Пятница , 4 июля 2025

ҰЛТ ҚАҺАРМАНДАРЫН ҰЛЫҚТАУҰРПАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Отар­сызда­ну оқуы

 


 

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан елдің азатты­ғы мен аумақтық тұта­сты­ғы үшін күрес­кен­дер­дің ерлі­гін тануға тиіс.

 

Әлем­нің бар­лық дер­лік мем­ле­кет­тері тәу­ел­сіздік­ке қол жет­кіз­ген­нен кей­ін, бірін­ші кезек­ті мем­ле­кет­тік шара ретін­де өз халқы­ның азатты­ғы, өз жерінің бір­тұ­та­сты­ғы мен бүтін­ді­гі, өз елінің тәу­ел­сізді­гі жолын­да күрес­кен ұл-қызда­ры­ның (қаза тапқан және көзі тірі) тағ­ды­ры, көр­сет­кен ерлі­гі жөнін­де шешім қабыл­да­ды. Олар өз Ота­нын, өз жерін қорға­у­шы­лар­ды ұлт­тық батыр дәре­же­сіне көтеріп, ұлықтады.

Бар­лық уақыт­та бар­лық құр­лы­қтағы елдер мен халы­қтар­дың көп­шілі­гі: Азия, Еуро­па, Аме­ри­ка, Афри­ка елдері жоға­ры мем­ле­кет­тік актілер қабыл­даған. Бұл – әлем­нің заң­ды­лы­ғы, әлем­дік прак­ти­ка, жаңа­дан құры­лған бар­лық мем­ле­кет­тер осы жол­ды ұста­на­ды. Бірқа­тар елдер­де, тіп­ті мем­ле­кет­тік сая­сат­ты, қоғам­дық өмір­ді және өз аза­мат­та­ры­ның сана­сын отар­сыздан­ды­ру жөнін­де арнайы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар қабылданды.

Осы табиғи про­цесс ешбір елде тарих­ты қай­та жазу болып санал­ма­ды. Керісін­ше, бұл ақиқат пен әділ­дік­ті қал­пы­на кел­ті­ру болып есеп­тел­ді, өйт­кені, бірін­ші­ден, мет­ро­по­лия-елдер және олар­дың жыл­на­ма­шы­ла­ры мен ғалым­да­ры ешқа­шан да, ешбір жер­де де өздері отар­лаған елдің шынайы тарихын жаз­бай, әрдай­ым өздерінің өрке­ни­ет тара­ту­шы рөлін асы­ра көтер­ме­леп, өздері жүр­гіз­ген зор­лық-зомбы­лы­қты ақта­ды. Екін­ші­ден, отар­шыл-тота­ли­тар­лық сая­сат пен идео­ло­гия өз бода­нын­дағы халы­қтың азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күрес­кер­лер­ді қыл­мыс­кер деп көр­сет­ті, ал отар­шыл билік олар­дың күресін қатыг­ездік­пен басып-жан­шып, олар­ды жүй­елі түр­де қуда­лап отыр­ды. Сон­ды­қтан да жас мем­ле­кет­тер өздерінің азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күрес­кен батыр­ла­рын ақтап, олар­дың есі­мін қай­та жаңғыр­тып, сіңір­ген қыз­мет­терін лай­ы­қты түр­де тану­ды өздерінің боры­шы мен мін­деті санады.

Кеңес Одағы ыды­раған­нан кей­ін қалып­тасқан жаңа мем­ле­кет­тер мен «соци­а­ли­стік лагерь» елдерін­де де осын­дай прак­ти­ка орны­қты. Шығыс Еуро­па мем­ле­кет­тері, бұры­нғы КСРО-ның одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның бар­лы­ғы дер­лік, өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­ры­ның басын­да өздерінің нақты жағ­дай­ла­рын негіз­ге ала оты­рып, қажет­ті мем­ле­кет­тік шешім­дер қабылдады.

Мәсе­лен, Лит­ва Рес­пуб­ли­ка­сы кеңе­стік отар­ла­у­ға қар­сы неба­ры 50 жыл күрес­кен тұлға­лар­ды ақтап алу, олар­дың бұзы­лған құқы­қта­рын қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша 29 жоға­ры мем­ле­кет­тік акт (10 заң, 19 үкі­мет қаулы­сын) қабыл­да­ды. Лит­ва­да тіп­ті жаңа Мем­ле­кет­тік орта­лық құры­лып, ел Сей­мін­де тұрақты жұмыс істей­тін комис­сия ұйым­да­сты­рыл­ды, олар қабыл­данған заң­на­ма­лық актілер­ді іске асы­рып, олар­дың орын­да­лу бары­сын бақы­лап отырды.

Гру­зин Рес­пуб­ли­ка­сы ел тәу­ел­сізді­гі жолын­да күрес­кен және ұлт-азаттық күрес­ке қаты­сқа­ны үшін қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған тұлға­лар­дың ерлік­теріне қаты­сты әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­ті­ру тура­лы мем­ле­кет­тік декрет қабыл­да­ды. Тіп­ті жаңа, демо­кра­ти­я­лық Ресей­дің өзін­де «Сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын ақтау тура­лы» заң, «Негіз­сіз қуғын-сүр­гін құр­ба­ны болған діни қыз­мет­шілер мен дін­дар­лар­ды ақтау тура­лы» пре­зи­дент актісі, «Қаза тапқан отан қорға­у­шы­ла­ры тура­лы», «Қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ты­лған халы­қтар­ды ақтау тура­лы» заң­дар мен басқа да актілер секіл­ді заң­на­ма­лық актілер қабыл­дан­ды. Сол арқы­лы Ресей Феде­ра­ци­я­сы КСРО-ның құқы­қтық мирасқо­ры ретін­де, бірін­ші­ден, тіп­ті олар­дың ресей­лік Ота­ны­ның өзін­де жүй­елі сая­си қуғын-сүр­гін фак­тілері мен қорға­у­шы­лар­дың батыр­лы­ғын ұмы­ту орын алға­нын, екін­ші­ден, өз аумағын­да тұтас халы­қтар­дың қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ты­лға­нын мойындады.

Ресей пре­зи­ден­ті Б. Ель­цин­нің «Ұлы Отан соғы­сы кезеңін­де және соғы­стан кей­ін­гі кезең­де қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ты­лған, бұрын әске­ри тұтқын және аза­мат­тық тұлға болған Ресей аза­мат­та­ры­ның заң­ды құқы­қта­рын қал­пы­на кел­ті­ру тура­лы» 1995 жылғы 24 қаңтар­дағы Жар­лы­ғын атап өтпе­у­ге бол­май­ды. Бұл Жар­лық Ресей аумағын­да, негізі­нен алған­да, кеңес қол­бас­шы­лы­ғы­ның кінәсі­нен тұтқы­нға түс­кен, тота­ли­тар­лық режим­нің жүз­де­ген мың және мил­ли­он­даған құр­бан­да­рын ақтап, олар­дың ардақты атын қал­пы­на кел­тіру­ге жол ашты. Ста­лин­нің өзі Гит­лер­мен Гер­ма­ни­ядағы сыр­тқы басқын­шы­лық пен фашизмді жуып-шая­тын шар­ттар жасас­са да, бұл адам­дар­дың өмірі қосар­лы қасірет­пен қоса өріл­ді: олар тұтқын­да фаши­стер­дің қор­лап-кем­сітуі мен қуғын-сүр­гініне душар бол­са, өз Ота­нын­да олар­ды Ста­лин сатқын және мем­ле­кет­тік қыл­мыс­кер деп жари­я­лап, содан туын­дай­тын бар­лық ащы сал­дар­дың аза­бын тартқызды.

 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да да тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін бірқа­тар маңы­зды мем­ле­кет­тік шешім­дер қабыл­данға­нын айту керек. Атап айтқан­да, негізі­нен алған­да, тари­хи және мәде­ни ескерт­кі­ш­тер­ді қал­пы­на кел­тіру­ге, қазақ тілін, сәу­лет құры­лы­ста­рын қай­та түле­ту­ге бағыт­талған «Тари­хи сана­ны қал­пы­на кел­ті­ру тұжы­рым­да­ма­сы», «Мәде­ни мұра» бағ­дар­ла­ма­сы қабылданды.

Жеке­ле­ген тари­хи оқиға­лар мен даңқты (негізі­нен алған­да жоңғар­лар­мен болған соғы­стар кезін­де) тари­хи тұлға­ларға арналған ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­я­лар өткізіліп, ескерт­кі­ш­тер қой­ыл­ды, олар­дың аты көше­лер­ге беріліп, мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның баян­да­ма­ла­ры­на арқау бол­ды, олар тура­лы кітап­тар шыға­ры­лып, мақа­ла­лар жазыл­ды, бірқа­тар көр­кем және деректі фильм­дер түсірілді.

Деген­мен, мұның бар­лы­ғы ака­де­ми­я­лық әрі бір­жолғы сипатта болып, жал­пы тәсіл­дер мен ұсы­ным­дарға, сон­дай-ақ мерей­той­лық дата­ларға арна­лып, сал­та­нат­ты іс-шара­лар – той­лар фор­ма­тын­да өткізіліп жүр. Осын­дай іс-шара­ларға мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры баста­ма­шы бол­май­ды. Олар әдет­те қоғам­дық ұйым­дар­дың, ғалым­дар­дың, сол тұлға­лар­дан тараған ұрпақтар­дың табан­ды баста­ма жаса­уы арқа­сын­да өткізіледі. Орта­лы­қтағы, сон­дай-ақ жер­гілік­ті жер­лер­де­гі мем­ле­кет­тік орган­дар бұл мәсе­ле­лер­мен арнайы түр­де айна­лы­спай­ды, өйт­кені олар­дың алды­на мұн­дай мін­дет қой­ыл­маған, бұл үшін қажет­ті заң­дар қабыл­дан­баған. Жер­гілік­ті билік орган­да­ры, негізі­нен алған­да, әртүр­лі дең­гей­де­гі шене­унік­тер­дің кор­по­ра­ци­я­лық, конъ­юнк­ту­ра­лық, кей­де трай­ба­ли­стік, жер­шіл­дік пай­ым­да­ры­на сүй­ене оты­рып, мұн­дай шара­ларға мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау көр­сетілуіне көңілінің хошы­на қарай келісім біл­діреді неме­се одан бас тартады.

Өкініш­ке орай, біздің елі­міз­де басқа мем­ле­кет­тер­де­гі­дей мем­ле­кет­тік дең­гей­де тұжы­рым­далған қағи­дат­тар мен сая­си-құқы­қтық стан­дарт­тар­дың жоқты­ғы сал­да­ры­нан, кей-кей­де отар­шыл сая­сат пен идео­ло­ги­яға қыз­мет етіп, осын­дай сая­сат­тың, мыса­лы, ста­ли­низ­мнің жар­шы­сы мен тара­ту­шы­сы болған адам­дар (жазу­шы­лар, ақын­дар, рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік дең­гей­де­гі бас­шы­лар, ғалым­дар) дәріп­теліп, мадақта­лып жата­ды. Олар­дың ішін­де халық пен ел мүд­десін қорғаған пат­ри­от­тар­ды өз ман­са­бы үшін, жеке басы­ның игілі­гі үшін қуда­лап, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ратқан адам­дар да бар. Мұн­дай прак­ти­ка­ның оң тұста­ры­мен қатар, теріс тұста­ры да көп, ол кей­де өске­лең ұрпаққа азғын­да­ту тұрғы­сы­нан да әсер етеді.

Біз әлі күн­ге дей­ін Қаза­қстан­ның азатты­ғы, тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы үшін күрес­кен­дер­ге қаты­сты ешбір арнайы мем­ле­кет­тік акт қабыл­да­ма­дық. Бұл біздің өз тәу­ел­сізді­гі­мізді онша­лы­қты қадір­леп-қастер­лей бер­мей­тіні­мізді, сон­дай-ақ Ота­ны­мы­зды қорғау жолын­да ерлік жасаған ата-баба­мыз тура­лы естелік­ті тиісті түр­де баға­лап, қай­та жаңғыр­ту­ды қала­май­ты­ны­мы­зды біл­діреді. Қазір тәу­ел­сіздік алған басқа мем­ле­кет­тер аумағын­да қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раса да, Қаза­қстанға жер ауда­ры­лған бар­лық кәрістер­ді, шешен­дер­ді, ингу­ш­тер мен басқа да халы­қтар­ды ақтап алға­ны­мыз дұрыс болды.

Алай­да бір­не­ше ғасыр бойы алу­ан түр­лі мем­ле­кет­тік қуда­ла­у­ға ұшы­рап, жаза­ла­у­шы жасақтар қырып-жой­ған, ата жұр­ты Қаза­қстан­нан қуы­лған, тұтас бір халы­қтың жар­ты­сын бір тістем нанға зар қылып, азапты ажал құшты­рған, қол­дан жасалған зұл­мат ашты­қтың құр­ба­ны болған бай­ы­рғы халық – қаза­қтар­дың өкіл­деріне (халы­қтың өзіне де) қаты­сты бір­де-бір арнайы мем­ле­кет­тік акт қабыл­дан­ба­ды. Өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­рын­дағы сыр­тқы және ішкі жағ­дай мұн­дай акт қабыл­да­уға мүм­кін­дік бер­генін атап өту керек. Мен бұған нық сенім­мен айғақ бере ала­мын, себебі кезін­де Қаза­қстан­дағы осы мәсе­ле­лер­мен айна­лы­сып, бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дағы сая­си жағ­дай­ды мұқи­ят зер­де­леп шықтым.

Қазақ халқы­ның тағ­ды­ры жөнін­де айтқан­да, қазақ халқы көр­шілес мем­ле­кет­тер­дің басқын­шыл сая­са­ты сал­да­ры­нан «бөл­шек­тен­ген халық» кебін киген халы­қтар қата­ры­нан орын алға­нын айт­пай кету мүм­кін емес, өйт­кені қазір халы­қтың үштен бір бөлі­гі тари­хи Ота­ны­нан тысқа­ры жер­де өмір сүріп жатыр. Бүгін­гі күні, ресми деректер бой­ын­ша, жат жер­ге еріксіз қоныс аударған 5 мил­ли­он­нан астам отан­да­сы­мыз Қаза­қстан­нан тысқа­ры жер­де тұрып жатыр. Бұл, шама­мен алған­да, қазақ халқы­ның жал­пы саны­ның үштен біріне жуығы.

Қытай­дың, Ресей мен Өзбек­стан­ның Қаза­қстан­мен шек­тес аудан­да­рын­да қаза­қтар бұрын­нан тұра­ды. Олар осы жер­лер­дің автох­тон­ды халқы болып табы­ла­ды. Бірақ кеңес билі­гі Одақ ішін­де әкім­шілік шека­ра­лар­ды меже­леп, бел­гіле­ген кез­де, сон­дай-ақ аумақтар­ды импе­ри­я­лар ара­сын­да бөл­ген тұста қазақ жерінің бір бөлі­гі сон­да тұрып жатқан жер­гілік­ті қазақ халқы­ның келісі­мін­сіз, мыса­лы, Қытай­ға өтіп кет­ті. Сол себеп­ті өз ата-баба­ла­ры­ның тари­хи ата жұр­тын­да тұрып жатқан қаза­қтар бір сәт­те-ақ жат елдік болып шыға келді.

 

Ленин бастаған кеңес билі­гі бұдан гөрі әділірек әре­кет жаса­ды: олар, бірін­ші­ден, «Алаш Орда» бас­шы­ла­ры­ның талап­та­рын қол­дап, орта­лы­ғы Орын­бор болған Авто­но­ми­я­лық рес­пуб­ли­ка түрін­де қазақ ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гін іші­на­ра бол­са да қай­та қал­пы­на кел­тір­ді, екін­ші­ден, Одақ ішін­де әкім­шілік шека­ра­лар­ды бел­гіле­ген кез­де тари­хи тұрғы­дан қаза­қтікі болып табы­ла­тын жер­лер­дің басым бөлі­гі «ала­шор­да­лы­қтар­дың» табан­ды түр­де талап етіп, дәлел­де­уі арқа­сын­да Қаза­қстанға қай­та­рып берілді.

Тео­ри­я­лық тұрғы­дан алған­да, ленин­дік ұлт­тық сая­сат (автор өмір сүр­ген кезең­де және прак­ти­ка жүзін­де де) Ресей импе­ри­я­сы­ның оған дей­ін­гі режим­дері жүр­гіз­ген сая­сатқа қараған­да анағұр­лым про­грес­сив­ті болға­нын мой­ын­дау керек. Ста­лин мен оның сыбай­ла­ста­ры осы сая­сат­тың іске асы­ры­луын бір­тін­деп және толы­қтай бұр­ма­лап, «кеңес халқын» қол­дан жаса­мақ болған кеңес мем­ле­кеті ұзақ жыл­дар бойы КСРО құра­мы­на өз еркі­мен кір­ген деп сана­ла­тын одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың бай­ы­рғы халы­қта­ры­ның ұлт­тық мүд­де­лері мен құқы­қта­рын, сон­дай-ақ осы рес­пуб­ли­ка­лар­дың мәр­те­бесі мен еге­мен­ді­гін аяққа басып, кемітіп-кем­сітіп келді.

Архив деректері көр­сетіп оты­рған­дай, өткен ғасыр­дың орта тұсын­да Н. Хру­щев, К. Воро­ши­лов, Қаза­қстан­ның бас­шы­ла­ры И. Юсу­пов және бірқа­тар басқа тұлға­лар біздің бір­не­ше ауда­ны­мы­зды «уақыт­ша беру» деген желе­умен Өзбек­станға өткізіп жібер­ді. Кей­ін­нен өз жері­міздің бір бөлі­гін ғана қай­та­рып ала алдық. Бірақ Қаза­қстан осы­ның бар­лы­ғы­на қара­ма­стан, халы­қа­ра­лық құқы­қты құр­мет­тей­тін, көр­шілері­мен қарым-қаты­на­сты қадір тұта­тын, бей­біт­шілік сүй­гіш ел ретін­де ешбір елге аумақтық талап қой­ған емес және қой­май­ды да. Бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік шека­ра­лар бұзыл­мауға тиіс.

Шетел­дер­де тұра­тын отан­даста­ры­мы­здың басым бөлі­гі – Қаза­қстан­нан мәж­бүр­лі түр­де қоныс аударған­дар, босқын­дар (олар­дың ұрпақта­ры). Олар отар­шыл-тота­ли­тар­лық режим­нің қуда­ла­уы мен қуғын-сүр­гіні­нен неме­се билік қол­дан жасаған, бұрын-соң­ды бол­маған жап­пай ашар­шы­лы­қтан қашып құты­лған. Мыса­лы, архив деректері бой­ын­ша, 1917 жыл­дың қаңта­рын­да пат­ша­ның жаза­ла­у­шы­ла­ры Жеті­су­дың көтеріліс жасаған ауыл­да­ры­ның 273 мың­нан астам тұрғы­нын Қытай жеріне қуып жібер­ген. Әкім­шілік­тің өзі жүр­гіз­ген есеп бой­ын­ша Жеті­су губер­ни­я­сын­да Вер­ный қала­сы­нан Қытай­мен шека­раға дей­ін­гі жер­де тұра­тын 53 мың қазақ қожа­лы­ғы, ауыл­дар мен қыш­лақтар түгі қал­ды­рыл­май тона­лып, толы­қтай талқан­далған. Халы­қа­ра­лық прак­ти­ка­да мұн­дай жағ­дай­да зардап шек­кен адам­дарға босқын мәр­те­бесі беріліп, олар халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың қорға­уы­на алынады.

Сон­ды­қтан да Қаза­қстан өз тәу­ел­сізді­гін алып, осы адам­дар­ды өз елін тастап кету­ге мәж­бүр еткен себеп­тер зер­де­лен­ген­нен кей­ін, халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен прак­ти­каға сәй­кес, жаңа Қазақ мем­ле­кетінің мой­ны­на тари­хи Ота­ны­на қай­та ора­лып жатқан отан­даста­ры­мы­зды қабыл­дау және жай­ға­сты­ру бой­ын­ша сая­си, құқы­қтық және мораль­дық жау­ап­ты­лық жүгі ілін­ді. Пар­ла­мент осы адам­дар­дың мәр­те­бесі, олар­дың Қаза­қстан­нан қуы­лу себеп­тері, қоныс ауда­ру­шы­ларға мем­ле­кет­тік көмек көр­се­ту, олар­ды бей­ім­деу және жай­ға­сты­ру мәсе­ле­лері айқын­да­ла­тын бірқа­тар заң­на­ма­лық актілер қабыл­да­уға тиіс болды.

Осы халы­қа­ра­лық бел­гі­лен­ген мін­дет­тер мен қағи­дат­тарға сүй­ене оты­рып, рес­пуб­ли­ка­ның Жоғарғы Кеңесін­де (жоға­ры өкіл­ді және заң шыға­ру­шы орган) мұқи­ят дай­ын­да­лып, қызу талқы­ла­удан өткен, шынайы тари­хи сипа­ты бар «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гі тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның тағ­дыр­ше­шті 18-бабы­ның еке­уі Қаза­қстан­ды мәж­бүр­лі түр­де тастап кет­кен және одан тысқа­ры жер­ге еріксіз қоныс аударған адам­дарға арнал­ды. Осы адам­дар­дың ішін­де Ота­ны­ның азатты­ғы үшін отар­шыл-тота­ли­тар­лық режим­мен күрес­кен пат­ри­от­тар­дың аз бол­маға­нын атап айтқан жөн.

Бүкіл әлем­ге Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі тура­лы жар салған, Кон­сти­ту­ци­я­ны алма­сты­рып, оның орны­на қол­да­ны­лған, біз үшін аса қастер­лі әрі киелі болып табы­ла­тын Жоға­ры мем­ле­кет­тік акті­де: бірін­ші­ден, босқын­дар­дың өз өмірін, өз жақын­да­ры­ның өмірін қыл­мыс­кер билік­тің ажал тыр­нағы мен қуда­ла­у­ы­нан құтқа­ру үшін Қаза­қстан­нан қашып шыққа­ны алғаш рет мой­ын­дал­ды, екін­ші­ден, осы адам­дарға (олар­дың ұрпақта­ры­на) Ота­ны­на ора­лып, елі­міздің аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғы беріл­ді, үшін­ші­ден, тәу­ел­сіз Қаза­қстан мем­ле­кеті Ота­ны­на ора­лып жатқан отан­да­сты­ры­мы­зды қабыл­дап, жай­ға­сты­ру, ал шетел­де қала­тын­дарға жан-жақты көмек көр­се­ту мін­детін өз мой­ны­на алды. Әрі, ең соңын­да, жаңа мем­ле­кет қазақ ұлты­ның қадiр-қаси­етiн көте­ре­мін, құқы­қта­рын қал­пы­на кел­тіре­мін, тілін, руха­ни өмірін, мәде­ни­етiн қай­та түлетiп, дамы­та­мын деп мін­дет­тен­ді. Біз сол кез­де өз ұсы­ны­ста­ры­мы­здың осы заң­нан өз орнын тапқа­ны үшін аса бақыт­ты болдық.

 

Алай­да, өкініш­ке орай, «бөл­шек­тен­ген халы­қты» бірік­ті­ру (жинақтау) үшін аса қажет­ті, тағ­дыр­ше­шті ере­же­лер мен қағи­дат­тар уақыт өте келе бір­тін­деп наза­рдан тыс қал­ды­ры­ла баста­ды. Пар­ла­мент депу­та­ты болып тұрған кезім­де менің баста­мам бой­ын­ша сенат комис­си­я­сы құры­лып, ол сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­ның басқа санат­та­ры­мен қатар босқын­дар­дың Қаза­қстан­нан жап­пай қашып шығу себеп­терін де кешен­ді түр­де зерт­тей баста­ды және бұл жөнін­де тиісті заң­на­ма­лық актілер мен ұсы­ны­стар әзір­леді. Бірақ депу­тат­тық мерзі­мім аяқталған­нан, сон­дай-ақ жаңа мерзім­ге сай­ла­на алмаға­ным­нан кей­ін орал­ман­дар­дың да, отар­шыл-тота­ли­тар­лық жүйе құр­бан­да­ры­ның басқа көп­те­ген санат­та­ры­ның да құқы­қтық мәр­те­бесі көп­тен бері күт­кен сая­си-құқы­қтық шеші­мін таппады.

Тәу­ел­сіздік­тің 25 жылы ішін­де Қаза­қстан бір мил­ли­он отан­да­сы­мы­зды қабыл­дай алды. Бұл да аз жетістік емес. Өкініш­ке орай, жер­гілік­ті жер­лер­де тиісті түр­де қабыл­дан­ба­уы, біздің нақты жағ­дай­ы­мы­зға орал­ман­дар­дың бей­ім­де­ле алмауы, тіл­дік про­бле­ма­лар, сыбай­лас жемқор­лық сал­да­ры­нан олар­дың бір бөлі­гі кері қай­тып кет­ті неме­се Қаза­қстанға көшіп кел­геніне өкініп отыр. Бұл да біздің өмір шын­ды­ғы­мыз. Кеңе­стік кезең­нен бері ұлта­ра­лық мәсе­ле­лер­мен айна­лы­сып, оның бел­сен­ділері­мен қоян-қол­тық ара­ласқа­ны­ма бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тің бұл про­бле­маға деген көзқа­ра­сын жақ­сы білемін.

Кей­інірек бұл жұмыспен шене­унік­тер айна­лы­сып, олар мұн­дай бағ­дар­ла­ма­ларға біл­дір­мей қастан­дық жаса­ды неме­се ел бола­шағы­нан гөрі, өз қара басы­ның қамын көбірек күйт­теп кет­ті. Бұл жер­де де біз ата-баба­ла­ры­мы­здың рухы алдын­дағы өз мін­деті­мізді, өз пары­зы­мы­зды соңы­на дей­ін орын­дай алма­дық, өйт­кені елге ора­лып жатқан орал­ман­дар, негізі­нен алған­да, жоға­ры­да айты­лған­дай, кезін­де халқы­мы­здың азатты­ғы үшін күресіп, Қаза­қстан­нан қуы­лған аза­мат­тар­дың ұрпағы болып табы­ла­ды. Егер біз шын мәнін­де жақ­сы болға­ны­мы­зда, бұл про­бле­ма­ны мем­ле­кет­тік тұрғы­дан қарап, шешіп, ұлт­тық қауіп­сізді­гі­міз бен Қаза­қстан­ның бола­шағын нығай­тқан болар едік. Сон­ды­қтан да біздің рес­пуб­ли­ка­мыз халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен мін­дет­те­ме­лер негізін­де халқы­мы­зды бірік­тіру­ге қажет­ті жос­пар­лар­ды әзір­ле­у­ге және іске асы­руға тиіс.

Қаза­қстан бұры­нғы КСРО-ның басқа одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­на қараған­да отар­шыл басқын­шы­лы­ққа көбірек ұшы­ра­ды. Қазақ халқы бұры­нғы КСРО-ның басқа халы­қта­ры­на қараған­да тота­ли­тар­лық ста­лин­дік режим­нен көбірек зардап шек­ті. Сон­ды­қтан да біз­де қуғын-сүр­гін ауқы­мы мен құр­бан­дар сана­ты­ның жан басы­на шаққан­дағы саны басқа рес­пуб­ли­ка­ларға қараған­да көбірек.

Мыса­лы, өткен ХХ ғасыр­ды ғана алып қарар бол­сақ, қазақ жері мен оның көпұлт­ты халқы бір­не­ше рет отар­шыл-тота­ли­тар­лық сая­сат­тың құр­ба­ны­на айнал­ды. Осы сая­сат­тың кей­бір тұста­ры мен фак­тілерін кел­ті­ре кетейік:

өткен ғасыр­дың басын­да Сто­лы­пин­нің орта­лық Ресей аудан­да­ры­нан жер­сіз шару­а­лар­ды Қаза­қстан­ның құнар­лы жай­ы­лы­мы мен егістік жер­леріне қоныс аудар­туы және жер­гілік­ті халы­қ­пен араға от жағып, қол­дан өшік­ті­ру туғы­зу, сон­дай-ақ әске­ри-жаза­ла­у­шы жасақтар мен каз­ак­тар­дың қару­лы жасақта­рын пай­да­ла­на оты­рып, нара­зы­лы­қтар­ды күшпен басу және бай­ы­рғы халы­қты қуғын-сүр­гін­ге салу;

Қаза­қстанға сырт­тан әкелін­ген аза­мат­тық соғыс пен жап­пай кеңе­стен­ді­ру, 20-жыл­дар­дың басын­дағы ашты­ққа әкеп соқты­рған қазақ халқы­ның дәстүр­лі өмір сал­тын, сана­сы мен тұр­мыс-тір­шілі­гін бұзу;

бай-кулак­тар­ды қуда­лап, мүл­кін тәр­кіле­у­ге және ұжым­да­сты­руға, сон­дай-ақ дін­дар­лар­ды қуғын-сүр­гін­ге салуға қар­сы Қаза­қстан­дағы жүз­де­ген шару­а­лар көтерілістерін күш­теп басып-жан­шу, оларға қаты­су­шы­ларға жаза­лау шара­ла­рын қол­да­ну және қуғындау;

30-жыл­дар­дың басын­да билік қол­дан жасаған, қазақ халқы­ның жар­ты­сын жал­маған, бұрын-сон­ды бол­маған аштық;

Қаза­қстан­ның бар­лық өңір­лерін­де қанат жай­ған «Алаш» қозға­лы­сы­на (пар­ти­я­сы­на) және «Алаш Орда» үкі­метіне бірік­кен қаза­қтың бет­ке ұстар, жоға­ры білім­ді, про­грес­шіл зия­лы қауы­мын қуғын-сүр­гін­ге салып, көзін жою. «Алаш Орда» пар­ти­я­сы­ның қатар­дағы мүше­лері, облы­стар мен аудан­дар­дағы фили­ал­да­рын­да қыз­мет еткен адам­дар, әске­ри бөлім­дерінің сар­ба­з­да­ры әлі күн­ге дей­ін ақталған жоқ.

Хру­щев­тің тың жер­лер­ді иге­ру деген желе­умен Қаза­қстанға Ресей­ден, Укра­и­на­дан мил­ли­он­даған адам­дар­ды аван­тю­ра­лық жол­мен жап­пай қоныс аудар­туы қаза­қтар­ды өз тари­хи Ота­нын­да «ұлт­тық азшы­лы­ққа» айнал­ды­рып, содан туын­дай­тын сал­дар­ларға ұшы­рат­ты. Бүгін­гі күні біз Еуро­па­ның бар­лық елдері бар-жоғы 2–3 мил­ли­он босқын­ды қабыл­дай алмай, қабыл­дағы­сы кел­мей оты­рға­нын және бұл рет­те қан­дай про­бле­ма­лар туын­дай­ты­нын бай­қап отырмыз;

Қаза­қстан­ның орта­лы­ғын­да ашық ядро­лық жары­лы­стар жасау сал­да­ры­нан ғасыр­лар бойы жері­міз бен халқы­мыз жап­пай уланды;

«халы­қтар досты­ғы­ның зерт­ха­на­сы» деген желе­умен қазақ халқын тари­хи мұра­сы­нан, тілі­нен, мәде­ни және руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­нан бір­те-бір­те айы­ру, қазақ мек­теп­терін жабу және т.б.;

«тыныш» 60–70-жылдардың өзін­де де Мах­мет Құл­маған­бе­тов, Хасен Қожах­мет сот­та­лып, Жұма­бек Тәше­нов және өзге де әр сала­дағы және өңір­лер­де­гі ұлт­жан­ды аза­мат­тар қуда­лан­ды, ұлт-азаттық иде­я­ла­ры репрес­си­яға ұшы­рап, ел мүд­десін көз­де­ген басы­лым­дар жой­ыл­ды, шыға­руға тый­ым салынды;

бұры­нғы кеңе­стік импе­рия кезін­де қазақ халқы­на қар­сы жаса­лы­нған соңғы жүй­елі қыл­мыстар­дың соңы 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісін­де айқын көрін­ді. Жел­тоқ­сан оқиға­сы аяу­сызды­қ­пен басып-жан­шы­лып, көтеріліс­ке қаты­су­шы­ларға жап­пай жаза­лау шара­ла­ры қол­да­ныл­ды. Қазақ халқын ұлт­шыл деп айып­тап, жап­пай қазақ халқы­на қыл­мыстық іс қозғал­ды, «қазақ ұлт­шыл­да­ры» ізде­стіріліп қудаланды.

Қаза­қстанға да өз кесірін тигіз­ген «бүкі­ло­дақтық» ста­лин­дік қуғын-сүр­гін мен Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс құр­бан­да­рын да осы­ған қосуға бола­ды. Мыса­лы, біз осы күн­ге дей­ін кеңес қол­бас­шы­лы­ғы­ның кінәсі мен жол бер­ген қателік­тері сал­да­ры­нан тұтқы­нға түс­кен ондаған мың қаза­қстан­ды­қтың ардақты аты мен естелі­гін ақтау және қал­пы­на кел­ті­ру ісін қолға алған жоқ­пыз, өйт­кені орын алған тари­хи мән-жай­лар мен құқы­қтық жағ­дай­ларға бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар секіл­ді, халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша және еге­мен­ді Қаза­қстан­ның ұста­ны­мы тұрғы­сы­нан объ­ек­тив­ті баға бер­гі­міз келмейді.

 

Сабыр ҚАСЫМОВ,

«Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қоры­ның президенті

 

Жалға­сы газеті­міздің келесі санында

 

 

• Редак­ци­ядан: Қоға­мға таны­мал ұлт­жан­ды аза­мат Сабыр Қасы­мов жетек­шілік ететін қоғам­дық қор­дың толық ата­уы – «Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күре­сте зардап шек­кен адам­дар­ды ақтау және мәң­гі есте қал­ды­ру жөнін­де­гі «Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоры».

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн