Вторник , 26 августа 2025

Келіндерге КЕҢЕС

 

Ене мен келін­нің қарым-қаты­на­сы – қоғам­дағы әле­умет­тік мәсе­ле. Ол көп рет­те про­бле­ма­лық мәсе­ле­ге айна­лып кететін жәйт­тер жиі кез­де­седі. Нәти­же­сі – тұр­мыстық кикіл­жің, айы­ры­лы­су, жалғыз ұлдың әке-шеше­сі­мен араз­да­суы, тіп­ті кей­де кри­ми­нал… Ал осы әле­умет­тік мәсе­ле­ге әйгілі әнші Мади­на Сәду­ақа­со­ва өзінің келін­дік тәжіри­бесін­де­гі кеңе­стері­мен «Ана бол» сай­тын­да бөлісіпті.

  1. «Жылы-жылы сөй­ле­сең, жылан іні­нен шығады».

Ене ғана емес, жал­пы адам­ның көңілін табу­дың бір тәсілі – жақ­сы сөз, мей­ірім­ділік. Әрқа­шан да көңіліне қарап сөй­леу – иман­ды­лық бел­гісі санал­мақ. Яғни, енеңіздің мінезін жақ­сы біл­геніңіз дұрыс, көңіл-күй­ін аңға­рып, мей­ірім-шуағы­ңы­зды төгіңіз, жақ­сы сөз­дер ғана жан­ды жылы­та­ты­нын ұмытпаңыз.

 

  1. Кіші­пей­іл болыңыз.

«Үлкен­ге – құр­мет, кіші­ге – ізет» біл­дір­ген­нің арты­қты­ғы жоқ.

Үне­мі ағай­ын-туған­мен қарым-қаты­на­сы­ңыз жақ­сы болып, сый­ла­стық таны­ты­ңыз. Сіздің жақ­сы болға­ны­ңы­здан енеңіздің қадірі артады.

 

  1. Төзім­ділік.

Әрине, әрдай­ым сабыр­лы болып, бәріне төзіп жалы­ққан болар­сыз. Десе де, бір жаман­ды­қтың арты­нан бір жақ­сы­лық бола­ды. Сон­ды­қтан ашу шақы­рып, мінез көр­се­ту­ден аулақ болы­ңыз. Әр нәр­сенің қай­ы­ры бар. Сабыр етіп, төзім­ділік таныт­саңыз – бәрі өз жолы­мен жүреді.

 

  1. Сый­лы­қтар жасаңыз.

Енеңіз­ге үне­мі көңіл бөліп, сый­лық беріңіз. Ал сый­лық алған кім­ге де бол­ма­сын ұнай­ды емес пе?

Дұрыс-ақ тұжы­рым­дар. Бірақ біре­улер: «Келін атанға­ны­на екі жыл тол­маған келін­шек­тің діл­мәр­суін қара­шы?!» – деп, Мади­на­ның маз­мұн­ды кеңесіне кекірейе қара­уы мүмкін.

Бұл енді дұрыс емес дол­бар. Себебі – Мади­на бұған дей­ін де келін болған, ененің алды­нан ерте­рек өткен келін­шек. Сон­ды­қтан оның кеңесі кезін­де өзін «бар­мақ тістет­кен» өкіні­ш­тер мен сәт­сіздік­тер­дің сабағы­нан туған тәжіри­бе­лер екені даусыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн