Понедельник , 7 июля 2025

Үкімет «Нұрлы жолдың» ШЫҒЫНЫН ӨСІРМЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

Апта апты­ғы

 

«Нұр­лы жол» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сын қосым­ша 200 млрд тең­ге­ге өсі­ру қажет, деп хабар­ла­ды ҚР пре­мьер-мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры Бақыт­жан Сағын­та­ев. «Біз талқы­ла­дық, шама­мен 200 мил­ли­ард тең­ге­ден астам сомаға біз «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сын қосым­ша күшей­ту­ге тиіс­піз, қар­жы көз­дерін көр­сет­тік. Бұл елба­сы­мен келісіледі», – деді Б. Сағын­та­ев өткен жұма күні кәсіп­кер­лік қыз­мет­ке арналған жағ­дай­лар­ды жақ­сар­ту жөнін­де­гі дөң­ге­лек үстел барысында.

«Мен 11 ақпан күні біз­де мем­ле­кет бас­шы­сы­ның қаты­суы­мен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сы бола­ды және сон­да ақы­рғы шешім қабыл­да­на­ды деп ойлай­мын. Елба­сы «Нұр­лы жол» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның осы жаңа құрам­да­сын, бәл­кім, ресми жари­я­лай­тын шығар», – деп түй­ін­деді ол.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан­да 2015 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап «Нұр­лы жол» атты жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты жүзе­ге асы­ру бастал­ды, ол тура­лы ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзінің халы­ққа жол­да­уын­да 2014 жыл­дың 11 қара­ша­сын­да мәлім еткен еді.

Қаз­ТАГ

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн