Понедельник , 7 июля 2025

ӘКЕЖАНДЫ КҮТІП ЖҮРМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Ана­ның хаты

 

Өзім оқып жүр­ген «ДАТ» газетінің жыл­жа­бар санын­да қуа­ны­шты хабар­ды оқып, әкем тіріліп кел­ген­дей қуан­дым. Жаңа жылға жасалған 10 болжам­ның ішін­де­гі Әке­жан Қажы­гел­дин­нің елге ора­ла­ты­ны жөнін­де­гі хабар­дың маңы­зы қаза­қстан­ды­қтар үшін ерекше болға­ны­на күмәнім жоқ.

Елдің аты­нан сөз айтып, өкіл­дік таны­тқа­ным­ның себебін түсін­ді­ре кетей­ін. Пар­тия, ком­со­мол, білім беру сала­сын­да 42 жыл қыз­мет атқар­дым. Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы Ильич ауда­нын­да пар­тия коми­тетінің хат­шы­сы бол­дым. Ұлы Отан соғы­сы­ның 25 жыл­ды­ғын­да Қаза­қстан­нан «Пар­тий­ная доб­лесть» орденін алған екі адам­ның бірі – мен­мін, екін­шісін – М.Дүйсенов деген алма­ты­лық пол­ков­ник жігіт алған бола­тын. Отба­сым­нан төрт адам жол апа­ты­нан қай­тыс болып, үйден шыға алмай қал­дым. Бұрын­да­ры Қызы­лор­да, Шым­кент, Жам­был, Алма­ты облы­ста­рын­дағы туыс-жек­жат­та­рым­ды ара­лап, жиын-той­ларға жиі барып қай­та­тын едім. Осы оңтүстік өлке­де қыз­мет атқарған кезім­де ел тыны­сын, мұң-мұқта­жын жақ­сы білетін­мін. Елдің іші­нен шыққан аза­мат­тар­ды баға­лап, атқарған қыз­мет­теріне риза болып жүрдім.

Осын­дай аза­мат­тар­дың бірі – Әке­жан Қажы­гел­дин­ді тани­мын. Менің қызым Әсия семей­лік аза­мат Мер­хат Мұр­са­лим­ба­евқа тұр­мысқа шығып, құда­лы­ққа Әке­жан­ның еліне барып, туған-туы­ста­ры­ның үйін­де қонақта бол­дық. Сол кез­де Әке­жан­ның үкі­мет басын­да оты­рған кезі бола­тын, ел ара­сын­дағы беделін естіп, сүй­сін­дім. (Қызым 1999 жылы Аста­на­да қай­тыс болды).

Әке­жан­ның қазақ елін­де­гі абы­рой­ы­на қанық екен­ді­гі­ме күмән бол­ма­сын. Сон­ды­қтан Әке­жан сияқты елі­нен еріксіз кет­кен ғалым­дар мен шығар­ма­шы­лық сала­ның өкіл­дері елге қай­тып орал­са, нұр үстіне нұр. Пре­зи­дент Назар­ба­ев ақы­лға келіп, осы аза­мат­тар­ды елге әкел­се, халы­қтың алғы­сын алар еді. Себебі мен де сол халы­қтың талап-тіле­гін естіп жүр­ген қарт анамын.

Менің арма­ным – қалың бұқа­ра­ның ойын­дағы тіле­гі деп қабыл­даңы­здар. Елден жырақ кет­кен аза­мат­тар орта­мы­зға орал­са, ел игілі­гі үшін қыз­мет етер еді.

Құр­мет­ті редак­ци­яІ 92 жастағы пар­тия және еңбек арда­гері, екін­ші топ­тағы мүге­дек ана­ның қина­лып оты­рып жазған хатын газет­ке жари­я­лай­ды деп сенемін.

Дәмен ҮСЕНБЕКОВА,

Алма­ты қаласы

 

Республиканский еженедельник онлайн