Воскресенье , 6 июля 2025

ҰЛТ КӨСЕМДЕРІ: олар қалай туады?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Пай­ым патшалығы

 

«Ертеңін ойла­маған­ның – тір­лі­гі зая, елін ойла­маған­ның – ерлі­гі зая…». Бұл – біздің емес, атам қаза­қтың ғасыр­лар сүз­гісі­нен өткен қаси­ет­ті сөзі. Содан болар, ел басы­на күн туған­да, әр ерлі­гін зая етпей­тін, «еге­улі най­за қолға ала­тын», «еңку-еңку жер шала­тын» бір оғлан­ның туа­ры­на бек сен­ген халықпыз…

Өткен тарих­тың сар­тап бет­терін ақтар­саңыз бол­ды, қысы­л­та­яң уақыт­та халқын ақы­лы­мен, батыр­лы­ғы­мен, көре­ген­ді­гі­мен қорғаған, я біра­уыз сөзі­мен ұлты­ның намысын жаны­ған көсем­дері­міздің өне­гелі ісі көз алды­ңы­зда кесте­лене береді. Сол әде­мі кестенің алтын жібін иір­ген уақыт тек біздің ғана емес, күл­лі әлем­ге бел­гілі ұлт көсем­дерінің атқарған ісін тара­зы­лап жата­ды… Бүгін­ге дей­ін сол өлшем таразысы біз­ге нені ұқтыр­ды? Алды­мен осы сұраққа жау­ап беріп алайық.

 

Өз ұлтын ту еткен­дер ғана

КӨСЕМ БОЛА АЛАДЫ

Тарих – без­бен. Ол әр көш­бас­шы­ның ұлты­на еткен еңбе­гінің сал­мағын екшеп бере ала­ды. Тара­зы­ның бір басы­на ұлт көсе­мін, бір басы­на ұлтын қой­ып без­бен­деп, өлшеп көру қажет секіл­ді. Екі жақтың сал­мағы тең түс­кен­де ғана тұлға­ның ата­уы ұлт­тың брен­діне айна­ла­ды. Мәсе­лен, Мұста­фа Кемал Ата Түрік түрік­тің ата­сы­на қалай айнал­ды? Ата тегі үнділік (кей­бір деректер­де қытай­лық) бола тұра, малай ұлты­ның көшін бастаған Махатхир бин Моха­мад ше? Қару­лы отар­ла­у­шы елмен бей­біт жол­мен қар­сы­ла­су­дың тео­ри­я­сы мен так­ти­ка­сын бел­гіле­ген Махат­ма Ган­ди де тек өз ұлты­ның жоғын жоқтап, мұңын мұң­да­ды емес пе?..

1618–1648 жыл­дар­дағы отыз жыл­дық ойран­нан кей­ін 300-дей ұсақ князь­дік­тер­ге бөлініп кет­кен Гер­ма­ни­я­ны Гер­ман импе­ри­я­сы еткен (1870−1871 жыл­дар­дан соң) Бисмарк бола­тын. Оны қой­ы­ңыз­шы, Бисмарк­тан кей­ін­гі ұлы гер­ман сая­сат­кері атанған Конрад Аде­нау­эр мен «неміс эко­но-мика­сы кере­метінің» авто­ры атағы­на ие болған Людвиг Эрхард­тың әр ісін әлем там­са­нып айтып жүр­ген жоқ па?

Мыса­лы, бүгін­де даму қарқы­ны жөні­нен Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста жеңім­паз болған Ресей мен жеңіл­ген Гер­ма­ни­я­ның қай­сысы­ның көші ілгері? Әрине, Людвиг Эрхард­ты туғы­зған неміс ұлты­ның… Сая­си тұтқын ретін­де 27 жыл алты ай алты күнін абақты­да өткер­ген Нель­сон Ман­де­ла­ның сая­си қай­рат­кер­лі­гі Оңтүстік Афри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы­на деген көзқа­рас­ты түп­кілік­ті өзгер­тіп бер­ген жоқ па? Бұл тізім­ді өз биі­гін бағын­ды­рған Вален­са, Тэт­чер, Дэн Сяо­пин, Ли Куан Ю, Рей­ган, Рузвельт, Уин­стон Лео­нард Спен­сер-Чер­чилль секіл­ді тұлға­лар­мен толы­қты­ра беру­ге бола­ды. Осы аталған тұлға­лар­дың бәрі де өз ұлтын сүй­гені, өз ұлты­ның арба­сын өрге сүй­ре­гені, өз халқы­ның «таба­ны­на кір­ген шөң­ге маң­дай­ы­ма қадал­сын» деген түсінік­пен өмір сүр­гені анық. Сол ерлі­гіне сүй­сін­ген ел өз оғла­ны­ның дәре­же­сін асқақта­тып, әлем­дік дең­гей­де­гі біре­гей тұлғаға айнал­ды­рып жіберді.

 

ҰЛТШЫЛДЫҚ

ұлт­ты құтқарады

Енді ақы­рын ойы­сып, өзі­міз­ге кел­сек… Өйт­кені әлем­дік тәжіри­бе­ге қарап, дін­дар­дың да (Аятол­ла Хаме­ней, Мар­тин Лютер), жалаңа­яқ кедей­дің де (Махат­ма Ган­ди) елдің бола­шақ жолын көр­се­тетін бағ­дар­ша­мға айна­ла ала­ты­нын біле­міз. Оларға там­са­на қарап, «біз­де де осын­дай көсем­дер болған­да ғой» деп арман­дай­мыз. Асы­лын­да, ондай тұлға­лар Алаш бала­сын­да аз ба еді? Кеше­гі Саба­лақ деген атпен Төле бидің түй­есін баққан Абы­лай хан­ның Алаш бала­сын бір тудың асты­на бірік­тір­гені, одан ерте­рек ХVI ғасыр­дың 20-жыл­да­рын­да сан руға бөлініп бара жатқан қаза­қты сақтап қалған Хақ­на­зар ханн­ның ерлі­гі, арғы тарих­ты ақтар­май-ақ, кеше­гі ала­шор­да­шы­лар­дың шека­ра­мы­зды бел­гілеп беруі, дер­бес авто­но­мия алып, тәу­ел­сіздік­ке ұмты­луы – бәрі-бәрі ел көсем­дерінің ынта-жігері арқы­лы жасал­ма­ды ма? Бірақ біз сол бір Әли­хан мен Ахмет­тер­дің ерлі­гін жете түсіне алмай жүр­ген сияқты­мыз. Оған себеп – «ұлт­шыл­дық» деген сөз­ге тітір­кене қара­уы­мыз секілді.

Екін­ші мәсе­ле, біздің көсем­дер ара­сын­дағы ұста­ным­дар­дың ара­жі­гін ажы­ра­ту керек. Мәсе­лен, қысы­л­та­яң кезең­де елін аман сақтап қалу үшін Әли­хан Бөкей­хан, Тұрар Рысқұ­лов, Мұста­фа Шоқай – үше­уі үш сая­си бағыт­ты таң­да­ды. Ақиқа­ты­на кел­сек, үше­уінің де жолы дұрыс. Тұрар­дың иде­я­сы қылы­шы­нан қан тамған кеңе­стік кезеңнің өзін­де қаза­қты қорғап қал­ды. Әли­хан­ның иде­я­сы бүгін­гі Тәу­ел­сіздік туы­ның желбіре­уіне сеп­ті­гін тигізді. Мұста­фа Шоқай­дың иде­я­сы бола­шақтағы түр­кілер­дің инте­гра­ци­я­сы­на баста­ма бола­ры хақ. Екшеп көр­сек, бұл үш бағыт та тек ұлт­ты сақтап қалу­дың, жеке ел, мем­ле­кет болу­дың қамы екенін байқайсыз.

Десе де, іште бір өкініш бар. Ол өкіні­шті мына­дай бір мысал арқы­лы түсін­діріп көрелік…

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін Гер­ма­ни­я­ны аяққа тік тұрғы­зған пре­зи­дент Аде­нау­эр мен эко­но­мист Эрхард өз ара­сын­дағы иде­я­лық қай­шы­лы­қты ұлт­тық мем­ле­кет­ті сақтап қалу жолын­да жоя біл­ген еді. Ұлт­тық мүд­де жолын­да оларға жас айыр­ма­шы­лы­ғы да (Аде­нау­эр өзінің мини­стрі­нен 21 жас үлкен бол­ды), діни көзқа­ра­сы да (Аде­нау­эр – като­лик, ал Эрхард – про­те­стант), флег­ма­ти­гі мен холе­рик­ті­гі де (Аде­нау­эр – флег­ма­тик және аз сөй­лей­тін, ал Эрхард – холе­рик және көп­сөзді бола­тын) бөгет бола алма­ды. Еке­уі бір жаға­дан бас шыға­рып, бірі сая­сат­ты, екін­шісі эко­но­ми­ка­ны абсо­лют­тен­ді­ру жолын­да жұмыс жасай бер­ді. Бірі, яғни Аде­нау­эр – авто­ри­тар­лы­ққа, ал Эрхард демо­кра­тизм­ге бүй­рек бұр­са да, мем­ле­кет­тік мүд­де олар­дың иде­я­сын бір арнаға тоғы­стыр­ды. Егер де дәл осы мысал секіл­ді Әли­хан, Мұста­фа, Тұрар­лар­дың басы бірік­кен­де, не болар еді?.. Біз, бәл­кім, қазір Жапо­ния секіл­ді елге айна­лып, Орта­лық Ази­яда үстем­дік етіп тұрар ма едік?

Қош! Тарихқа сүй­е­ней­ік, өмір­ден алай­ық: әйте­уір ел басы­на күн туған­да ұлтын сақтар бір Махам­бет­тің табы­ла­ры, елдің мерей­ін үстем етер бір ұлдың туа­ры акси­о­маға айна­лып кетіп­ті. Мұның себебін біздің ұлт­тың мем­ле­кет­тік сана­сы­ның қалып­тасқа­ны­нан іздеу керек секіл­ді. Сол мем­ле­кет­тік сана әрдай­ым да Әли­хан Бөкей­хан­ның: «Тірі бол­сам, хан бала­сын­да қаза­қтың хақы­сы бар еді, қаза­ққа қыз­мет қыл­май қой­май­мын» деген сөзі­мен ай-шықта­лып тұр­са, арман не? Десе де, бүгін­гін­дей алмағай­ып заман­да хан бала­сы­нан қаза­қтың хақы­сын сұрай­тын көсем ұлдар керек-ақ…

Ал олар қалай, қашан туады?

Қанат БІРЛІКҰЛЫ

 

 

 

Comments

 

Ұлт­ты көте­ретін өзі­нен шыққан ұлы тұлға­ла­ры, көсем­дері екені дау­сыз шын­дық. Ұлт­ты өшіретін де өзі­нен шыққан кер­тарт­па, дарын­сыз ұлда­ры бола­ды. Қан­ша­ма қані­шер десек те, Ста­лин 20 жыл­дың ішін­де күй­ре­ген импе­ри­я­ны қуат­ты мем­ле­кет­ке айнал­ды­ра алды. Себебі – өзінің қарақан басы­ның қамы мен жеке бай­лы­ғын емес, елін, ота­нын ойла­ды! Ал біз 25 жыл­да алға емес, артқа кет­тік?! Себебі біз­де ұлт көсе­мі жоқ. Жоқ бола­тын себебі – айна­лып соққан толқын­дай қай­та­ла­нып келіп оты­рған, сүт­тің бетіне шығар қай­мағын қырып кету про­це­стері. Жоқ бола­тын себебі – билік­тің ұшар басы­на лай­ы­қ­сыз адам бар­са, елдің ерен ұлда­рын өсір­мей­ді, жет­кіз­бей жел­кесін үзіп оты­ра­ды. Әйт­пе­се халық өз қаһар­ман­да­рын тумай тұра алмас еді ғой… 

Қазір­гі қаза­қтың іші­нен көш­бас­шы іздеу қиын. Осы қалай деп дәме­тетін адам­да­ры­мы­здың біре­улері жемқор, біре­улері вах­ха­бист, біре­улері өз ұлты­ның тілін түсін­бей­ді: бола­шаққа боқ аса­тып жүргендер.

Осы мақа­ла­ны 367 адам оқып, 20 пікір жазы­лған екен. Бірақ сол пікір­лер­дің бір­де-бірін­де Назар­ба­ев тура­лы, оның көсем­ді­гі хақы­сын­да бір ауыз сөз жоқ. Ол нені біл­діреді? Ол – Назар­ба­ев­тың ұлт көсе­мі дең­гей­іне жете алмаған­ды­ғын біл­діреді. Яғни, қаза­қ­ша­лап айтқан­да, Назар­ба­ев – Мақ­пал Жүні­со­ва мен Роза Рым­ба­е­ва­ның тұсын­да ел басқа­ру мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­на біл­ген сая­си функ­ци­о­нер ғана деген сөз. 

Abai.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн