Суббота , 5 июля 2025

Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ: МЕНІҢ АЙНАЛАМДАПӘК ҚЫЗДАР БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

Әйел жаны


Таны­мал теле­жүр­гі­зу­ші Ләй­лә Сұл­танқы­зы «ешкім­мен жүр­ме­ген, ешкім­мен сүй­іс­пе­ген» пері­ш­те­дей пәк қыз тура­лы әңгі­ме жазып, қоғам­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­дің бірін көтер­ді. Сұл­танқы­зы бұл жаз­ба­сын пәк­ті­гі, таза­лы­ғы үшін өзін өзге­лер­ден кем санай­тын қыздарға арна­ды. Теле­жүр­гі­зу­шінің газет бетіне ықшам­да­лып беріл­ген жаз­ба­сы төмен­де­гі­дей болды.

«Мен – монаш­ка­мын. Бұл – бір жігіт­тің маған қой­ып бер­ген есі­мі. Алғаш есті­ген­де ыза­дан жары­лып, көзім жасқа толған…». Жиыр­ма үш жастағы қыздың өз хатын­да жазған қазір­гі «қай­ғы­сы» осы. Әлі күн­ге дей­ін бір­де-бір жігіт­пен жүр­ме­генін қалып­ты жағ­дай ма дейді.

Қыз бала­ны қырық үйден тый­ып өсір­ген халы­қ­пыз ғой. Өзім де сон­дай (қатаң) тәр­би­е­ден тәлім алғам. Орын­сыз күл­кі, артық қимыл көр­сек, авто­мат­ты түр­де әже­міздің қызыл шең­бер ішін­де­гі «ТӘЙТ!» дегені көз алды­мы­зға келеді. Бірақ бұдан біз еш қор­лық-қия­нат көр­гені­міз жоқ. Біздің иде­ал, біздің ұран: «Есті қыз ете­гін қым­тап жүреді» болған.

Алай­да қазір қоғам мұн­дай­ларға қол шошай­та күліп қарай­ды. «Мен әлі ешкім­мен жүр­ме­гем, сүй­іс­пе­гем» деген ақта­луға ала­тын жау­ап – «А че, у тебя что-то не так?!».

Бұл жаз­бам­ды өзінің мәр­те­бесін ақа­у­мен шата­сты­рып жүр­ген қыздарға арнай­мын. Иә, зама­ны­мыз түл­кі болған ғасыр­да адал­дық, таза­лық, пәк­тік – үлкен мәр­те­бе. Жоға­ры­дағы хат­тың иесі: «Көк­се­генім – «жары­ңа адал бол!» – деп, табыст­ап кет­кен анам­ның абы­рой­ын ақтау еді. Бірақ оның осын­ша­ма ауыр бола­рын біл­меп­пін. Мен қазір өзім­нің монаш­ка екенім­ді мой­ын­да­уға ұялам…» – дейді.

Әрбір адам­ның басын­да көз­ге көрін­бей­тін тәжі бар. Ол өзіне ғана шақ, өзіне ғана жара­сым­ды. Біре­удің тәжін біреу алып кие алмай­ды. Керек десеңіз, оның сал­мағы, оның түсі, оның қым­бат­ты­лы­ғы, баға­сы, таста­ры және арты­қ­шы­лы­ғы мен кем­шілі­гі өзіне ғана мәлім, иесіне ғана аян. Әйел мықты болған сай­ын, басын­дағы тәжі де мықты, сал­мақты бола түседі. Кей­де оны ауыр­лы­ғы­нан көтеріп жүру мүм­кін емес бола­ды. Етке бата­ды, бас сүй­е­гін қыса­ды, тіп­ті жарақат салып, тер мен қан­ды кезек­те­сті­ре аққы­за­ды. Рас қой. Бірақ оның ауыр­лы­ғы мен жанға батқан жара­сын өзіңіз ғана көресіз…

Бұл кей­іп­кері­міз­де де дәл осы жағ­дай. Өз мәр­те­бесі, өз тәжі жанын қысып, басы­на ауырт­па­шы­лық түсіру­де. Қол шошай­та күл­ген көп­тің қала­уы – сол тәжінің басы­нан түс­кені, шешілгені.

Неге?! Себебі өзің­де жоққа ала­көз болу қаны­мы­зда бар қаси­ет қой. Абы­рой үшін, ар үшін алы­су – мата­дор­дың еңбе­гі­мен тең. Торе­а­дор­дың қолын­дағы қызыл мата­сы – ар-намысы, абы­ройы. Қара бұқа­ның көз­де­гені – соның пар­ша-пар­ша­сын шыға­ру, жоқ қылу.

Шай­қас па? Шай­қас. Өмір­де де дәл солай. Ал руха­ни сау, ақыл-есі дұрыс аза­мат­тар басы­нан тәжі бір сәт­ке де түс­пе­ген, ешкім оны құла­та алмаған хан­шай­ым­да­рын іздейді.

Енді ойла­ны­ңыз: көп­тің ойы мен күл­гені маңы­зды ма?! Жоқ әлде хан­за­даңы­здың хан­шай­ы­мы болып қалған арты­ғы­рақ па?! Шешім әрқа­шан да сіздікі. Менің тара­пым­нан ұсы­ныс қана болады.

Қазір жігіт­тері: «Қоғам­да бұзы­лған қыздар көп, сон­ды­қтан үйле­ну­ге қорқа­мыз», – дей­ді. Осы тұста хазіреті Мәу­ле­на­ның мына сөзін айтқым келеді: «Кім­мен – қай­да бара­ты­ны­ңа мән бер. Бұлбұл құс гүл­ге апа­ра­ды, қарға күл­ге апа­ра­ды». Үйле­ну про­цесін жоға­ры­дағы себеп­пен тоқта­тып жүр­ген жігіт­тер­ге айта­рым: жақ­сы жар­ды жақ­сы орта­дан іздеңіздер.

Осы жаз­баға түрт­кі болған қыздар­ды (ақ, пәк, адал) бұл қоғам баяғы­да «қызыл кіта­пқа» енгізіп жібер­ген. Менің айтқа­ным­ды миф­ке балай­тын­дар да бар болар. Бірақ менің айна­лам­да «қызыл кіта­пқа» енген қыздар бар және олар ауру не бол­ма­са кеміс емес. Тек өздерін кім көрін­ген­ге емес, жаны қалаған жалғы­зы­на арнағы­сы келеді. Бір кеш­те таны­сқан серісі­мен жабысып кетуді емес, ақыл­мен, махаб­бат­пен табысу­ды мақ­сат етеді.

P.S. Аққа құдай жақ. Мен ара­мы­зда мұн­дай ару­лар­дың көп­ті­гіне сене­мін. Абы­рой мен арды атақтан, ақша­дан биік қоя­тын бұрым­ды­лар­дың бары­на сене­мін. Ең басты­сы – бұл тәр­бие жібінің үзіл­мей, жалға­са­ры­на, жой­ыл­май, сақта­ла­ры­на сенемін.

Ал хат иесіне айта­рым: басы­ңы­здағы тәжіңізді құлат­пай, сақтап, еңсеңізді тік көтеріп жүріңіз. Сіз­дей сұлу­ларға қол жет­кі­зуді арман етіп және арма­ны­ның орын­да­ла­ры­на күмән­мен қарап жүр­ген­дер қан­ша­ма?! Себебі қоғам сіз сияқты­лар­ды кел­мес күн­нің елесіне айнал­ды­рып үлгер­ген. Ал Төреға­ли сияқты серілер «ерін­дері кесе­ден басқа жер­ге тиме­ген» қыздар­ды іздей­ді. Көңіл-күй­іңіз құла­зы­ған­да осы әнді қосып қой­ып, жақ­сы­лап билеп алы­ңыз. Көтеріліп қала­сыз, шын сөзім… Адал, ақ жарға жолы­ғу үшін, өзіңіз де соған лай­ы­қты бола біліңіз!

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн