«Общественная позиция»
(проект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.
Кеше газет редакциясына аты-жөнін атамаған бірнеше жас жігіт телефон шалды. Әрқайсысының қоңырауы әр уақытта болса да, олар жеткізген хабардың мазмұны біреу-ақ: «9 Мамырға байланысты көлігіне «Колорадо қоңызы» аталған Георгий лентасын тағып жүрген автожүргізушілер абай болсын! Біз олардың лентасын айнасымен, антеннасымен бірге қопарып аламыз. Бұл Георгий лентасы – орыстық шовинизм мен ресейлік империализмнің белгісі. Біз ондай астамшылдыққа жол бермейміз! Көлігім бүлінуден аман болсын десеңіздер – «Колорадо қоңызынан» сақтаныңыздар!» – дейді телефон соғушылар бірауыздан.
Ескерте кетейік, мұндай мазмұндағы хат редакцияға бұдан екі жыл бұрын мамыр мерекелері қарсаңында келгені бар. Бірақ «Колорадо қоңызының» кесірінен қанша автокөлік бүлінгені немесе бұл тек қана қорқыту-үркітудің әрекеті ғана болғаны – бізге беймәлім. Біз «қоңыз» таспа тағынуға әуес сол орыс ағайындардың айтуынша – «за что купили, за то и продали» деген сыңаймен автокөлік иелерін мүмкін болар жағдайдан сақтандыруды қапер қылдық.
Қалай болғанда да, біреулер «мереке» дейтін, енді біреулер «қаралы күн» санайтын 9 Мамыр құтты болсын! Ал «Фашизмді жеңу күніне» арналған жарияланымдарды газеттің осы нөмірінен оқи аласыздар!
Редакция