Суббота , 5 июля 2025

КІМ ҮРЕЙДІ ҮРЛЕП ЖҮР?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Желі­де­гі жарыссөз

КІМ ҮРЕЙДІ
ҮРЛЕП ЖҮР?

Әле­умет­тік желілер арқы­лы маған әртүр­лі тақы­рып­та сұрақтар жол­дай­тын интер­нет-доста­рым көп. Солар­дың бірі – Өмір­бай-дос менің «Фейс­бук­тағы» «жеке­ме» мына­дай жаз­ба жібер­ген екен:
Ере­ке, ЖСДП пар­ти­я­сы­ның сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­мен таны­сып шықтым. Бағ­дар­ла­ма­ның «Біздің мін­дет­тері­міз» деген бөлі­гін­де көп­шілік­тің көңілін­де жүр­ген кей­бір мәсе­ле­лер айты­лып­ты. Осы бағыт­та сіз­дер­дің жүр­гі­зетін жұмыста­ры­ңыз кеше­гі Ақор­да­да өткен жиын­да пре­зи­дент Н.Назарбаевтың айтқан сөз­деріне қай­шы келетіні бел­гілі. Пре­зи­дент өкілет­ті орган­дарға сай­лау қар­саңын­да елде­гі сая­си және әле­умет­тік аху­ал­дар­ды шие­леніс­ке әке­летін аран­да­ту әре­кет­теріне той­та­рыс беруді тап­сыр­ды. Бұл жағ­дай­дың баста­ма­сы, яғни елді үркітіп-қорқы­ту біздің Тараз­да бастал­ды. Әділет­тік­ке қол жет­кі­зе алмаған Мер­кі ауда­ны­на қарас­ты Сұрат деген ауыл­дың тұрғын­да­ры­ның сай­ла­у­ға қаты­спай­мыз деп, пре­зи­дент­ке, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на жазған ары­зда­ры­на бай­ла­ны­сты Жам­был облы­сы­ның ІІД-нің тер­ге­ушісі бел­сен­ділік таны­тып, бұрын­нан қозғалған, аудан про­ку­ро­рын қара­лау бабы бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық істің негізін­де, осы ауыл­дың бір бел­сен­ді аза­ма­тын Таразға жедел түр­де шақыр­тып, бір түн­де оны СИЗО-ға екі рет қамап, екі рет шыға­рып, аяғын­да түн орта­сын­да Тараз­дан 170 км қашы­қты­қта тұра­тын ауы­лы­на қайтарған.
Осы тұрғы­дан алып қараған­да, сіз­дер­дің сай­ла­у­ал­ды жүр­гі­зетін іс-шара­ла­ры­ңыз арнайы қыз­мет және құқық қорғау орын­да­ры­ның ерекше наза­рын­да бола­ты­ны анық. Осын­дай бақы­ла­уда жүріп, өздеріңіздің сай­ла­у­ал­ды жүр­гі­зетін үгіт-наси­хат жұмыста­ры­ңы­зда билік­тің осын­дай бас­сызды­ғы жөнін­де елге ашық айтып, көп­шілік­ті осы орган­дар­дың қыспағы­нан заң бой­ын­ша қорғай ала­сыздар ма?
Өмір­бай САБЫРОВ
Үкі­меті үрей үрлеп, қоға­мын қорқы­ныш кез­ген елде өмір сүретін Өме­кеңнің сұрағын жөн­сіз дей алмай­мын. Себебі бұл жағ­дай жал­пақ елдің басын­да бар кеп. Деген­мен, мен желі­де­гі жол­дасқа мына­дай жау­ап жол­даған едім. Бұны осы пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға қаты­са­тын бар­ша оқыр­ман біл­се деген ниет­пен газет бетін­де де жари­я­ла­уды жөн көрдім.

«…Көп­шілік­ті осы орган­дар­дың қыспағы­нан заң бой­ын­ша қорғай ала­сыздар ма?» деген екен­сіз. Дұрыс уай­ым. Марқұм Марат аға (Қабан­бай – жазу­шы, жор­нал­шы) сонау 1998 жылы «Пахандар рес­пуб­ли­ка­сы» деген мақа­ла жазған еді. Ұмыт­па­сам, сол мақа­ла алғаш рет «Ана тілі» газетін­де жари­я­лан­ды (бер­тін келе ол газет мұн­дай маз­мұн­нан маша­яқ қаша­тын бол­ды ғой). Кей­ін­нен оны «ДАТ» көшіріп басты.
Міне, сол мақа­ла біздің елді заң емес, «Пахандар» билеп отыр деген лейт­мо­тив­ке құры­лған-ды. Енді ойлап қараңыз: Марат аға бұл мәсе­лені осы­дан 18 жыл бұрын жаз­ды. Қазір аула­да – 2016 жыл. Сол уақыт­тан бері елде­гі пахандық жағ­дай өзгеріп кет­ті деп ойлай­сыз ба? Керісін­ше, сол 18 жыл бұры­нғы «Пахандар» қазір үсті-басын түк басқан нағыз «Мах­ро­вый паханға» айналған жоқ па?! Енде­ше заң – қай­да, «Пахандар» – қай­да? Егер заң «жұмыс істеп» тұрған­да (өрке­ни­ет­ті елдер­де­гі сияқты), сая­си «қыспаққа ілі­ну» деген тір­кес лек­си­ко­ны­мы­зда бол­мас еді және «іліне қалған­дар­ды» құтқа­ру мем­ле­кет­тің мүд­десін­де­гі мін­дет болуы тиіс-тін.
Бірақ амал нешік, біз­де заң – заң емес, «Пахандар­дың» айтқа­ны – заң болып тұрған жоқ па? Оның айтуы­мен теле­граф баға­нын сот­тап жібе­ру – сол орган­дар үшін шырт түкіру­ге тұр­май­тын тір­лік. Сон­ды­қтан «қыспаққа ілін­ген­дер­ді» құтқа­ра­мыз деп, НӘН көке­міздің кей­пі­мен кеуде қағып сөй­лей алмай­мын, Өмеке!
Әрине, адво­кат жал­дап, ара­ша түсудің түр­лі шара­сын жасап бағуға бола­ды – егер ол әре­кет «пахан­шы­ларға» сес бол­са. Екін­ші­ден, «қыспаққа ілі­нем» деп, көлең­кесі үңірей­ген үрей боп көрі­нер адам­ның тыныш жүр­гені ләзім шығар («Қорқа­рың бар – қосты неге тонай­сың?» деген­нің кебін келтірмей).
Бұл елде­гі өзгеріс біз бен сіз­ге ғана керек пе? Әлбет­те, ешкім­ді ере­уіл­ге шақыр­май­мын, бірақ бала­сы мен неме­ресі бола­шақта сол «Пахандар­дың» құлы болып кет­пе­сін десе, қайт­кен­де де «қосты тонау» қажет­тілі­гі туа­ры сөз­сіз. Таң­дау осы ара­да пай­да бола­ды: өлім­ші боп жүре бере­міз бе, жоқ әлде өмір­ді (қоғам­ды) өзгер­те­міз бе?
Әрине, жолай­ы­ры­қта үшін­ші таң­дау бар: өзгерт­се – басқа­лар өзгерт­сін, ал мен дар­ба­зам­ның тесі­гі­нен соларға сыға­лап тұра­мын деген. Шама­сы, осы үшін­ші жол­ды жоралғы етер жұрт­шы­лық көп пе деп қорқа­мын. Ондай­да бұл қоғам жуық жыл­да­ры өзге­ре қоюы – құдай­дың аспан­нан берер несі­бесін шалқа­дан жатып күт­кен­мен бір­дей. Менің түсіні­гім­де­гі жағ­дай – осы, Өмеке!
Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн