Пятница , 16 мая 2025

КЕДЕЙЛІКТІҢ ҚОРЛЫҒЫН-АЙ, әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 


 

 

 

 

Оны құшақтап оты­рып, өзім­нің де өкіріп жібер­генім­ді біл­мей қал­дым. Менен бұрын бала­ла­ры­ма нәпақа табам деп, осын­дай жолға барған әйелім­ді кешір­гім де кел­ді. Бірақ, бірақ… Осы «бірақ» мені өлтіріп бара­ды. Болған жай­ды қаз-қал­пын­да баяндайын.

 

Ауыл­да жұмыс бол­май, қалаға қаңғып кел­ген бей­ша­ра отба­сы­лар­дың бірі едік. Екі бала­мы­зды әке-шеше­міздің қолы­на тастап кет­кен­біз. Қала­да бізді қай жай­лы жұмыс күтіп тұр дей­сіз? Мен бір меке­ме­ге күзет­ші болып, әйелім бір бай­дың бала­сын күту­ші болып жұмысқа тұр­дық. Күзет­шінің жұмысы бел­гілі ғой. Айлы­ғы да шама­лы. Бірақ жоқтан бар. Әйелім­нің жұмысы тәуір. Таудың ете­гін­де дәу үйі бар бір бай­дың бала­сын қарай­ды. Ол да мен секіл­ді тәулік­теп жұмыс істей­ді. Апта­сы­на үш күн кезек­пен бара­ды. Түн­де бала­ны қарап, сон­да қонып қала­ды. Осы­лай­ша жүріп жаттық.

Екі бала­ның ана­сы бол­са да, жарым көрік­ті, мүсін­ді еді. Жасы 25-тен енді ғана асқан.

Бәл­кім, бай отба­сы­на әйелім­нің көр­кі, ауыл­да бала бағып өскені, пысы­қты­ғы ұнап қал­са керек, бір­ден бала бағу­шы қылып алған еді. Содан қой­шы, уақыт өтіп жат­ты. Мен үйде болған кез­де ол жұмыста, ол үйде болған кез­де мен жұмыста­мын деген­дей. Бір-бірі­мізді кей­де апта­лап көр­мей қала­тын кез­дер бол­ды. Тек әйте­уір күніне бірер рет ұялы теле­фон­мен сөй­лесіп қоя­мыз. Болды.

Алға­шын­да пәтер жал­да­уға ақша­мыз бол­маған соң, осы қала­да тұра­тын сынып­та­сым­ның үйін­де тұра тұрай­ық деп шеш­кен едік. Олар да қар­сы бол­ма­ды. Қаза­қтың қонақ­жай­лы­лы­ғы ғой, жұмыстан кел­ген­де тамағын даяр­лап қояды. Рах­мет оны­сы­на. Бір­де жұмыстан келіп, тамақ ішіп, сынып­та­сым­мен теле­ди­дар көру­ге оты­рға­ным сол еді, әйелі келіп, қолы­ма бір дәрілер­ді ұста­та салды.

«Бұл не?» дедім түсін­бей. «Әйеліңнің зака­зы ғой. Алып қоя сал­шы деп еді. Өздерің қаңғып жұмыс істеп жүр­ген­де, бала көте­ру неге керек? Дұрыс, өстіп сақта­нып жүрің­дер», – деп қояды досым­ның әйелі. Мен аң-таң­мын. Әлі де түсін­бей: «Не қылған дәрі?» – дей­мін. «Бала бол­дыр­май­тын дәрі ғой. Төсек қаты­на­сы­ның алдын­да ішетін. Өткен­де алып бер­генім бітіп қалып­ты. Тағы алып қой­шы деген соң, алға­ным ғой. Келін­ше­гіңе берерсің», – деп зал­дан шығып кетті.

Не айта­рым­ды біл­мей қал­дым. Әйелім­нің маған айт­пай, мұны­сы несі? Біз соңғы бірер айда дұры­стап төсек­те де бол­мап едік. Дәріні не үшін ішіп жүр? Әлде өзге­мен жатып жүр ме? Көңілі­ме күдік кір­ді. Түні­мен ұйы­қтай алмай шықтым. Ертеңін­де дема­ла­тын күнім еді. Таңер­тен кезек­тен әйелім келуі керек. Сол кез­де жағ­дай­ды аны­қта­мақ бол­дым. Бірақ күдік кір­ген көңіл қиын ғой. Ойы­ма нешетүр­лі нәр­се­лер келіп-кете­ді. Өзім­ді әрең теже­умен болдым.

Таңер­тең кезе­гін өткізіп келетін әйелім түс ауа әрең кел­ді. Теле­фон­мен хабар­ла­сып едім, «бала­сы ауы­рып жатыр, дәрі­гер күтіп отыр­мын, үйін жинап жатыр­мын» деп бір құлаш сыл­тау айтқан. Осы­ның өзі көңілі­ме сезік әкел­ді. Таңер­тең­гісін досым да, әйелі де жұмысқа кет­кен. Бала­ла­ры сабақта. Үйде жалғы­з­бын. Әйелім шешініп бол­май, «Мынау не?» деп кеше­гі дәрілер­ді көр­сет­тім. Ол шошып қал­ды. «Не қылған дәрі?» деп, тіп­ті таң­да­ныс біл­дір­ді. «Кім­ді алдап тұр­сың? Неғып бұл дәріні біл­мей қал­дың. Өзің «заказ» беріп­сің ғой. Айт шыны­ң­ды, мұны не үшін ішіп жүр­сің? Біре­умен жатып жүр­генің бел­гілі бол­ды ғой», – деп тап бер­дім. Ақы­ры не керек, әйелім бәрін мойындады.

Сөйт­сем, бала­сын бағып жүр­ген үйдің отаға­сы қырын­дап, әйелім­ді төсек қаты­на­сы­на мәж­бүр­ле­ген көрі­неді. Үне­мі мол ақша береді екен. Киім-кешек алып бер­ген. Бала бағу­дан қолы босаған кез­де әлгі ер адам­мен әйелім қонақ үйлер­де кез­десіп жүріп­ті. Бір сөз­бен айтқан­да, әйелім әлгі бай­дың көңіл­десіне айна­лып­ты. Бала көтеріп қал­мас үшін, амал­сыз менен жасы­рып, осы дәрілер­ді ішіп жүріпті.

«Егер сен қолы­ң­нан іс келетін жақ­сы еркек болған­да, бала­ла­ры­ң­ды бағып, үйде оты­ра­тын едім ғой. Бала­ла­рым­ның нәпақа­сы үшін соған бар­дым. Енді не істей­мін? Өлтір­сең, өзің біл!».

Жер­де екі бүк­теліп жылап жатқан әйелім­ді не жұба­та­рым­ды, не теп­кілеп ұра­рым­ды біл­медім. Өкіріп жылап, диванға оты­ра кет­тім. Әттең, қол­дың қысқа­лы­ғы. Тұр­мысы­мыз дұрыс болған­да, мұн­дай жағ­дай­ға тап болар ма едік? Қай­тей­ік. Бай­құ­стың тастаған таяғы сор­лы­ға тиіп­ті деген осы.

Ертеңін­де мен де, ол да жұмыстан шығып, ауы­лға қайт­тық. Болған жағ­дай­ды досы­ма айтқан жоқ­пын. Өз-өзі­мізді масқа­ра­лап қай­те­мін?! Бірақ ақша тауып, бала­ла­ры­мы­зды асы­рай­мыз деп кел­ген­де, әйелім­нің осын­дай күнәға бара­рын кешіре­мін бе, білмеймін?!

Аян МЫРЗАБЕК, kaz.365info.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн