Пятница , 18 апреля 2025

LRT – БЮДЖЕТТІҢ ЖАҢА СОРҒЫШЫ

  • Астанадағы LRT онсыз да дефициттен көз ашпайтын Қазақстан бюджетін әбден зорықтырмақ.

2023 жылы LRT құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлу жоспарланды. Бұл шешім республикалық бюджет комиссиясының отырысында бекітілді. Енді жоба Парламент қарауына ұсынылуы керек, бірақ мәжіліс құрамы дайын емес. Сондықтан жоба сайлаудан кейін талқыға түседі. Жоспар бойынша осы сәуір айында әкімдікке ақша аударылуы тиіс.

Қазір тұрған LRT бағандарын орнату үшін 475 миллион доллар кетті. Ол Қытайдан қарызға алынған ақша. Мемлекет ай сайын осы кредитті төлеп отыр. Онымен қоймай, LRT-ға өткен жылдың соңында 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген еді. Енді 580 миллион доллар қажет. Сонда шамамен төлеп жатқан қарыздан бөлек 700 миллиард теңге кетеді. Қаржы осылай 50 миллиард теңге болып жырымдап беріліп отырады. Ал LRT-ның өзі 2024 жылы дайын болуы тиіс.

Шығын мұнымен бітпейді. Себебі LRT кіріс әкелмейтін транспорттық жоба. Оның жүріс-тұрысы: техникасы, вагондары, құрал-саймандары, тоқ, коммуналды шығындар, қызметкерлердің жалақысы – осының барлығын Астана әкімдігі субсидиялап отырады. Жыл сайын кем дегенде 20 миллиард теңге шығын әкеліп отырмақ. 

Астана халқына оның пайдасы бар ма?

Дәл қазіргі жағдайында, яғни бірінші кезеңнің маршрутында дым пайдасы жоқ. Астанада есі дұрыс адам әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» вокзалының арасында жүрмейді. Астана тұрғындарына оң жағалау мен сол жағалауды жалғастыратын, одан әрі қарай Қосшы жаққа баратын LRT керек. Себебі таңғы мен кешкі уақыттарда осы бағытта көлік кептелісінен көз ашу мүмкін емес. Оның бәрі LRT-ның тек екінші кезеңінен бастап жоспарланған. Яғни, егер миллиард долларлап үздіксіз ақша құйған жағдайда Астана тұрғыны оң жағалаудан сол жағалауға ЛРТ-мен тек 2030 жылдары ғана бара алады.

Сонымен, қортындысы не болды? Бір триллион теңге жұмсап салған LRT Астананың қарапайым тұрғынына керек емес болып шығады. Одан кейін, ЛРТ астаналықтарға шын қажет болуы үшін (оң жағалау – сол жағалау) тағы 1 триллион теңге жұмсау керек болады.

Сонда бір LRT бүкіл Қазақстан халқының бір жылдық пенсиясымен теңеспек.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн