Қазақстанда бүгін кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды. ОСК сайлауға кандидат ретінде үш үміткер – биліктегі «Нұр Отан» партиясы ұсынған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты кандидат етіп тіркеген. Президенттік сайлауға тіркелген қандай кандидаттарды білетінін Азаттық тілшісі Астана тұрғындарынан сұрап көрді. 26 наурыз 2015 жыл.
Originally published at — http://www.azattyq.org/media/video/prezidentke-kandidattar-turali-astanaliktar-pikiri/26921958.html