Среда , 27 августа 2025

Әли әділін АЙТТЫ

 

Бір­та­лай ару­дың қия­лын­дағы ақ боз атты хан­за­даға айналған Әли Оқа­пов қалқиған құлағы үшін қым­сы­на­ды екен. Бұл жай­ын­да ол «Гәк­ку» ТВ-арна­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да айтып берді.

 

«Мен құлағым­ның үлкен­ді­гі­нен қат­ты ұяла­ты­н­мын. 17 жасым­да «Слэнг» тобын­да өнер көр­сетіп жүр­генім­де, құлаққа сырға тағу сән­ге айнал­ды. Сол кез­де өз ішкі ком­плексім­ді жеңу үшін сырға таққан едім. Құлағы­ң­да жыл­тыр бол­са, жұрт сені «қалқан құлақ» ата­май­ды екен. Осы жағы­нан сырға­ның маған көме­гі тиді», – деп, бой­ын­дағы мінін айтты.

«Мен әнші болып тумаған­мын» десе де, сахна­ның төрін­де жүр­ген Әли өзінің айтар­лы­қтай дау­сы жоқ екен­ді­гін де осы сұх­ба­тын­да мой­ын­да­ды. Ел ара­сын­да «ана­сы­ның арқа­сын­да жүр­ген бала» деп тегін айтыл­май­ты­ны да әншінің осы сөзі­нен бел­гілі болып қалғандай.

Деген­мен, несі бар, дүй­ім жұр­тқа дұры­сын айта білу аза­мат үшін айып емес. Ең басты­сы – жоқты барға бала­са, оны­сы оғаш естілер еді. Ал Әли «әнші болып тума­са» да, жаман музы­кант емес екен­ді­гі анық.

Сон­дай-ақ бой­дақ жігіт жұрт жиі сұрай­тын: «Халық әртісінің бала­сы болу оңай ма?» және «Таны­мал жұл­ды­здар­мен кез­де­сетінің рас па?» деген екі сұраққа жау­ап беру­ден жалы­ққа­нын айта­ды. Жан­күй­ер­лері нелік­тен оны таны­мал тұлға­мен «қосып» қоя­ты­нын өзі түсініп бол­май­ды екен. «Менің «қызда­рым­ның» ішін­де Айсәу­ле Бақыт­бек (Баян Есен­та­е­ва­ның қызы), актри­са Ару­жан Жазыл­бе­ко­ва бар. Өзім про­дю­сер­лік етіп жүр­ген Инди­ра Еділ­ба­е­ва еке­умізді де қоса­ды. Соңғы уақыт­та Бота­мен («Кешью» тобы­ның аруы) «үйлен­діріп» тын­ды», – дейді.

Ағы­нан жары­лған Әли осы сияқты алып-қашпа сөз­дер­дің дұрыс-бұры­сын өзі түзеп, ТВ-сұх­бат­та біраз сырын ақтар­ды. Сон­дағы сөзі­нен біл­гені­міз – ол өзін өзгенің «үйлен­дір­гені­нен» бұрын, өзі шынайы түр­де қолы­на құсын қон­ды­руға дай­ын сияқты.

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Анар АНАПИЯЕВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн