Воскресенье , 6 июля 2025

Келешекке CОҚҚЫ Білім берудің кейбір мәселелері туралы

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Пай­ым патшалығы

 

Білім қоғам­ды тұн­шы­қты­рып отыр. Бүгін­гі айғақ ертең­гі ада­суға ұла­су­да. Келе­шек­ті соққы­дан қорғау үшін білім берудің пост­ин­ду­стри­я­лы жүй­есін бүгін жасау керек.

А.Тоффлер

 

Дәуір­дің қай­та өрле­уі дүни­е­та­ным­ның жаңа­руы­нан бастау алады.

А.Швейцер

 

Халы­ққа білім беру жүй­есінің тіл тағ­ды­ры­на тура қаты­сы бар. Өйт­кені жас ұрпақ өкілінің мем­ле­кет­тік тіл­ді үйре­ну­ге мүд­делілі­гі білім беру кон­тен­тінің сапа­сы­на тура бай­ла­ны­сты. Орта және жоға­ры оқу орын­да­рын­да берілетін білім­нің құра­мы, маз­мұ­ны және олар­дың игері­лу сапа­сы тіл үйре­ну­ге құл­шы­ныс туды­ра­тын аса маңы­зды фак­тор­лар­дың бірі болып табылады. 

Егер қазақ тілін­де берілетін білім сапа­сы зама­на­уи адам­ның талап­та­рын қанағат­тан­ды­ра алса, онда ата-ана бала­сын осы тіл­де сабақ оқы­ты­ла­тын мек­теп­те оқы­туға құл­шы­на­ды, демек, бала тіл­ді де біліп ала­тын бола­ды. Ал керісін­ше, мек­теп­те­гі білім­нің маз­мұ­ны мен сапа­сы оны қанағат­тан­дыр­ма­са, онда ата-ана бала­сын ондай мек­теп­те оқы­ту­дан бас тар­та­ды, тиісін­ше, мек­теп­те сабақ жүретін тіл­ге де құштар­лық танытпайды. 

Соңғы жыл­да­ры білім беру сала­сын­да бірқа­тар құры­лым­дық рефор­ма­лар жасал­ды: мек­теп бітіру­шілер­дің білі­мін біры­ңғай тестілеу (ҰБТ) арқы­лы аны­қтау енгізіл­ді. Он екі жыл­дық орта білім беру­ге көшу­ге дай­ын­дық жүріп жатыр. Жоға­ры мек­теп­те оқы­ту үдерісін кре­дит­тік жүйе бой­ын­ша жүр­гі­зу, екі­басқы­шты жоға­ры білім (бака­лаври­ат және маги­стра­ту­ра) беру сияқты тех­но­ло­ги­я­лар білім беру прак­ти­ка­сы­на енді. 

Алай­да білім беру үдерісін ұйым­да­сты­ру­да тек құры­лым­дық өзгерістер­дің енгізілуі сала­ның тыны­сын толық аша алма­ды, қыз­метін жан­дан­ды­ра алма­ды. Білім берудің сапа­сы да артқан жоқ, керісін­ше, оқу орнын бітіру­шілер­дің интел­лек­тілік дең­гей­інің төмен­деп кетуіне нара­зы­лық жиі естілуде. 

Білім беру­ге қаты­сты мәсе­ле­лер­дің ішін­де қазақ педа­гог­та­ры­ның қапе­рі­нен тыс қалған, талқы­лан­баған, талқы­лан­са – жеріне жете басы ашыл­маған, сон­ды­қтан білім беру прак­ти­ка­сы­на енгізіл­ме­ген­дері бар. Қазір­гі таң­дағы қаза­қтың руха­ни күй­ін тереңірек түсі­ну үшін, осы мәсе­ле­лер­дің әрқай­сысын зер­де­лей оты­рып, тиім­ді шешім­дер қабыл­дау қажет. Зерт­те­уші-ғалым Қанағат Жүке­шев осын­дай мәсе­ле­лер төңіре­гін­де ой қозғай­ды. Газет редак­ци­я­сы педа­гог-ғалым­дар­ды, мұғалім­дер­ді осы төңірек­те­гі дис­кур­сқа қаты­суға шақырады. 

Редак­ция

 

Білім беру стра­те­ги­я­ла­ры: тұлға­ны қалып­та­сты­ру парадигмасы

Дүние жүзі елдерінің түр­лi топ­та­ры қабыл­даған білім беру пара­диг­ма­ла­ры өздерiне тән арнай­ы­лы­ғы­мен ерекше­ле­неді. Олар түр­лі­ше ата­ла­ды: білім беру­де тұлға­ны қалып­та­сты­ру бағы­ты; білім­ді ныса­на­лау бағы­ты; жан-жақты мәде­ни­ет­тілік­ті сіңіретін және құн­ды­лық бағ­дар­лы парадигмалар…

Осы­лар­дың іші­нен алға­шқы еке­уіне толы­ғы­рақ тоқта­лу керек. Өйт­кені олар­дың бірін­шісі – алды­ңғы қатар­лы, демо­кра­ти­я­лы елдер қабыл­дап алған бағыт. Екін­шісін Ресей ұста­на­ды және одан Қаза­қстан қабыл­дап алған. Осы­ларға ком­па­ра­тив­тік ана­лиз жасау арқы­лы алды­ңғы қатар­лы қоғам­дар­дың және қазір­гі Қаза­қстан­ның руха­ни өмірінің салы­стыр­ма­лы сипа­тын көз алды­ға кел­тіру­ге болады.

Дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер­де қабыл­данған тұлға­ны дамы­туға бағыт­талған (лич­ност­но-ори­ен­ти­ро­ван­ная) білім стра­те­ги­я­сы бой­ын­ша мек­теп бiтiру­ші өмiр сүру­ге ком­пе­тент­тi және қоғам­дық функ­ци­я­сын атқа­руға қабiлет­тi болып шыға­ды. Аталған пара­диг­ма бой­ын­ша иге­ру­ге ұсы­ны­ла­тын білім маз­мұ­нын­да тәр­бие мен мәде­ни­ет ком­по­нент­теріне басым­дық беріледі, ака­де­ми­я­лық білім­дер екін­ші қатар­да тұра­ды. Білім маз­мұ­нын­дағы жал­пы­мә­де­ни­ет­тілік­ке және кәсі­пқой­лы­ққа апа­ра­тын ком­по­нент­тер­дің ара­сын­дағы айыр­маға және олар­дың бірін­шісінің басым болуы­на маңыз беріледі. Тәр­бие ком­по­нен­ті жас адам­ның қоғам­да өзіне лай­ық орнын табуын, өз тағ­ды­рын өз қала­у­ын­ша айқын­дай алуын қам­та­ма­сыз ете­ді. Батыс пед­тех­но­лог­та­ры­ның түсіні­гі бой­ын­ша, тәр­бие мен мәде­ни­ет ком­по­нент­терін құрай­тын білім – жал­пы­ға арналған білім. Соған қоса, бұл жер­де жоға­ры сынып­тар­да бағ­да­рал­ды және бағ­дар­лы бiлiм беру жоққа шыға­рыл­май­ды. Бәрi ақы­лға сый­ым­ды про­пор­ци­яда болып отырады.

Тұлға­ны қалып­та­сты­ру бағы­тын ұстанған елдер­дің мек­теп­терi оқу­шы­ны алды­мен адам, аза­мат, пат­ри­от қылып шыға­ру мақ­са­тын көз­дей­ді. Онда аза­мат есей­ген­де өз тағ­ды­рын өзі шешетін, өзінің потен­ци­ал мұм­кін­ді­гін дұрыс пай­да­ла­на ала­тын, өмір сүру­ге ком­пе­тент­ті тұлға дең­гей­іне жетеді.

Ада­мға білім беру­ден бұрын оны тұлға ретін­де тәр­би­е­леу қажет­ті­гін Батыс ғалым­да­ры бұдан көп бұрын қабыл­даған. Бұл стра­те­ги­я­ны сонау XVII ғасыр­да ғылы­ми негіз­де, бай­сал­ды тал­дап бер­ген ағы­л­шын­ның ұлы фило­со­фы және педа­го­гі Джон Локк бол­ды. Ол өзінің ұста­ны­мын былай түсін­дір­ді: «Сіз менің оқы­ту­ды соңғы оры­нға қой­ып, оған аз көңіл бөл­гені­ме таң­да­на­тын болар­сыз. Бұл сіз­ге оғаш, тіп­ті кереғар­лы­ққа ұқсас болып көрі­нуі мүм­кін… Сон­да қалай, деп сұрай­сыз Сіз, бала оқи және жаза біл­ме­уі керек пе? Асы­қ­паңыз, өті­не­мін! Оқы­ту, жаз­ды­ру, ғылы­мға үйре­ту – бұлар­дың бәрін мен қажет деп есеп­тей­мін, бірақ бұл басты емес. Мен ғылы­мға үйре­тудің бала­ның дамуы­на сеп­ті­гін тигі­зетінін ешқа­шан жоққа шығар­май­мын… Бала­ны оқы­тқан жөн, бірақ ол одан да маңы­зды сапа­лы­қтар­ды дамы­туға қосым­ша құрал ретін­де екін­ші қатар­да тұруы керек. Бала­ның мінезін қалып­та­сты­ру игі зер­делі… оның жақ­сы баста­ма­ла­рын сүй­іспен­шілік­пен қол­дау және дамы­ту, жағым­сыз бей­ім­ділік­терін бия­зы амал­дар­мен ысы­рып тастап, түзетіп оты­ру, оның бой­ы­на жақ­сы әдет­тер­ді сіңі­ру. Міне­ки, ең басты­сы осы. Егер сіз осы­лар­дың қамын ойла­стыр­саңыз, онда бұған оқу­ды қосуға бола­ды» [Локк Дж. Мыс­ли о вос­пи­та­нии // Соч.: Т. 3 М.: Мысль, 1988. –546–547‑б.б.].

Дж.Локтың тұлға­ны тәр­би­е­ле­у­ге бағыт­талған білім стра­те­ги­я­сы Баты­стың алды­ңғы қатар­лы фило­соф­та­ры мен педа­гог­та­ры­ның ара­сы­нан кең қол­дау тап­ты. Бұл бағыт­тың мәнін әркім әр жағы­нан сипаттаға­ны­мен, негіз­гі ныса­на адам­ның жан әле­мін жаңғыр­ту­ды Батыс ойшыл­да­ры дер­лік­тей қол­да­ды. Осы­лай білім беру­де­гі тұлға­ны тәр­би­е­леу бағы­ты бүкіл Батыс өрке­ни­еті ұста­на­тын бір­ден-бір пара­диг­маға айнал­ды. Осы бағыт­ты ұста­ну­дың арқа­сын­да Еуро­па елдері инду­стри­я­лы қоғам­дар­дың пай­да болып, дамуы кезеңін­де суы­ры­лып алға шығып, өзге­лер­ден қара үзіп кетті.

Дж.Локк негіз­деп кет­кен «тәр­бие – алды­мен, білім – арты­нан» ұста­ны­мы әлі күшін­де. Жар­ты мың жыл бойы Баты­стың өрке­ни­ет көш­бас­шы­лы­ғын қам­та­ма­сыз еткен бұл пара­диг­ма әлі прак­ти­ка­лық маңы­зын жой­ған жоқ. Оның дәлел­дерін кей­ін­гі және қазір­гі дәуір фило­соф­та­ры­ның осы бағыт­ты құп­тай жазған пікір­лері­нен табуға бола­ды. «Дәуір­дің қай­та өрле­уі дүни­е­та­ным­ның жаңа­руы­нан бастау алуы керек» [Швей­цер А. Упа­док и воз­рож­де­ние куль­ту­ры // Избран­ное. М.: Про­ме­тей, 1993. 275‑б.] екен­ді­гін ескер­те келіп,       А.Швейцер ойын «Тек эти­ка­лық қозға­лыс қана бізді мәде­ни­ет­сіздік күй­ден құтқа­ра ала­ды» [сон­да. 269‑б.] деп қоры­тын­ды­лаған бола­тын. Эти­ка­ның, демек, тәр­би­енің қоғам дамуын­дағы рөлін пост­мо­дерн фило­со­фи­я­сы­ның өкіл­дері де қызу құптады.

«Эти­ка дегені­міз әрі прак­ти­ка, әрі этос, демек өмір сүру әдісі деген сөз» [Қараңыз: Фуко М. Интел­лек­ту­а­лы и власть. – М.: Прак­сис, 2002. 329‑б.] деп кес­кін­деді фран­цуз постмодернисі.

Соны­мен, Баты­стың өрке­ни­ет­ті елдері ұстанған стра­те­гия бой­ын­ша инди­вид өз құқы­қта­рын білетін және сау­ат­ты қорғай ала­тын, отан­шыл, адам­гер­шілік­ті, жан-жақты мәде­ни­ет­ті, сая­си-әле­умет­тік құбы­лы­стар­дың сыр­ла­рын аңға­ра ала­тын адам болып шыға­ды. Білу дегені­міз – олар­дың түсі­нуін­ше, алды­мен адам­ның өзінің құқы­қта­рын, еркін­ді­гін, мін­дет­терін білуі, қоғам­дық прак­ти­ка­да олар­ды жүзе­ге асы­ра алуы, сая­си өмір­де болып жатқан аху­ал­да дұрыс бағ­дар ұста­нуы, жал­пы мәде­ни­ет­ті, соның ішін­де ұлт­тық мәде­ни­ет­ті білуі және қадір­ле­уі, мораль­дық сана­ның жоға­ры­лы­ғы деп түсініледі.

БҰҰ-ның Бас ассам­бле­я­сы­ның БҰҰ-ның сау­ат­ты­лық онжыл­ды­ғы (2003–2012) тура­лы резо­лю­ци­я­сы бой­ын­ша сау­ат­ты­лық ұғы­мы былай тұжы­рым­далған: «Сау­ат­ты­лық дегенi­мiз – оқу, жазу, есеп­теу ғана емес, соны­мен қоса, тұлға­ның әле­умет­тiк, сая­си, мәде­ни және эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­ке толы­ққан­ды қаты­суы үшiн қажет бола­тын бiлiм мен дағ­ды­лар­дың тұтас кешенiнiң дамуы. Адам еркiн­дi­гi ретiн­де қарас­ты­ры­ла­тын құқы­қтық сау­ат­ты­лы­қтың, отба­сы өмiрiне, ден­са­улық мәсе­ле­лерiне қаты­сты сау­ат­ты­лы­қтың, қоғам мүше­лерiнiң бiлiм алуға қажет­тiлi­гi ретiн­де өтелуi».

Дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер­дің бәрін­де аза­мат­тық білім ақпа­рат­ты қоғам үшін өзек­ті, қазір­гі заман ада­мы үшін қажет­ті пән ретін­де алды­ңғы лек­ке шыға­ры­лған. Мыса­лы, АҚШ мек­теп­терін­де оқы­ты­ла­тын аза­мат­тық білім­нің көле­мі Қаза­қстан­да өтiлетiн қоғам­дық пән­дер­ді оқы­туға бөлін­ген көлем­нен 35 %-ға артық. Осы­ған қара­ма­стан, дәлірек айтқан­да, сон­ды­қтан да АҚШ – тех­ни­ка мен тех­но­ло­гия жағы­нан дүние жүзін­де­гі ең озық ел.

Жапон мек­теп­терінің білім маз­мұ­нын зерт­те­ген А.Құсайыновтың салы­стыр­ма­лы ана­лизі бой­ын­ша онда «өнер, эти­ка, үй шару­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу сабақта­рын оқы­туға көп сағат беріледі. Қоғам­дық-гума­ни­тар­лық цикль пән­дері басым­ды­қ­пен оқы­ты­ла­ды. Халық музы­ка­сы­на, мәде­ни­етіне көп көңіл ауда­ры­ла­ды. Бала­лар­дың қызы­ғуы­на сай клуб­тар, соның ішін­де саму­рай­лар клу­бы жұмыс істей­ді» (http://www.baiterek.kz).

Қазір­гі кезең­де­гі кей­бір шетел­дер­де және Ресей мек­теп­терін­де мәде­ни­ет тобы­на енетін пән­дер­дің оқы­ты­лу жағ­дайы тура­лы бел­гілі педа­гог Н.Киященко мына­дай салы­сты­ру­лар­ды алға тар­та­ды: «Жапо­ни­яда бұрын­нан, Гер­ма­ни­яда соңғы жыл­да­ры мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на 1–12-сыныптарда апта­сы­на 4 сағат­тан музы­ка, 4 сағат­тан бей­не­леу өнері және көр­кем еңбек енгізіл­ген. Скан­ди­на­вия елдерін­де, Фран­ци­яда, Гол­лан­ди­яда аталған сабақтар аздаған ауы­тқу­лар­мен оқы­ты­ла­ды. Ал біздің мек­теп­тері­міз­де 1–6‑сыныптарда ғана апта­сы­на 1 сағат музы­ка, 1–7‑сыныптарда апта­сы­на 1 сағат­тан бей­не­леу өнері мен көр­кем еңбек жүр­гізіледі. Бұған қоса, мұғалім­нің жетіс­пе­уі­нен ел мек­теп­терінің ¼‑інде аталған пән­дер­ді оқы­туға жол мүл­дем жабық» [Кия­щен­ко Н. Есть ли у Рос­сии буду­щее при нынеш­нем обра­зо­ва­нии? //«Философия и обще­ство», № 4, 2008. 68‑б.]. Ал Қаза­қстан мек­теп­терін­де аталған пән­дер­дің «негіз­гі емес, екін­ші қатар­дағы» ретін­де толы­ғы­мен фор­ма­лы өтетіні бар­шаға аян.

Бұл құбы­лы­стың түсін­діруі былай: қоғам­ның дамуы тех­ни­ка­лық білім­мен емес, халы­қтың жал­пы және демо­кра­ти­я­лық мәде­ни­еті­мен, қоғам­дық-гума­ни­тар­лық білім­мен, демек, адам капи­та­лы­ның жоға­ры­лы­ғы­мен қам­та­ма­сыз етіледі. Сон­да қоғам­да бәрi өз орнын таба­ды, соның iшiн­де ғылым мен тех­ни­ка кадр­ла­ры да қажетiн­ше жет­кiлiк­тi дай­ын­да­ла­тын болады.

Тәр­би­елі және мәде­ни­ет­ті адам өзінің потен­ци­ал­ды мүм­кін­ді­гін жүзе­ге асыр­май қой­май­ды, әле­умет­тен ажы­рап қал­май­ды, жұмыс­сыз жүр­мей­ді. Егер бір қыз­мет­тің басы­на келе қал­са, оны тыңғы­лы­қты атқа­ра­ды, жеріне жете мең­геріп алады.

Батыс елдерінің білім беру стра­те­ги­я­сы­ның мәні – алды­мен адам тұлға­сын қастер­ле­уде, оның шығар­ма­шы­лы­ғын баға­ла­уда, оның арын, қадірін түсір­мей­тін аза­мат ретін­де­гі басын сый­ла­у­ын­да. Білім беру үдерісін­де тұлға­ның қалып­та­суы­на басым­дық беру олар­ды өрке­ни­ет көшінің алды­на шығар­ды. Міне­ки, өзге дүние жүзі Баты­стың соңы­нан ілесіп, оған әлі жете алмай келеді.

Тұлға­ны жетіл­ді­ру деген адам­ның, аза­мат­тың ойлаған мақ­са­ты­на жету­ге, отба­сын құрып, ұрпақ өсіру­ге, сүй­ік­ті кәсібі­мен айна­лы­суға, адам ретін­де өзінің қай­та­лан­бас ізін қал­ды­руға, демек, өмір сүру­ге ком­пе­тент­ті­гіне қол жет­кі­зуін біл­діреді. Білім беру­де тұлға­ны қалып­та­сты­ру стра­те­ги­я­сы­ның басты кри­те­риі осы.

 

***

Батыс пед­тех­но­ло­ги­я­ла­ры бой­ын­ша мек­теп бітіру­шінің қадір­лі және мағы­на­лы өмір сүруін қам­та­ма­сыз ететін ком­пе­тен­ци­я­лар мынадай.

Мек­теп бітіруші:

– сала­у­ат­ты өмiр сал­тын ұста­на­ды, ден­са­улы­ғын сақтайды;

– отба­сын құра­ды, оны мате­ри­ал­дық қам­та­ма­сыздан­ды­ра­ды, ұрпақ өсіріп, тәрбиелейді;

– жал­пы­а­дам­заттық және ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды игер­ген, адам­дар­мен мәде­ни­ет­тi қаты­на­стар жасай­ды (ком­му­ни­ка­бель­ді);

– әле­умет­тік бей­ім­ділі­гі қанағат­та­нар­лық, қоғам­да болып жатқан сая­си құбы­лы­стар­дың мәнін аңға­ра­ды, қалып­тасқан аху­алға қаты­сты дұрыс бағ­дар және бел­сен­дi аза­мат­тық тұрғы ұста­на­ды, өзінің құқы­қта­рын біледі және қорғай ала­ды, кон­сти­ту­ци­я­лық мін­дет­терін арлы орындайды;

– айна­ла­ны қор­шаған дүни­е­ге ғылы­ми көзқа­рас­пен қарай­ды, бей­iм­дiлiк­терiне сай кәсiп таң­дай­ды, қоғам­дық жұмыста функ­ци­я­лы сауатты.

 

***

Аталған ком­пе­тент­тік­тер­мен адам­ның өмірінің негіз­гі аяла­рын­дағы – отба­сын­дағы, әле­умет­тік-мәде­ни, сая­си-құқы­қтық өмір­де­гі мәні және қоғам­дық қыз­мет­те­гі функ­ци­я­лы­лы­ғы айқын­да­ла­ды. Тиісін­ше, өмір­лік ком­пе­тент­тік руха­ни азы­қты құрай­тын үш ком­по­нент­тің – тәр­би­елілік­тің, мәде­ни­ет­тілік­тің, білім­ділік­тің тиім­ді сим­би­озы­мен түзіледі. Ком­пе­тент­тік ұста­ны­мы бой­ын­ша педа­гог мек­теп­те оқы­тқан­ның жиын­ты­ғы­на емес, алды­мен мек­теп­тен кей­ін адам­ның өмір­лік прак­ти­ка­да қол­да­нуы­на қажет­тi­ге назар аударады.

Ком­пе­тент­тілік келіс деген көзіқа­рақты педа­гог­тар үшін жаңа­лық емес. Бұл мәсе­ле­мен ғасыр­лар түй­ісін­де­гі онжыл­ды­қтар­да қазақ педа­гог­та­ры аз айна­лы­сқан жоқ. Талқы­ла­у­ларға Ы.Алтынсарин атын­дағы ҚБА, білім жетіл­ді­ру инсти­тут­та­ры, өзге мүд­делі меке­ме­лер де қаты­сты. Осы тақы­рып­та ғылы­ми, тео­ри­я­лық, әдіс­на­ма­лық кон­фе­рен­ци­я­лар мен семи­нар­лар өткізіл­ді. Педа­го­ги­ка­лық бас­пасөз де қағыс қалған жоқ. Алай­да сөз көп болға­ны­мен, мек­теп­те берілетін білім­нің құра­мы мен маз­мұ­нын ком­пе­тент­тілік келіспен құру ұста­ным­да­ры сара­лан­ба­ды. Педа­гог­тар бұл тренд­тің мәнін өрке­ни­ет­тер­дің дамуы кон­тексін­де зерт­тей алма­ды, оның қыры мен сырын жеріне жете түсіне алма­ды. Ақы­ры бұл сөзді қаза­қ­шаға қалай ауда­ру керекті­гі ғана дау­лы тақы­ры­пқа айна­лып, іс аяғы құр­ды­мға кет­ті, білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­нан тиісті орын алған жоқ. Құра­с­ты­ру­шы­лар бұл сөзді көз алдау үшін әр жер­ге фор­ма­лы түр­де, әйте­уір қысты­рып жазып қойды.

Қоғам­ның әр мүше­сінің ком­пе­тент­ті­гі негізін­де бүкіл қоғам­ның ком­пе­тент­ті­гі жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Қазір­гі қазақ қоға­мы­ның руха­ни күйі халы­қтың инду­стри­я­лы даму басқы­шын­дағы аза­мат­тық қоғам­да өмір сүру­ге ком­пе­тент­ті бола алмаға­нын айғақтап отыр. Бұған дей­ін руха­ни дамуға қаты­сты белең алған иде­я­лар­дың, айты­лып жүр­ген уағы­здар­дың, қылып жүр­ген қылы­қтар­дың бәрі қате болып шықты. Соның сал­да­ры­нан қаза­қтың басы­нан өткер­ген тарихы, әсіре­се Кеңес кезінің әле­умет­тік экс­пе­ри­мент­тері кім­нің бол­са да, төбе шашын тік тұрғы­за­тын­дай болып түзілді.

Еңіреу мен күңіре­ну қаза­қтың басы­на түс­кен бас­пағы­на айнал­ды. Енді тәу­ел­сіздік­тен кей­ін де, қаза­қтың тілі мен мәде­ни­етін оңал­та алмай, зар­лап жүр­ген жайы бар. Бұл – халы­қтың тари­хи ком­пе­тент­ті­гінің жетіс­пе­уінің көрінісі.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,

[email protected]

 

Редак­ци­ядан: Атал­мыш тақы­рып­тың толық маз­мұ­нын автор­дың «Тіл фило­со­фи­я­сы» атты кіта­бы­нан оқуға болады.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн