Понедельник , 7 июля 2025

Әкежан Қажыгелдин: ШЕТЕЛДЕРГЕ ТЫҒЫЛҒАН миллиардтаған қаржыны ЕЛГЕ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Ел мүд­десі үшін

 

Әзір­ге Қаза­қстан жұр­ты ширек ғасыр бойы шетел­ге шыға­ры­лған 100 млрд дол­лар тура­лы сөз қылып жүр­ген­де, қаза­қстан­дық оппо­зи­ция өкіл­дерінің шетел­де­гі бюро­сы осы қомақты қар­жы­ны іздеп қана қой­май, оны елге қай­та­ру жолы­ның бағ­дар­ла­ма­сын да жасап қой­ды. Мұны істеу мүм­кін бе, әрі қалай істе­у­ге бола­ды? Біз ҚР-ның экс-пре­мьер-мини­стрі Әке­жан Қажы­гел­дин­нен алғаш рет қаза­қстан­дық ақпа­рат құрал­да­ры­ның бетін­де осы сұраққа жау­ап беруін өтіндік.

 

 

«Хими­я­лық таза­лау» ЖАБЫЛАДЫ

Кезін­де заң­сыз жол­мен шетел­ге шыға­ры­лған орас­ан зор қомақты қар­жы­ны елдің эко­но­ми­ка­сы­на қай­та­дан қай­та­ру мәсе­лесі – бүгін­гі күні тек Қаза­қстан үшін ғана емес, тұта­стай халы­қа­ра­лық қауым­да­стық үшін де шеші­мін тап­пай келе жатқан өзек­ті мәсе­ле. Әсіре­се 2008 жылғы дүни­е­жүзілік қар­жы дағ­да­ры­сы­нан кей­ін банк­тер­дің түгелі дер­лік құл­ды­ра­уға шақ қалған кез­де, олар өз елдерінің үкі­мет­тері­нен көмек сұрап, бар­лы­ғы уақыт­ша ұлт­тан­ды­ры­лған бола­тын. Сол кез­де салым­дар­дың бар­лы­ғы құпи­я­лы­ғын жоғал­тып, банк­ке түс­кен капи­тал­дың қай­дан және қалай келіп жатқа­нын қадаға­ла­уды үкі­мет толы­ғы­мен өз бақы­ла­у­ы­на алған болатын.

2012 жылы «Үлкен жетілік» елдерінің (Ресей­ден басқа­сы) қар­жы мини­стр­лерінің кез­де­суі өтті. Онда тран­с­ше­ка­ра­лық қар­жы қыл­мыста­ры­на қар­сы қол­да­ну шара­ла­ры жөнін­де келісім жасалған бола­тын. Оның үстіне АҚШ кон­гресі Додда-Франк түзе­туін қабыл­дап, бұл түзе­ту бой­ын­ша, қыз­мет бабын пай­да­ла­нып, қар­жы жымқы­рған қыл­мыс­кер­лер жай­лы феде­раль­ді өкі­мет­ке хабар­лаған тұлға­лар­дың қауіп­сізді­гі қам­та­ма­сыз етіл­ді. Бұдан кей­ін ондай тұлға­лар қуда­лан­бай, керісін­ше, оларға қар­жы­лық қыл­мыстан тәр­кі­лен­ген капи­тал­дың 30%-ы көле­мін­де сый­ақы төлеу ұйға­рыл­ды. Осын­дай сый­ақы төлеу әдісі басқа елдер­дің заң­да­рын­да да қарас­ты­ры­лған, әсіре­се Ұлы­бри­та­ни­я­ның заңын­да. Сон­ды­қтан да қыл­мыстық капи­тал­дар­ды іздеп табу ісі қауіп­сіз ғана емес, өте пай­да­лы іс болып отыр.

Мұның бәрінің Қаза­қстанға қаты­сы қан­ша? Әрине, тура қаты­сы бар деп айта салу оңай. Ол үшін алды­мен 2000-жыл­дарға шегініс жасай­ық. Ол кез­де пат­ри­от­тық ұста­ны­мға ие болған қазақ кәсіп­кер­лерінің ұнжы­рға­сы түсіп, салы суға кетіп жүр­ді. Оған себеп – елде­гі ірі-ірі шикі­зат ком­па­ни­я­ла­ры­ның баты­стық бир­жа­ларға шығуы еді. Әрі бұл ком­па­ни­я­лар­дың күмән­ді шетел­дік иегер­лері аз ғана уақыт ара­лы­ғын­да, дол­лар баға­мы­м­ен есеп­те­ген­де, мил­ли­ар­дер­лер болып шыға кел­ді. Мені­мен сұх­бат­тасқан көп­те­ген адам­дарға мұнай­дан, мыстан, мыры­штан, уран мен басқа да ұлт­тық бай­лы­ғы­мы­здан түс­кен қар­жы дүни­е­жүзілік капи­талға сіңіп, жоқ болып кететін­дей көрі­ну­ші еді. Ал жаңа­дан жарқ еткен бай­шы­кеш-оли­гарх­тар Баты­сқа кет­се, бұл бай­лы­қты Қаза­қстан халқы­на қай­та­руға ешқа­шан мүм­кін­дік бол­май­тын сияқты болып көрінетін.

Осы жөнін­де сөй­лес­кен адам­дар­дың көп­шілі­гі, тәу­ба, қазір аман-есен жүріп жатыр. Мен олар­дың талай­ы­на мұн­дай орас­ан мол қар­жы­ның іс-түс­сіз жоға­лып кетуі мүм­кін еме­сті­гін айтып, үміт үзбе­у­ге шақы­рған едім. Алдағы кезең­де Қаза­қстан үкі­меті, егер елден заң­сыз түр­де шыға­ры­лған қар­жы­ны қай­та­ру­ды алды­на мақ­сат етіп қой­са, қай уақыт­та бол­са да, оны елге қай­та­ра ала­ды. Әрине, оның қан­дай да бір бөлі­гі вил­ла, яхта және қым­бат бұй­ым­дар сатып алуға, сон­дай-ақ мән-мағы­на­сыз дүни­е­лер­ге жұм­са­ла­ты­ны анық. Бірақ та басқа елдің эко­но­ми­ка­сы­на жұмыс істеп жатқан капи­тал­мен салы­сты­рған­да, ол – айтуға тұрғы­сыз ұсақ дүние. Ол қар­жы іздеп табы­лып, мін­дет­ті түр­де Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на қайтарылады.

 

Дағ­да­ры­стан шығу­дың АМАЛЫ – ІЛГЕК

Құла­шын кең жай­ған эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс Аста­на­дағы жау­ап­ты басқа­ру тобын сая­си жүй­енің жаңа­руын күт­пей, қазір­ден бастап, шетел­де­гі қазақ ақша­ла­рын ізде­сті­ре баста­уға мәж­бүр­леп отыр. Оның нақты көле­мі қан­ша екенін айту қиын, деген­мен де соңғы 20 жыл ішін­де дүни­е­жүзілік нары­қта саты­лған шикі­зат құны­на негіз­дей оты­рып есеп­тей­тін бол­сақ, бір­не­ше жүз мил­ли­ард дол­лар­дың көле­мін­де деп айтуға бола­ды. Бұл – тек қана бюд­жет­тен ұрланған, салы­қтан жасы­ры­нған және пара алған­нан түс­кен қар­жы­ның көлемі.

Рахат Әли­ев­тің Еуро­одақ елдерін­де­гі капи­та­лын ізде­сті­ру ісі ақы­рын­да жемісін бере баста­ды, өйт­кені – ол қар­жы­ның қыл­мыстық жол­мен түс­кен­ді­гін дәлел­деу бары­сын­да сол елдер­дің заң­ды­лы­қта­ры мен ере­же­лері қол­да­ны­лған. Әли­ев қыл­мысы­ның құр­ба­ны болған­дар (кезін­де Әли­ев биз­не­стерін тар­тып алған биз­не­смен­дер) Батыс елдері үкі­метіне Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің күй­еу бала­сы биз­нес­мен емес, мем­ле­кет­тік шене­унік болға­нын дәлел­деу үшін бір күш­ке бірік­ті. Ол Батыс елдері банк­теріне заң­сыз аударған сон­ша­ма мол қар­жы­ны өзінің адал еңбе­гі­мен ешқа­шан да жинай алмас еді.

Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры лау­а­зы­мын атқа­ра жүріп, заң­ды түр­де бас­па ісі­мен айна­лы­суға бола­ды деген түсінік демо­кра­ти­я­лық елдер­дің әрбір түй­сік­ті аза­мат­та­ры­ның сана­сы­на қон­бай­ды. Әрі елде­гі қар­жы поли­ци­я­сын басқа­ра оты­рып, қант сауда­сы­на қалай­ша бақы­лау жүр­гізу­ге бола­ды?! Оның үстіне жеке мен­шік банк иесі бола оты­рып, қалай­ша шетел­дік өкіл­ділік­те елшінің мін­детін, сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры қыз­метін және Қаза­қстан­ның ЕЫҚҰ-дағы өкілі қыз­метін атқа­руға болады?!

Қан­дай қыл­мыстық капи­талға тап болған­да­рын түсін­ген еуро­па­лы­қтар Әли­ев пен оның сыбай­ла­ста­ры тыққан актив­терінің банк­тік және ком­мер­ци­я­лық құпи­я­ла­рын дереу аша баста­ды. Олар­дың есеп­шот­та­ры тұтқын­да­лып, дүние-мүлік­тері тәр­кі­ле­ну­де. Менің­ше, Әли­ев­тің өз-өзіне қол жұм­са­уы­на осы­лар түрт­кі болған шығар дей­мін. Өйт­кені билік­ке ол тек ақша үшін ғана ұмтыл­ды, тек ақша арқы­лы ғана билік­ке жету­ге бола­ды деп ойла­ды. Оның Баты­ста ұзақ уақыт бойы жаза­сыз, бостан­ды­қта жүруі адво­кат­тар мен жасы­рын жан­сызда­ры­на өлше­усіз төлеп оты­рған ақы­сы­на, яғни қар­жы­сы­на негіз­дел­ді. Ал ақшаға қол жет­кі­зу мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­ла бастаған Әли­ев заң алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тен құты­лу үміті­нен де бір­жо­ла айы­ры­ла бастады.

 

ҚАНТ МИНИСТРІ

Әли­ев қисы­нын тауып, өзінің мил­ли­он­да­рын баты­стық банк­тер­ге ауда­рып жүр­ген кез­де «PEP – politically exposed person» деген түсінік әлі аса тара­ла қой­маған еді. Бұл тер­мин­мен сая­си жүйе мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­те өте маңы­зды орын ала­тын лау­а­зым иелері бел­гі­ле­неді. Жемқор­лы­қтан түс­кен қара­жат­ты шетел­ге асы­ру ісі­мен күре­су жөнін­де­гі FATF (Financial Action Task Force on Money Laundering) Халы­қа­ра­лық ұйы­мы тек ондай отба­сы­лар­дың ғана емес, соны­мен қатар олар­дың әрбір мүше­сінің де табысын мұқи­ят тек­се­руді талап ете­ді. Пре­зи­дент­тер, пре­мьер­лер, мини­стр­лер, депу­тат­тар, губер­на­тор­лар, мэр­лер – бәрі де осы «күдік­тілер тобы­на» жата­ды. Бұл адам­дар­дың қара­жа­тын жіті қадаға­лау керек, әрі олар өздері әрбір тиы­ны­на дей­ін қай­дан кел­генін дәлел­деп, есеп беріп оты­руға міндетті.

Әрине, бұл өте дұрыс әрі түсінік­ті жағ­дай. Мәсе­лен, АҚШ мем­ле­кет­тік сек­ре­та­ры­ның орын­ба­са­ры жұмыс ара­сын­да қант сауда­сы­мен, ал бри­тан­дық «МІ‑6» бар­лау тобы­ның басты­ғы газет және теле­ка­нал­дар­мен айна­лы­сқа­нын, Швей­ца­ри­я­ның «ОБСУ»-дегі елшісі қан­дай да бір швей­ца­ри­я­лық банк­ке иелік еткенін көз алды­ңы­зға еле­стетіп көріңіз­ші! Ал біздің Қаза­қстан­да мұның бәрі – үйрен­шік­ті әдет­ке айналған. Қаза­қстан­да Рахат Әли­ев­тен басқа да, өздері неме­се бала­ла­ры мен күй­еу бала­ла­ры мил­ли­ар­дер ата­нып жүр­ген көп­те­ген аты мәлім «сая­си тұлға­лар» жеткілікті.

Сон­ды­қтан да қаза­қстан­дық PEP’-лерге кез кел­ген уақыт­та тек­серіс жүруі мүм­кін. Егер де бұл үрдіс жер­гілік­ті билік пен қоғам­ның тала­бы бой­ын­ша жүретін бол­са, онда олар­дың қара­жа­ты Қаза­қстан­ның пай­да­сы­на қарай тәр­кі­ле­неді деп айту өте қиын. Ал егер де бұл істі шетел­дік билік «бел­гілі бір дереккөздің» өтіні­ші неме­се баста­ма­сы бой­ын­ша жүр­гі­зетін бол­са, онда ол қара­жат сол елдің бюд­жетіне құй­ы­ла­ды және өтініш біл­дір­ген ада­мға сол сома­дан бел­гілі бір мөл­шер­де сый­ақы төленеді.

 

Сай­ла­у­ал­ды ҚЫРЫП-ЖОЮ

Қаза­қстан­дық мем­ле­кет­тік орган­дар шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған бай­лы­қты елге қай­та­ру үшін, оның иелері тек пре­зи­дент қуда­ла­у­ы­на түс­кен кез­де ғана емес, басқа кез­де де сол үшін бар­лық амал-тәсіл­дер­ді жаса­уы тиіс екенін атап өту керек. Әйт­пе­се ізде­ушілер оны «тек әділет­ті сай­лау алдын­да» ғана іздеу керек шығар деп, әрі оны елде­гі жемқор­лық пен ұрлы­қты әшке­ре­леу үшін ғана емес, тек билік­ке шын беріл­ген­дік­тен ғана іздеу керек шығар деп ойлап қалуы мүмкін.

Оның айқын дәлелі – Алма­ты­ның атақты экс-мэрі Вик­тор Хра­пу­нов. Біздің елде оның қан­дай жол­мен сан­сыз бай­ы­ға­нын кім біл­мей­ді дей­сіз?! Тіп­ті оның жұбайы мен бала­ла­ры­ның кәсіп­кер­лік талан­ты­на бас ие оты­рып, олар негізі­нен Алма­ты мэрінің мем­ле­кет­тік нысан­дар мен жай­лы жер­лер­ді оңды-сол­ды сату талан­ты­ның арқа­сын­да бай­лы­ққа кенел­генін мой­ын­да­уы­мыз керек.

Әрі оның осы «талан­тын» қаза­қстан­дық билік қыл­мыс ретін­де көр­ді. Оның себебі – Хра­пу­но­втар­дың Мұх­тар Әбі­ля­зов отба­сы­мен туы­стық қаты­на­сқа түсуі еді. Егер де олар туы­сқан бол­маған­да, мэр­дің әйел-бала­сы осы уақы­тқа дей­ін биз­нес­мен ата­нып, даңққа бөлене берер ме еді?!

Қаза­қстан­дық билік Швей­ца­рия үкі­меті­нен Хра­пу­но­втар­дың бай­лы­ғын мұқи­ят тек­се­руді талап етіп отыр. Тек қана бұл отба­сы­ның ғана емес, қазір Жене­ва көлінің жаға­ла­у­ы­на басқа да көп­те­ген қазақ отба­сы­ла­ры (PEP’-лер) қоны­станған. Тем­за, Сена, Москва өзен­дерінің бойы да дәл осы­лай. Тіп­ті мини­стр­лер каби­нетінің шетел­де қомақты қар­жы­сы бар аста­на­лық мүше­лері, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, әкім­дер, құқық қорғау орган­да­ры­ның бас­шы­ла­ры да Есіл өзенінің жаға­ла­у­ы­на орын теп­ті емес пе!

Міне, шетел­де­гі осын­ша­ма ақша ел бюд­жетіне қай­та­рыл­са, мына қиын­шы­лық заман­да үкі­мет­тің ден­са­улық пен білім беру сала­сы­на бөліп оты­рған қар­жы­сын қысқарт­па­уға мүм­кін­дік туар еді. Сон­ды­қтан да бұл істі қоғам­дық және сая­си орган­дар­дың қаты­суы­мен жүй­елі түр­де қолға алу қажет.

 

ВРЕЗКА К АКЕЖАНУ

Дариға басқа­ра­тын КОМИССИЯ

Менің­ше, Қаза­қстан­ның шетел­ге заң­сыз түр­де асқан бай­лы­ғын елге қай­та­ру ісі­мен шұғыл­да­на­тын арнайы комис­сия пар­ла­мент тара­пы­нан құры­ла­тын бол­са, нұр үстіне нұр болар еді. Сон­да елге бел­гілі, халық алдын­да «беделі жоға­ры» депу­тат­тар пре­зи­дент тағай­ын­даған шене­унік атан­бай, шар­тты түр­де бол­са да, Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша халық өкіл­дері ата­нар еді. Әрине, бұл комис­си­я­ны Дариға Назар­ба­е­ва басқа­руы тиіс. Өйт­кені сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен айна­лы­са­тын шене­унік­тер алдын­да оның қоғам­дық беделі өте жоға­ры, ал ондай шене­унік­тер, әрине, тер­геу объ­ек­тісіне түсіп қал­мау үшін жан сауға­ла­у­ға тырысады.

Тек Дариға Назар­ба­е­ва басқа­ра­тын дәл осы комис­сия ғана қаза­қстан­дық PEP’-лердің бай­лы­ғын тек­серіп, шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған қар­жы­ны қай­та­ру тура­лы арнайы заң қабыл­дап, оны пар­ла­мент­ке ұсы­на ала­ды. Бұл – аме­ри­ка­лық «Додд-Франк түзе­ту­лерінің» өзін­ше бала­ма нұсқасы.

Әрине, біз елден заң­сыз түр­де шыға­ры­лған кез кел­ген қар­жы­ны шетел­дік әріп­те­стері­міз­бен бір­ле­се оты­рып іздеп таба­мыз. Бірақ Баты­стың бар­лық заң­ды орын­да­ры­на оның сәт­ті ора­луын қадаға­лау үшін, елде ауқым­ды істер жүр­гі­зуі керек. Бұл іске Д. Назар­ба­е­ва­ның қан­ша­лы­қты үлес қоса­ты­ны­на қара­ма­стан, басқа депу­тат­тар да таса­да қарап қал­май, іске кірі­сер еді.

Ал енді шетел­де­гі қар­жы­ны іздеп-табу – елдің ішін­де ете­гін кең жай­ған жемқор­лы­қтың тамы­ры­на бал­та шабу үшін аса маңы­зды. Онсыз шетел­дік бай­лы­қтың иелері ақша­ның арқа­сын­да қыл­мыстан құты­лып кете­ді. Сон­ды­қтан да жедел түр­де жемқор­лы­қ­пен күрес тура­лы бағ­дар­ла­маға зер салу керек: ол 10 жылға арналған! Неге ол 2050 жылға дей­ін созылмаған?!

 

 

ҮШ ДОСЫҢЫЗДЫ оты­рғы­зып қойыңыз

Шын мәнісін­де, жемқор­лы­қты өте оңай жеңу­ге бола­ды. Син­га­пур­дың көр­нек­ті қай­рат­кері, пре­зи­дент Ли Куан Ю мұны былай түсін­діріп еді: «Ең алды­мен өзіңіздің үш досы­ңы­зды оты­рғы­зып қою­дан бастаңыз. Не үшін екенін сіз жақ­сы білесіз, олар да не үшін екенін өздері біледі. Сол кез­де басқа­ла­ры дұрыс шешім қабылдайды».

Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзінің син­га­пур­лық әріп­тесінің тәжіри­бесіне көп сүй­е­неді. Өкініш­ке орай, тек қана жемқор­лы­қ­пен күрес мәсе­лесін­де емес. Әрине, шығы­стық басқа да елдер­дің тәжіри­бесіне сүй­е­ну­ге бола­ды: мыса­лы, Қытай­да жемқор­лы­қ­пен күрес «Торғай­ларға емес, бары­старға аңға шығу» деген ұран­мен жүр­гізіледі. Әрі өте жоға­ры лау­а­зым­ды көп­те­ген «бары­стар» оның қақ­па­ны­на түсіп үлгерді…

Қаза­қстан мен­ші­гі­нен шыға­ры­лған мем­ле­кет­тік маңы­зы бар актив­тер­ді біз­ге таяу уақыт ара­лы­ғын­да қай­та­дан ұлт­тан­ды­руға тура келеді. Тек ұлт­тан­ды­ру арқы­лы ғана біз елде­гі табиғи шикі­зат көз­дері мен өндіріс орын­да­ры­на деген тәу­ел­ділік­ті қай­та­дан жаңғыр­тып, қал­пы­на кел­ті­ре ала­мыз, сөй­тіп кей­ін олар­ды нағыз сенім­ді, әрі табыс көзінің қан­дай да бір бөлі­гін ел бюд­жетіне құй­ып оты­ра­тын нағыз тиім­ді инве­стор­лар­дың қолы­на өткі­зетін бола­мыз. Ол инве­стор­лар­дың ара­сын­да ұлт­тық зей­не­тақы қор­ла­ры да болуы тиіс, өйт­кені олар тұрғын­дар­дың жет­кілік­ті қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген және қорғал­маған тобы­на бюд­жет­тен қар­жы бөліп отырады.

Негізін­де, 90-жыл­дарғы мен басқарған үкі­мет­тің жеке­ше­лен­ді­ру тура­лы бағ­дар­ла­ма­сын­да, міне, осы әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің бәрі қарас­ты­ры­лған бола­тын. Өкініш­ке орай, менен кей­ін­гі үкі­мет бас­шы­ла­ры ондай мақ­сат­тар­дың, ойлар­дың бәрі­нен бас тар­тып, ұлт­тық мен­шік­ке жау­ап­ты топ­ты құру­дан да бас тартты.

Сон­ды­қтан да қазір тарих­тың сол бір қара­у­сыз қалған бет­терін қай­та­дан ақта­рып, халы­қтық мен­шік және әл-ауқат мәсе­лесіне қаты­сты шешім­дер­ді халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сай етіп, қай­та­дан қарас­ты­ра­тын уақыт жет­ті. Біз оны тезірек шешетін бол­сақ, алдағы уақыт­та, яғни сая­си қақты­ғы­стар ушы­ғып, елі­міз­ге қауіп төн­діріп тұрған заман­да мен­шік­ке қаты­сты дау-жан­жал да туын­да­май­тын болады.

 

«Adam» жур­на­лы

Орыс тілі­нен аударған – Айман Оспанова

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн