі оқу гран­ты­ның иегерлері.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн