Воскресенье , 6 июля 2025

ӘЛИЯ – Рабия-бегім БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Қазан­шы­ның еркі бар…

 

Әлия Назар­ба­е­ва «Қазақ ханды­ғы» кино­э­по­пе­я­сын­да Темір­лан­ның неме­ресі, Ұлы­қ­бек­тің қызы – Рабия Сұл­тан-бегім­нің рөлін ойнай­тын бол­ды. Бұл тура­лы фильм­нің бас режис­сері Рүстем Әбдірә­шев «Vласть» пор­та­лы­на бер­ген сұх­ба­тын­да мәлімдеді.

 

«Иә, бұл рас… Әзір­ге біз оны кино­бай­қа­уға ғана түсір­дік. Негіз­гі түсірілім – алда бола­ды… Ол соңғы кез­дері кино­мен қат­ты әуе­стеніп жүр… Әлия рөл­ді алып кете ала­ды», – деді режис­сер осы орай­да беріл­ген жур­на­ли­стер сұрағы­на. Рүстем Әбдірә­шев­тің айтуы­на қараған­да, Әли­я­ны киноға түсі­ру жел­тоқ­сан айы­на таман Қап­шағай­дың маңын­да жүреді.

Ал интер­нет желілерін­де Әли­я­ның актри­са­лық карье­ра­сы­на және Рүстем Әбдірә­шев­тің бұл шеші­міне бай­ла­ны­сты сан-саққа пікір айты­лу­да. Мәсе­лен, бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Айдос Сарым былай деп­ті: «Бұл рөл үшін «Оскар­ды» бер­мей­ді. Бірақ Рүстем­ге омыр­тқа­сын омпай­та жасаған жағым­паз­ды­ғы үшін Нобель­ді беруі мүм­кін. Ол өзін кө…н жоғарғы лау­а­зым­ды тебу­ден қорға­ну­дың жақ­сы ама­лын жасап қой­ды. Енді уай­ым­сыз жата беруіне болады».

Ескер­те кетей­ік, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на орай түсіріліп жатқан 10 сери­я­лы «Қазақ елі» теле­се­ри­а­лы 2015 жыл­дың 16 жел­тоқ­са­нын­да экранға шыға­ды деп жос­пар­ланған еді. «Бірақ бұл жос­пар­ды тең­ге деваль­ва­ци­я­сы мен қара­жатқа қаты­сты өзге қиын­ды­қтар бұзған» – деп жаза­ды azattyq.org пор­та­лы. «Қаза­қстан тарихын көр­се­ту­ге үкі­мет тап­сы­рыс бер­ген, әрі көп жар­на­ма­ланған «Қазақ елі» сери­а­лы түсірілім бастал­май жатып қар­жы­дан қысы­лған еді… Енді сери­ал­дың түсірілі­мін тағы біраз айға созбақ. Жос­пар­ланған сома­ны 5 мил­ли­он дол­ларға дей­ін кемітіп тастаған соң, сери­ал­ды 10 сери­яға дей­ін қысқар­туға тура кел­ген», – дей­ді интер­нет пор­тал­дың тілшісі.

«

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн