Суббота , 5 июля 2025

ӘКІМГЕ халықтық қызметі ӘБҮЙІР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

Рей­тинг реті

 


 

• «Әкім бол – халқы­ңа жақын бол» деген халы­қтық қағи­да­ның қал­пы­мен «ДАТ» жоба­сы өз оқыр­ман­да­ры мен қоға­мға таны­мал сая­сат­кер­лер ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гізіп, облыс әкім­дерінің бес­ті­гін түз­ген еді. Әрине, бұл сау­ал­на­ма субъ­ек­тив­ті пікір­лер нәти­же­сі­мен жүр­гізіл­се де, әр сала бой­ын­ша қыз­меті, шыны­мен де, халы­ққа қарай­лас әкім­дер­дің рей­тин­гі төмен­гі­дей рет­пен тізілді.

 

1. Аман­дық БАТАЛОВ

Сау­ал­на­ма нәти­же­сі бой­ын­ша «ДАТ»-тың рей­тин­гін Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов баста­ды. Сау­ал­на­маға қаты­су­шы­лар жеті­сулық облы­стың биы­лғы жылғы өндірістік-эко­но­ми­ка­лық жетістік­терін былай қой­ған­да, қызы­л­ша өндірісін қал­пы­на кел­тіру­ге күш салған әкім­нің жеке еңбе­гін ата­ды. Биы­лғы жыл­дың өні­мі әлдеқа­шан жина­лып алын­са да, Тал­ды­қорған­дағы қант зауыт­та­ры алдын­да қызы­л­ша өткізу­ге кел­ген жүк көлік­терінің ұзақ-сонар кезе­гін көру­ге бола­ды. Бұл – агро­са­ла­да жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға ұйтқы болған негіз­гі фак­тор бол­ды дей­ді респонденттер.

Соны­мен бір­ге Аман­дық Бата­ло­втың әйгілі апорт алма­сын «тіріл­ту», алма аға­шта­ры алқа­бын кеңей­ту бағы­тын­да бастаған жұмысы облыс агро­ша­ру­а­шы­лы­ғы­на жаңа екпін бер­ді. Бұл салаға 20-ға жуық агро­фир­ма­лар тар­ты­лып, облыс бюд­жеті есебі­нен алға­шқы мил­ли­ард­тар бөліне бастады.

Тал­ды­қорған қала­сын, облыс орта­лы­ғы арқы­лы аға­тын өзен­дер­дің жаға­ла­у­ын абат­тан­ды­ру нәти­же­сі бірін­ші кезек­те жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың риза­шы­лық таны­туы – облыс әкі­мінің жұмысы­на беріл­ген баға бол­са керек.

Облы­ста арен­да­лық және ипо­те­ка­лық тұрғын үй құры­лы­сы­ның көле­мі биы­лғы жылы екі есе­ге жуық арт­ты. Соның нәти­же­сін­де облыс әкі­мінің баста­ма­сы­мен кем­бағыл адам­дарға, әл-ауқа­ты төмен отба­сы­ларға, жетім-жесір­лер­ге пәтер­лер бөлінді.

«Биы­лғы жылы өткен рес­пуб­ли­ка­лық жиын­дар­да Аман­дық Бата­ло­втың есі­мін ел пре­зи­ден­ті бір­не­ше рет ерекше ата­ды, осы­ның өзі облыс әкі­мінің қыз­метіне мем­ле­кет­тік тұрғы­да баға берудің сипа­ты бол­ды», – дей­ді сау­ал­на­маға жау­ап бер­ген респон­дент­тер­дің бірі.

 

2. Қырым­бек КӨШЕРБАЕВ

Бұл рей­тинг­те екін­ші орын алған Қызы­лор­да облы­сы­ның әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­ев өз активіне жазуға толық қақы­сы бар жұмысы – аймақты энер­гия қуа­ты­мен толық қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік беретін екі бір­дей газ-тру­би­на стан­са­сы­ның құры­лы­сы. Қаза­қстан-Бри­та­ния үкі­ме­та­ра­лық комис­си­я­сы шең­берін­де қол­дау тапқан бұл құры­лы­стың ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры толық қарқы­н­мен басталды.

Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да Қызы­лор­да қала­сын­да он екі көп­пә­тер­лі үйден тұра­тын тұтас бір ықша­маудан­ның пай­да­ла­нуға берілуі – облыс әкі­мінің жіті бақы­ла­у­ы­мен жүзе­ге асқан іс болға­ны анық. Соны­мен бір­ге аймақ елді мекен­дерінің 100 пай­ы­зға жуық ауыз­су­мен қам­та­ма­сыз етілуі де респон­дент­тер есебін­де­гі басты көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі болды.

Облыс бас­шы­сы­ның ұйым­да­сты­руы­мен өткен аймақтық инве­сти­ци­я­лық форум жаңа өндіріс орын­да­рын ашуға ұйтқы бол­ды. Қырым­бек Көшер­ба­ев­тың табан­ды­лы­ғы­мен «Тен­гиз­шев­ройл» ком­па­ни­я­сы кен орын­да­рын иге­ру­ге жер­гілік­ті сер­ви­стік кәсі­по­рын­да­рын мер­ді­гер­лік жұмыстар көле­міне тар­та баста­ды. Соның нәти­же­сін­де жаңа жұмыс орын­да­ры­ның ашы­луы­на мүм­кін­дік туды.

 

3. Бер­ді­бек САПАРБАЕВ

Қаза­қстан­дағы басқа да рей­тинг­тік агент­тік­тер жүр­гі­зетін сау­ал­на­ма­лар­да алға­шқы «үштік­тен» түс­пей­тін Ақтө­бе облы­сы­ның әкі­мі Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың қыз­метін аймақтағы шағын және орта биз­неске бөлі­нетін қамқор­лық аны­қтай­ды. Облыс бюд­жетін­де­гі ШОБ-тің үлес сал­мағын арт­ты­ру өз кезе­гін­де жаңа жұмыс орын­да­рын ашу көр­сет­кі­ші бола ала­ды. Облыс биз­не­смен­дерінің тың иде­я­ла­рын қол­дау, жаңа тех­но­ло­ги­я­ларға негіз­дел­ген өндіріс орын­да­рын қар­жы­лан­ды­руға жәр­дем жасау – облыс әкі­мінің басты наза­рын­дағы мін­дет дей­ді респонденттер.

 

4. Алик АЙДАРБАЕВ

Респон­дент­тер­дің пікірі бой­ын­ша, Алик Айдар­ба­ев­тың қыз­метін­де­гі басты көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі – Маңғы­стау облы­сын­дағы өндіру­ші кәсі­по­рын­дар­дағы әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­алға жіті көңіл бөлу. Соған қара­ма­стан, аймақтағы мұнай өндіру­ші ком­па­ни­я­лар ара­сын­да еңбек ере­уіл­дері жиілеп кет­се де, биы­лғы жылы мұнай­шы-жұмыс­шы­лар­дың бір­лі-екілі нара­зы­лық акци­я­сын жер­гілік­ті мүм­кін­дік­тер­мен, рес­пуб­ли­ка­лық ведом­ство­лар­дың ара­ла­суын­сыз шеше білді.

 

5. Бауы­р­жан БАЙБЕК

Оңтүстік аста­на­ның әкі­мі қала шару­а­шы­лы­ғын ұйым­да­сты­ру мәсе­лесін­де­гі тәжіри­бесінің азды­ғы­на қара­ма­стан, Алма­ты­дағы тұрғын үй-ком­му­нал­дық про­бле­ма­лар­ды рет-реті­мен шешу үстін­де. Мил­ли­он­дық мега­по­ли­стің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дағы кемісті­гін рет­ке кел­ті­ру бір жыл­дың ғана мін­деті бол­ма­са керек. Егер Бауы­р­жан Бай­бек­тің жеке жетек­шілі­гі­мен қабыл­данған Алма­ты­ны абат­тан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сы тая­у­дағы үш жыл­дың ішін­де шеші­мін таба­тын бол­са, бұл жетістік жас қай­рат­кер­дің бола­шақ өрісіне даңғыл жол сала­ры айдан анық.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн