Воскресенье , 6 июля 2025

КОЯНДЫ НАРАЗЫЛЫККА ШЫГАДЫ

Жуы­қта Аста­на­ның іргесін­де­гі Қоян­ды ауы­лы­ның тұрғын­да­ры бас­па­на үшін сатып алған жер­лерін талан-тара­жға салған жер­гілік­ті билік­ке қар­сы жап­пай нара­зы­лы­ққа шыға­тын­да­рын мәлім­деді. Қоян­ды­лы­қтар ҚР Пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевқа, ҚР Бас про­ку­ро­ры А.Дауылбаевқа, Ақмо­ла облы­сы әкі­мі С.Кулагинге және жер­гілік­ті биші­ке­ш­тер аты­на жол­даған сол ескер­тудің қысқа­ша маз­мұ­ны мынадай.

 

Біз – Цели­но­град ауда­ны, Қоян­ды ауы­лы тұрғын­да­ры қай­та-қай­та шағым­да­нуға мәж­бүр­леп оты­рған жағ­дай­ы­мы­зды төмен­де­гі­дей нақты дәлел­дер­мен жет­кізу­ге тура келіп отыр.

Жал­пы жер саты­лы­мға шыққан­нан кей­ін үлкен биз­нес көзіне айналға­ны жасы­рын емес. Бұл жағ­дай­дың шет жаға­сын Қоян­ды ауы­лы­нан да көру­ге бола­ды. Кезін­де ама­лын тауып, 50–100 га жер­ге ие болып қалған­дар­дың күні бүгін туып тұр, сауда­ла­ры да қызып тұр.

Игеріл­ме­ген жер­лер­ді үкі­мет­ке қай­та­ру тура­лы елба­сы тап­сыр­ма­сы бол­са да, оны ешкім орын­дап оты­рған жоқ. Бұл жағ­дай 2000-жыл­дан бері қай­та­ла­нып келеді. Соңғы кез­де Цели­но­град ауда­ны әкім­шілі­гі де бұлар­дың сыбай­ла­ста­ры­на айнал­ды. Бар­лы­ғы жасан­ды құжат жаса­тып, түк бол­маған­дай оты­ра береді.

Соның бір көрінісі – үсті­міз­де­гі жыл­дың 28 науры­зын­да Цели­но­град ауда­ны әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры және Жер комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Айтқо­жи­на Алма Көкі­шқы­зы Қоян­ды ауы­лы­на келіп, «Сары­арқа-Табыс», «Қозы­көш», «Нұра­лы», «Авиа-Самғау» сияқты т.б. жер телім­дерін 5 000‑7000 дол­лор ара­лы­ғын­да қол­ма-қол сат­ты. Қан­ша­ма адам­дар­дың көзін­ше Қоян­ды әкім­шілі­гі база­рға айнал­ды. Бұған қол ұшын беріп оты­рған ауыл әкі­мі Мейр­манқұ­ло­ва Алты­най Мейірханқызы.

Алты­най Мер­ханқы­зы ауы­лға әкім болға­лы бері ауыл­дан маза кет­ті. Әртүр­лі жағ­дай­лар­мен адам­дар­ды бір-біріне қар­сы қой­ып, халы­қты сый­ла­май, адам­дық эти­каға сай кел­мей­тін талап­тар қоюда.

Бүгін­де халық бір бөлек, әкім бір бөлек кетіп, ауыл­дық билік өкіл­дері мен қара­пай­ым халық ара­сын­да ауы­з­бір­шілік жоғал­ды. Қазір­гі кез­де кім әкім болғы­сы кел­се, кім­нің қал­та­сын­да ақша­сы көбірек бол­са, сол адам билік жүр­гі­зетін­ді­гі бар­ша­мы­зға бел­гілі. Соның сал­да­ры­нан қара­пай­ым халық зардап шегіп отыр. Бұған дей­ін банк­ке бере­шек болып, кре­дит алып, сатып алған жер телім­дері­мізді екін­ші қай­та­ра қай­та сатып, бол­ма­са аук­ци­онға салу арқы­лы басқа адам­дарға бер­мек­ші, неме­се қожай­ы­н­мен келісім­ге келу арқы­лы ала­мыз деп, елде жоқ заң шыға­рып отыр.

Қоянды­дан жер телі­мін сатып алған адам­дар­дың бар­лы­ғы дер­лік тоқым­дай жер үшін бар­лық жиған-тер­генін бала-шаға­сы­ның аузы­нан жырып бер­ген. Тіп­ті кей­бірінің үйін­де күн­делік­ті тамақ тауып жей­тін де жағ­дай­ла­ры қал­май отыр. Мәсе­ленің бұлай күрт төмен­де­уі, ұзақ уақыт жер дауы­мен сал­пақтау, тұрғын­дар­дың жүй­кесіне тие бастаға­ны да жасы­рын емес. Осы­ның сал­да­ры­нан 2015 жылғы 11 сәуір күні мәж­бүр­лі түр­де және өз құқы­мы­зды талап етіп, жап­пай нара­зы­лы­ққа шыға­тын­ды­ғы­мы­зды ескертеміз.

ult.kz

 

 

БИШІКЕШТЕР

Қоян­ды­ны қуа-қуа

ҚАСҚЫР ҚЫЛДЫ

Жоға­ры жаққа арналған осы хат­ты оқи оты­рып, жаны­ңыз ауы­ра­ды: кеше ғана қасақа­на «Қоян­ды ісін» туын­датқан жер­гілік­ті әкім-қара­лар өздерін­ше «тоң жібітіп», араға алдам­шы күн салып, тағы да халы­қтың жеріне ауыз салып­ты. Бұл не сұмдық?!

Тіп­ті бұған таңқал­май көріңіз: он жылға ермек болған «Қоян­ды ісін» күні кеше он күн­де «жап­ты» деген­де, шын қуанған­быз. Сон­да біз ауыл­ды қай­дам, аудан­ның әкі­мі де облыс бас­шы­сы­ның пәр­мені­мен орын­тағы­нан ұшып-ұшып кет­ті-ау деп ойлаған­быз. Сол кез­де­гі ашы­нған халы­қтың ащы айғай­ы­на құлақ түр­сек те, ол шен­ді-шек­пен­ділер­дің шекесі жал­ты­ра­май, таба­ны жал­ты­ра­уы керек болған.

Тіп­тен біздің бұлай киіп кетуі­міздің, жер­гілік­ті билік пен Қоян­ды ауы­лы тұрғын­да­ры ара­сын­дағы «кикіл­жің­ге» килі­гуі­міздің де өз ала­бө­тен себебі бар-тұғын. Яғни, өткен жыл­дың еншісін­де­гі «Қоян­ды ісін­де» бай­тақ Қаза­қстан­мен бір­ге сол тұста біз де өз газеті­міз арқы­лы ара­ша­шы болған­быз. «Қоян­ды… қасқыр­ша талаған кім­дер?» деп, мәсе­ленің мән-жай­ы­на үңіліп, аталған істің бай­ы­бы­на барып көр­ген­біз (№41 (265) қара­ша, 2014).

Сосын ғой тағы да «тас-талқан» болып оты­рға­ны­мыз! Өйт­кені ол ара­да да кінәлілер­дің қақ орта­сын­да жоға­ры­да аты аталған Цели­но­град ауда­ны әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры және Жер комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Айтқо­жи­на Алма мен ауыл әкі­мі Мей­ір­манқұ­ло­ва Алты­най болған еді. Бірақ бұл шен­ділер десе, халы­қтың аза бойы қаза болған­мен, билік­тен ешбір «жаза» бол­май, жылы орны­нан жылыстамаған.

Енді, міне, осы шен­ділер жең ұшы­нан жалға­сып, айдың-күн­нің ама­нын­да жер сатуға кіріс­кен. Мұн­дай­да, сірә, осы елде заң бар ма, жоқ па деп айран-асыр бола­сың келіп-келіп?! Зай­ыр­лы екеніне заңы бет­ке ұстар болуға тисті елде халы­қтың мұн­дай зары ескеріл­ме­се, елдің ертеңі­нен не қайыр?!

Осын­дай­да, сол әлгі елба­сы­ның бір кез­де­гі «игеріл­ме­ген жер­лер­ді үкі­мет­ке қай­та­ру» тура­лы Қоян­ды тұрғын­да­ры атаған аты дар­дай қаулы­сы еске түседі. Онда да қап­таған қай қаулы­ның астын сызып, атын есте сақтаған­дай­сың?! Ал мынау қау­лы Қоян­ды халқын «қырып салар­лы­қтай-ақ» құжат болып тұр­май ма?

Өйт­кені дәл осы аталған қаулы­ның «кесірі­нен» біраз ауыл­дағы жас ота­уға деп бір­лі-жарым жер алған жұрт­тың сер­гел­дең­ге түс­кенін сол тұста есті­ген­біз. Онда да қар­жы тап­пай, жас ота­уы­ма деген қара лашы­қтың қара­сын қалқай­та алмаған ауыл адам­да­ры осы қау­лы бой­ын­ша, «игеріл­ме­ген» он бес сотық жерін лаж­сыз мем­ле­кет­ке қай­та­рып берген.

P.S.: Мүбәдә, «шаш ал десе, бас ала­тын» мұн­дай әкім­дер­дің кесірі­нен халық түгел «игеріл­ме­ген жер­лер­ді үкі­мет­ке қай­та­ру» тура­лы қаулы­ға қар­сы өре түре­гел­се, кім кінәлі?! Ал ондай бол­мауы керек десе, билік­тің Қоян­ды ауы­лын­дағы бас­сызды­ққа жол бер­ме­гені, кінәлі тұлға­лар­ды дер кезін­де жау­а­пқа тар­тқа­ны дұрыс болар!

 

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн