Пятница , 4 июля 2025

ЛӘЙЛАҒА ЖАЛА ЖАППАҢДАР!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

Ара­ша!

 


 

Ләй­ла Сұл­танқы­зын біраз жер­ге «апа­рып тастап­сыздар» ғой. Айта­рым – алды­мен Ләй­ла­ның қазақ үшін жасаған жақ­сы­лы­қта­ры­ның ең бол­ма­са біре­уін жасаңы­здар­шы. Сон­да біздің қоғам анағұр­лым бауыр­мал, анағұр­лым мей­ірім­ді бола­тын шығар.

 

Рас, Ләй­ла­ның жол­да­сы – менің досым. Сынып­та­сым. Бір-бірі­міздің мінез-құлқы­мы­зды тама­ша біле­міз. Қай­рат Бер­кін­ба­ев – оңтүстік халқы­на таны­мал, абы­рой­лы аза­мат. Туған ауы­лы­на бір орта мек­теп пен бір бала­бақ­ша салып, ішін жиһаз­бен тол­ты­рып, мем­ле­кет­ке өткіз­ген. Бұл еңбек­ке Ләй­ла­ның да қосқан өлше­усіз үлесі бар екені даусыз.

Қай­рат пен Ләй­ла жыл сай­ын жаңа оқу жылын­да әлгі мек­теп оқу­шы­ла­рын жаңа оқу құрал­да­ры­мен, сөм­ке­мен қам­та­ма­сыз ете­ді. Түр­лі мей­рам­дар­да ауданға келіп, жоқ-жітік­тер­ге сый­лы­қтар үле­стіреді. Қар­жы­лай қол­дау көр­се­те­ді. Жаз айла­рын­да аудан­ның үздік оқу­шы­ла­рын елі­міздің түр­лі өңір­лерін­де дем алды­ра­ды. Бұл қыз­мет­тері үшін елдің ақ бата­сы­на кенел­ген. Олай жаса­ма­са да, ешкім ештеңе демес еді. Бірақ олар­дың елге, жер­ге деген көңілі ерекше.

Қай­сы­бір жылы Қай­рат­тың жұмысын­да өте үлкен келеңсіз оқиға бол­ды. Айна­лым­дағы қар­жы­сын бір түн­де үптеп кет­ті. Ол аздай, тона­у­шы­лар ізін жасы­ру ниеті­мен ерлі-зай­ып­ты­ның көзін жою үшін, Ресей­ден кил­лер жал­да­ды. Үйді күн­діз-түні күзет­кен СОБР-дың жігіт­тері кил­лер­ді қолға түсір­ді. Басқа адам­дар мұн­дай­да не бола­рын бір Алла біледі. Ал Қай­рат пен Ләй­ла сыр бер­ген жоқ. Аста­наға көшіп, ипо­те­ка төлеп отыр­са да, ауы­лға бұры­нғы­дай барын үле­стіріп келеді. Мұн­дай үлкен жүрек адам­ның – ада­мы­на ғана бұй­ы­рған шығар деп кей­де таң қалам.

Айт­пақ­шы, «Ләй­ла «Бала­пан» арна­сын басқарған­да…» деген сияқты өсек­ті де оқы­дым. Менің­ше, ол әңгі­менің бәрі тап­сы­ры­спен, қасақа­на қара­лау мақ­са­тын­да жазы­лған. Өйт­кені Қай­рат­тың жақын досы ретін­де «Бала­пан» арна­сы­нан өз басым бір жоба алған емес­пін. Достық қарым-қаты­на­сы­мы­зды сол күйі сақтаппыз.

Сөз соңын­да жала жабу­шы­ларға айта­рым: алды­мен өзің туған ауы­лың үшін не істе­дің? Ләй­ла істе­ген мың қай­ы­рым­ды­лы­қтың біре­уін жасай алдың ба?

Тоқтар ЖАҚАШ

 

 

 

ҚОЯНДЫ ЖӘРМЕҢКЕСІН

қал­пы­на кел­ті­ре ала­мыз ба?

 

Келер жылы Қоян­ды жәр­мең­кесіне тура 170 жыл тол­мақ­шы. Егер Қараған­ды облы­сын­да ұлтқа жана­шыр шене­унік­тер отыр­са, мына жәр­мең­кенің қиран­ды қой­ма­сын қал­пы­на кел­тіру­ге қазір­ден бастап күш салған болар еді. Сауда-сат­ты­қтың, керу­ен­дер­дің, сал-серілер­дің, шабан­до­з­дар­дың, күресіп жатқан балу­ан­дар­дың, жәр­мең­ке­ге кел­ген ірі тұлға­лар­дың мүсін­дері мен макет­терін жасап, үлкен кешен жасап қой­са, туризм тұрғы­сы­нан да, елдің тари­хи жадын оятуға да пай­да­лы емес пе? Осын­дағы тұр­мысы төмен титы­қтаған ел-жұр­тқа да табыс көзі болар еді.

 

Қоян­ды жәр­мең­кесінің жалғыз бел­гісін­дей болып сол кез­де­гі қой­ма­ның дуал­да­ры ғана сақталған. 1990 жыл­да­ры темір-тестек тер­ген жұрт құй­ма темір­лі ауыр қақ­па­ла­рын қол­ды еткен.

1848 жылы ашы­лған мау­сым­дық сауда жәр­мең­кесі 1930 жылға дей­ін өмір сүр­ген. Қызыл­дар мал мен жанға қырғын салғанға дей­ін Қоян­ды­ның дәу­рені сүріп тұра­ды. Тал­ды өзенінің бойы мыңғы­рған мал болып­ты. Тал­ды­дан әрі үш өзен бар. Бәрінің саға­сы малға сый­май, сіресіп тұра­ды деседі.

Мұн­да сауда-сат­ты­қтан бөлек, күрес, ән-күй, айтыс, т.б. өнер түр­лері бой­ын­ша ірі шара­лар болып тұр­ды. Қаза­қтың небір әйгілі сал-серілері, балу­ан­да­ры осын­да өнер көр­сет­кен. Соны­мен бір­ге мұн­да сая­си-әле­умет­тік мәсе­ле­лер де қара­лып оты­рған. Мыса­лы, 1905 жылы Қарқа­ра­лы пети­ци­я­сы тура осы жер­де қабыл­данған. Қоянды­дағы өлке­та­ну­шы Серік Нәби­а­но­втың айтуын­ша, «Бесе­удің хаты» да осы Қоянды­да әзір­лен­ген. Осын­дай терең тарихы бар орын­ның жағ­дайы тым мүшкіл.

Арман ӘУБӘКІР

 

 

 

Айсәу­ле Бақытбек:

ОТБАСЫМ ОЙРАН БОЛДЫ

 

Баян Есен­та­е­ва­ның қызы Айсәу­ле Бақыт­бек был­ты­рғы аты­шу­лы оқиға­дан кей­ін өмірінің күрт өзгер­генін айта­ды. Айтуын­ша, отба­сы ойран болған был­ты­рғы жылы ол сүй­ік­ті ада­мы­нан да, доста­ры­нан да баз кешіп қалған. Бұл рет­те ол оқыр­ман­да­ры­на жан сырын ақта­рып, өмірін­де­гі ең қиын кезең тура­лы айтып бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

 

«Өмірім­де­гі ең қиын кезең өткен жылы орын алды. Отба­сым­дағы келеңсіз жағ­дай­дан бөлек, жеке өмірім құр­ды­мға кет­ті. Доста­рым­мен арақа­ты­на­сым бұзыл­ды. Ұмы­та­мын деп жүр­ген­де, өзім­ді жоғал­тып алдым. Қай­та қалы­пқа келуім ұза­ққа созыл­ды. Деген­мен, өмір­лік тәжіри­бе – өзіңді табу­дың және бақы­тқа жетудің кіл­ті деп есеп­тей­мін. Адам бой­ын­дағы мен баға­лай­тын негіз­гі қаси­ет­тер – қара­пай­ым­ды­лық пен әзіл­ді түсіне білу. Менің ойым­ша, сөз­ге тапқыр адам – ақыл­сыз, ал қара­пай­ым адам – арам бола алмай­ды. Ада­мға бір қараған­нан-ақ ойын­да арам­ды­қтың жоқ екенін түсін­сең, сол жақ­сы емес пе?» – деп баста­ды сөзін Айсәуле.

Бұдан бөлек, Есен­та­ев­тар­дың үлкені өзін «өр көкірек, өзім­шіл» деп сынай­тын­дарға жау­ап бер­ді. «Мені өмір­де көр­ген кей жан­дар өзім­шіл екенім­ді айта­ды. Жасыр­май­мын, сырт көз­ге солай көрі­нетін шығар. Бірақ мен бар болға­ны табиға­тым­нан суық мінезді адам­мын. Тіп­ті жақын адам­да­рым­мен құшақ­та­сып, шүй­ір­ке­ле­с­кен­ді ұнат­пай­мын, ал жаңа адам­дар­мен тіп­тен таны­спай­мын деу­ге бола­тын шығар. Бірақ ешқа­шан оңбаған адам­ның тір­лі­гін жаса­ма­дым…» – деп атап өтті Айсәуле.

Жиыр­ма жыл­дан аса уақыт отба­сы­лық өмір мен қыз­мет­ті қатар алып жүр­ген Баян Мақ­сатқы­зы­ның әре­кеті қызы­на да үлгі болғанға ұқсай­ды. Себебі Айсәу­ле отба­сы мен жұмыстың ара­сын­да таң­дау жасай алмай­ты­нын айтты.

«Ман­сап әлде отба­сы? Еке­уі де. Менің­ше, сүй­ік­ті адам ештеңе­ге тый­ым сал­мауы керек. Қарым-қаты­нас – ол жұп­та­сып билей­тін би сияқты. Түп­теп кел­ген­де, дегені­ме жету үшін сүй­ік­тім­мен жұмы­ла жұмыс істе­у­ге дай­ы­н­мын. Қызды алтын торға әрбір екін­ші ер қамап қоя ала­ды. Алай­да әйел адам­ды асқақта­тып, оған дем беру тек нағыз ердің ісі», – дей­ді Айсәуле.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн