Понедельник , 12 мая 2025

Кері кеткен пойызды қалай бұрамыз? Немесе жаңа Қазақстанға жаңа экономика қажет.

Әке­жан Қажы­гел­дин Қаза­қстан­дағы қазір­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың себеп­терін талқы­лап, одан шығу­дың тиім­ді жол­да­рын ұсынады

Қаза­қстан­дық басқа­ру­шы орын­дар­дың сана­сын­да елге қажет­ті заттар­дың бәрін: тау­ар­лар­ды, капи­тал­ды, жаңа­ша ой-пікір, тіп­ті кеңес­шілер­ді де шетел­дер­ден әке­лу керек деген ұғым талай жыл­дан бері қалып­та­сып қалған. Сон­ды­қтан елді жап­пай шар­пи бастаған дағ­да­рыс та шетел­ден кел­геніне ешкім күмән­данған жоқ. Өйт­кені шетел­де мұнай баға­сы бір­тін­деп түс­се, біздің елде дол­лар баға­сы күрт өсіп кет­ті. Олар­дың даму дең­гейі сәл ғана төмен­десе, біздің ел жыл­дам құл­ды­рай бастады…

Деген­мен де, бұлай­ша өз-өзіңді алда­уға бол­май­ды. Бірін­ші­ден, Қаза­қстан­дағы дағ­да­рыс жер­гілік­ті жағ­дай­дан туын­даған және өзін­дік ере­шелі­гі­мен сипатта­ла­ды. Бұл басқа шет мем­ле­кет­тер­де болып жатқан дағ­да­ры­старға мүл­де ұқса­май­ды. Екін­ші­ден, үкі­мет бас­шы­ла­ры сен­дір­ген­дей, бұл қай­та­ла­нып тұра­тын эко­но­ми­ка­лық құбы­лыс емес, бұл – ұза­ққа созы­ла­тын дағ­да­рыс. Сон­ды­қтан да одан шығу­дың тиім­ді жол­да­рын дереу қарас­ты­рып, нақты шешім қабыл­да­уы­мыз керек.

Мәң­гілік дағ­да­ры­стың болуы мүм­кін емес, деп пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев дұрыс айта­ды. Алай­да «ол дағ­да­рыс өз-өзі­нен жой­ы­лып кете­ді» деп күтіп оты­руға тағы бол­май­ды. Шетел­дер тәжіри­бесі көр­сет­кен­дей, Арген­ти­на мен Гре­кия елін­де­гі сияқты дағ­да­рыс ұза­ққа созы­луы да мүм­кін. Гре­ки­я­ның бағы­на қарай, ол еуро­ай­мақ мүше­сі болған­ды­қтан, оған Батыс ынты­мақ­та­стық қауым­да­сты­ғы көмек­те­седі. Ал біз­ге қол ұшын беретін ешкім жоқ, сон­ды­қтан да тек өз күші­міз­ге ғана сену­ге тура келеді.

Теріс бағыт­ты пойыз

Дүни­е­жүзілік және қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның 15 жыл бой­ғы жан-жақты қозға­лы­сы­ның нәти­же­сін­де осын­дай дағ­да­рыс туын­дап отыр. Мәнер­леп айтар бол­сақ, біздің пой­ыз дүни­е­жүзілік көш­тен әлдеқа­шан арт­та қалып қой­ған, тіп­ті қара­ма-қар­сы бағыт­та кетіп бара­ды десе де болады.

2000-жыл­дар­дағы дүни­е­жүзілік тренд жаңа­ру үрдісінің шап­шаң­ды­ғы­мен, шешім­ді құры­лым­дық өзгерістер­мен, жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лы сала­лар­дың қарқын­ды дамуы­мен және сәй­кесін­ше қосым­ша құн үлесінің жоға­ры­ла­у­ы­мен түсін­діріледі. Ал соңғы он-он бес жыл­дан астам уақыт ара­лы­ғын­дағы жер­гілік­ті көр­сет­кі­ш­тер ретін­де құры­лым­дық өзгерістер­ден бас тар­ту, кен иге­ру мен оны өңдеу сала­сын­дағы өза­ра сәй­кес­сіздік және шикі­затты шыға­ру үшін қой­ы­ла­тын мөл­шер­ле­ме алы­на­ды. Осы жыл­дар көле­мін­де шикі­зат баға­сы үне­мі жоға­ры бол­ды. Десе де, дүни­е­жүзілік нары­қтан түс­кен қар­жы эко­но­ми­ка­мы­зды ақы­рын-ақы­рын өзгер­тетін сияқты болып көрініп еді. Бірақ, өкініш­ке орай, елі­міз эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да көтері­ле алмай, құл­ды­раған үстіне құл­ды­рай түсті.

Ал қазір­гі етек жай­ып оты­рған дағ­да­рыс елі­міз­де сонау 90-жыл­дар­да болып өткен дағ­да­ры­стан әлдеқай­да қауіп­ті. Ол кез­де халы­қтың басым көп­шілі­гі жұмыс­сыз қалып, еріксіз дағ­да­ры­сқа ұшы­раған еді. Алай­да нары­қтық эко­но­ми­ка өз үстем­ді­гін жүр­гізіп, дағ­да­ры­стан аман шығуға мүм­кін­дік беріп қана қой­май, тіп­ті халы­қтың тұр­мыстық дең­гей­ін түбе­гей­лі өзгер­ту­ге де сеп­ті­гін тигізді. Жұрт жаңа өмір тала­бы­на бір­тін­деп бей­ім­де­ле түсіп, тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің бола­шағы­на зор сенім­мен қара­ды. Сонау 90-жыл­дар­дың орта шенін еске түсірей­ік­ші: елі­міз­де түбе­гей­лі өзгерістер орын алып, тек келе­шек­ке ғана үміт артып, жақ­сы­лық ныша­нын тек алдағы өмір­ден ғана күтіп едік. Оның үстіне елде кедей-кеп­шік көп бол­ма­са да, дер­бес өмір сүріп жатқан, өзін-өзі қам­та­ма­сыз ете ала­тын қан­ша­ма тұрғын­дар болды…

Қазір халы­қтың пси­хо­ло­ги­я­лық жағ­дайы әжептәуір өзгер­ген. Елде шене­унік­тер мен биз­не­смен­дер­ден құралған өте бай адам­дар тобы тұрақты түр­де қалып­та­сып, олар­дың көп­шілі­гі үкі­мет­те­гі жылы орын­дарға әлдеқа­шан жай­ға­сып алған. Сөйт­се де, өте бай адам­дар мен кедей­шілік­те өмір сүріп жатқан адам­дар­дың саны күн санап өсу­де. Бұл, әрине, елде қыл­мыс­кер­лік­тің артып, экс­тре­ми­стік топ­тар­дың пай­да болуы­на, соның нәти­же­сін­де тұрақты­лы­қтың жой­ы­луы­на әкеп соқты­ра­ты­ны сөзсіз.

Әсіре­се бел­гілі бір кәсі­би маман­ды­қ­пен шұғыл­да­нып жүр­ген жан­дарға елдің эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы қат­ты әсер ету­де, алып оты­рған айлық нақты жалақы мен табыс көзі бір­ден жар­ты­лай қысқа­рып, бар­лық сала­лар­ды жұмыс­сыздық жай­лап бара­ды. Олар бұры­нғы 90-жыл­дар­дағы­дай кәсіп­кер­лік­пен шұғыл­да­нуға бара алмай­ды, өйт­кені эко­но­ми­ка­ның бұл сала­сы да әбден тұм­ша­ла­нып, жемқор­лы­ққа бел­ше­сі­нен батып отыр: биз­нес ашу жол­да­ры кедер­гі­ден кедер­гі­ге тап болып, әсіре­се несие алу қол жетім­сіз болып бара­ды, оның үстіне қаза­қстан­дық сот пен заң қазір тек бай­ларға ғана қыз­мет етіп, солар­дың ғана мүд­десін қорғай­ты­ны белгілі.

Міне, осы­ның бәрі айна­лып кел­ген­де, елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты сая­си­лан­ды­рып отыр. Бұл жағ­дай­да билік пен халық бір-біріне сенім артып, бір-біріне қол­дау көр­сетіп отыр деу­ге мүл­де бол­май­ды. Мұны әсіре­се халы­қтың әле­умет­тік желілер арқы­лы біл­діріп оты­рған нара­зы­лы­ғы мен көңіл-күй­і­нен аңға­руға бола­ды, алай­да онда да қоғам­дағы бар­лық топ­тар түгелі­мен көр­сетіл­ме­ген. Десек те, рес­пуб­ли­ка­мы­зда орын алып оты­рған қазір­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға көңілі тол­май, нара­зы­лық біл­діріп оты­рған адам­дар саны билік пар­ти­я­сы­ның соңғы съезіне (есеп бой­ын­ша жиыр­ма жетін­ші) қаты­сқан адам­дар саны­нан мың­даған есе көп екені бесе­не­ден белгілі.

Елде­гі гео­са­я­си тұрақты­лық кенет­тен бұзы­ла бастаған сәт­те әле­умет­тік дағ­да­рыс та тек біздің өңір­де ғана емес, бүкіл дүние жүзін­де тұта­стай қоғам­ды одан бетер салғырт­ты­ққа сала баста­ды. Алға қарай шешу­ші қадам басып, дүни­е­жүзілік тұрақты даму саты­сы­на көтерілу­ге Қаза­қстан­ның мүм­кін­шілі­гі бола ма, жоқ па?! Елі­міздің тәу­ел­сізді­гі мен тұта­сты­ғын сақтап қалу, міне, дәл осы шешу­ші нақты қада­мға бай­ла­ны­сты. Бұл – мем­ле­кеті­міздің бүгін­гі таң­дағы ең басты мәсе­лесі, ұлт­тық иде­я­сы десе де бола­ды. Мен бұл тура­лы пре­зи­дент Н. Назар­ба­евқа талай рет айтқан бола­ты­н­мын. Әрине, бұл мәсе­ле тез шешілуі үшін, оған пре­зи­дент­тің көзқа­ра­сы, қол­да­уы өте қажет. Оның үстіне Қаза­қстан­ның осы дағ­да­ры­стан қалай және қан­дай жағ­дай­да шығуы – жақын ара­да Н. Назар­ба­ев­тың қан­дай шешім қабыл­дап, қан­дай қадам жаса­уы­на тіке­лей бай­ла­ны­сты. Егер де ол алға қарай нық қадам жаса­май, жар­ты­лай ғана тиім­сіз қадам жаса­са, онда, сәй­кесін­ше, дағ­да­ры­стан шығу жолы өте қауіп­ті, әрі тәу­е­кел­ділі­гі де өте жоға­ры бол­мақ. Онда елі­мізді жетіл­ді­ру мен қарқын­ды дамы­ту мәсе­лесін шешуді алдағы ұрпақтың еншісіне қал­ды­ра­тын боламыз.

БОЛМАЙТЫНДЫ БОЛДЫРУ ӨНЕРІ

Сая­сат – мүм­кін­дік өнері деген қағи­да әлдеқа­шан өзінің күшін жой­ған. Қазір­гі заман­да сая­сат өнері деп мүм­кін емес дүни­е­ге, жағ­дай­ға өте тың әдістер­мен қол жет­кі­зу мүм­кін­дік­терін айта­ды. Ең басты­сы, қытай­лық сая­сат­кер Дэн Сяо­пин айтқан­дай, өз әдет-қылы­қта­ры­ң­ның тұтқы­ны­на түсіп қал­май, дер кезін­де қоры­қ­пас­тан өзге­ре білу.

Еш қоры­қ­пас­тан эко­но­ми­ка­сы­на түбе­гей­лі өзгерістер енгі­зудің арқа­сын­да Қытай мем­ле­кеті тама­ша жетістік­тер­ге жет­кенін көріп отыр­мыз. Әрине, бұған шетел­дер­ден тіке­лей кел­ген инве­сти­ци­я­лар­дың да көме­гі бол­ды. Деген­мен де, олар эко­но­ми­ка­ны түбе­гей­лі өзгер­ту­ге шешім қабыл­даған­нан кей­ін ғана құй­ы­лған бола­тын. Қазір енді Қытай мем­ле­кеті өздерін­де өндіріл­мей­тін тау­арға дей­ін дүни­е­жүзілік нары­ққа шыға­рып, алып инду­стри­я­лы дер­жа­ва­лар­мен бәсе­ке­ге түсіп отыр.

Жалғыз Қытай ғана емес, тіп­ті біз­ге көр­ші орна­ласқан кіші­гірім Қырғыз­стан мен Өзбек­стан да шетел­дік инве­сти­ци­я­ның арқа­сын­да өздерінің эко­но­ми­ка­сын түбе­гей­лі өзгер­тіп, қарқын­ды түр­де жаңа­ша дамып келе жатыр емес пе?! Бұл екі мем­ле­кет те өз іштерін­де­гі өндіріс орын­да­рын өркен­детіп, бүгін­гі таң­да тіп­ті сонау кеңес зама­нын­да да шығар­маған тау­ар­лар­ды, қыз­мет­тің де нешетүр­лісін дүни­е­жүзілік нары­ққа шыға­рып отыр. Сөйт­се де олар­дың бас­шы­ла­ры елдерін­де ешқан­дай да эко­но­ми­ка­лық форум өткіз­бей-ақ осын­дай нәти­же­ге жетіп отыр, олар Даво­ста да көрінбейді…

Қытай бас­шы­лы­ғы ешкім­ге де тәу­ел­ді емес, әрі кез кел­ген жоға­ры мақта­уға тұрар­лық, десе де олар Халы­қа­ра­лық валю­та қоры­ның кеңесіне, көме­гіне үне­мі жүгініп оты­ра­ды және сырт­тан ешқан­дай да экс­перт­тер­ді алдыр­тып, біз­де­гі «Қаза­қстан-2030» сияқты арнайы бағ­дар­ла­ма­лар­ды ойлап табуға ешқан­дай да қолқа салмайды.

Ал біз­де­гі «Қаза­қстан-2030» бағ­дар­ла­ма­сы­ның бірін­ші бөлі­мін энер­ге­ти­ка нары­ғын­да түсіні­гі бар аме­ри­кан­дық маман­дар жазға­ны бел­гілі. Олар, әрине, өз ісінің маман­да­ры, алай­да олар­дың көз­де­ген мақ­сат­та­ры – мұнай, газ және құбыр тар­ту мәсе­ле­лері… Оба­лы не керек, олар елі­міз­де­гі энер­ге­ти­ка нары­ғы­ның бола­шағын жарқын етіп меха­ни­ка­лық түр­де жоба­лап бер­ді. Ал бағ­дар­ла­ма­ның екін­ші бөлі­мі – пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де оты­рған біл­гіш­сы­мақтар­дың қиял-ғажай­ып еңбек­терінің жемісі. Олар бағ­дар­ла­ма­ны ізгі тілек­тер мен алдағы күн­гі тама­ша жетістік­тер­мен тол­ты­рып тастаған.

Қазір­гі жетіп оты­рған жетістік­тер­ден гөрі, алдағы күні не бола­ты­ны тура­лы білу – пре­зи­дент­ке өте қызық екенін біздің үкі­мет әбден түсініп алған. Сон­ды­қтан да елі­міз­ге жан-жақтан жалған эко­но­ми­ка­лық мәтін­дер­дің нешетүр­лісі сау ете түсті. Оның бәрі қаси­ет­ті кітап сияқты мини­стр­лер­дің үстелі­нен мәр­те­белі орын алды. Менің ондай жаз­ба­ларға сыни көзқа­рас­пен қарай­ты­ным­ды пре­зи­дент Назар­ба­ев жақ­сы біледі. Алай­да бұған қарап, біз­ге ешқан­дай да бағ­дар­ла­ма қажет емес екен деп ойлап қал­маңы­здар. Керісін­ше, менің ойым­ша, дәл қазір Қаза­қстанға ең басты екі бағ­дар­ла­ма қабыл­дау керек: «Тұрақты­лық бағ­дар­ла­ма­сы» және «Қарқын­ды даму тура­лы бағдарлама».

Газ бен тормоз

Бұл еке­уі де біз­ге өте қажет. Қазір­гі дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да алды­мен елдің шека­ра­сы мен бюд­жетін, әле­умет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді қар­жы­лан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету жол­да­рын бір ізге кел­тіріп алу керек. Соны­мен қатар мәнін жой­ып алған әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дан бас тар­тып, эко­но­ми­ка­ны жаңар­ту және ішкі құры­лым­ды дамы­ту меха­низмдерін дереу іске қосу керек.

Ішкі мағы­на­сы жағы­нан бір-біріне қара­ма-қай­шы осы екі мақ­сатқа қол жет­кі­зу жол­да­рын басқа­ру орган­да­ры­ның тек біріне ғана тап­сы­руға бол­май­ды. Өйт­кені оған жету жолын­да шене­унік­тер бір-бірі­мен бәсе­ке­ге түсіп, әрқай­сы өз қала­у­ын­ша бір­де даму жолы­на, бір­де тұрақты­лық жолы­на қарай ығы­сып кетуі мүм­кін. Сол себеп­ті де ондай жау­ап­ты істі екі­жүзді орын­да­у­шы­ларға сеніп тап­сы­ру өте қауіп­ті. Бұл жол­да олар мәсе­лені шешу­ге арналған арнайы талап­тар­дан, заң­ды­лы­қтар­дан аспа­уы керек.

Сон­ды­қтан да дағ­да­ры­стан сәт­ті шығу, әрі жаңа­ру жолын­да қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ны басқа­ру үшін де екі орган қажет. Оның бірі – дәстүр­лі басқа­ру орга­ны, яғни үкі­мет. Әрине, ол қазір­гі құрам­да емес, керісін­ше, тәжіри­белі маман­дар­мен, бас­шы­лар­мен, бел­гілі бір өмір­лік ұста­ны­мы мен өз ойы бар іскер­лер­мен толы­қты­ры­лған үкі­мет қажет. Екін­шісі – Қаза­қстан пре­зи­ден­ті жаны­нан құры­лған, Кон­сти­ту­ци­я­ның заң­ды­лы­қта­ры­на сүй­е­нетін және эко­но­ми­ка­ны жаңар­ту жолын мұқи­ят қадаға­лай­тын орган қажет.

Үкі­мет­тің бірін­ші мін­деті нақты айқын­далған болуы керек: алды­мен ақша айна­лы­мын рет­ке кел­тіріп, бюд­жет мәсе­лесін­де тәр­тіп орна­ту. Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік шығын­дар­ды мүм­кін­ді­гін­ше қысқар­тып, қажет емес, артық шығын­дар­дан бас тар­ту керек. Ал біздің үкі­мет ақша табу­дан гөрі, оны қары­зға алу­дың оңай жолы­на үйреніп алған. Бірақ қары­зға біре­удікін алған­мен, оны өзіңдікі­мен қай­та­ра­сың деп халық бекер­ге айт­пай­ды ғой.

Орта­ша отба­сын­да қар­жы­лық тап­шы­лық кезін­де бала­ла­ры жаңа вело­си­пед сатып алып бер деп сұра­май­ды неме­се жазғы уақыт­та Түр­ки­я­ның тама­ша дема­лы­ста­ры­на емес, керісін­ше, ауы­лға бара­ды. Сол сияқты біздің билік­ке де мына тап­шы­лық заман­да талай мил­ли­он­дар­ды сорып жатқан «ЕХРО-2017» көр­месі­нен бас тар­ту керек. Әлі кеш емес. Неме­се оны жеке мен­шік­ке шар­тты бағаға өткі­зу керек, мыса­лы, Болат Өте­мұра­то­втың биз­нес-тобы­на. Тек құры­лыс алаң­да­ры­ның бар­лы­ғын салып бітіріп, көр­мені бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша сәт­ті өткі­зу тура­лы оның алды­на шарт қою керек. Ал мем­ле­кет өз кезе­гін­де көр­ме­ден түс­кен пай­даға көз сал­мауға, тіп­ті оны салық салу­дан боса­туға да сөз беруі тиіс. «ЕХРО-2017» көр­месі біт­кен­нен кей­ін, ондағы мүлік­тер­мен не істе­гісі кел­се, Б. Өте­мұра­то­втың өз еркі. Ол шығы­нға ұшы­рай­ды деп, әрине, ойламаймын.

Мем­ле­кет мұн­дай жағ­дай­ға еріксіз тап болып оты­рға­ны сөз­сіз. Алай­да бұл пре­зи­дент маңай­ын­дағы бай атқа­мі­нер­лер­ге бір сәт қай­ы­рым­ды­лық көр­се­ту­ге, өзінің пат­ри­от­тық сезі­мін біл­діру­ге, әрі кәсіп­кер­лік талан­ты­ның қан­ша­лы­қты жоға­ры екен­ді­гін баға­ла­у­ға мүм­кін­дік береді. Оның үстіне бұл билік басын­да оты­рған шене­унік­тер­ге сабақ болар еді: олар қыру­ар шығын­ды талап ететін жоба­лар­ды ұсы­нған­ша, бір мез­гіл елдің эко­но­ми­ка­сын дұрыс жол­мен дамы­ту шара­ла­ры­на көңіл бөлер ме еді?!

Тая­у­да пре­зи­дент Назар­ба­ев біздің Модер­ни­за­ция тура­лы комис­сия құру тура­лы ұсы­ны­сы­мы­зды қабыл алған сыңай­лы бол­ды. Кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да өзі осы жай­лы хабар­лаған бола­тын. Ол хабар­ла­ма­сын­да елба­сы модер­ни­за­ция бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­нып, оны іске асы­ру­ды бақы­лау тура­лы комис­сия құра­ты­нын айт­ты. Алай­да ол бұл ұсы­ны­сты өзінің үйрен­шік­ті әдісі­мен баяғы Мини­стр­лер каби­нетіне ұсын­са да, өкініш­ке орай, алтын уақыт зая кетіп, ол жақта талай бағ­дар­ла­ма құмға сің­ген судай жоға­лып жатқа­ны белгілі.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА РОЛІ МЕН ТАРИХ РОЛІ

Елді инду­стри­а­ли­за­ци­я­лау, жаңа­ша дамы­ту тура­лы пікір­лер 2000-жыл­дар­дың басы­нан бастап айты­лып келеді. Алай­да айты­лған сөз сол күй­ін­де қалып, ешнәр­се іске асы­рыл­ма­ды. Енді, міне, соның кесірі­нен тығы­ры­ққа тіреліп, шегі­нер­ге амал тап­пай отыр­мыз. Енді­гі сұрақ: Н. Назар­ба­ев елдің эко­но­ми­ка­сын ХХІ ғасыр­дың талап­та­ры­на сай етіп жаңар­та ала ма, әлде оны сол күй­зел­ген күй­ін­де бола­шақ ұрпақтың еншісіне қал­ды­ра ма? Бұл, әрине, тари­хи мұра­гер­лік мәселесі.

Ал менің қала­у­ым­ша, осы еке­уінің алға­шқы­сы орын­дал­са дей­мін: Назар­ба­ев өзінің билік­те­гі бар күш-жігерін елдің эко­но­ми­ка­сы мен сая­си өмірін түбе­гей­лі өзгер­ту­ге жұм­са­са екен. Ол үшін елба­сы ел эко­но­ми­ка­сын модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­си­я­ны басқа­ру­ды өз қолы­на алып, оны пре­зи­дент қара­мағын­дағы бас­шы­лық орган етуі тиіс. Ал енді оның заң­ды­лы­қтарға қара­ма-қай­шы тұста­ры аса маңы­зды емес: біз­де­гі заң­ды­лы­қтар талай рет өзгер­тіліп жазыл­ды емес пе, оны тағы бір рет өзгер­те салу қиын емес. Ең маңы­здысы – елдің қауіп­сізді­гі мен аза­мат­та­ры­мы­здың аман­ды­ғын қам­та­ма­сыз ету жолын­да мақ­са­ты­мыз бен мүд­де­міз бірі­гіп, бір жер­ден шық­са болды.

Сол себеп­ті де алдағы пар­ла­мент сай­ла­у­ын осы мәсе­ле­лер­ді іске асы­ру үшін пай­да­ла­нып, жаңа­дан сай­ланған депу­тат­тар­дың жаңа рефор­ма­лар жасау үшін өте қажет екенін айқын­дау керек. Модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­сия өзінің заң­ды­лы­қта­ры тура­лы актісі мен алдағы іс-шара­ла­ры тура­лы бағ­дар­ла­ма­ла­рын мәжілістің жаңа құра­мы­на талқы­ла­у­ға ұсы­нуы тиіс. Ал мәжілісмен­дер өз кезе­гін­де кәсіп­кер­лер­ге кедер­гі жасап, елде сыбай­лас жемқор­лы­қтың жан­да­нуы­на себеп­кер болып оты­рған бұры­нғы заң­ды­лы­қтар­дың күшін жоюы тиіс. 

Оның үстіне кәсіп­кер­лер­дің биз­несін поли­цей­лер мен про­ку­рор­лар­дың озбыр­лы­ғы­нан сақтап, өз мен­шік­терін заң­ды түр­де қорға­уды қам­та­ма­сыз ету керек. Дәл сол заң­ды­лы­қтар­ды қабыл­да­уға атса­лы­сып, сол үшін дауыс бер­ген аза­мат­тар­дың қазір­гі көңіл-күй­лері қан­дай екен?!

Міне, осы мәсе­ле­лер­ді шешу жолын­да Н. Назар­ба­евқа күш-жігер ауа­дай қажет. Сонау 90-жыл­да­ры ол ешқан­дай өзгерістер­ден қоры­қ­пай, өзінің жоға­ры абы­рой-беделі­мен және қолын­дағы билі­гі­мен бар қиын­шы­лы­ққа төтеп бере біл­ді. Өзі де әртүр­лі тәу­е­кел­дер­ге бар­ды және басқа­ларға да оқыс қимыл­дап, нақты шешім қабыл­да­уға кеңес бер­ді. Соның сал­да­ры­нан қаза­қстан­дық рефор­ма­лар сәт­ті өтіп, эко­но­ми­ка сала­сын­да ТМД елдерінің алды­на шықтық.

Кеңес дәуірі­нен қалған жос­пар­лы эко­но­ми­ка әдісі­нен ары­лу үшін Н. Назар­ба­евқа 25 жыл қажет бол­ды. Қазір­гі нарық еркін­ді­гі әдісін таң­дап алу жолын­да ол қате­ле­с­кен жоқ. Енді ол енжар қалған шикі­зат эко­но­ми­ка­сы­нан бас тар­тып, күн­нен-күн­ге дамып келе жатқан тех­но­ло­ги­я­лар­дың көшін­де қал­май, оның нешетүр­лі мүм­кін­дік­терін өз қажетіне жара­та білуі керек.

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ҚАРСЫЛЫҚ

Қаза­қстан­дық «жоға­ры­дан төмен қарай жаңар­ту» әдісінің ең басты шар­ты – ұлт­тық ком­па­ни­я­лар құра­мын­дағы мем­ле­кет үлесін жеке­ше­лен­ді­ру бағ­дар­ла­ма­сы­нан бас тар­ту болып сана­луы қажет. Әрине, бұл жай­ын­да менің айтқа­ным күт­пе­ген ұсы­ныс болуы мүм­кін, бірақ та елде­гі қазір­гі қиын жағ­дай­да дәл осы жеке­ше­лен­дірудің түк­ке де қажеті жоқ деп ойлай­мын. Дей тұрған­мен, пре­зи­дент пен үкі­мет жеке­ше­лен­ді­ру тура­лы әлдеқа­шан жари­я­лап, инве­стор­ларға тиісті хабар­ла­ма жіберіп те үлгер­ді. Енді сол өтініш-хабар­ла­ма­лар­ды кей­ін қай­та­рып, оның себеп-сал­да­рын аны­қтап түсін­ді­ру керек.

Бірін­ші­ден, қазір­гі жеке­ше­лен­ді­ру үрдісі елге ешқан­дай да пай­да әкел­мей­ді: шетел­дік бай­ып­ты инве­стор­лар бел­ше­сі­нен ластанған біздің биз­неске бас сұқ­пай­ды. Ал қаза­қстан­дық заң жүй­есі шетел­дік капи­тал­дар­дың қауіп­сізді­гіне ешқа­шан да кепіл­дік бер­ген емес және бере алмай­ды. Тіп­ті салық салу және бақы­ла­у­шы орган­дар­дың, жоға­ры жақтағы «көке­лерінің» есеп­сіз озбыр­лы­ғы­нан сақтай­мыз деп те кепіл­дік бере алмайды.

Бұл жеке­ше­лен­ді­ру үрдісіне шетел­дік ірі инве­стор­лар­дың орны­на дүние жүзінің түк­пір-түк­пірі­нен қай-қай­дағы алдам­шы арам­за­лар ағы­лып, үкі­мет­ке бола­шақта «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лай­тын заман» туды­ра­мыз деген­дей уәде­лерін үйіп-төгіп беріп жатыр. Шын мәнісін­де олар­дың бар­лы­ғы­ның мақ­са­ты бір – шама­ла­ры кел­ген­ше біздің алпа­уыт өнер­кәсіп орын­да­рын, жер асты бай­лы­ғы­мы­зды тонау. Қаза­қстан өзінің тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған­нан бері елде мұн­дай ала­яқ инве­стор­лар­дың қан­ша­ма­сы бол­ды десеңіз­ші! Әрине, оның бәрін үкі­мет дер кезін­де қуып отыр­ды. Енді­гі мін­дет – елдің асыл қазы­на­сы, жер асты табиғи бай­лы­қта­ры­мыз келе­шек­те де ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кет­пей­тін­дей етіп сақтай білу.

Ал енді осы­нау «даңға­за жеке­ше­лен­діруді» тоқта­ту үшін қара­пай­ым ғана есеп жүр­гі­зу керек. Мәсе­лен, мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар жал­пы халық игілі­гі үшін әлі де бол­са жұмыс жүр­гі­зе ала­ды ғой. Сөз жоқ, елге табыс көзі қажет-ақ, елді адал жол­мен тиім­ді түр­де басқа­ру арқы­лы ғана оған қол жет­кі­зе ала­мыз. Оли­гарх­тар мен сыбай­лас жемқор­лар жай­лап алған қазір­гі эко­но­ми­ка жағ­дай­ын­да көмек береді-ау деген сенім­мен нары­ққа қол созуға бол­май­ды. Жемқор­лар­дың көмек қолы­нан гөрі, «нарық қолы» қысқа­лау келеді.

Меди­ци­на тілі­мен айтқан­да, қаза­қстан­дық қазір­гі эко­но­ми­ка жүй­есіне жедел түр­де хирур­ги­я­лық ота да қажет, қарқын­ды тера­пия да қажет. Бұл тек эко­но­ми­ка­ны аяғы­нан тұрғы­зу үшін ғана. Одан әрі дүни­е­жүзілік нарық көші­нен қал­май, өз бетін­ше жүріп кетуі үшін әлі талай-талай көмек қажет.

Модер­ни­за­ция бағ­дар­ла­ма­сы әзір­ге жүріп тұрған шақта мем­ле­кет­тің ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дағы бар­лық актив­терін, оның үлесін Ұлт­тық жинақтық зей­не­тақы қоры­на ауда­ру керек. Талай жыл­дар бойы әртүр­лі ведом­ство­лар­дың қара­уы­на өткізіп, кей­ін­нен «Самұрық-Қазы­на­ның» еншісіне өткен орас­ан зор мен­шік мән-мағы­на­сы жоқ халы­қа­ра­лық жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру мен шене­унік­тер­ді асы­рау үшін емес, енді халы­қтың игілі­гі үшін қыз­мет етуі тиіс. Егер де шетел­дік инве­стор­лар өздерінің тіке­лей мін­дет­терін орын­да­удан бас тар­тқан бол­са, Қаза­қстан тіп­ті олар­дың алды­на қой­ған шар­тта­рын өзгер­ту­ге дей­ін баруы да мүмкін.

Әділ­дік­ті орна­ту (қай­та­ру)

Қаза­қстан­да өндірілетін бар­лық пай­да­лы қаз­ба­лар шын мәнін­де халы­ққа тиесілі екені бел­гілі. Елде­гі зей­не­тақы қоры мен әртүр­лі әле­умет­тік жүй­е­лер дәл осы пай­да­лы қаз­ба­лар есесі­нен тол­ты­ры­лу керек бола­тын. Тіп­ті 90-жыл­дар­дың аяғын­да қабыл­данған зей­не­тақы рефор­ма­сын­да да солай жоба­ланған еді. Табиғи бай­лы­қтан түс­кен табыс Ұлт­тық зей­не­тақы қоры­на жина­лып, рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры жинақта­ры­ның негізін қала­у­шы бас инсти­тут ретін­де сана­лып, елдің қар­жы­лық жүй­есін қам­та­ма­сыз етуі тиіс болатын.

Өкініш­ке орай, егер де 2000-жыл­дар­дың басын­да мұнай­ға деген сұра­ныс өршіп, жоға­ры­да аталған халы­қтық жоба­дан үкі­мет жасы­рын түр­де бас тарт­паған­да, төл тең­ге­міз қазір­гі­дей кенет­тен құл­ды­ра­мас еді. Содан бері жүз­де­ген мил­ли­ард дол­лар қар­жы Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на құй­ы­лып, елге талай пай­да кел­тіретін еді, әрі халы­ққа тиесілі зей­не­тақы мен әле­умет­тік төлем­дер де лай­ы­қты түр­де төленіп тұра­тын еді.

Жинақтық зей­не­тақы қоры орас­ан зор ұлт­тық инве­сторға айна­лып, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мен өнер­кәсіп орын­да­рын модер­ни­за­ци­я­лау бағ­дар­ла­ма­ла­рын қар­жы­лан­ды­руы тиіс. Жаңа­дан ашы­лған кәсі­по­рын­дар­дың шару­а­шы­лық қыз­меті­нен түс­кен табыс халы­ққа төле­нетін зей­не­тақы мен әртүр­лі әле­умет­тік төлем­дер­дің негіз­гі көзіне айна­луы керек. Келе­шек­те емес, әрине, керісін­ше, қазір­гі зей­нет­кер­лер мен жұмысқа жарам­сыз әле­умет­тік топ­тарға төле­нуі тиіс.

АҚШ пен Еуро­па, араб елдерінің мұнай­лы монар­хи­я­ла­рын­да, сон­дай-ақ Ази­ядағы демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер­дің жинақтық зей­не­тақы қор­ла­ры осы­лай жұмыс істей­ді. Қаза­қстан­да да солай болу керек. Сол себеп­ті модер­ни­за­ция жөнін­де­гі комис­сия осы әдісті жүзе­ге асы­руы тиіс. Өйт­кені ішкі қар­жы­лық жүй­ені бір ізге кел­тір­мей­ін­ше, ел эко­но­ми­ка­сын жаңар­ту мүм­кін емес. Сон­ды­қтан да Ұлт­тық қор мен Жинақтық зей­не­тақы қорын бірік­ті­ру (инте­гра­ци­я­лау) – осы бағыт­тағы алға­шқы қадам бол­мақ. Қаза­қстан аза­мат­та­ры тек сон­да ғана өз туған елінің табиғи бай­лы­ғы­ның нағыз иесі ата­на алады.

Келісім­ге мәжбүрлеу

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын модер­ни­за­ци­я­ла­удың екін­ші бір қуат­ты негізі – шетел­дер­ге шыға­ры­лған капи­тал­ды елге қай­та­ру. Бұл жер­де әңгі­ме орас­ан зор сома жай­лы, атап айтқан­да, 9 млрд АҚШ дол­ла­ры тура­лы болып отыр. Ол жөнін­де жуыр­да қар­жы мини­стрінің өзі жария еткен бола­тын. Мини­стр­дің кім­ді бүр­ке­ме­леп оты­рға­ны бел­гісіз, алай­да шетел­дік құзірет­ті ұйым­дар­дың есебі бой­ын­ша, 2004 жыл­дан 2013 жылға дей­ін Қаза­қстан­нан 137,9 млрд АҚШ дол­ла­ры шетел­ге шыға­ры­лған. Орта­ша есеп­пен жылы­на 13,7 млрд дол­лар. Ал 2004 жылға дей­ін­гі сыр­тқа шыға­ры­лған қар­жы­ны осы­ған қоса­тын бол­сақ, онда 200 млрд дол­лар­дан астам сома сыр­тқа шыға­рыл­ды деп есеп­те­у­ге болады.

Біз әріп­те­стер­мен бір­ге бұл капи­тал­дың Қаза­қстан­нан қай жаққа және қан­ша шыға­ры­лға­ны жай­лы тарих­ты толық зерт­теп, оны енді қай­дан іздеу керекті­гіне дей­ін біле­міз. Біз­ге оның бәрі бел­гілі екен­ді­гі жай­лы ол капи­тал­дар­дың иелері де біледі, әрі оны іздеп, елге қай­та­ру жолын­да біз халы­қа­ра­лық заң­ды­лы­қтар­дың бәрін қол­да­на ала­ты­ны­мы­зды да жақ­сы түсінеміз.

Сөйт­се де, талай жыл­дарға созы­ла­тын бұл айтыс-тар­ты­спен, «қар­жы­лық таласпен» ешкім де айна­лы­сқы­сы кел­мей­ді. Сон­ды­қтан да бұл халы­қа­ра­лық айқай-шудың алдын алу үшін, пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев сол капи­тал­дың иелері­мен, мем­ле­кет­пен және халы­қ­пен үше­уа­ра келісім орна­туы керек. Сөй­тіп, капи­тал иелері шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған қар­жы­ны осы келісім негізін­де елде­гі модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­си­я­ның арнайы есеп­шо­ты­на ауда­ра ала­ды. Олар ол сома­дан нақты аны­қталған пай­ы­зда айып­пұл төлей­ді де, қалған қар­жы өздерінің мен­ші­гіне қала­ды. Кей­ін­нен ол қар­жы­ны Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын жаңар­ту тура­лы жоба­ларға инве­сти­ция ретін­де бел­гілі бір мерзім­ге сала алады.

Ал біз өз кезе­гі­міз­де сол инве­сти­ци­я­лар­дың пай­да әке­летініне және олар­дың қауіп­сізді­гіне кепіл­дік беретін арнайы үрдісті ойлап тап­тық. Ол үрдіс мем­ле­кет­тің шетел­дік инве­стор­ларға беретін кепіл­дік­теріне ұқсас. Есесіне капи­тал иелері жаза­лау шара­ла­ры­нан ары­ла­ды да, алдағы уақыт­та қан­дай билік бол­са да, олар­дың мұра­гер­леріне дүние-мүл­кін заң­да­сты­руы тура­лы ешкім ешқан­дай шарт қой­май­тын бола­ды деген жал­пы­ха­лы­қтық кепіл­дік беріледі. Бұл келісім тек шетел­ге капи­тал шығарған шене­унік­тер­ге ғана емес, соны­мен қатар пре­зи­дент­тің маңай­ын­дағы бай­лы­ққа кенеліп оты­рған жан­дай­шап­та­ры үшін де аса маңы­зды. Ал олар әзір­ге өз елі­міз­де­гі қауіп­сіздік­ті қанағат тұтып жүр. Алай­да ертең­гі күні билік ауы­са қал­са, бұл бай­лы­қтың бәрі мем­ле­кет­тен ұрланған болып есеп­теліп, талан-тара­жға түсуі ықти­мал екен­ді­гіне ешкім сене бер­мей­ді. Әсіре­се капи­тал иелерінің мұра­гер­лері сенім­ділік таны­та алмайды.

Келісім­нің тағы бір тиім­ді жағы – қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның ашық және таза болуы. Ешкім де өз бай­лы­ғын жұрт көзі­нен таса­да ұста­май­ды, әрі басы артық дүни­есін басқа біре­удің аты­на жаз­ды­рып әлек­ке түс­пей­ді. Мұн­дай әдістер капи­тал иелеріне аты-жөнін көр­сет­пей, бүр­кен­шік атпен жүру­ге мүм­кін­дік бер­мей­ді. Оның үстіне көп уақыт пен қар­жы­ны және адво­кат­тар мен бітім­гер­лер­ге тәу­ел­ді болу­ды талап етеді.

Талай жыл­дар бойы жинаған қар­жы­сын шетел­дер­ге шыға­ру тіп­ті дик­та­тор­лар сияқты «ірі жемқор­лар­дың» да қолы­нан кел­ме­ген. Мәсе­лен, Кад­да­фи мен Мар­ко­стың бала­ла­ры­на әке­лерінің мұра­сы бұй­ыр­ма­ды. Олар­дың Швей­ца­рия банк­теріне салған ақша­ла­ры Ниге­рия мен Перудің бюд­жет­теріне қай­тып кел­ді. Егер де жоға­ры өкілет­ті шене­унік­тер­дің есеп­шот­та­рын ашуға сау­ал­дар дұрыс жол­дар арқы­лы талап етіліп, құжат­та­ры дұрыс бол­са, онда бір­де-бір мем­ле­кет ол талап­тан бас тар­та алмайды.

Мұн­дай шын­ды­ққа біз Рахат Әли­ев­тің жан-жақтағы есеп­шот­та­рын іздеу-тек­се­ру бары­сын­да көз жет­кіздік. Сон­ды­қтан да қаза­қстан­дық оли­гарх­тар мен жемқор­ларға айта­ты­ны­мыз: сіз­дер­дің шетел­де­гі капи­тал­да­ры­ңы­зға тек бір-ақ мем­ле­кет қана кепіл­дік бере ала­ды, ол – Қаза­қстан. Сол себеп­ті де билік­пен келісім-шар­тқа оты­рып, қажет­ті айып­пұл­ды дер кезін­де төлеп, өз елі­міздің эко­но­ми­ка­сын көр­кей­ту­ге үлес қосыңыздар!

Біз ұсы­нып оты­рған қоғам­дық келісім­де біз­де­гі бай-оли­гарх­тар­дың да жағ­дайы қарас­ты­ры­лған. Ондағы кел­тіріл­ген шар­ттар алда талай жыл бойы өз күшін жой­май, қала бере­рі сөз­сіз. Тіп­ті келе­шек­те сая­си атаққұ­мар­лар қан­ша жер­ден қолқа сал­са да, шарт ешбір өзгеріс­сіз қала береді. Қоғам­дық келісім­нің көп бөлі­мі елде әділет­тілік орна­тып, бұры­нғы түс­кен табыст­ар­дан халы­ққа тиесілі үлесін қай­та­рып беру мәсе­лесіне арналған. Келісім­нің шар­тта­ры халы­ққа өте түсінік­ті тіл­мен жазы­лған, сон­ды­қтан да халық оны­мен бір­ден келі­суі тиіс.

Мұн­дай үрдісті жүр­гі­зу тек билік пен пар­ла­мент­тің ғана жұмысы емес, бұған пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев та атса­лы­суы керек. Ол дүние жүзі елдерінің алдын­дағы өзінің абы­рой-беделін, ел басқа­ру­шы­лық тәжіри­бесін пай­да­ла­нып, осы қоғам­дық келісім­ді Испа­ни­ядағы «Пакт Мон­клоа» келісі­мі сияқты дәре­же­ге көте­руі тиіс. «Пакт Мон­клоа» келісі­мі испа­ни­я­лық бар­лық сая­си күш­тер­дің ара­сын­да елдің дик­та­ту­ра­дан демо­кра­ти­яға бей­біт жол­мен өтуі үшін қабыл­данған бола­тын. Соның арқа­сын­да Испа­ния аза­мат соғы­сы қау­пі­нен құтыл­ды. Біз де сол жол­мен жүріп, мүм­кін­ді­гі­міз­ше елде аза­мат соғы­сы мен қар­жы­лық дау-дамай­ды бол­дыр­мауға тыры­суы­мыз керек.

Шетел­дік инвестициялар

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті жаны­нан құры­лып, жұмыс істей­тін эко­но­ми­ка­ны модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­сия елге қазір­гі­ден гөрі орас­ан зор инве­сти­ция тар­та ала­ды. Елде­гі шикі­зат көзі инве­стор­лар­ды бұры­нғы­дай қызы­қтыр­май­ды, ал ұзақ уақыт бойы пай­да әке­летін жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық жоба­лар біздің елде жұмыс істе­мей­ді. Жаңа тех­но­ло­гия ретін­де ұсы­ны­лған аты­шу­лы көп­те­ген кон­фе­рен­ци­я­лар бар-жоғы инве­стор­лар­дың күл­кісін ғана келтірді.

Батыс елдерін­де қан­ша­ма жаңа тех­но­ло­ги­я­лық жоба­лар бар, олар­ды енді тек жүзе­ге асы­ру керек. Ал ол тех­но­ло­ги­я­лар қай елде жүзе­ге аса­ты­ны – инве­стор­ларға ұсы­ны­ла­тын шар­тта­ры­на және жағ­дай­ға ғана бай­ла­ны­сты: мүм­кін, Оңтүстік Коре­я­да неме­се Оңтүстік Қаза­қстан­да. Әрине, Қаза­қстан­да да өзін­дік ерекшелік­тер бар, бірақ ол аздық ете­ді. Инве­стор­лар­ды қызы­қты­ру үшін қосым­ша мүм­кін­дік­тер тек инфрақұры­лым­ды жақ­сар­тып, мем­ле­кет­тік әкім­шілік жүй­есінің сапа­сын және қаза­қстан­дық кадр­лар­дың білім дең­гей­ін арт­ты­рған жағ­дай­да ғана жүзе­ге асуы мүм­кін. Ал елді түбе­гей­лі жаңар­ту жолын­да жаңа өзгерістер енгі­зу үшін Қаза­қстан «бене­фи­ци­ар» бола ала ма, жоқ па – ол осы мәсе­ле­лер­ді қалай шешетініне байланысты.

Дүни­е­жүзілік нары­қта шикі­зат қоры ғана емес, сон­дай-ақ инве­сти­ци­я­лық капи­тал­дар қоры да арты­лып қал­ды. Оған мысал ретін­де аме­ри­кан­дық S&P500 индексін­де­гі ком­па­ни­я­лар­ды кел­тіру­ге бола­ды. Бұл 500 ком­па­ни­я­ның есеп­шот­та­рын­да 2,4 трлн дол­лар­дың жоба­ла­ры өз кезе­гін күтіп жатыр. Мен баты­стық эко­но­ми­стер және биз­не­смен­дер­мен жүр­гіз­ген келіс­сөз­дер нәти­же­сін­де бай­қаға­ным: елде­гі жаңа инду­стри­я­лық жоба­ларға жыл сай­ын 10–12 млрд дол­лар келіп, Қаза­қстан­ның инду­стри­я­лық дамуын қар­жы­лан­ды­рып отыр.

Шене­унік­ті жетілдіру

Модер­ни­за­ция жөнін­де­гі комис­си­я­ны басқа­ру қан­ша­лы­қты қиын бола­ты­нын пре­зи­дент Назар­ба­ев сезіп отыр. Өйт­кені оған тек интел­лек­ту­ал­ды түр­де дамы­ған адам­дар тобы ғана емес, бар­лық құры­лым­дар­дың бас­шы­ла­ры да қар­сы шығуы мүм­кін. Ал ол шене­унік­тер талай жыл бойы билік­те жылы орын­да оты­рып, өздері де талай ұрлық-қар­лық жасаға­нын және басқаға да ұрлық жаса­уға себеп­кер болға­нын Назар­ба­ев көр­мей-біл­мей оты­рған жоқ. Әрине, біледі. Тіп­ті олар­дың кес­кін-кел­беті­нен де шеті­нен жемқор­лар екенін, қылы­қта­ры адам­гер­шілік­ке жат, ұят­ты, заң­ды аяққа басып, тек өздерінің қара баста­ры­ның қамын ғана ойлай­тын адам­дар екені білініп-ақ тұр…

Осын­дай мінез­де­ме­ден кей­ін, әрине, сон­дай адам­дар­мен мем­ле­кет­тік маңы­зды мәсе­ле­лер­ді шешу­ге бола ма деген сұрақ өзді­гі­нен туын­дай­ды. Ал мен бола­ды деп жау­ап берер едім. Кезін­де авиа­кон­струк­тор­лар­дың біріне Ста­лин айтқан­дай, «басқа мини­стр­лер жоқ, осы­лар­дың өзін басқа­ша жұмыс істе­у­ге мәж­бүр­леу керек». Шене­унік деген – айтқа­ны­ң­ды істей­тін адам ғой. Ең басты­сы – дұрыс тап­сыр­ма беріп, соның дұрыс орын­да­луын қатаң түр­де қадаға­лау керек.

Еске ала­тын бол­сақ, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін Батыс Гер­ма­ни­яда демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тің бас­шы­лы­ғы­на кезін­де Гит­лер­ге қыз­мет еткен бұры­нғы шови­ни­стер кел­ді. Ал Қытай­да Дэн Сяо­пин­нің тұсын­да жаңа эко­но­ми­ка­ны ком­му­нист-шене­унік­тер жүзе­ге асыр­ды емес пе? Қалай десек те, біздің шене­унік­тер­дің олар­дан қай жері кем?

Егер де тезірек дәй­ек­ті түр­де қимыл­дай­тын бол­сақ, онда жаңа­ша өзгерістер шене­унік­тер­дің жаңа тобын туды­ра­ты­ны­на мен кәміл сене­мін. Жемқор­лық деген – жүре-жүре жұқты­ра­тын кәдім­гі дерт сияқты. Ол ұрпақтан-ұрпаққа беріл­мей­ді, керісін­ше, дұрыс өмір сүр­ме­ген­дік­тен пай­да бола­ды. Елде талай жыл бойы ақыл­ды, адал бас­шы­лар емес, керісін­ше, ала­яқ және қу адам­дар басқа­ра­тын жүйе қалып­та­сып қал­ды. Енді осы­дан кей­ін егер де елге жаңа өзгерістер енгі­зетін бол­сақ, онда шене­унік­тер­дің қылы­қта­ры да өзгер­мей­ді дей­сіз бе?! Олар біз­ге әлі талай-талай тама­ша ұсы­ны­стар жасай­ты­ны­на мен сенім­ді­мін. Осы жөнін­де Дэн Сяо­пин­нің айтқа­ны бар: «Мысық қан­дай түсті болға­ны маңы­зды емес, ең басты­сы – ол тышқан аула­са болды».

Кәсіп­кер­лер еркіндігі

Тая­у­да Қаза­қстан­да тағы да бір мере­ке күні бел­гі­лен­ді – Алғыс айту күні. Сол күні кім­ге алғыс айты­лға­ны есім­де жоқ, деген­мен де, алғы­сты шын мәнісін­де елде­гі кәсіп­кер­лер­ге – шағын және орта биз­нес өкіл­деріне айту керек. Өйт­кені олар ешқан­дай да қиын­ды­ққа, ешқан­дай да дағ­да­ры­сқа қара­ма­стан, бюд­жет­тен ақша сұра­ма­стан, күн­делік­ті қар­жы­лық қауіп-қатер­ге төзе біліп, өздерінің биз­несін жүр­гізіп келеді. Ертең­гі күні елді жаңар­ту кезін­де нағыз ауырт­па­лық дәл соларға түсері анық.

Қазір­гі заманғы тех­но­ло­ги­я­ларға сай өндіріс орын­да­рын ашу өмір­ге жаңа биз­нес көз­дерін, сәй­кесін­ше, жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға да мүм­кін­дік беріп, әле­умет­тік орта­ны жан­дан­ды­ра түседі. Соның нәти­же­сін­де жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лар өмір­ге кел­се, жұмыс орын­да­ры аза­яды деген мақұ­рым ұғым кел­мес­ке кете­ді. Әйт­пе­се Жапо­ни­я­ны баяғы­да-ақ жұмыс­сыздық жау­лап алар еді.

Модер­ни­за­ци­я­лау бағ­дар­ла­ма­сын­да ірі-ірі кәсі­по­рын­дарға инве­сти­ция жасау мәсе­ле­лері­мен қатар, өз кәсібін жаңа­дан бастап келе жатқан жас кәсіп­кер­лер­ге көмек көр­се­ту мәсе­лесі де қарас­ты­ры­лған. Осы­ған бай­ла­ны­сты шағын және орта биз­не­сті қорғау, оларға жеңіл­дік­тер беру және жеке инве­сти­ци­я­лар­дың орнын тез ара­да тол­ты­ру тура­лы заң­ды­лы­қтар мәжіліс талқы­ла­у­ы­на ұсынылады.

Біздің биз­не­смен­дер­дің ойын­ша, олар­дың жаңа өндіріс орын­да­рын іске қосу үшін кет­кен шығын­да­ры­ның орнын мем­ле­кет тол­ты­руы тиіс. Бұл дұрыс. Тіп­ті қар­жы­мен қай­тар­ма­са да, мыса­лы, жаңа­дан ашы­лған өндіріс орын­да­ры әбден аяққа тұрған­ша, мем­ле­кет олар­ды салық салу бұға­уы­нан боса­туы тиіс. Неме­се олар алға­шқы табыст­а­ры­на қол жет­кіз­ген­ше, олар­дың салы­қта­ры­на жеңіл­дік­тер беруі тиіс.

Алай­да әзір­ге түр­ме­лер мен тер­геу изо­ля­то­рын­да көп­те­ген кәсіп­кер­лер азап тар­тып, қасірет шегіп жатқан­да, мұн­дай игі баста­ма­лар түк­ке тұрғы­сыз болып сана­ла­ды, одан ешқан­дай да нәти­же шық­пай­ды. Сон­ды­қтан да Модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­си­я­ның ең бірін­ші­ден шешетін мәсе­лесі – «шару­а­шы­лық қыл­мысы үшін» темір тор­да қамауда жатқан аза­мат­тарға рақым­шы­лық жаса­лып, олар­ды қапас­тан құтқа­ру керек. Өйт­кені олар­дың бәрі – «жасаған қыл­мыста­ры­на қара­ма­стан», кезін­де мем­ле­кет­тік-оли­гар­хи­я­лық жүй­енің қыспағы­на түсіп, соның құр­ба­ны­на айналған­дар. Қан­дай сот оларға үкім шыға­рып, кім­дер­дің қабыл­даған заң­ды­лы­қта­ры бой­ын­ша сот­талға­нын ешқа­шан ұмыт­пау керек.

Про­ку­ра­ту­ра мен поли­ция, әсіре­се қар­жы поли­ци­я­сы әлдеқа­шан шене­унік­тер­дің қол­шоқ­па­ры­на айналған, сол арқы­лы олар елде­гі шағын және орта биз­нес өкіл­деріне бақы­лау жасап, олар­дың табыст­а­ры­на көз сүзіп отыр. Сон­ды­қтан да алдағы уақыт­та құқық қорғау орган­да­ры­на қан­дай да бір заң­ды­лы­қтар­ды қабыл­да­уға тый­ым салу керек. Дәлірек айтқан­да, Қаза­қстан поли­цей­лі мем­ле­кет­ке айнал­мауы керек.

Негізі, «шетел­дік» капи­тал­дарға рақым­шы­лық жаса­лып жатқан­да, өз іші­міз­де­гі қара­пай­ым кәсіп­кер­лер­ге рақым­шы­лық жасау деген не тәй­ірі?! Ал үкі­мет­тің жылы орын­да­ры­на оты­рып алған шене­унік­тер­дің бай­лы­ғы­ның қасын­да қай­дағы бір кіші­гірім кәсіп­кер­дің дер кезін­де салы­ғын төле­ме­уі деген тіп­ті үлкен мұхи­тқа там­шы тамы­зған­мен бір­дей емес пе?! Сон­да салық төле­мей­тін біре­улер мини­стр­дің тағын­да шалқиып отыр­са, енді біре­улері түр­менің суық сәкісін­де оты­рға­ны – әділ­дік пе?!

Рефор­ма­лар­дың ада­ми өлшемі

Біз әріп­те­стері­міз­бен бір­ге Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын жаңар­ту жөнін­де­гі бағ­дар­ла­ма­ны талқы­лаған кез­де «қазақ халқы осы бағ­дар­ла­ма­ны қабыл­дай ма, жоқ па?» деген сұрақ мін­дет­ті түр­де өзді­гі­нен туын­дап оты­ра­ды. Әрине, «стра­те­гия-20, 30, 50», «кла­стер» деген дана­гөй­лік бағ­дар­ла­ма­лар­дан кей­ін, дүни­е­жүзілік алды­ңғы қатар­лы жиыр­ма-отыз елдің сана­ты­на «кір­ген­нен» кей­ін, оның үстіне елі­мізді бір­де барыс, бір­де бүр­кіт деп шары­қта­тып қой­ған бағ­дар­ла­ма­лар­дан кей­ін бұл халық бір­деңе­ге сене ме?

Менің жау­а­бым біреу-ақ: аза­мат­тар­дың сенім­сіздік таны­туға құқы­ғы бар, ал билік өз тара­пы­нан сол сенім­сіздік бұл­тын сей­іл­тіп, өздерінің жос­пар­ла­ры­ның нақты нәти­же­сін көр­се­туі тиіс. Ол үшін кез кел­ген бағ­дар­ла­ма­ны он жылға созбай, айнал­ды­рған жар­ты жыл­дың ішін­де оның нәти­же­сін көр­се­туі керек. Ал комис­сия әрбір алты ай сай­ын өзінің жұмысы­на есеп беріп оты­руы тиіс. Сон­да алдағы жаңар­ту бағ­дар­ла­ма­сын «Қаза­қстан-2016» деп ата­уға бола­ды. Ал келер жылғы жос­пар – «Қаза­қстан-2017» бол­сын. Солай-солай кете береді. Сон­да ғана Модер­ни­за­ци­я­лау жөнін­де­гі комис­си­я­ның жұмысын халық өзі-ақ бақы­лап отырады.

Сөй­тіп аз уақыт­тың ішін­де көп­те­ген жетістік­тер­ге жету­ге бола­ды. Мыса­лы, салық төлем­дері мен жиын­дар­дың көле­мін қай­та қара­уға бола­ды. Кәсі­по­рын­дар­дың табыс көзіне салы­на­тын салы­ғын төмен­детіп, ал ком­пен­са­ция көле­мі үшін қар­жы­ны шикі­затты шетел­ге шыға­рып, оны өз елі­міз­де өндірудің жол­да­рын таба алмай оты­рған ком­па­ни­я­лар­дан алу керек. Ал аграр­лық сек­тор­да табыс көзіне салы­на­тын салы­қта әр аймақтар­дағы ауа рай­ы­ның жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты айыр­ма­шы­лы­қтар болуы мүмкін.

Модер­ни­за­ци­я­лау бағ­дар­ла­ма­сы­ның бір­не­ше бөлім­дері елде бір, екі қабат­ты тұрғын үйлер құры­лы­сы­на арналған, өйт­кені тек осы­лай ғана тұрғын үй мәсе­лесін шешу­ге бола­ды, әрі бұл баста­ма халы­қты жақ­сы өмір сүру­ге ынта­лан­ды­ра­ды. Пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев бұл тура­лы жақын­да өзі жария етті. Алай­да елдің эко­но­ми­ка­сын жаңарт­пай­ын­ша, бұл бағ­дар­ла­ма да өзді­гі­нен ешқан­дай нәти­же бер­месі анық. Сон­ды­қтан да алдағы жыл­дар­да әр адам басы­на 30 шар­шы метр бола­тын­дай етіп (БҰҰ-ның шешім­деріне сәй­кес), халы­қты толы­қтай тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету – Қаза­қстан­ның басты мін­дет­терінің бірі. Бұл жер­де әңгі­ме бар­лық ком­му­нал­дық жүй­е­лер­мен толық қам­ты­лған, қазір­гі заман сұра­ны­ста­ры­на сай пәтер­лер жай­лы болып отыр.

Өкініш­ке орай, бюд­жет­те бұған арналған қара­жат жоқ. Тек қана эко­но­ми­ка­ны жаңар­ту­дан түсетін табыст­арға орта­ша есеп­пен ипо­те­ка алуға бола­ды. Сол себеп­ті де аймақтар­да құры­лыс мате­ри­ал­да­рын өндіретін жеке мен­шік кәсі­по­рын­дар, сон­дай-ақ жалға алы­нған құры­лыс тех­ни­ка­сы­на қыз­мет көр­се­ту ком­па­ни­я­ла­рын ашу жос­пар­ла­нып отыр.

Елде­гі инфрақұры­лым­дар мен транс­пор­тқа құй­ы­лған инве­сти­ци­я­лар, құры­лыс алаң­да­ры үшін тегін берілетін жер, қол жетім­ді несие алу – осы­ның бәрі талай жыл­дар бойы шеші­мін тап­пай келе жатқан тұрғын үй мәсе­лесін шешу­ге сеп­ті­гін тигі­зеді. Әсіре­се үлкен өмір­ге енді ғана аяқ басқан жас маман­дар мен жас отба­сы­ла­ры­на көмек­те­седі. Мей­лі, бұл қара­пай­ым ғана салы­нған үй бол­са да, есесіне оның іші бақыт­ты жан­дар­дың күл­кісіне толы болуы керек. Ал Аста­на­дағы пат­ша сарайы секіл­ді салы­нған зәулім үйлер­дің сыр­ты әде­мі болға­ны­мен, іші күңірей­іп, ешқан­дай да жылы­лық бел­гісі сезіл­мей­ді, әрі баға­сы да тым қым­бат. Сон­ды­қтан да сырт­тан келетін шетел­дік қонақтар таңқа­ла­тын­дай үйлер­ді салу­ды тоқта­тып, халы­қты, жал­пы алған­да, мем­ле­кет­ті де өз қара­жа­ты­на өмір сүру­ге дағ­ды­лан­ды­ру керек.

Модер­ни­за­ция бағ­дар­ла­ма­сы­ның үкі­мет­тің басқа бағ­дар­ла­ма­ла­ры­нан ең басты айыр­ма­шы­лы­ғы – оның даму мақ­сат­та­рын­да. Бұл мақ­сат­тар ада­мға түсінік­ті бір­лік­тер­мен есеп­теліп алы­нған. Мыса­лы, адам­ның өмір ұза­қты­ғы­на, азық-түлік өлше­міне, білім дең­гей­іне қарай. Ал ада­мға түсініксіз мил­ли­он­даған тон­на­лар­ды мың­даған дол­ларға көбей­тіп, оның нәти­же­сін қол жет­кен дәре­же тұту халы­ққа түк­ке де керек емес. Қан­ша деген­мен, Қаза­қстан – «мұнай-газ-уран өндіретін» қай­дағы бір жеке мен­шік кон­церн емес, ол қаза­қтар­дың елі.

Біздің халы­ққа Скан­ди­на­вия елдерін­де­гі сияқты жал­пы­ға бір­дей қол­жетім­ді білім алу керек. Ол жақта білім алғы­сы кел­ген әрбір оқу­шы уни­вер­си­тет қабы­рға­сын­да да тегін оқып, жоға­ры білім алып шыға­ды. Сол сияқты үкі­мет меди­ци­на сала­сы­на кет­кен шығын­ды тең­ге­мен емес, қаза­қстан­дық әрбір аза­мат­тың өмірінің ұза­қты­ғы­мен есеп­те­уі қажет. Оны қайт­се де тым бол­ма­са 75-ке дей­ін созу керек. Қазір қаза­қстан­ды­қтар­дың орта­ша өмір сүру ұза­қты­ғы Сирия елін­де­гі сияқты – 68 жыл көле­мін­де. Ал Бан­гла­де­ш­те өмір сүру ұза­қты­ғы­нан екі жылға кем.

Қоры­тын­ды

Қаза­қстан қайт­кен күн­де де эко­но­ми­ка­лық және қоғам­дық өмірін жаңар­та­ды деп сене­мін. Егер де пре­зи­дент Назар­ба­ев тез ара­да мұн­дай шешім қабыл­да­май­тын бол­са, келесі билік оны қалай да қолға ала­ды. Өйт­кені Қаза­қстан өзінің тәу­ел­сізді­гі мен тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғын сақтап қалуы үшін басқа амал жоқ. Ұлан бай­тақ жері­міз, жер асты бай­лы­ғы­мыз, бір­не­ше ғасыр­ларға созы­ла­тын тарихы­мыз, әрұлт­ты халқы­мыз және дүни­е­жүзілік ұлы дер­жа­ва­лар­мен көр­ші бола тұра, біз Афри­ка­ның арт­та қалған мем­ле­кет­тері сияқты кедей­шілік­ке өмір сүре алмай­мыз, тіп­ті ондай өмір сүру­ге де тиісті емеспіз.

Дүни­е­жүзілік нары­қтан өзі­міз­ге тиісті орын алу үшін, біз­ге бір сер­піліс қажет. Шетел­ден Қаза­қстанға қай­та­ры­лған қар­жы сол үшін жақ­сы қара­жат бола ала­ды және оған қоса ұлт­тық қор­лар мен шетел­дік инве­сти­ци­я­лар­дың қар­жы­сы тағы бар. Басқа амал ойлап табыл­са, кәне?!

Бұл үрдістің тезірек және Н. Назар­ба­ев­тың қол­да­уы­мен баста­луын неге жақ­сы бола­ды деп жори­мыз? Өйт­кені жаңа­дан келетін билік біздің өткен тарихы­мы­з­бен сана­спай­ды, олар жаңар­ту үрдісін өте қатаң жағ­дай­да жүр­гі­зуі мүм­кін. Келер бас­шы­лар­да тіп­ті таң­дау да бол­май­ды: егер де біздің ел бұл үрдісті шама­лы ғана тежей­тін бол­са, ол қар­жы сақта­у­лы жатқан елдің үкі­меті оны кәм­пес­ке­леп, өз қажетіне жұм­са­уға толық құқы­ғы бар. Сол кез­де Қаза­қстан халқы өз үкі­метінің бұл қателі­гін ешқа­шан да кешірмейді.

Сон­ды­қтан да ел эко­но­ми­ка­сын модер­ни­за­ци­я­лау мәсе­лесін мен келе­шек ұрпақтың еншісіне қал­ды­рғым кел­мей­ді. Келе­шек­те олар­дың жағ­дайы қазір­гі­ден де қиы­ны­рақ болуы әбден мүм­кін ғой. Алда бола­тын талай-талай өзгерістер олар­ды айна­лып өтпей­ді. Міне, біздің ұрпақ сол жақ­сы-жаман өзгерістер­ге тік тұрып төтеп бере ала­тын­дай, неме­се олар­ды қабыл­дай ала­тын­дай жағ­дай­да болуы үшін, қазір­ден бастап Қаза­қстан алды­ңғы қатар­лы дамы­ған, инду­стри­ал­ды елге айна­луы керек. Ал оған қалай­ша қол жет­кі­зу керек екенін біз біле­міз, әрі толық мүм­кін­ді­гі­міз бар. Оны пре­зи­дент Назар­ба­ев та біледі, әрі қолы­нан келеді. Өйт­кені ол да өзінің бала­ла­ры мен неме­ре-шөбе­ре­лері жай­лы ойла­май­ды емес – ойлай­ды. Енді сол үрдісті толы­ғы­мен оңтай­лы іске түр­де асы­ру ғана қалды. 

«Обще­ствен­ная позиция»(проект «DAT» №12 (329) от 24 мар­та 2016 г.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн