Пятница , 4 июля 2025

Әлібек МҰҚАШЕВ: ХАЛЫҚТЫ НАЗАРБАЕВҚА ҚАРСЫ астыртын дайындап жатқан күштер бар…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

ДАТ!

 


 

Көк­тем­гі егіс және бау-бақ­ша науқа­ны да келіп жет­ті. Қаза­қстан фер­мер­лерінің бұл науқанға дай­ын­ды­ғы қан­дай? Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар шаруа қожа­лы­қта­ры­на қолға­быс жасай­тын түрі бар ма?

Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Зай­сан ауда­нын­дағы «Дос­хан-тур» серік­те­сті­гінің дирек­то­ры Әлі­бек Мұқа­шев редак­ци­я­мы­зға арнайы келіп, осы және басқа да сұрақтар төңіре­гін­де сөз қозға­ды. Еске сала кетей­ік, өткен сәуір айы­ның орта­сын­да Әлі­бек мыр­за бастаған зай­сан­дық 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның жетек­шілері Аста­наға келіп, алыс шека­ра­лық аймақтағы шару­а­шы­лы­қтар­дың қиын жағ­дай­ын билік басын­дағы­ларға мәлім еткенін бірқа­тар ақпа­рат агент­тік­тері сөз еткен еді. Алай­да көк­тем­гі егіс науқа­ны­на көмек іздеп кел­ген шару­а­лар­ды пар­ла­мент депу­тат­та­ры да, ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­на қаты­сты құзыр­лы меке­ме­лер де жал­тар­ма жау­ап­пен шыға­рып салған-ды.

Қысқа­сы, Әлі­бек Мұқа­шев қозғаған мәсе­ле тек зай­сан­дық қожа­лы­қтар үшін ғана емес, бар­ша қаза­қстан­дық шару­а­ларға ортақ про­бле­ма екенін төмен­гі сұх­бат­тан білу­ге болады.

 

 

– Ең алды­мен сіз­дер­ді Аста­наға алып барған жағ­дай­дың мән-жай­ын айтып беріңізші?

– Оның тоқе­тер мән-жайы – елде­гі бей-бере­кет­сіз ауыл шару­а­шы­лы­ғы сая­са­ты­нан туын­дай­ды. Жер­гілік­ті жер­де шару­а­лар­дың жұмыс істе­у­ге деген ынта­сы зор-ақ, бірақ сол тал­пы­ны­сты қол­да­уға кел­ген­де, қаза­қстан­дық бюро­кра­тизм мен жап­пай жау­ап­сыздық қол-аяғы­мы­зды шідер­леп отыр.

Мыса­лы, был­тыр Зай­сан ауда­нын­да 37 шаруа қожа­лы­ғы қытай­лар­дан ақша алып, 5 мың гек­тар жер­ге соя еккен еді. Егін жақ­сы шықты. Бірақ сол егін­нің тең жар­ты­сы­нан аста­мы қар астын­да қал­ды. Себебі шару­а­лар мен қытай­лық инве­стор­лар ара­сын­дағы келісім-шарт толық орын­дал­май қал­ды. Ал орас­ан зор зардап шек­кен шару­а­ларға ара­ша түсетін бір­де-бір мем­ле­кет­тік меке­ме бол­ма­ды. Аяғын­да ақша бер­ген қытай­лы­қтар келісім-шарт талап­та­ры орын­дал­ма­ды деп шару­а­лар­ды сотқа берді.

 

– Жөн ғой енді: инве­стор ақша­сы­ның қай­та­ры­мын талап ету­ге қақы­лы емес пе?

– Оған, әрине, дау жоқ. Бірақ келісім-шарт жасалған­да, аудан­дық әкім­шілік­тің тала­бы бой­ын­ша, қытай­лы­қтар соя­ны оруға ком­байн беруі тиіс еді. Олар 5 мың гек­тар егін­ді шабуға үш ком­байн әкел­ген еді, оның еке­уін кей­ін­нен қай­та­дан алып кет­ті. Ал жалғыз ком­байн ең көп деген­де күніне 50–60 гек­тар жер­дің егінін ғана шаба алады.

Соя деген дақыл­ды түн­де шабуға бол­май­ды. Яғни, бір ком­байн бес мың гек­тар жер­ді үш ай шабар еді. Сон­ды­қтан шару­а­лар­дың еңбе­гінің бәрі дала­да қал­ды. Өйт­кені амал­сыздан науқан­ның жар­ты­сы түн­де, әрі күн­нің суы­ғын­да атқа­рыл­ды. Соны­мен бүкіл еңбек зая кет­ті. Енді, міне, «был­ты­рғы жылы бер­ген ақша­мы­зды қай­та­ры­ң­дар» деп, қытай­лы­қтар талап қой­ып, бізді сотқа беріп жатыр. Ол аз қар­жы емес – 250 мил­ли­он теңге.

Ал қытай­лы­қтар сотқа жүгін­ген кез­де бізді қорғай­тын бір­де-бір қаза­қстан­дық құзыр­лы орган табыл­ма­ды. Біз егін­ді бітік өсіріп бер­дік, ал оны ору – екі жаққа ортақ мін­дет еді. Осы жағ­дай­ға ара­ша түсетін меке­ме табыл­маған соң, Аста­наға баруға, жоғарғы билік өкіл­де
ріне шағым­да­нуға тура кел­ді. Біздің арыз-арма­ны­мы­зды тың­даған мәжіліс депу­тат­та­ры да, ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің бізді қабыл­даған өкілі де жәр­дем жаса­уға дәр­мен­сіз бол­ды. Яғни, олар қытай мәсе­лесіне кел­ген­де «жоғарғы жақтың» қаһа­ры­нан қорқады.

 

– Ал қара­жат­ты қытай­лар­дан емес, өз елі­міз­де­гі несие беретін орын­дар­дан неге алмадыңыздар?

– Біз қытай­ларға жетіс­кені­міз­ден мүд­делі бол­дық па? Біз­де ауыл шару­а­шы­лы­ғын неси­е­лен­діретін орын­дар­дан қар­жы алу деген қия­мет­тің қиы­ны. Бір несие алу үшін 25 түр­лі құжат жинау керек. Қып-қызыл бюро­кра­тия! Олар кепіл­ге қоя­тын құн­ды мүлік талап ете­ді. Ондай баға­лы кепіл­дік мүлік көп­те­ген шару­а­шы­лы­қтар­да қай­дан болсын?

Ал қытай­лы­қтар екі қағаз тол­ты­ра­ды да, екі күн­нің ішін­де қолы­ңа ақша ұста­та­ды. Шама­сы, бұл да қаза­қстан­дық шару­а­лар­ды кіріп­тар етудің, қары­зға батқан шару­а­ның кепіл­ге қой­ы­лған жерін ием­де­нудің ама­лы бол­са керек. Ал осы кіріп­тар­лы­ққа ара­ша түсетін, шару­а­лар­ды шетел­дік­тер­ге тәу­ел­ді болу­дан құтқа­ра­тын қаза­қстан­дық неси­елік меке­ме жоқтың қасы. Бары – қалың бюро­кра­ти­я­лық про­це­ду­ра­ны талап ете­ді. Содан амал­сыздан қытай­лы­қтарға алақан жаюға тура келеді. Осы­ған енді шаруа кінәлі ме?

 

– Енді кім кінәлі? Қар­жы­ны алған сіз­дер ғой…

– Ол қар­жы­ны қай­бір құштар­лы­қ­пен алдық дей­сіз? Себебі өзі­міздің ауыл шару­а­шы­лық опе­ра­то­ры «ҚазА­гро» мен «ҚазА­гро­Фи­нанс» меке­ме­лері үшін құжат жинап, бір жыл сан­дал­тқан соң, қытай­лар­дан ақша алуға мәж­бүр бол­дық. Айт­пақ­шы, атал­мыш меке­ме­лер талап еткен құжат толық болған күн­нің өзін­де егіс науқа­ны­на ешқан­дай қара­жат бер­мей­ді. Әке­міздің құны­на пара-пар кепіл­дік мүлік талап ете­ді. Мәсе­лен, Зай­сан­да бір үйдің құны ары кет­се 1 мил­ли­он тең­ге. Ал орта есеп­пен 10 мил­ли­он тең­ге алу үшін, 20 мил­ли­он­дық кепіл­дік мүлік­ті біз қай­дан тауып бере­міз? Бұл диханды қол­дау емес, қор­лау! Қытай­лар бол­са, бір тілім қағаз – жер­ге қаты­сты құжат пен келісім-шарт арқы­лы екі күн­нің ішін­де қар­жы береді.

 

– Ал қытай­лар­мен сот­та­су­дың бары­сы қалай болып жатыр?

– Бүгін­ге дей­ін ешқан­дай шешім шыққан жоқ, тек қытай­лар­дың талап-ары­зын қабыл­дап алды. Бірер күн бұрын естуім бой­ын­ша, сот осы істі қара­май­тын болып­ты. Өйт­кені «Жер тағ­ды­ры» деген қоғам­дық ұйым біз­ге ара­ша түсті. Дөң­ге­лек үстел өткізіп, біраз қол­дау шара­ла­рын жаса­ды. Соның арқа­сын­да сот шегініс жасаған сияқты. Бірақ түбін­де осы сот қай­та­дан жан­да­на­ты­ны белгілі.

Сор­лап қалған 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның қолын­да көк тиын да жоқ, жер игеріл­мей бос қалды.

Түбін­де Тал­ды­қорған қала­лық соты да қытай­лар­дың тала­бын амал­сызды­қтан қабыл­даған сияқты. Себебі – үлкен сая­сат­тың сар­саңы олар­ды да мәж­бүр етіп отыр: Ақор­да­ның жар­лы­ғы қат­ты – сот­тың жаны тәт­ті. Қаза­қстан­дық билік инве­стор­ды қорға­уды талап ете­ді, ал сот бол­са, адам­шы­лы­қ­пен жағ­дай біздің пай­да­мы­зда екенін біліп отыр. Бірақ шешім­ді шорт кесіп, үкім­ді шару­а­лар­дың мүд­десіне шешіп беру­ге Ақор­да­дан қай­мы­ға­ды. Көк­тем­гі егіс науқа­ны­на кірі­суі тиіс шару­а­лар осын­дай тығы­ры­қтың сал­да­ры­нан ақыр аяғы зардап шегуде.

 

– Иә, ақы­ры енді қайт­пек керек? Мәсе­лен, Зай­сан ауда­ны­ның бас­шы­лы­ғы сіз­дер­ді қытай­ларға емін­тіп, олар­дың қар­жы­сы­на иек арт­пай, өз тарап­та­ры­нан 37 шаруа қожа­лы­ғы­на тек соя өсі­ру емес, басқа да егін шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­суға жәр­дем жасай­тын­дай мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды ма?

– Жоқ, олар­дың тара­пы­нан ондай жәр­дем бол­май­ты­ны бел­гілі: сон­ды­қтан ғой – сонау шығы­стан Аста­наға тен­тіреп, дөң­ге­лек үстел­ге қаты­сып жүр­гені­міз. «ҚазА­гро­ның» басты­ғы­мен, біраз депу­тат­тар­мен жолы­қтық, біз өзі­міздің тала­бы­мы­зды пре­зи­дент Назар­ба­евқа дей­ін жет­кіз­бек болған­быз. Сол жиы­нға қаты­сқан «ҚазА­гро» басты­ғы­ның айтуын­ша, он күн ішін­де біз­ге несие беретін болған. Бірақ ара­да бір ай өтсе де, «ҚазА­гро» бас­шы­лы­ғы­ның тара­пы­нан жылт еткен хабар жоқ.

Мына дерекке қараңыз­шы: Зай­сан­дағы 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның біре­уін­де 6–7 адам еңбек етсе, олар­дың отба­сы мүше­лерін қосқан­да, мыңға жуық адам күн­көріс көзін тап­пай, дала­да қал­ды. Енді ешкім­нің егін салуға қара­жа­ты да, зауқы да жоқ. Сот­тың соңы қалай болар екен деп, баста­ры қатып отыр.

 

– Енді не істе­мек ойла­ры­ңыз бар? Қар­жы мәсе­лесін қалай шешпексіздер?

– Қар­жы­ның кесірі көп болай­ын деп тұр-ау… Аста­наға ақиқат іздеп барған 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның өкіл­дері «ҚазА­гро­ның» сөзіне сеніп, «он күн­де ақша­лы бола­мыз» деп елге қай­тқан еді. Ал ауданға қай­тып кел­сек, сот ісін алды­мы­здан көл­де­нең тар­тып: «Сот біт­пей, қар­жы бөлу­ге бол­май­ды», – дей­ді. Заң тұрғы­сы­нан кел­сек, «қашпаған сиыр­дың уызы­нан» дәме­тудің кері келіп тұр. Бір жағы­нан, сот ісі әзір кей­ін­ге шегеріл­ген­дей бол­ды. Екін­ші жағы­нан, көк­тем­гі егіс науқа­ны өтіп бара­ды. Ал қар­жы­сыз қалған шаруа қожа­лы­қта­ры биы­лғы егін­нен құр қала­тын бол­са, әлгі бір мыңға жуық халы­қтың күні не бол­мақ?! Олар­дың бар-жоқ сеніп оты­рға­ны – егін­нің түсі­мі еді ғой: енді қалай күн көре­міз деп отыр!

Айт­пақ­шы, мына пара­док­сты қараңыз: қытай­лар қар­жы бөліп, шару­а­лар егін еккен жер – Шығыс Қаза­қстан облы­сы, енде­ше сот оты­ры­сы Өске­мен­де өтуі тиіс еді ғой. Жоқ, қытай­лар бол­са, сот­ты Тал­ды­қорған­да – Алма­ты облы­сы­ның аумағын­да өткізу­ге қол жет­кізді. Осы­дан кей­ін қытай­дың аузы­на қарап қалған сот пен билік­ке не дер­сіз?.. Осы мәсе­ленің артын­да алма­ты­лық бір дөкей тұр деген күді­гі­міз басым. Яғни, қытай­лар­мен ауыз жаласқан – сол адам. Біз оның кім екенін анықтаймыз!

 

– Қытай­лар деген­де, қалың шүр­шіт көз­ге еле­стей­ді: ақша бер­ген жеке адам ба, әлде қытай­лық бір меке­ме ме?

– Біз­ге қар­жы бөл­ген қытай­лық ком­па­ния – Алма­ты­дағы «Агро­ме­рей» деген жеке шаруа серік­те­сті­гі (ЖШС), ол Қара­сай ауда­нын­да тір­келіп­ті. Басты­ғы – бес жылға Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғын алған Гон­конг­та тұра­тын Мерей Сілә­мұ­лы деген бір қазақ. Заң­ды түр­де 2017 жылы 29 науры­зда тір­келіп, ара­да алты күн өткен­де – 5 сәуір­де біз­ге ақша бер­ді. Мәсе­ленің бәрін бір апта­ның ішін­де шешіп тастаған бұл қан­дай дөкей?! Қаза­қстан­ның заңы бой­ын­ша, шару­а­шы­лық ісін жүр­гізу­ге лицен­зи­я­ны қолға алмай, ол біз­ге қалай ғана тез ара­да ақша бер­ді? Міне, біздің заңы­мыз кім­ге қыз­мет көр­се­тетінін өзіңіз де бай­қап оты­рған боларсыз.

 

– Зай­сан – ежел­ден шаруа­сы дөң­ге­леп тұрған аудан орта­лы­ғы еді ғой. Жер­гілік­ті билік­тің осы тығы­рық мәсе­ле­ге айтар уәжі бар ма?

– Бұл күн­де түк­пір­де жатқан Зай­сан­ның зарын кім ести­ді?! Шыны­мен де, кеңес зама­нын­да әсіре­се шека­ра аумағын­да қоны­станған аудан­ның тұрғын­да­ры­на мем­ле­кет тара­пы­нан көмек көр­сетілетін. Зай­сан да сол жақ­сы­лы­қтан шет қалған өңір емес-ті. Ал бүгін­гі тәу­ел­сіз елдің жағ­дай­ын­да шека­ра­лық ауданға жеңіл­дік беретін мұн­дай мүм­кін­дік аты­мен жоқ. Екі жыл­дан бері соя егу­ге бөлі­нетін суб­си­дия да су аяғы құр­ды­мға кет­ті. Был­тыр облыс әкі­мінің қаулы­сы­мен соя­ның әр гек­та­ры­на 25 мың тең­ге­ден суб­си­дия беретін болған. Бірақ қыр­күй­ек айын­да сол қаулы­ның күші жой­ы­лып­ты. Ал біз бол­сақ әкім­нің қаулы­сы­на алда­нып қал­дық. Аста­на­да өткен дөң­ге­лек үстел­ге қаты­сқан ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі өкілінің айтуын­ша, облыс әкім­шілі­гі дихандарға 25 мың тең­ге­ден суб­си­дия беру тура­лы қаулы­ла­рын бекіт­тіріп әкет­кен екен. Сон­да ол қар­жы қай­да кет­ті? Бұл – шығы­стық қаза­қтар­ды қор­лау ма, әлде мазақ ету ме?

Айт­пақ­шы, соңғы 15 жыл­дан бері Шығыс Қаза­қстан облы­сы­на ешу­ақыт­та жер­гілік­ті жер­дің төл­ту­ма аза­ма­ты әкім болып көр­меп­ті. Тіп­ті жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік­те жілік басын ұстап оты­рған­дар – сырт­тан кел­ген­дер. «Жаны ашы­ма­стың – бал­ты­ры сызда­мас» деген осы шығар. Соның кесірін халық тар­тып оты­рған жоқ па?! Әкім- қара­лар жем көр­се, топ­та­сып шүй­лі­гетін қарға сияқты: Өске­мен­ге келіп, қар­нын той­ғы­зып ала­ды да, бір сәт­те із-түс­сіз ұшып кетіп жата­ды. Сон­ды­қтан пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың отба­сы мүше­лері­нен – қызы, жиен­дерінің бірі келіп, қасы­на ақша­лы адал аза­мат­тар­ды топ­та­сты­рып, Шығы­сқа көмек қолын созса, өңір өркен­дер ме, бәл­кім?! Басқа үміт артар пен­дені көр­мей тұр­мын. ШҚО-да Мен­де­ле­ев­тің таб­ли­ца­сын­дағы 42 эле­мент­тің бай­лы­ғы бар. Ал Зай­сан­ның жер асты мұнайы мен газын­да есеп жоқ бол­са да, бүгін­гі жағ­дайы мүш­кіл деген­ге кім сенеді? Ондай бай­лы­қтан құр алақан Тар­баға­тай мен Күр­шім ауда­ны­на барып көр­сеңіз, ондағы халы­қтың жағ­дайы 1941 жылғы соғы­стан кей­ін­гі тір­шілік­ті көз алды­ңы­зға әкеледі.

 

– Осы­дан бірер жыл бұрын «ҚазА­гро­Фи­нан­сқа», тағы басқа құзыр­лы меке­ме­лер­ге барып, несие алу жөнін­де Аста­на­ның біраз есік­терін ашып едіңіз ғой. Сол мәсе­ленің аяғы немен бітті?

– Бәрі өтірік бол­ды: бар­лы­ғы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын қожа­лы­қтарға несие бере­міз деп, алдап шыға­рып сал­ды. Бірақ нағыз көз­бо­я­у­шы­лы­қтың көкесі – Аста­на­да сыңай­лы. Мұн­да ауыл халқын жары­лқай­мыз деп нешетүр­лі бағ­дар­ла­ма­лар жаса­ла­ды, бірақ түп­теп кел­ген­де ол құжат­тар­дың қызы­ғын кім­дер көріп жатқа­ны бел­гісіз. Дәл ауыл халқы­на, шару­а­мен айна­лы­са­тын фер­мер­лер­ге сол бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша бөлі­нетін қар­жы­ның 10 пай­ы­зы да жет­пей­ді. Ұрлық! Тонау! Жемқор­лық! Осы­ны Ақор­да­ның билі­гі біл­мей отыр ма?

Егер ауыл халқы­на жағ­дай жасай алма­са, «ҚазА­гро­ның» кере­гі қан­ша? Біз­де осы «ҚазА­гро­ның» фили­а­лы ауы­лға қар­жы бөлі­нетін бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша несие алу үшін 24 түр­лі құжат жина­уды талап ете­ді. Ал егер осы қыру­ар құжат­ты дай­ын­дап бер­сек, несие бөлу­ге негіз жоқ екенін өздері түсін­діріп бере алмай­ды. Не жазып, не қой­ған­да­рын өздері де түсін­бей­ді. Өздері түсін­ген күн­нің өзін­де бағ­дар­ла­ма­ның мақ­са­тын халы­ққа түсін­діріп бере алмай­ды. Үкі­мет­тің өткен жылғы есеп-қиса­бы бой­ын­ша, ауы­лға бөлін­ген қыру­ар қар­жы игеріл­мей, кері қай­тқан. Неге? Шару­а­лар қар­жы­ға зәру болып оты­рған кез­де ол қар­жы неге игеріл­мей қал­ды? Себебі айқын: бюро­кра­тизм, жемқор­лық және немқұрайдылық!

 

– Негізі, бюд­жет бой­ын­ша бөлін­ген қар­жы­ны игер­меу – заң жүзін­де қыл­мыс сана­ла­ды. Сон­да бұл қыл­мыстық іс неге жау­а­пқа тар­тыл­май­ды деп ойлайсыз?

– Аны­ғын­да, фак­ті бой­ын­ша, ол қар­жы игеріліп жатқан сияқты көрі­неді. Мәсе­лен, «ҚазА­гро» және «ҚазА­гроҚар­жы» сияқты құзыр­лы орын­дар елге бөлін­ген қар­жы­ны бірер ай бан­кі­ге салып, үсте­ме ақша­сын өздері ала­ды да, «игеріл­мей қал­ды» деген желе­умен қалға­нын Аста­наға – бюд­жет­ке қай­та­ра­ды. Өздері айна­лы­мға сала­ды десем, артық айт­ты демес­сіз. Сол себеп­ті де халы­ққа түсініксіз бағ­дар­ла­ма жасай­тын болар.

Олар талап еткен түр­лі құжат-қағаз­ды жинап болған­ша, елдің де есі кете­ді. Науқан­дық жұмыстың мез­гілі өтіп кете­ді. Диқан­шы қауым қар­жы­ның тап­шы­лы­ғы­нан жерін иге­ре алмай, жер­ге қарап қала­ды. Демек, бақы­лау­сыз бос ақшаға көз тігетін кім? Баяғы сол – «ҚазА­гро» сияқты неси­елік меке­ме­лер. Елдің есесін жей­тін мұн­дай меке­ме­лер кім­ге керек, тара­тып жібе­ру керек!

Айт­пақ­шы, өткен жыл­да­ры Еги­пет­те бол­дым: мұн­да бір келі қой­дың жүні мен терісі біздің ақшаға шаққан­да 30–40 мың тең­ге­ден өте­ді екен. Ал біз­де жүн жидіп, тері құрт­тап, дала­да жатыр. Ешкім­ге кере­гі жоқ. Соны неге іске жарат­пасқа? Тері мен жүн­ді иге­ретін кіші­гірім кәсі­по­рын ашу аса бір қиын шаруа емес қой. Егер ауыл-аймақтар­да өңде­уші кәсі­по­рын­дар бол­са, халық жұмыс іздеп, қалаға сабыл­мас еді ғой!

Сол сияқты суб­си­дия қар­жы­сы да жемқор­лы­қтың көзіне айнал­ды. Бұны Ақор­да билі­гі біл­мей отыр ма? Біледі! Бірақ оны қалай тыю керекті­гін біл­мей­ді. Мыса­лы, бір гек­тар жер­ді жыр­ту үшін, ең аз деген­де 10 мың тең­ге керек. Ал тұқым себу, оны суа­ру, күтім жұмыста­рын жүр­гі­зу үшін, жиы­ны 20–30 мың тең­ге керек. Ал осы бір гек­тар­дың түсі­мі кет­кен шығын­ды ақта­май­ды. Осы шығын­дар­дың орнын жар­ты­лай тол­ты­руға жәр­дем жасай­тын суб­си­дия қар­жы­сы тамыр-таны­сты­қ­пен, жемқор­лы­қ­пен талан-тара­жға түседі.

Ең басты­сы – түс­кен өнім­ді өткі­зетін орын жоқ. Сол сияқты соя­ны да мың жарым шақы­ры­мға – Алма­ты­ға, Тал­ды­қорғанға таси­мыз. Шығы­ны өте көп. Мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау жасап, Зай­сан, Тар­баға­тай мен Күр­шім­ге жақын жер­ден соядан да басқа қызы­л­ша сияқты өнім­дер­ді өңдей­тін зауыт салын­са, халық қап арқа­лап, ешқай­да қаңғы­мас еді.

 

– Зай­сан сияқты шалғай аудан­дар­да мал шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін өткі­зу, сауда­лау жағ­дайы қалай болып жатыр?

– Бұл сала­да нақты бір мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма аясын­да жұмыс жүріп жатыр деп айта алмай­мын. Мыса­лы, Зай­сан, Күр­шім, Тар­баға­тай, Мақан­шы, Көк­пек­ті сияқты мал­ды аудан­дар­дың қол­дағы малын Алма­ты мен Шым­кент жақтан келетін көтер­ме сауда­гер­лер сатып ала­ды. Жер­гілік­ті жер­де мал өткі­зетін орын жоқ. Халық амал­сыз малын сауда­гер­лер ұсы­нған арзан бағаға өткізу­ге мәжбүр.

Ет, сүт өнім­дерін өңдей­тін өндіріс орын­да­ры жоқ.

Ең қиы­ны – бұл аймақтар­дағы мал бру­цел­лез ауруы­на шал­ды­ққан. Бүгін­де отыз-қырық сиыр­дан ұстай­тын тұрғын­дар­дың қорасы қаңы­рап, бос қал­ды. Бүкіл Зай­сан ауда­ны аумағын­дағы жағ­дайы осы: жер­гілік­ті есеп бой­ын­ша, 1500 бас сиыр бру­цел­лез­ге шал­ды­ққан. Ел іші зей­не­тақы ала­тын қарт­тарға ғана қарап қал­ды. Зей­нет жасы­на жет­кен әке-шеше­сі жоқтар­дың күні тіп­тен қараң. Отыз мың зай­сан­ды­қтың ары кет­кен­де он мыңы ғана жұмыс істе­се, қалған­да­ры жұмыссыз.

Осы жағ­дай­лар­ды пай­ым­дай келе, осы­ның бәрі Қытай­ға жер беру сая­са­ты­ның жалға­сы ма деп ойлай­мын! Мал­сыз, егін­сіз қалған халы­ққа жер­дің қажеті қан­ша: ертең олар өз үлесін­де­гі жер­лерін еріксіз­ден қытай­ларға жалға бере бастай­ды. Басқа қан­дай амал бар? Әйте­уір жері­нен түс­кен жал­да­ма ақшаға бол­сын, күн көру қажет қой! Осы­ны жоғарғы билік жақтағы­лар нақақ жасап отыр ма деген күді­гім басым. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да қан­дай сая­сат жүріп жатқа­ны белгісіз.

Халық бүгін­де ашу-ыза­дан бәріне дай­ын отыр: егер осы­лай жалға­са бер­се, үлкен әле­умет­тік-сая­си толқу туа ма деген қатер бар. Ел ашын­ды, шегіне жет­ті. Ашу-ыза­ның сеңі қозға­лып кет­се, ешкім де тоқта­та алмай­ды. Ауыл көтеріл­се, қала­ның халқы олар­ды қол­дап, үлкен толқу тууы мүм­кін-ау деп ойлаймын.

 

– Зай­сан сияқты шалғай­дағы аудан­дар­да халы­қтың күн­көрісіне дәр­мен болар­лық басқа жұмыс көзі бар ма?

– Басқа не бола­ды – баяғы сауда-сат­тық. Бірі­нен-бірі алып, біріне-бірі сата­ды. Бірақ қар­жы бол­маған соң, ол сауда-сат­тық та қан­шаға созы­лар дей­сіз?! Егін мен мал­дың жағ­дайы анау. Өндіріс тып-типыл.

Өткен­де ШҚО тер­ри­то­ри­я­лық жер қаты­на­ста­ры басқар­ма­сы­ның басты­ғы Вик­то­рия Бар­су­ко­ва жер-жер­лер­ге теле­фо­но­грам­ма жіберіп: «Егер несие алып, егін екпе­сең­дер, жер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­рып ала­мыз!» – деп, сес көр­сет­кен екен. Бұл сая­сат­ты Бар­су­ко­ва ойдан шыға­рып оты­рған жоқ: жар­лық Аста­на­дан кел­гені анық. Ал несие алай­ық, егін егей­ік десек, жағ­дай жоға­ры­да айтқан­дай: несие беру­ші меке­ме­лер бюро­кра­ти­я­лық қамал­мен қым­та­нып алған.

Сон­да біз­ге неси­ені кім береді? Қытай­дан басқа ешкім жоқ. Осын­дай жағ­дай­да халық не істе­уі керек? Әдейі осын­дай тығы­ры­ққа тіреп, Назар­ба­евқа қар­сы көтеріліс­ке шық­сын деп, әлдекім­дер халы­қты астыр­тын айдап салып оты­рған сияқты. Бұл жағ­дай­ды Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы біле ме, әлде тек жақ­сы хабар есту­ге ғана үйреніп қалған оның құлағы­на бұны жет­кізу­ге төңіре­гін­де­гілер жасқа­на ма – ол жағы маған бей­мәлім. Білетінім – ауыл халқын оның билі­гіне қар­сы дай­ын­дап жатқан астыр­тын күш­тер бар. Айт­па­ды демесін – жағ­дай осы беті­мен кете берер бол­са, келер жылы билік­тің тран­зи­ті­нен бұрын, оты­рған орнын сақтап қалу мұң бола­ды деген жоралғы бар.

Әлде шека­ра аймағын­дағы халы­қты тозды­рып, жер­ді боса­ту сая­са­тын жүр­гізіп жатыр ма? Ертең­гі күні «Қытай­ға шама­мыз кел­меді, айда­ла­дағы бір қыстақты беру­ге тура кел­ді» деме­стеріне кім кепіл? Бұл да ел ішін­де айты­лып жүр­ген әңгіме.

Айт­пақ­шы, Қытай­мен шек­тес Май­қап­шағай кеден бекеті­нен Көк­пек­ті арқы­лы Ресей­ге шыға­тын жол салуға 12 фир­ма тар­ты­ла­ды деген сөз бар. Осы жұмыстарға бір мың қытай­лық келеді екен деп естідік. Сон­да жер­гілік­ті жер­дің өзі жол салуға қауқар­сыз ба? Неге қытай келуі керек? Елдің іші жұмыс­сыз оты­рған­да, мұн­дай құры­лы­сқа қытай­ды жола­ту­дың қажеті қан­ша? Осы­ған таң қаламын.

Қай­та­лап айтам: халы­қты әбден ашу­лан­ды­ру­дың аяғы жақ­сы­лы­ққа соқ­пай­ды. Мұны мен сая­сат­кер неме­се оппо­зи­ция өкілі ретін­де емес, ел іші­нен кел­ген шаруа ада­мы ретін­де айтып отыр­мын. Ақор­да билі­гі мұн­дай қатер­ді біліп отыр ма, жоқ па – ол жағы­нан хабар­сыз­бын. Бірақ ескер­те­мін: елдің іші ауыр жағ­дай­дың шегіне жет­ті! Мұның соңы жақ­сы­лы­ққа апармайды!

 

– Иә, Әлі­бек мыр­за, егер сіздің бұл сұх­ба­ты­ңыз билік­тің құлағы­на жет­се, қатер­дің алдын алу қамын жасай­ды деп ойлай­мыз. Ауыл-елдің жағ­дай­ын тәп­ті­ш­теп айтып беру­ге кел­ген ниетіңіз­ге рақмет!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн