Воскресенье , 20 апреля 2025

Лидия Кәденованың келіні БҮРКІТПЕН КӨҢІЛ ҚОСҚАН БА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №44 (408) от 30 ноября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

Әнші Бүркіт продюсерлік еткен «Апан» фильмінен кейін актер Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова (жоғарғы суретте) ажырасып тынды деген қауесет ел аузында жүр. Дидар мен Айым ажырасқандарын мойындаса да, не себепті екіге кеткендерін айтпады. Ал жұрт бұл мәселеге Бүркіттің қатысы болуы мүмкін деп болжайды.

 

Сонымен Бүркіттің Лидия Каденованың келінімен көңіл қосқаны рас па? Бұл сұрақтың жауабын Бүркіт пен Айым «31 арнаның» «Айта берсін» бағдарламасында берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүркіттің өзі болса, ел аузындағы әңгімеге мүлдем мән бермейтінін айтады. «Негізінде мен ондай өсек деген нәрселерге ешқашан араласпаймын. Енді актерлардың артынан өсектер жүреді, бірақ мен ондайларға құлақ аспаймын. Отбасында осындай проблемалардың болып жатқанын жақында ғана естідім. Мен Лидия Кәденова әпкемізді жақсы құрметтеймін. Жақында ғана «Моана» мультфильміне дубляж жасағанда, ол кісімен бірге болғанбыз. Кім біледі енді олардың отбасында не боп жатқанын?!» – деді ол.

Айым болса, экс-күйеуімен не себепті ажырасқанымды айтпаймын деп шорт кесті. Алайда Бүркітпен арамызда ештеңе жоқ деп ақталды ол.

«Ондай сындарға үйреніп қалдым. Оны оқымаймын да, қарамаймын да, мүлдем қызықтырмайды. Бірақ кинодан кейін ол әңгіме қайта басталады, шусыз жүре алмаймыз. Оның бәріне дайынбыз. Енді біз қазақпыз ғой: олар үнемі қосып айтады, өсек айтады. Дегенмен, «Айбек ағамен мені қосқандары дұрыс болмады. Өйткені жары жанымызда жүрді, қаншама танымал актерлар жүр қасымызда. Менің енем Халық әртісі, мен оны біле тұра, біреумен көңіл қосу деген ойыма да кірмеген. Ел не демейді? Дегенмен де, жеке өмірім туралы айтқым келмейді. Құдай сақтасын, Айбек ағамен арамызда ештеңе жоқ», – дейді Айым Алтынбекова.

Алайда Айым кәсіби актриса болмаса да, басты рөлге Бүркіттен шақырту алғанын жасырмайды. «Маған Айбектің өзі хабарласқан болатын, кастингке шақырды. Бірінші күні мүлдем ұнатқан жоқ менің ойнағанымды, екінші күні де ұнатқан жоқ. Үшінші күні өзім звондап: «Тағы бір рет көрейін, үйде дайындалып жатырмын», – дедім. Үшінші реттің өзінде де алмады, бірақ кешкісін тағы сөйлестік. Маған Айбек қана сенді, тек Айбектің көмегімен, сенімімен ғана киноға түскен болатынбыз», – дейді ол.

Еске сала кетейік, жуырда Бүркіттің дебюттық «Логово» картинасы жарық көрмек. Фильмде тұңғыш рет актриса ретінде бағын сынаған бьюти-блогер Aeka Posh (Айым Алтынбекова) түсірілімде біраз қиындықтарды еңсеріпті. Ал алғашқы киносынан кейін Айымның жеке өмірінде елеулі өзгерістер де бар екен. Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Тәжірибесінің жоқтығына қарамастан, бьюти-блогерге негізгі рөлдердің бірі бұйырған. Айымның өзі «келісті келбетім Бүркітке ұнап қалғандықтан, мені таңдаған болуы керек» деп топшылайды. «Бұрыннан бері менің «Инстаграмымды» оқиды екен негізі. Сонымен, түр жағымнан ұнатқан-ау… Қазақстанда бір актрисаларды түсіре береді, бір актрисаларды көре береміз. Ол жаңа актерларды, жаңа актрисаларды түсіргісі келген», – дейді Айым Алтынбекова.

Фильмнің түсірілімінен соң Айым инста-парақшасынан күйеуінің суреттерін мүлде өшіріп тастайды. Фолловерлері Айымның бұл әрекетін жарымен ажырасты деп топшылаған. Айымның өзі бұл жайында жақ ашуға құлықсыз. «Мен жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, ол туралы қозғамай-ақ қойсақ болады», – дейді Айым.

Жеке өмірін жасырғанымен, Айым киногерлер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын ашып айтты. «Ақан Сатаевтың «Бизнесмены», «Томирис», «Инстгарамщица» деген секілді, «Қазақфильм» түсіріп жатқан киноларға шақырту алдым. Кейбірінен өзім бас тарттым, өйткені мына жерде басты рөл бергеннен кейін, эпизодқа түскім келмейді», – дейді Алтынбекова.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн