Понедельник , 7 июля 2025

ҮКІМЕТТІҢ «ҮНЕМІ» қарттарды қырқыстыратын болды…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

…аты­лған оқ

Елді эко­но­ми­ка қысқан кез­де, «үнем» және «үнем­деу» жай­лы үлкен-үлкен сөз туды. «Тар­та жесең – тай қала­ды; қоя жесең – қой қала­ды, қой­май жесең – нең қала­ды?» деген­дей, дана қаза­қтың дана­лы­ғы мол сөзін елба­сы елдің есіне тағы бір мәр­те салған­дай бол­ды. Сосын ғой оның «мем­ле­кет – сауын сиыр емес» дегені.

 

Уақыт уыты

 

О заман да – бұ заман, даудың басы Дай­ра­бай­дың көк сиы­ры­нан ауып, елба­сы­ның «сауын сиы­ры­на» тіреліп тұр­са – қайт­пексің?! Осы сөз­ден соң, көп­тің көз алды­на кедей­дің жаз жоғал­тып, күз­де ғана әрең тапқан кәрі сиы­ры мөңіреп кел­ген. Қай­тқан мал­дың игілі­гін кім көр­генін исі қазақ «иске­мей-ақ» біліп отыр!

Бақ­сақ, даудың басы ел пре­зи­ден­ті атаған Зең­гі баба түлі­гі болға­ны­мен, сол сөздің аяғы әле­умет­ке әжептәуір әңгі­ме бола­тын түрі бар. Әңгі­ме болған жер­де қаңқу бола­ды: Ақор­да­дан асы­ғыс шыққан сөз алы­стағы Ақта­уға жет­кен­ше, эле­ги­я­лық эпо­сқа айна­лып кете­ді: «Меди­ци­на­лық-әле­умет­тік меке­ме­лер­де тұрып жатқан мүге­дек­тер­дің зей­не­тақы­сы және жәр­де­мақы­сы қысқар­ты­луы мүм­кін» деген сөз содан шық­са керек. Сол «мүм­кін­нің» төр­кінін көп­ке ұқсаған көл­де­нең көк атты біреу емес, дап-дар­дай ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму вице-мини­стрі Свет­ла­на Жақы­по­ва­ның дәл өзі айтқан болатын.

Аталған виценің сөзіне сен­сек: мем­ле­кет тара­пы­нан қам­та­ма­сыз етілетін меке­ме­лер­де тұра­тын жан­дарға база­лық зей­не­тақы беру мүл­дем тоқта­ты­ла­тын көрі­неді. Ал «жасы­на қарай төле­нетін зей­не­тақы­ның 30 пай­ы­зы ғана сақта­ла­ды». Мұны­мен қатар бұл өзгеріс «Мүге­дек­тер құқы­ғын қорғау жөнін­де­гі» заң жоба­сын­да қарас­ты­ры­лғанға ұқсайды.

Ең сорақы­сы сол – шене­унік­тер мұны әле­умет­тік теңдік орна­ту деп, жал­пақ жұр­тқа «жүй­рік» есеп­тің жосы­ғын көр­сет­кен. Бұған ат-атағы сала құлаш мини­стр­дің орын­ба­са­ры Свет­ла­на ханым­ның қосар уәжі де жоқ емес: «Өз үйін­де неме­се өз пәтерін­де тұрып жатқан зей­нет­кер ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ге ақы төлей­ді, дәрі-дәр­мек пен азық-түлік сатып ала­ды, мұны түсі­ну­ге бола­ды. Ал енді қарт­тар үйі сияқты меди­ко-әле­умет­тік меке­ме­лер­де өмір сүріп жатқан зей­нет­кер­лері­міз­ге келетін бол­сақ, оларға мұн­дай мәсе­ле­лер­мен айна­лы­су­дың қажет­тілі­гі жоқ. Олар үшін бәрі тегін: азық-түлік те, қысқы және жазғы киім-кешек­тер де – қысқа­сы, бәрі де. Сөй­те оты­рып, олар зей­не­тақы да ала­ды. Бұлай бол­май­ды, бұлар­дың зей­не­тақы­ла­рын осы­лай­ша қысқар­ту керек…» – дейді.

Иә, сала құлаш аты мен атағын «үнем­деп» айтқан­дағы Све­та ханым­ның бұл сөзін­де жан бар дер­сің: екі жер­де томар­дай том­пай­ып оты­рған екі шал­дың әл-аухаты екі түр­лі болға­ны жара­май­ды – біре­уінікін қысқар­ту керек. Бірақ үйін­де үйел­мен болған шал­дың ақы­сын көбей­ту арқы­лы оның жағ­дай­ын «бағым­дағы» шал­мен теңе­стірей­ік демей­ді. Еке­уін тең ету үшін, жағ­дайы дұры­ста­уын аху­а­лы ауыр­ла­у­мен теңе­сті­ре салу керек. Үкі­мет «ойлап тапқан» үне­мнің түрі – осы.

Оны­мен қой­май, Жақы­по­ва жалға­сты­рған сол сөзін­де: «Бүгін­де мұн­дай орын­дар­да (арнайы меке­ме дегені ғой) 4 мың 140 зей­нет­кер тұрып жатыр. Оларға жылы­на 1 мил­ли­ард тең­ге зей­не­тақы төле­неді. Ал қалған 16 мың мүге­дек­ке төле­нетін әле­умет­тік жәр­де­мақы 8 мил­ли­ард тең­гені құрай­ды. Осы­ның арқа­сын­да шама­мен 4 млрд тең­ге үнем­де­леді. Ол қара­жат бюд­жет­те құр босқа сақта­лып тұр­май­ды. Арнайы меке­ме­лер­де сол мүге­дек­тер­ді бағып-қағуға жұм­са­ла­ды. Қысқа­сы, әле­умет­тік-меди­ци­на­лық қыз­мет­ті ұйым­да­сты­руға кете­ді», – деген еді.

Әгәрәки Свет­ла­на ханым біз жиі ести­тін қытай­дың бәз бір сая­сат­керіне ұқсап: бір там­шы су таң атқан­ша тоқта­у­сыз там­са, қан­ша тек­шені тол­ты­ра­рын шотқа қағып, «шок» қылып айт­са, жұр­тқа жаққан қисап болар ма еді, кім біл­сін?! Ол олай демей­ді: екі шал­дың бірінің аузы­на су тамы­з­бай қоя­лық дейді.

Үнем­ді шал-кем­пір­дің несі­бесін жеу арқы­лы емес, үкі­мет­те үйір-үйірі­мен оты­рған шене­унік­тер­ді шеті­нен қысқар­ту арқы­лы жасай­ық деген­ге «су там­бағыр» аузы бар­май­ды-ау! Бар­май­ты­ны – үнем­деу жөнін­де­гі бұл «ғала­мат есеп­ті» сол үйір­ді иіріп оты­рған үкі­мет ойлап тапқан ғой: Све­та­жан оған қалай қар­сы қисап айт­сын?! Мұн­дай­да ежел­гі қазе­кең: «Қисық аға­штың көлең­кесі де қисық бола­ды» деп, дәп-дәл айтқан ғой, жарықтық-ай!

Бәл­кім, сол Све­та аш құр­сақ бір қари­я­ның аузы­на енді барған жар­ты қасық жылы сор­па­сын жырып алға­ны үкі­мет­ке «үнем» бол­май­ты­нын біле оты­рып осы­лай дей­ді. Айт­пақ­шы, үкі­мет­тің сон­дағы үнем­дей­тіні – 4 мил­ли­ард тең­ге екен. Ал жеке-жеке жемқор­дың жеп кет­кенін шотқа қағып, соңғы сот­та жүр­ген төрт-бесе­уінің ғана «үлесін» есеп­теп шығар­саң, есің ауы­сып қала­ды: 10 мил­ли­ард тең­ге­ден аса­ды екен. Міне, үне­мнің көкесі қай­да жатыр!

Бірақ үкі­мет бұл үнем­ді айт­пай­ды: себебі ол ақша ұста­лып қалған­дар­дың оба­лын­дағы қар­жы. Ал ұстал­май жүр­ген алпа­уыт­тар жей бер­сін: олар­дың ара­сын­да үкі­мет­тің өз ішін­де­гі үйір-үйір жегі­ш­тер жүр.

Бәрін айт та, бірін айт: адам­ды тапқа бөлетін заман­нан өттік деп жүр­ген­де, топқа бөлетін­дей бұларға сон­ша не көрін­ді екен, тәй­ірі? Енді ол топ­ты «үйде оты­рған­дар» мен «бағым­дағы­ларға» бөліп, көрер күнін санап жүр­ген азын-аулақ шал-кем­пір­дің ара­сы­на әле­умет­тік жік салып қой­ға­ны несі?! Вице-мини­стр­дің біліп-біл­мей айтқан осы «үнем» есебі­нен кей­ін үңірей­ген үйде­гі шал жылы жер­де алаң­сыз жатқан заман­да­сы­на жыны кел­мей­ді деп көр!

Ол шал­дың зей­не­тақы­сын бала-шаға­сы­на жет­кі­зе алмай жатқан ұл мен келін­нің «бағым­дағы» шалға деген мон­шақтың түй­ірін­дей мей­ірі­мі қала ма? Бұл жағ­дай­ды «Айпад» алуға зар болған неме­ресі есті­се, әле­умет­тік интер­нат ата­у­лы қарт­тар меке­месі қоға­мға қотыр болып көрі­нерін зер­де­леу – зая тір­лік. Аш халы­қтың ара­сы­на араз­дық шоғын салу арқы­лы ала­у­ы­здық туды­ру – қалып­тасқан қиын­шы­лы­қтан құты­лу­дың жалғыз жолы бол­ма­са керек.

Міне, әле­умет­тік теңсіздік деген кеса­пат осын­дай оғаш ойлар­дан туа­ды. Оны үкі­мет­те оты­рған­дар туды­рып оты­рға­нын ойы­ңа алсаң, біздің билік кім­ге қыз­мет қылып жүр деген сау­ал еріксіз есіңе оралады.

 

  • P.S.: Сірә, Мөң­ке би айтып­ты дей­тін: «…Халы­ққа бір тиын пай­да­сы жоқ, ай сай­ын бас қосқан жиын бола­ды…» деген сөздің бұл ғасыр­да рәсуә бол­маға­ны-ау? Әйт­пе­се жеті­мін жыла­тып, жесірін қаңғыт­паған елдің қазы­на­лы қари­я­сын «Қарт­тар үйіне» тыққа­ны­мен қой­май, жетім көңіліне жебеу болған көмек­пұлға жар­ма­са­тын­дай қазақ мем­ле­кетінің басы­на не күн туып­ты? Әлде бұл «үнем­деу» науқа­нын­да өзге­ден ат озды­рғы­сы кел­ген Свет­ла­на Жақы­по­ва­лар­дың кезек­ті бір келе­меж­ге лай­ық «кере­меті» ме?

Әйте­уір бұл «үне­мнің» әле­умет­тік зілі қан­шаға түсерін біле алма­дық. Тек өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­ларға толы осы­нау жоба­ның әзір­ге қабыл­да­на қой­маға­ны – жалғыз-ақ медет…

 

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн