Суббота , 5 июля 2025

Коммунистік көсемнің кітаптары мен Конституцияға енген бір өзгерісте ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 


 

 

 

Соны­мен, айна­ла­сы бір айдың ішін­де тұтас бір елдің Конститу­ция­сына ылдым­жыл­дым өзгеріс­тер мен түзе­ту­лер енгізіл­ді. Маман­за­ң­гер­лер мен сая­сат­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бұл өзгерістер бола­шақ үлкен сая­си рефор­ма­ның баста­ма­сы ғана екен. Әрине, Ақор­да­ның ниеті дәл осы­лай бол­са, бұл ойжо­ралғы­ны жақтаған жөн.

 

Бірақ сол өзгерістер­дің ішіне «Кон­сти­ту­ци­яда бел­гі­лен­ген мем­ле­кет тәу­елсіздігі, бір­тұ­та­сты­ғы және тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы, оны басқа­ру фор­ма­сы, бұған қоса тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның іргесін қала­у­шы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тұңғыш пре­зиденті – Елба­сы салған негіз­гі прин­циптер­ді және оның мәр­тебесін өзгер­ту­ге бол­май­ды» деген арнайы бап­ты тық­па­ла­удың қан­ша­лықты қажеті бар еді? Жан­дай­шап­тар мен жағым­паз­дар Кон­сти­ту­ци­яға алға­шқы пре­зиденттің – елба­сы­ның ел «іргесін қалау­шылық» еңбе­гі енбей қал­са, Ата Заң­ның өңі кір­мей қала­ды деді ме?

Сол «өзгерісті» тық­па­лаған жан­ты­қтар­дың есін­де болар: кезін­де жер шары­ның жар­ты­сы­на жуы­ғын алып жатқан Кеңе­стер деген ел болға­нын; оның Лео­нид Бреж­нев деген ком­му­ни­стік көсе­мі болға­нын; ол көсем­нің көп­те­ген кір­піш­кір­піш кітап­та­ры болға­нын. Кеңе­стер Одағы­ның бес дүр­кін баты­ры атанған сол көсем­нің кітап­та­ры қазір қай­да? Олар­ды қалың қой­на­удағы ауыл­дың көп жыл­дан бер­гі кілт­те­улі кіта­п­ха­на­сы­нан да тап­пайсың – 90шы ала­пат жыл­да­ры бәрі пеш­ке жанып кет­кен. Себебі қаға­зы қат­ты, бет­тері жыл­ты­рақ болған соң, ол кір­піш­кітап­тар­ды «басқа жер­де» раха­ты­на пай­да­ла­нуға келмеді.

Әлбет­те, рес­пуб­ли­ка Кон­сти­ту­ци­я­сы­на ондай тала­пай тағ­дыр бұй­ыр­ма­сы анық – елдік­тің ерен заңы есер­лік­тен есен қала­ры сөз­сіз. Бірақ, құдай сақ­та­сын, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі мен бір­тұ­та­сты­ғы бұзыл­ма­са да, мем­ле­кет­ті басқа­ру фор­ма­сын «өзгер­ту­ге бол­май­ды» деген қасаң қағи­да қай­дан шық­ты? Атақты алтын­шы бабы бар (КПССтің бас­шы­лық рөлі жөнін­де­гі) Кеңе­стер Одағы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы қай­да қалып еді? Бар­ша­ның аяғын бір етік­ке тыққан оның «басқа­ру фор­ма­сы» бүгін­де қай архив­те жатыр?

Пар­ла­мент пар­та­сын­да паң пошым­мен оты­рған жарам­сақ депу­тат­тар «ірге қалау­шыны» Кон­сти­ту­ци­яға іреп тыққан­да, осы жағ­дай­ды ойла­ма­ды дей­сіз бе? Ойлаған­да қан­дай! Бірақ жан­ты­қтық жаны­на жаққан жақы­бай­лар елдің ертеңін емес, бүгін­гі биі­гін – шыққан шыңым деді ме екен? Осын­дай­да ғой – ком­му­ни­стік көсем­дер­дің көсе­гесі көгер­мей кет­кен келе­ше­гі еске түсері.

Ермұрат БАПИ

    

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн