Суббота , 5 июля 2025

Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ: МЕН ТОҚАЛ ЕМЕСПІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

«Әйел бақы­ты»

 


 

Таны­мал теле­жүр­гі­зу­ші Ләй­лә Сұл­танқы­зы «тоқал» сөзінің түп-төр­кінін түсін­діріп, өзін «тоқал» деп санай­тын­дарға жау­ап бер­ген екен. Stan.kz пор­та­лын­да жария болған Ләй­лә ханым­ның сол жаз­ба­сын жал­пақ жұрт­шы­лық наза­ры­на ұсы­нған­ды жөн көр­дім», – деп жаза­ды өзін «Дина­ра Серікқы­зы» деп атаған автор.

 

Ләй­лә Сұл­танқы­зы­ның бұл жаз­ба­сы­ның түп­нұсқа­сы L’officiel интер­нет-сай­тын­дағы өзінің жеке бло­гын­да жария болып­ты: «Менің әжем атам­ның үшін­ші не төр­тін­ші әйелі бола­тын. Біз «неге?» деп сұраған­да, ана­мыз ол заман­да ерлер саны­ның өте аз болға­нын, фронт­тан тек бірең-сараң еркек­тер­дің қай­тып кел­генін айтқан еді. Кез кел­ген ер аза­мат­тың «құны» жоға­ры бол­ды – ол ақсақ, бір көзі не бір қолы жоқ бол­са да», – деп­ті Ләй­лә ханым.

Таны­мал жур­на­лист әрі теле­жүр­гі­зу­ші Ләй­лә Сұл­танқы­зы тоқал алу кезін­де қалып­ты нәр­се болға­нын, ол заман­да көп­шілік­тің бұл ұғы­мға дұрыс қараға­нын айта­ды. «Тоқал (кіші әйел) қоғам ресми түр­де мой­ын­даған, отба­сы мүше­лерінің бар­лы­ғы сый­лай­тын, дүни­е­ге бала әкеліп, олар­ды тәр­би­е­лей­тін, кей­де басқа әйел­дері­мен бір­ге, ал кей­де бөлек өмір сүретін әйел болған. Иә, мүм­кін, ол кез­де қаза­қтың әйел­дері әле­умет­тік жағы­нан бел­сен­ді бол­маған шығар, көбі­не­се үй шаруа­сы­мен, бала­мен айна­лы­сты, еріне көбірек бағын­ды, бірақ ерлері олар­ды пай­да­ла­нып, тастап кет­кен жоқ қой. Қазақ дала­сын­да «жалғы­з­ба­сты ана», «жесір», «бала­лар үйі», «қарт­тар үйі» деген ұғым бол­маған. Бүгін­де тоқал – отба­сы қама­лы­нан сырт жақта құры­ла­тын құпия. Әдет­те тоқал өзі­нен бір­ша­ма жас үлкен ер адам­мен көңіл қосқан жас қыз. Айнұр Иси­на­ның арқа­сын­да «тоқал» түсіні­гі бүгін­гі жағым­сыз сипа­ты­на ие бол­ды», – деп жалғай­ды сөзін таны­мал тележүргізуші.

Сөз соңын­да Ләй­лә Сұл­танқы­зы өзін тоқал деп атай­тын­дарға жау­ап бер­ген екен. Ол ресми түр­де жұбай­ы­ның тоқа­лы емес, заң­ды әйелі екенін мәлім етті.

«Ал біз өзге­ру, бей­ім­де­лу зама­нын­да өмір сүріп жатыр­мыз. Бұры­нғы­дай көшпе­лі қазақ емес­піз. Әлем­дік мәде­ни­ет­тер­дің ықпа­лы жаңа ұлт­ты қалып­та­сты­ру­да. Әзір­ге ол қолы­мы­здан жақ­сы келіп жатқан жоқ. Біз өзі­міз үшін маңы­зды салт-дәстүр­лері­мізді жоғал­тып бара­мыз. Біздің отба­сы инсти­ту­ты­мыз дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­ды. Бір отба­сы­мыз бар ма, әлде екеу ме – маңы­зды емес, басты­сы – отба­сы мүше­лерінің бақыт­ты болуы (бір­лі­гі жоқ үйде бере­ке бол­май­ды). Егер қара­пай­ым отба­сын­да бақыт­ты бола алма­сақ, біздің жетістік­тері­міз бен эко­но­ми­ка­лық өсуі­міз кім­ге керек? Бұл орай­да мен, Ләй­лә Сұл­танқы­зы, өзім­ді Қаза­қстан­дағы ең таны­мал тоқал­дар­дың тізі­мі­нен көр­ген­дік­тен, жұбай­ым­ның заң­ды ӘЙЕЛІ екенім­ді мәлім­дей­мін», – деп, өз жаз­ба­сы­на нүк­те қой­ған екен Ләй­лә ханым.

Өте батыл және таным­ды түй­сік. Қоғам­дағы қыздар­дың бел­гісіз мөл­шері (және ол мөл­шер аз емес – өзім де сол санат­та­мын) «тоқал» деген, бүгін­де мәні өзгер­ген тоң­теріс ата­уға ие болып оты­рған­ды­қтан, қаза­қи қаси­етін жоғалт­паған орта бұл түй­сік­ті түсі­нуі керек деп ойлай­мын. Ел ішін­де пай­да болған бұл әле­умет­тік-тұр­мыстық текетіре­сті ере­геспен емес, ағай­ын­шы­лы­қ­пен шешу керек сияқты.

Дина­ра СЕРІКҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн