«Общественная позиция»
(проект «DAT» №9 (373) от 8 марта 2017 г.
Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері – бірінші, екінші және үшінші балаға 31,41 айлық есептік көрсеткіштен 38 АЕКке, төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕКтен 63 АЕКке артады. Яғни, үш балаға дейін бір реттік жәрдемақы 86 мың теңге болса, төртінші және одан кейінгі балаға 142 мың теңге берілетін болады.
Сонымен, бір реттік жәрдемақы беретін елдер:
Эстония – 320€. Үшем туса, әр балаға 1000€;
Польша – әр балаға 120€ (ай сайынғы төлем 120€);
Бельгия – бір балаға 77,05€, екі балаға 219,63€, үш балаға 432,50€;
Жапония – екі балаға 400$, үшінші және одан кейінші балаларға 700$;
Германия – бірінші балаға 184€, екінші балаға 368€;
Грекия – бірінші балаға 5,87 €, екінші балаға 12,13€, үшінші балаға 22€;
Ирландия – бірінші балаға 140€, екінші балаға 280 €, үшіншісіне 428€;
Исландия – біріншісіне 115,25€, екіншісіне 137,17€. Жалғызбасты аналарға бірінші балаға 191,92€, екіншісіне 196,83€;
Франция – бірінші балаға жәрдемақы берілмейді. Екінші балаға 120€, үшінші бала туғанда ай сайын 274€.
Кейбір елдерде бала белгілі бір жасқа келгенше ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған:
Ұлыбритания – 10 жасқа дейін ай сайын 105€; 10 жастан кейін – 70€;
Голландия – әр балаға 6 жасқа толғанша айына 58€, 611 жас аралығында – 70,5€, 1217 жас – 82€;
Латвия – бала бір жасқа толғанша ананың соңғы бір жылдағы орташа жалақысының 70 пайызын төлейді;
Австрия – 03 жас – 105,40€, 310 жас – 112,70€; 1019 жас – 130,90€;
Дания – 03 жас – 145€, 37 жас – 131€, 718 жас – 103€;
Испания – 18 жасқа дейін 24,25€, мүгедек балаларға – 48,47€;
Нидерланды – 06 жас – 58,11€, 611 жас – 70,57€, 1217 жас – 82,02€.
Дертке шалдыққан жазушы әйел КҮЙЕУІНЕ ЖАР ІЗДЕП ЖҮР
Рак ауруына шалдығып, өлім аузында жатқан балалар жазушысы Эми Краус Розенталь өзінің күйеуіне әйел іздеп жатыр. Бұл туралы The New York Times хабарлайды.
Эми мен Джейсон 26 жыл бірге өмір сүріп, балалар тәрбиелеген. Бірақ қазір әйел күйеуін бірнеше танысу сайттарына тіркеп, анкета толтырып, оның жақсы қасиеттерін жаза бастаған. Қазірдің өзінде миллиондаған оқырмандар жазушы мен оның махаббаты туралы біліп үлгерді. «Мүмкін, сіз менің күйеуіме тұрмысқа шыққыңыз келеді», – деп аталатын мақаласында Эми күйеуінің қандай керемет әке, сүйікті жар екенін айтыпты.
Жазушы өзінің шығармасы қажетті адамға жетіп, Джейсон жаңа махаббат табады деп үміттенеді. Ол шығарманың соңында ұзақ бос орын қалдырған: «Мен сіз өзіңіздің жаңа өміріңізді бастау үшін, бос орынды бұл жерге әдейі қалдырып отырмын. Шын жүректен. Эми» деп жазады.
Stan.kz