Понедельник , 7 июля 2025

Лауазымгер ГЕНЕРАЛ ҚАМАЛДЫ

Газеті­міздің өткен санын­да дереккөздің ақпа­ры­на сіл­те­ме жасап хабар­лаға­ны­мы­здай, Алма­ты қала­сы қар­жы поли­ци­я­сы­ның экс-басты­ғы Әмір­хан Аман­ба­ев 2 айға тұтқын­далға­нын қала­лық сот­тың бас­пасөз қыз­меті растады.

«Медеу аудан­дық соты­на Алма­ты қала­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры қыз­мет өкілет­ті­гін теріс пай­да­ланға­ны және жалған кәсіп­кер­лік жасаға­ны үшін Алма­ты қала­лық ЭСЖКД-нің бұры­нғы басты­ғы А.Т. Аман­ба­ев­ты қамауға алу түрін­де­гі бұл­тарт­пау шара­сы­на санк­ция беру тура­лы Жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік­тің жедел-тер­геу тобы­ның бас­шы­сы­ның өтіні­шін қол­даған қаулы­сы­мен жүгін­ген», – делін­ген бей­сен­бі­де­гі хабарламада.

Түсін­діріліп өткен­дей, сот­тың 2015 жылғы наурыз айы­ның 5 күн­гі қаулы­сы­мен сезік­ті А.Т.Аманбаевқа қаты­сты 2 ай мерзім­ге қамауға алуға санк­ция беріл­ді. Осы рет­те, дереккөздің ақпа­ра­ты бой­ын­ша, Ә. Аман­ба­ев уақыт­ша ұстау изо­ля­то­ры­нан тер­геу изо­ля­то­ры ТИ‑1 ауыстырылды.

Соны­мен қатар, ол атап өткен­дей, тер­ге­уді мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және Жемқор­лы­ққа қар­сы депар­та­мен­ті жүргізуде.

Хабар­ланған­дай, 2 науры­зда 20.00 шама­сын­да Алма­ты­да ҰҚТ басқа­ра­ды деген күдік­пен гене­рал-май­ор Әмір­хан Аман­ба­ев тұтқын­дал­ды. Қамауға алу бары­сын­да 55 жастағы Ә.Аманбаевтың жағ­дайы нашар­лап, жедел жәр­дем шақырылды.

Әр жыл­да­ры Әмір­хан Аман­ба­ев Қоста­най және Қараған­ды облы­ста­ры­ның про­ку­ро­ры, әділет мини­стр­лі­гінің тір­кеу қыз­меті және құқы­қтық көмек көр­се­ту коми­тетінің төраға­сы, әділет мини­стрінің орын­ба­са­ры болған. 2012 жыл­дың ақпа­ны­нан бастап Алма­ты қала­сы бой­ын­ша Эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лық қыл­мыспен күрес депар­та­мен­тінің басты­ғы. 2014 жыл­дың күзін­де Эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лық қыл­мыспен күрес агент­ті­гінің қай­та құры­луы­на бай­ла­ны­сты Бас про­ку­ра­ту­раға жұмысқа ауы­сқан. Өзге дереккөз­ден бел­гілі болған­дай, ҚР Қар­жы поли­ци­я­сы басты­ғы­ның қыз­метіне лай­ы­қты үміт­кер­лер­дің бірі болған.

Еске сал­сақ, 2015 жыл­дың ақпа­нын­да Алма­ты­да ұйым­дасқан қыл­мыстық топ құры­қтал­ды. Ол ұзақ уақыт бойы мем­ле­кет­тік орган­дар­дағы лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың, соның ішін­де қар­жы поли­ци­я­сы­ның бұры­нғы қыз­мет­кер­лерінің бүр­ке­ме­ле­уі­мен жалған кәсі­по­рын­дар құру арқы­лы ақша­лай қара­жат­ты қол­ма- қол ақшаға айнал­ды­ру­мен айна­лы­сып кел­ген. Ұйым­дасқан қыл­мыстық топ қаты­су­шы­ла­ры 20 жалған кәсі­по­рын құрған, 2012 жыл­дың қаза­ны­нан бастап 2014 жыл­дың жел­тоқ­са­ны ара­лы­ғын­дағы олар­дың айна­лы­мы Т60 млрд-тан астам болған. Ал олар­дың қыз­меті­нен бюд­жет­ке төлен­бе­ген салық түрін­де­гі шығын Т4 млрд-тан асқан. Сотқа дей­ін­гі тек­се­ру аясын­да ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың 8 қаты­су­шы­сы Алма­ты ІІД уақыт­ша ұстау изо­ля­то­ры­на қамал­ды. Олар: С.Ильин, В.Федотов, Б.Баудинов, Т.Каримов, А.Зубарев, Д.Абдиев,       Р.Есенжанов және Н.Шаукеров.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн