Суббота , 5 июля 2025

ҰЛТ ҚАҺАРМАНДАРЫН ҰЛЫҚТАУҰРПАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Отар­сызда­ну оқуы

 


(Соңы. Басы газет­тің 13 сәуір, 2017 жылғы № 14 (378) санында)

 

 

Біз­де қоғам­дық ғылым, оның ішін­де тарих ғылы­мы бодан­дық сипаттан арыл­маға­нын, бұры­нғы док­три­на­лар мен дог­ма­лар әлі толы­қтай еңсеріл­ме­генін атап өту­ге тура келеді. Пат­ри­от­тар мен құқық қорға­у­шы­лар тео­ри­я­лық тұрғы­дан алған­да өте әлсіз, әрі олар­дың мүм­кін­ді­гі де шек­те­улі. Бұл, әрине, олар­дың кінәсі­нен ғана болып оты­рған жоқ.

 

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­сы мен қоғам­дық ғылы­мы мем­ле­кет­тік және қоғам­дық пат­ри­о­тизм­ге берілетін аны­қта­ма­ның ғылы­ми дәй­ек­тел­ген ұлт­тық тұжы­рым­да­ма­сын, моделі мен әмбе­бап өлшем-шар­тта­рын жасап шыға­руға тиіс. Мыса­лы, біз пат­ри­от қаза­қтар жөнін­де көп айта­мыз, бірақ Қаза­қстан­ның басқа ұлт­тан шыққан пат­ри­от­та­ры жөнін­де ештеңе айт­пай­мыз, не бол­ма­са аз айта­мыз. Бұл бүгін­гі таң­да мем­ле­кет­тің, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры бас­шы­ла­ры­ның идео­ло­ги­я­лық, ақпа­рат­тық-наси­хат жұмысын­дағы әлсіз тұсы болып отыр.

Біз өз тарихы­мыз бен көпұлт­ты және көп­кон­фес­си­я­лы Қаза­қстан халқы­ның жадын­да басқа мем­ле­кет­тер мен халы­қтар­дың жау­лап алушы­ла­ры мен тиран­да­рын, діни апо­стол­да­рын емес, қазақ халқы­ның ұлт-азаттық күресін түсініп, қол­даған, қуда­лау мен қуғын-сүр­гін­нің ауыр кезеңін­де біз­ге көмек қолын созған ұлы демо­крат­та­ры мен гума­ни­стерін мәң­гі есте қал­ды­руға тиіс­піз. Мыса­лы, Ресей­дің про­грес­шіл және демо­кра­ти­я­лық күш­тері мен адам­да­ры әрдай­ым өз азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күрес­кен қаза­қтар­дың жағын­да бол­ды. Олар билік­ке кел­ген кез­де Қаза­қстан өз азатты­ғын алды.

Орыс халқы­ның көр­нек­ті ұлы Гри­го­рий Пота­нин (Ресей­дің Құры­л­тай жина­лы­сы­на «Алаш» пар­ти­я­сы­ның аты­нан сай­ланған депу­тат), Тимо­фей Сидель­ни­ков (Мем­ле­кет­тік дума­ның мүше­сі), Орест Шкап­ский (Уақыт­ша үкі­мет­тің комис­са­ры), Сер­гей Шве­цов (Петер­бург­тік про­фес­сор-этно­граф) және басқа да көп­те­ген адам­дар «Алаш» ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның иде­я­ла­рын қол­дап, қазақ халқы­ның мем­ле­кет­тік авто­но­ми­я­сын жақтап әре­кет етті, қаза­қтар­дың мүд­десі мен өз жер­лерін сақтап қалуын қорғады.

Тари­хи құжат­тар Қаза­қстан­ның азатты­ғы, тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы жолын­да күрес­кен­дер ара­сын­да, мыса­лы, орыс ұлты­ның ғана емес, укра­ин, қарақал­пақ, өзбек, қырғыз, балқар ұлты мен басқа да ұлт­тар­дың өкіл­дері аз бол­маға­нын көр­се­те­ді, олар Қаза­қстан­ның мүд­десі, біздің ортақ Ота­ны­мыз үшін қолы­на қару алып та, сая­си және идео­ло­ги­я­лық май­дан­да да күрес­кен. Бұған жүз­де­ген және мың­даған мысал кел­тіру­ге бола­ды. Мәсе­лен, қаза­қтар­дың жоңғар шапқын­шы­лы­ғы­на қар­сы Отан соғы­сын­да қырғы­здар­дан, қарақал­пақтар­дан, өзбек­тер мен башқұрт­тар­дан құралған жасақтар аз бол­маған. Пат­ша үкі­метіне қар­сы Кене­са­ры хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс­ке оры­стар, поляк­тар, бело­русь­тар, өзбек­тер, татар­лар, қырғы­здар, қарақал­пақтар бел­сене қаты­сқан. Әрі олар­дың көбісі қай­та шаңы­рақ көтер­ген Қазақ ханды­ғын­да жүз­ба­сы, хат­шы, адъ­ютант және ведом­ство бас­шы­сы ретін­де бас­шы және жау­ап­ты лау­а­зым­дар атқарған. 1916 жылғы халық көтерілісі кезін­де Ақмо­ла­дағы көтеріліс орта­лы­ғы бас­шы­ла­ры­ның бірі укра­ин Афа­на­сий Лату­та бол­ды. Оның қол астын­да 30 мыңға жуық көтеріліс­ші бол­ды. Айт­пақ­шы, ол қысқа уақыт ішін­де қазақ тілін үйреніп алған.

Не бол­ма­са ата-баба­ла­ры­мы­здың пат­ша билі­гінің отар­шыл сая­са­ты­на қар­сы күресін қазақ халқы­ның өз азатты­ғы мен Қаза­қстан­ның еге­мен­ді­гі үшін ұлт-азаттық күресі ретін­де тану­ды табан тіреп қорғаған ака­де­мик Анна Пан­кра­то­ва­ның идео­ло­ги­я­лық май­дан­да көр­сет­кен интер­на­ци­о­нал­дық ерлі­гін қалай­ша ұмы­туға және есте қал­дыр­мауға бола­ды, кей­бір мәң­гүрт қазақ ғалым­дар қар­сы шық­са да, ол ең көр­нек­ті қазақ тарих­шы­сы Ермұ­хан Бек­ма­ха­но­вты түр­ме­ден боса­туға тіке­лей атса­лы­сты. Мұн­дай фак­тілер, қай­та­лап айтай­ық, мың­дап сана­ла­ды, бірақ оны көп­шілік біле бермейді.

Тіп­ті біздің көз алды­мы­зда және біздің қаты­суы­мы­з­бен өткен елі­міздің тәу­ел­сізді­гі жыл­да­рын­да орыс тіл­ді қаза­қстан­дық бауыр­ла­ры­мыз таны­тқан шынайы пат­ри­о­тизм үлгісі де аз бол­ма­ды. Қазақ халқы­ның қонақ­жай­лы­лы­ғы мен интер­на­ци­о­на­лиз­міне тән­ті болған олар қазақ халқын құр­мет­теп, оның ел еге­мен­ді­гі мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы сая­си және идео­ло­ги­я­лық күресін жан-жақты қол­дап отыр­ды. Бұры­нғы отар­шыл-тота­ли­тар­лық режим­дер­дің мақ­сат­ты түр­де жүр­гіз­ген мем­ле­кет­тік сая­са­ты мен қасақа­на бұр­ма­лап баға­ла­уы, наси­хат­та­уы сал­да­ры­нан біз олар­дың ерлі­гі мен пат­ри­о­тиз­мі тура­лы білу, халқы­мы­здың мүд­десі мен құқы­ғы үшін күрес­кен, ерлік жасап, жеке басын құр­бан­ды­ққа тігіп, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін жақын­датқан, ұлан-бай­тақ аумағы­мы­зды қорғап қалған, нағыз әрі шынайы қаһар­ман-батыр­ла­ры­мы­зды мақтан тұту құқы­ғы­нан айырылдық.

 

Біз ойла­нып-толға­нып, өзі­міз­ге-өзі­міз мына­дай сұрақтар қой­ып, оларға жау­ап табуға тиіс­піз: «Қазақ халқы­ның мүд­десі үшін ғасыр­лар бойы кім күре­сті? Мен­де­ле­ев кестесін­де­гі бар­лық эле­мент­тер табы­ла­тын біздің ұлан-бай­тақ әрі аса бай жері­мізді кім қорғап, сақтап қал­ды? Біздің руха­ни таны­мы­м­ыз бен мем­ле­кет­ті­гі­міздің, мәде­ни­еті­міз бен тілі­міздің тео­ри­я­лық негіз­дерін кім қорғап қал­ды? Ота­ны­мы­здың мүд­десі үшін кім қолы­на қару алып соғыс шай­қаста­рын­да неме­се сая­си, ғылы­ми неме­се идео­ло­ги­я­лық май­дан­дар мен айқастар­да нақты­лы түр­де шай­қа­сты, кім біз­ден тар­тып алы­нған жер­лер­ді кері қай­та­рып алды? Кім өз өне­гесі­мен ұлт рухын қай­та түлетіп, сақтап қала алды? Біз күні ертең өзі­міздің орны­мы­зды баса­тын бала­ла­ры­мыз бен неме­ре­лері­мізді кім­нің, қан­дай тұлға­лар­дың (егер Қаза­қстан­ның азатты­ғы, тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы үшін күрес­кен күрес­кер­лер бол­ма­са) ерлік­терінің өне­гесін­де тәр­би­е­лей ала­мыз? Біз бүгін­гі күні өзі­міздің тәу­ел­сіз туған мем­ле­кеті­міз­де өмір сүріп жатқа­ны­мыз, баға жет­пес бай­лы­ғы бар кең-бай­тақ аумаққа ие екені­міз, біздің Ота­ны­мыз – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көп­те­ген халы­қа­ра­лық бедел­ді ұйым­дар­дың толық құқы­қты мүше­сі болып қана қой­май, әлем­де таны­мал, лай­ы­қты құр­мет­ке ие мем­ле­кет деп мақта­на­ты­ны­мыз үшін кім­ге көбірек міндеттіміз?»

Біз осы және өзге де сұрақтарға жау­ап бере оты­рып, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз және демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет ретін­де дамуын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қоғам­ның руха­ни-иман­ды­лық бір­лі­гінің басты негіз­дерінің бірі, маңы­зды құн­ды­лы­ғы ретін­де қаза­қстан­ды­қтар­дың бүгін­гі және бола­шақ ұрпақта­рын пат­ри­от­ты­ққа тәр­би­е­леу жүй­есін жасап шыға­ра­мыз, аза­мат­та­ры­мы­здың бой­ын­да жоға­ры пат­ри­от­тық сана-сезім қалыптастырамыз.

Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да қажет болып оты­рған ком­мер­ци­я­лық емес қоғам­дық ұйым «Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күре­сте зардап шек­кен адам­дар­ды ақтау және мәң­гі есте қал­ды­ру жөнін­де­гі «Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қоры» (бұдан әрі – Қор) деген атпен құрыл­ды. Қор­дың аты тура­лы ұсы­ны­лған ондаған нұсқа мен ұсы­ны­стан біз Тұжы­рым­да­ма­да баян­далған уәж­дер­ге сүй­ене оты­рып, «Қаһар­ман­дар» деген мағы­на­сы кең, нақты әрі киелі ұғы­мға тоқталдық.

Қор­дың негіз­гі қыз­мет ныса­на­сы және мақсаттары:

– біздің аза­мат­тар­дың, әсіре­се жастар­дың Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күре­сте зардап шек­кен адам­дар­дың есі­мі мен ерлік­терін білу көк­жи­егін кеңей­те түсетін тәр­би­е­ле­уші, білім беру­ші-оқы­ту­шы бағ­дар­ла­ма­лар­ды әзір­леу мен іске асы­ру­да мем­ле­кет­тік орган­дар­мен, ғылы­ми меке­ме­лер­мен, сая­си пар­ти­я­лар­мен және басқа да қоғам­дық ұйым­дар­мен өза­ра іс-қимыл жасасу;

– Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күрес бары­сын­да зардап шек­кен адам­дар­дың әртүр­лі (сая­си, әске­ри, қыз­мет­тік, идео­ло­ги­я­лық, шығар­ма­шы­лық, ғылы­ми, мәде­ни сала­лар мен басқа да сала­лар­дағы) санат­та­ры­ның ғылы­ми тұжы­рым­да­ма­ла­рын әзірлеу;

– Қаза­қстан­ның мүд­десі үшін күрес­кен­дер­дің бұрын бел­гілі бол­маған неме­се баға­лан­баған ерлік­теріне объ­ек­тив­ті баға беру бой­ын­ша ізде­сті­ру, тал­дау, ұйым­да­сты­ру жұмысын жүр­гі­зу­де аза­мат­тарға, заң­ды тұлға­ларға, ғылы­ми меке­ме­лер­ге, қоғам­дық және мем­ле­кет­тік ұйым­дарға қол­дау және көмек көр­се­ту, осы күрес­кер­лер­дің ардақты атын қал­пы­на кел­ті­ру және ерлік істерін мәң­гі есте қалдыру;

– орта­лы­қта, сон­дай-ақ өңір­лер­де Қаза­қстан­ның азатты­ғы, тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы үшін күре­сте зардап шек­кен адам­дар­ды ақта­уға арналған ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­я­ларға, дөң­ге­лек үстел­дер­ге, бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­ла­ры­на баста­ма жасау, осы шара­ларға қаты­су және олар­ды өткізу;

– Қор­дың мақ­сат­та­рын іске асы­ру үшін зерт­теу бағыт­та­ры және фак­тілер бой­ын­ша топ­тар құрып, олар­ды ғылы­ми-ізде­сті­ру ісса­пар­ла­ры­на жіберу;

– әрбір пат­ри­от­тың бұрын сая­си және идео­ло­ги­я­лық уәж­дер бой­ын­ша тый­ым салы­нған ерлі­гін аны­қтау және оған әділет­ті баға беру мақ­са­тын­да Қор­дың ізде­сті­ру, тал­дау және ұйым­да­сты­ру жұмысын, ең алды­мен қоғам­ның қажет­тілік­терін және Қаза­қстан­ның өңір­лерін­де­гі (аудан­да­рын­дағы, кент­тері мен ауыл­да­рын­дағы) аза­мат­тар­дың, заң­ды тұлға­лар­дың өтіні­ш­терін қанағат­тан­ды­руға бағыттау;

– Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күре­сте зардап шек­кен құр­бан­дар­дың бар­лық санат­та­рын ақтау және олар­дың есі­мі мен ерлік­терін мәң­гі есте қал­ды­ру жөнін­де заң­на­ма­лық, нор­ма­тив­тік және жеке-дара актілер әзір­леу мен қабыл­да­уда, сон­дай-ақ атқа­ру­шы және өкіл­ді билік орган­да­ры­ның, сот­тар­дың, про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры­ның осын­дай шешім­дер қабыл­да­уы­на мүм­кін­дік беретін заң­на­ма­лық актілер қабыл­да­уда заң шыға­ру баста­ма­сы және құқы­қтық баста­ма субъ­ек­тілеріне көмек көрсету;

– біздің отан­даста­ры­мы­здың өтіні­ш­терін халы­қа­ра­лық құқық пен халы­қа­ра­лық келісім­дер­дің нор­ма­ла­рын сақтай оты­рып қарау және олар­дың ата-баба­ла­рын ұлт­тық, тап­тық және діни себеп­тер бой­ын­ша қуда­ла­у­ға, қуғын-сүр­гін­ге салуға және Қаза­қстан аумағы­нан қууға бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лер бой­ын­ша қол­дан келер көмек­ті көрсету;

– Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын тәу­ел­сіз және демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет ретін­де дамы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету үшін біздің көпұлт­ты қоға­мы­м­ы­здың аса маңы­зды құн­ды­лы­ғы, оны бірік­тіретін басты негіз­дер­дің бірі ретін­де қаза­қстан­ды­қтар­ды бір­тұ­тас пат­ри­от­тық тәр­би­е­леу жүй­есін дамы­ту мен жетіл­діру­ге қаты­су, аза­мат­та­ры­мы­здың бой­ын­да жоға­ры пат­ри­от­тық сана-сезім мен тағ­дыр­лар­дың ортақты­ғы тура­лы түсінік қалыптастыру;

– біздің аза­мат­та­ры­мы­здың қазір­гі және бола­шақ ұрпағын Қаза­қстан­ның әртүр­лі ұлт­тан шыққан пат­ри­от­та­ры­ның тағ­ды­ры мен ерлік­терінің нақты өне­гесі негізін­де, Отан­ды кір­шіксіз сүю мен оған қыз­мет ету тұрғы­сы­нан пат­ри­от­тық тәр­би­е­ле­у­ге жәрдемдесу;

– Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күре­сте пат­ри­от­тар жасаған ерлік­тер­ді клас­си­ка­лық халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен ғылы­ми және қоғам­дық ой-пікір­дің озық жетістік­тері негізін­де баға­лау үшін импе­ри­я­лық, тап­тық дог­ма­лар мен сте­рео­тип­тер­ден ары­луға және қаза­қстан­дық пат­ри­о­тиз­мнің қаза­қстан­дық ұлт­тық ғылы­ми әдісте­месі мен өлшем шар­тта­рын, сон­дай-ақ бір­тұ­тас қағи­дат­та­ры мен құн­ды­лы­қта­рын жаса­уға жәр­дем­де­су болып табы­ла­ды (мұн­дай жұмыстың бар­лы­ғы 21 бағы­ты бар).

 

Бұл жұмыстар­дың бар­лы­ғы халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен нор­ма­лар шең­берін­де, басқа халы­қтар өкіл­дерінің қадір-қаси­еті мен құқы­қта­рын қозға­май, Қаза­қстан­дағы сая­си және ұлта­ра­лық келісім­нің бұзы­луы­на жол бер­мей, өрке­ни­ет­ті түр­де жүр­гізілуі тиіс. Біз отар­шыл және дик­та­тор­лық сая­сат қара­пай­ым халы­қтың пікірі ескеріл­мей әзір­леніп, іске асы­рыл­ды деген пікір­ді негіз­ге ала­мыз, сон­ды­қтан да осы халы­қтар­дың өкіл­дері – қаза­қстан­ды­қтар бұры­нғы билік­тер­дің іс-әре­кеті үшін жау­ап бермейді.

Осы Қор­ды мен және әйгілі тарих­шы-ғалым Мәм­бет Қой­гел­ди­ев, сон­дай-ақ басқа да мүд­делі маман­дар құр­ды. Қор­дың Қамқор­шы­лық кеңесінің төраға­сы – бар­шаға бел­гілі әрі сый­лы мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Орал­бай Әбдікәрі­мов. Біз осы тари­хи және мем­ле­кет­тік маңы­зы бар, қоғам­дық пай­да­лы әрі қай­ы­рым­ды жұмыста халы­қтың зия­лы­лық дең­гей­ін айқын­дай­тын және зия­лы қауы­мын құрай­тын бел­гілі қоғам және сая­си қай­рат­кер­лер­дің, ғалым­дар мен жазу­шы­лар­дың көме­гіне иек артамыз.

Дәл осы адам­дар бұрын көп­шілік­ке бел­гілі бол­маған және атын ата­уға тый­ым салы­нған руха­ни және зия­лы тұлға­лар­дың, Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күрес­кер­лер­дің үлгі-өне­ге­лерін таны­туға тиіс.

Біздің осы мәсе­ле бой­ын­ша өңір­лік билік­пен және эли­та­мен (жұрт­шы­лы­қ­пен) сын­дар­лы түр­де өза­рақа­рым-қаты­нас, іс-қимыл жаса­су тәжіри­бе­міз бар. Мәсе­лен, 2010 жылы М. Қозы­ба­ев атын­дағы Сол­түстік Қаза­қстан мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің (Қызы­л­жар қала­сы) база­сын­да облыс әкім­ді­гінің, «Жеті жарғы және Қожа­бер­ген жырау» қоға­мы­ның, басқа да ұйым­дар мен меке­ме­лер­дің көме­гіне сүй­еніп, сон­дай-ақ жер­гілік­ті зерт­те­ушілер­ді, ғалым­дар мен өлке­та­ну­шы­лар­ды бел­сен­ді түр­де тар­та оты­рып, «Сол­түстік Қаза­қстан: өңір­дің тарихы, тұлға­лар­дың тағ­дыр­ла­ры» деген тақы­рып­та елі­міздің сол­түстік өңір­лерінің тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы жолын­дағы күрес тарихы­на арналған халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ция өткіздік.

Кон­фе­рен­ци­я­ның жұмысы­на көр­нек­ті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­лері, пар­ла­мент депу­тат­та­ры, отан­дық және шетел­дік әйгілі ғалым­дар – Қаза­қстан мен Ресей­дің 13 жоға­ры оқу орны мен 14 ұйы­мы­нан кел­ген, 49 баян­да­ма жасаған 48 зерт­те­уші, оның ішін­де 2 ака­де­мик, 18 ғылым док­то­ры мен 21 ғылым кан­ди­да­ты қатысты.

Алды­мы­зда бұра­лаң-бұл­та­ры­сы көп, машақа­ты мол аса қиын жол тұр, бізді әсіре­се ұйым­да­сты­ру­шы­лық және мате­ри­ал­дық тұрғы­дан ауқым­ды қиын­ды­қтар күтіп тұр. Деген­мен, біз Қор қыз­метінің негізін құрай­тын ізгілік пен пат­ри­от­тық әле­ует, иман­ды­лық ресур­ста­ры, сон­дай-ақ қазір­гі қаза­қстан­дық ұрпаққа ата-баба­ла­ры­мыз жол­даған қаси­ет­ті үндеу мен артқан үміт бұл қиын­ды­қтар­ды да еңсеріп шыға­ты­ны­мы­зға көмек­те­седі деп сенеміз.

Біз өзі­міздің көпұлт­ты халқы­мыз алдын­да осы жол­дан, бұры­нғы­сын­ша, табан­ды түр­де, рия­сыз, адал ниет­пен соңы­на дей­ін өте­міз деп уәде етіп, серт береміз!

Біз Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі мен еркін­ді­гі үшін күрес­кен­дер­дің ерлі­гін жаңғыр­ту үшін іздеу, зерт­теу жұмысын жүй­елі түр­де жүр­гі­зу қажет­ті­гін түсі­нетін, осы кон­цеп­ци­я­ны қол­дай­тын пікір­лес адам­дар­дың, пат­ри­от­тар­дың халық ішін­де жет­кілік­ті екеніне сенімдіміз.

Біз бүгін олар­дан «ҚаҺар­ман­дар» қоғам­дық Қоры­ның тез ара­да әрі толы­ққан­ды жұмыс бастап кетуі үшін ұйым­да­сты­ру мен қар­жы­лық істе қол­да­у­ла­рын өті­нер едік.

• Ақпа­рат үшін: 8(7172) 27−04−64, 8−701−713−89−47, e‑mail: [email protected] . Қор рек­ви­зи­ті (тең­ге­мен): АҚ «Каз­ком­мерц­банк»: KZ17926150119064 0000, БИК KZKOKZKX.

Сабыр ҚАСЫМОВ,

«Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғамдық

қоры­ның президенті

 

 

Қол­дау

 

ЖАҢҒЫРУ

тарих­тан басталады

 

«ДАТ» газетінің бір­не­ше санын­да жари­я­ланған мем­ле­кет қай­рат­кері Сабыр Қасы­мо­втың «Қаһар­ман­да­рын ұлы­қтау – ұрпақтың қаси­ет­ті боры­шы» атты мақа­ла­сын оқи оты­рып, осы­дан 7–8 жыл бұрын Қаза­қстан­дағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін еске алуға бай­ла­ны­сты «Ұлт тағ­ды­ры» ұйым­да­сты­рған жиын­дар есі­ме түсті.

 

Біз­дер, Алма­ты қала­сы­ның ұлт­шыл ұйым­да­ры мен аза­мат­та­ры 3 жыл қата­ры­нан Аман­гел­ді Има­нов ескерт­кі­шінің алды­на гүл шоқта­рын қой­ып, тәу­ел­сізді­гі­міз үшін жан­да­рын пида еткен батыр­ла­ры­мы­зға арнап құран оқы­дық. Сол жер­де мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­на «Қазақ елінің тәу­ел­сізді­гі үшін құр­бан болған­дар күні» деген арнайы күн бел­гілеу тура­лы баста­ма көтер­дік. Өкініш­ке орай, жоға­ры жақтан бұл баста­маға қол­дау болған жоқ…

Тәу­ел­сіздік ешқа­шан тегін кел­мей­ді. Қазақ қазақ болға­лы ұлт болу жолын­да, жеке мем­ле­кеті­мізді құру жолын­да сан түр­лі қиын­шы­лы­қтар­дан өтті, талай ары­ста­ры­мыз өзінің бостан­ды­ғын, өмірін бер­ді. Олар­дың ерлік­тері ашық айтыл­ма­са да, халы­қтың жүре­гін­де қал­ды. Отар­шыл­дық кезін­де Қаза­қтың тарихы мет­ро­по­ли­я­ның сая­са­ты мен идео­ло­ги­я­сы­на сай жазыл­ды да, қаһар­ман­да­ры­мыз ата­у­сыз қал­ды. Оның ішін­де Ресей­дің бұға­уы­нан құты­лу үшін қол­да­ры­на қару алған ары­ста­ры­мы­здың аты кел­мес­ке кет­ті, не бол­ма­са «ұлт­шыл», «бас­маш», «бас­ке­сер» атал­ды. Олар­ды ақта­удың да қажеті жоқ деп ойлай­мын (Кей­кі батыр­дың басы­ның елге келуі – нақты жұмыстың бел­гісі), әңгі­ме – оларға қазақ халқы­ның тұрғы­сы­нан баға беру.

Қазір қоғам­да пре­зи­дент­тің «руха­ни жаңғы­ру» мақа­ла­сы талқы­ла­нып жатыр. Руха­ни жаңғы­ру­дың негізін­де – тарихқа деген көзқа­рас­тың жаңғы­руы жатыр. Менің ойым­ша, осы мәсе­ле де Сабыр аға­мы­здың бүгін­гі баста­ма­сы­мен тіке­лей қабысып жатыр.

Әрине, бұл бағыт­тағы жұмыстар­ды оры­стіл­ді, орыс тәр­би­есін алған, Ресей тарихы­мен «сусын­даған» билік­тің жүр­гі­зе қоюы неғай­біл. Сон­ды­қтан Сабыр Қасы­мов бастаған топ­тың «Қаза­қстан­ның азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күре­сте зардап шек­кен адам­дар­ды ақтау және мәң­гі есте қал­ды­ру жөнін­де­гі «Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қорын» қол­дау – бар­лық қаза­қстан­дық аза­мат­тар­дың пары­зы, мін­деті болуы керек. Өз тара­пым­нан бұл қор­дың жұмыс жос­па­ры­на төмен­де­гі пікір­лер­ді ұсы­нғым келеді:

1. Жел­тоқ­сан көтерілісіне бай­ла­ны­сты шын­ды­қтың әлі де ашы­ла қой­маға­ны бел­гілі. Осы мәсе­ле­ге де нүк­те қоя­тын мез­гіл жет­кен сияқты! Бәрі­міз біліп оты­рған, бірақ ашық айтуға не баты­лы­мыз жет­пей­тін, не мәде­ни­ет­тілі­гі­міз бөгет бола­тын мәсе­ле­лер­ді қай­та­дан бір қоры­тып, тия­нақтып, халы­ққа жет­кі­зу үшін арнайы топ құруы­мыз қажет деп біле­мін. Бұл – бола­шақ үшін, осын­дай зоба­лаң­ның қай­та­лан­ба­сы үшін керек әрекет.

2. Кей­бір ары­ста­ры­мы­зды, ұлт­тық дең­гей­де­гі тұлға­ла­ры­мы­зды мой­ын­да­мау, не ешқан­дай дәлел­сіз дат­та­уға заң­дық жол­мен тый­ым сала­тын уақыт та жет­ті. Бұған дәлел ретін­де Мұста­фа Шоқай­ды алсақ та жет­кілік­ті. Жырақтан әупіл­де­ген жау­лар­ды былай қой­ған­да, қаза­қтың тарихы­нан хаба­ры жоқ кей­бір жан­дар Шоқай­ға да, Ала­штың ары­ста­ры­на да күйе жағу­ды қояр емес. Ұлт тұлға­ла­ры­на жаман сөз кел­тір­меу – ұрпақта­ры­ның, біз­дер­дің мін­деті­міз. «Пікір бостан­ды­ғы» деген желе­умен ұлт­тың сені­міне сына қағуға да заң арқы­лы тый­ым салу қажет.

3. Өкініш­ке қарай, қазақ ұлты­ның ара­сы­ның ыды­рап бара жатқа­нын да көріп отыр­мыз. Тіл бел­гісі арқы­лы төрт­ке, дін арқы­лы бес­ке бөлініп бара жатыр­мыз. Еліне қай­тып кел­ген қан­даста­ры­мы­зды бұры­нғы тұрған жеріне қарай «монғол», «қытай», «қал­пақ» деп атай­тын­дар да жет­кілік­ті. Осы­ған да арнайы бап қабыл­дай­тын уақыт жет­ті. (Аме­ри­ка­да «негр» деген сөз­ге заң арқы­лы жаза­лау енгізіп қана тый­ым салға­ны белгілі).

4. Ұлт­ты ұйы­сты­ра­тын тағы бір мәсе­ле – қаза­қтың ұлы тұлға­ла­ры­на қой­ы­лған, қой­ы­ла­тын ескерт­кі­ш­тер. «Менікі» деген­нен тан­бай­тын пен­де­міз ғой, қаза­ққа ортақ тари­хи тұлға­лар­дың өмір сүр­ген жеріне ғана ескерт­кіш қою – халы­қты жұмыл­ды­руға сеп­ті­гін тигі­зе қой­май­тын үлкен қателік. Нелік­тен Махам­бет пен Иса­тай­дың ескерт­кі­ші Аты­ра­уда, ал Қабан­бай­дың бей­несі Өске­мен­де тұруы керек. Бұлар – жал­пы­қа­за­қтың тұлға­ла­ры емес пе? Олар туған жерін ғана емес, ұлты мен елін қорғаған ары­стар ғой. Менің­ше, ұлт­тың тұлға­ла­ры қаза­қтың бар­лық жерін­де де тұруы тиіс. Бұл – бір­лі­гі­міздің үлгісі.

Дос КӨШІМ,

қоғам қай­рат­кері

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн