Суббота , 5 июля 2025

КЕРЕКУДЕ РЕСЕЙДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Даб­ыл!


 

XVIII ғасыр­да Ресей­дің Омбы қала­сын­да жасақталған пат­ша әскер­лері Ертіс өзені­мен қазақ жеріне еніп, бекіністер салған. Солар­дың бірі – под­пол­ков­ник Бух­гольц бастаған экс­пе­ди­ция Кере­ку өңірін жау­лап, Ресей импе­ри­я­сы­ның отар­лау сая­са­тын жүр­гізу­ге кіріскен.

 

Біздің жер­гілік­ті билік өткен 2016 жылы «Пав­ло­дар гео­гра­фия үйі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің бас­шы­сы Алек­сандр Вер­ве­кин деген­нің ықпа­лы­нан шыға алмай, Кере­ку­де солар ұйым­да­сты­рған «Ертіс күні» мере­кесін­де Омбы­да құралған «Бух­гольц жол­да­ры­мен» экс­пе­ди­ци­я­сы­ның біздің облы­сқа келуіне жол бер­ді! Сөй­тіп, пат­ша әскер­лерінің қазақ жеріне жасаған басқын­шы­лық жоры­қта­рын ықти­яр­лы я ықти­яр­сыз жария наси­хат­та­луы­на қол­дау көр­сет­ті! Соның нәти­же­сін­де әлгі экс­пе­ди­ци­я­ның 5 яхта­сы мен жер­гілік­ті «Ермак» теп­ло­хо­ды өзен­де­гі кеме­лер шеруіне қаты­сты! Бұл көріністі облыс әкі­мінің екі бір­дей орын­ба­са­ры: Н. Дыч­ко мен М. Беген­та­ев және А. Вер­ве­кин, т.б. жұрт­шы­лы­қтан оқша­у­ланған жай­лы оры­нға жай­ға­сып оты­рып тама­ша­ла­ды! Шара­дан соң экс­пе­ди­ция мүше­лері үшін аста-төк дастар­хан жайылды!

Мұның алдын­да А.Вервекин 1715 жылы Бух­гольц әскер­лері тұрғы­зған Ямы­шев бекінісінің орнын­дағы Ескі Ямы­шев ауы­лы­на «Бух­гольц жол­да­ры­мен» экс­пе­ди­ци­я­сын апа­рып тұрғын­дар­мен кез­де­су өткіз­ген еді! Облы­стық жастар сая­са­ты мәсе­ле­лері жөнін­де­гі басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Ната­лья Нефе­до­ва солар­мен бір­ге барып, кез­де­су­де сөз сөй­леді. Экс­пе­ди­ция жетек­шісі Игорь Вят­кин де сөз алып, алдағы уақыт­та осы өңір­ге қай­та ора­ла­ты­нын жария етті!..

Ертеңін­де Облы­стық жастар сая­са­ты мәсе­ле­лері жөнін­де­гі басқар­ма­сы­ның ғима­ра­тын­да «Пав­ло­дар гео­гра­фия үйі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің және «Бух­гольц жол­да­ры­мен» экс­пе­ди­ци­я­сы мүше­лері Пав­ло­дар­да дай­ын­далған «Ертіс және оның бекіністері» атты деректі фильм­нің тұса­у­ке­сер шара­сын өткізді! Соңын­да А. Вер­ве­кин кино­туын­ды­ны қонақтарға сый­ға тартты…

Жуыр­да облы­стың бас идео­ло­гы Мей­рам Беген­та­ев­пен теле­фон арқы­лы сөй­лес­кенім­де, «Ертіс күні» мере­кесіне биыл тағы да омбы­лық қонақтар­дың келетінін айт­ты. Әлгі Игорь Вят­кин­дер ме, әлде басқа­лар ма?.. Оны нақты­лаған жоқ.

Соны­мен, алдағы уақыт­та «Пав­ло­дар гео­гра­фия үйі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің бас­шы­сы Алек­сандр Вер­ве­кин­нің ұйым­да­сты­руы­мен тағы да «Ертіс күні» мере­кесі өткізіл­мек!.. Бас идео­лог был­ты­рғы­дай соның ықпа­лын­да кете ме, жоқ па?.. Уақыт көрсетеді!

P.S.: Егер Ресей Феде­ра­ци­я­сын­да губер­на­тор­дың идео­ло­гия бой­ын­ша орын­ба­са­ры­на қан­дай да бір қоғам­дық ұйым бас­шы­сы­ның ықпал етуі нәти­же­сін­де «Тоқта­мыс хан жол­да­ры­мен» неме­се «Напо­ле­он жол­да­ры­мен» экс­пе­ди­ци­я­сы­ның Мәс­ке­у­ге бару оқиға­сы орын алса, өз басым облы­стық әкім­дік­те­гі шене­унік­тер­дің іс-әре­кетіне түсіністік­пен қарар едім…

Арман ҚАНИ,

Кере­ку қаласы

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн