Воскресенье , 6 июля 2025

ҚҰЛДЫҚТЫ ЗАҢДАСТЫРАТЫН КОДЕКС кері қайтарылуы керек, дейді тәуелсіз кәсіподақтар

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

 

Кеше Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар пар­ла­мент мәжілісі екін­ші оқы­лым­да мақұл­даған Еңбек кодексі жоба­сын еңбек­шілер­дің мүд­десін еске­ре оты­рып, қай­та пысы­қтап шығуға шақырды.

 

Пар­ла­мент мәжілісі Еңбек кодексі жоба­сын дүни­е­жүзілік лай­ы­қты еңбек күнін­де мақұл­да­ды. Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы (ҚТКК) мере­кені Еңбек кодексі жоба­сы­на қар­сы кезек­ті мәлім­де­ме­мен және ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу жол­да­у­мен «атап өтті».

ҚТКК өкіл­дері «жоба­да еңбек шар­тын жұмыс беру­шінің баста­ма­сы­мен бұзу негіз­дері көбей­ген» деп алаң­дай­ды. ҚТКК пре­зи­ден­ті Лари­са Харь­ко­ва мұн­дай негіз­дер­ге кәсі­по­рын жұмысы тоқтап қалған жағ­дай­да жұмыс беру­ші қыз­мет­кер­ді ден­са­улы­ғы­на зиян кел­мей­тін кез кел­ген бос оры­нға оның келісі­мін­сіз ауы­сты­ра ала­ды деген нор­ма­ны қоса­ды. Бұдан өзге жоба­да жұмыс уақы­ты­нан тыс және мере­ке күн­дері істе­ген жұмысы үшін төле­нетін еңбе­кақы коэф­фи­ци­ен­тін азай­ту көзделген.

Лари­са Харь­ко­ва қыз­мет­кер­ге қар­сы бағыт­талған, бірақ жұмыс беру­шінің мүд­десін қорғай­тын осы және өзге нор­ма­лар құжат­ты халы­ққа қар­сы жобаға айнал­ды­рып отыр, дей­ді. «Бұл – көп­те­ген кәсі­по­рын­дағы құл­ды­қты заң­да­сты­рып беру» деп бұрын да талай айтқан­быз, әлі де қай­та­лай­мыз», – дей­ді Лари­са Харькова.

ҚТКК пре­зи­ден­ті «жұмыс­кер­лер мен жұмыс беру­ші ара­сын­да туын­да­уы мүм­кін еңбек дау­ла­ры мен жан­жал­да­рын қара­уда кәсі­по­дақтар­дың рөлін мүл­де кемітіп жібер­ген еңбек кодексі жоба­сы кәсі­по­даққа да қар­сы кодекс» дей­ді. Оның үстіне Лари­са Харь­ко­ва жаңа Еңбек кодексі жоба­сы елде жетіл­мей қалған ұжым­дық шар­ттар­ды кәсі­по­рын­дарға енгізу­ге негіз­дел­генін айта­ды. Бірақ, оның пікірін­ше, олар­ды дамы­ту үшін мықты тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар керек, ал олар жоқ. Мұның бәрі ҚТКК-нің қазір пар­ла­мент­те қара­лып жатқан Еңбек кодексі жоба­сын қара­уды тоқта­тып, қай­та пысы­қта­уға жібе­руді және еңбек­шілер­дің талқы­сы­на салу­ды сұрап, ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу жол­да­уы­на түрт­кі болған.

Бұл – ҚТКК-нің Еңбек кодексі жоба­сы­на бай­ла­ны­сты ел пре­зи­ден­тіне жол­даған екін­ші үнде­уі. Кон­фе­де­ра­ция пре­зи­ден­ті «бірін­ші үнде­уде баян­далған жайт­тарға қаты­сты оң шешім қабыл­данған жоқ» дейді.

Бұдан ерте­ректе Маңғы­стау облы­сын­дағы 16 мұнай кәсі­пор­ны­ның кәсі­по­дақ ұйым­да­ры жаңа Еңбек кодексі жоба­сы­ның үкі­мет ұсы­нған нұсқа­сын қара­уды тоқта­ту­ды сұраған. Мұнай­шы­лар кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның кей­бір жетек­шілері «Еңбек кодексі жоба­сын сынаға­ны­мыз үшін қыл­мыстық қуда­ла­у­ға ұшы­ра­дық» деп шағымданады.

 

Қазис ТОҒЫЗБАЕВ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн