Воскресенье , 6 июля 2025

КЕЗЕККЕ КІМДЕР ТҰРДЫ?

Бұл екі арада

 

 

Ал отба­сын құрап, бала­лы-шаға­лы өмір­ге қадам басуға ниет­ті сұлу­лар кезе­гіне кім­дер кел­ді? Бұл қатар­да да біраз қызық бар.

Шоу-биз­не­сте­гі «биз­нес леди» атанған Дина­ра Қыры­қ­ба­е­ва тая­у­да қуа­ны­шты жаңа­лы­ғын жұрт­шы­лы­ққа жет­кізді. «Instagram» деген «өсек­ші» желінің жет­кі­зуіне қараған­да, Дина­раға сырға салған екен.

Алай­да «қара қыздың» жүре­гін жау­лаған жігіт­тің кім екені құпия. Бір аны­ғы – бел­гілі әнші Гүл­нұр Ора­зым­бе­то­ва мен атақты айтыс­кер Айнұр Тұр­сым­ба­е­ва өз «Instagrm» парақ­ша­ла­рын­да: «Қызға сырға сал­дық. Дина­ра қыз енді ұлы жүздің келіні. Олжас – Дина­ра, бақыт­ты болы­ң­дар!» деп жазып, Дина­раға сырға салу рәсі­мі­нен фото­су­рет­тер жари­я­лаған екен.

Ал «билет қал­та­да – пой­ыз қай­да кете­ді» демек­ші, сырға салын­ды – той қай­да қашар дей­сіз! Айт­пақ­шы, Дина­ра­ның «Event company by Dinara Кyrykbayeva» деп ата­ла­тын той ұйым­да­сты­ра­тын эвент-ком­па­ни­я­сы бар. Бұл ком­па­ни­яда той өткі­зудің ең төмен­гі баға­сы 3000–5000 дол­лар, ең жоға­ры­сы – 50–200 мың. Бұл – жел сөздің желі­гі емес, Дина­ра­ның өзі жария еткен ақпар. Енде­ше Дина­ра үшін ұза­ты­лу – ұзақ-сонар қиын­дық бол­май­ты­ны ап-анық.

Ал «KeshYou»-ден кетіп, жұл­ды­зды биік­ке жақын­дай түс­кен Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва «кезек­тің» ең соңын­да тұр. Оған сырға емес, әзір­ге сөз салып жүр­ген жігіт бар екен: оны мөл­діре­ген Мөл­дір­дің өзі «Instagram» желісіне «жетек­теп әкепті».

Ол өзінің іnsta-парақ­ша­сы­на: «Өмірің­де­гі үлкен сәт­тілік – теңін­ді тауып, оның жүзіне там­са­на қарау, қызы­ға тың­дау, шын ниет­пен күлу және әр кез­де­суді тағат­сызда­на күту… Туы­лған күнің­мен!» деп, бады­рай­тып жазып қой­ған екен.

Алай­да әле­умет­тік желі­де­гі «сын айтқы­штар­дың» пікірі екі­ге жары­ла­ды. Бірі жара­сым­ды жұп санап: «Бақыт­ты болы­ң­дар!» десе, екін­шісі: «Өзіңіз­ден үлкен­деу…» екен деп жатыр.

Бұл да аса бір мін тағар­лық «кемістік» бол­ма­са керек: өмір­де ненің бол­са да үлкен­деу болға­ны жақ­сы емес пе…

Бет­ті дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн