Суббота , 5 июля 2025

ҰЛТ ПЕН ҰЯТТЫ ҰЛАҒАТ ЕТКЕН Болатхан Тайжанның өмірінен штрихтар

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

Елім деген ер болған
ҰЛТ ПЕН ҰЯТТЫ
ҰЛАҒАТ ЕТКЕН
Болатхан Тай­жан­ның өмірі­нен штрихтар

Алдағы 7 науры­зда мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Болатхан Тай­жан тірі бол­са, 75 жасқа толар еді. Ұзақ жыл кеңе­стік, кей­ін тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның дипло­ма­ти­я­лық қыз­метін­де, сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар сала­сын­да қыз­мет еткен қара­пай­ым жан­ның сырт көз­ге бай­қал­маған, бірақ біл­ген адам тереңіне бой­лай алмай­тын бол­мысын бүгін­гі ұрпақ біле ме? Ұлты­ның мақта­ны­шы ата­нуға лай­ық тұлға­ның мерей­тойы қар­саңын­да Болатхан аға­ның ару­ағы­на тағ­зым етіп, осы тұрғы­да біраз сыр шер­туді жөн көрдік.

Ұлт мүд­десін ойлаған нағыз аза­мат кез кел­ген жағ­дай­да өзі­нен бұрын халқы­на пай­да беретін, еліне қажет­ті шешім­дер қабыл­дай­ды. Өйт­кені мұн­дай тұлға­ның бол­мысын абы­ройы мен ұяты айқын­дай­ды. Осын­дай қаси­ет­тер­ге ие жан ғана ұлты­на, өзі өмір сүр­ген орта­сы­на деген сүй­іспен­шілі­гін, адал­ды­ғын, кір­шіксіз таза қал­пын сақтай ала­ды. Міне, Болатхан Тай­жан ұлты­ның ұлы деген атқа лай­ық болған аза­мат­тар­дың үркер­дей тобы­на жата­тын осын­дай таутұлға болған-ды.
Кез кел­ген адам­ның өмір жолын, ұстанған құн­ды­лы­қта­рын аны­қтай­тын қара­пай­ым штрих­тар бола­ды. Мәсе­лен, оқу­шы Болатхан кеңес кезін­де жалғыз қазақ мек­тебі болған Алма­ты­да орыс­ша оқы­са да, ұшқан ұядан алған ұлт­тық тәр­би­есі оның бол­мысын бодан­дық қамы­ты­нан аман алып қал­ды. Алтын­шы сынып­та жүр­ген­де, КСРО тарихын: «Бұл Ресей импе­ри­я­сы­ның тарихы. Оқулы­қтағы қаза­қтар­дың, басқа ұлт­тар­дың тарихы жар­ты бет­тен аспай­ды. Ал мен өз елім­нің, қазақ халқы­ның тарихын оқы­ғым келеді, оры­стар­дың тарихын оқы­май­мын!» – деген Болатхан Тай­жан мек­теп­тен қуы­лға­нын біреу біл­се, біреу біл­мей­ді. Бұл қар­ша­дай балаға отба­сы­нан сің­ген тәлім екені дау­сыз. Әйт­пе­се о заман­да мұн­дай анти­кеңе­стік де-марш кім­нің ойы­на кіріп-шыққан «бұза­қы­лық» дерсіз.
Ұлт­жан­ды­лық, еліне деген сүй­іспен­шілік Болатхан Тай­жан­мен бір­ге өсті, жүре­гін­де жетіл­ді. Мәс­кеу Мем­ле­кет­тік Халы­қа­ра­лық қарым-қаты­на­стар инсти­ту­ты­на (ел ішін­де «МГИМО» аталған) оқуға түс­кен соң, Кеңе­стер Одағы құра­мын­дағы қаза­қтың бодан тір­лі­гін бұры­нғы­дан бетер түй­сін­ді. Олай дей­тіні­міз, бір естелі­гін­де жазған­дай, орыс мек­тебін бітір­ген бозба­ла «өзін жел­ке­леп жүріп», өзінің ана тілін аз уақыт­та толық мең­геріп алды. Себебі кез кел­ген ұлт­тың бір­ден-бір ерекшелі­гі – оның тілін­де екенін түсін­ді. Бір қолын­да қаза­қ­ша кітап, екін­ші қолын­да – сөздік. Осы­лай ол таза орыс­ша орта­да жүр­се де, қаза­қ­ша­ны қажет­сі­ну арқы­лы ұлт­тық ерекшелі­гін түген­деп алған-ды.
Бөкең қазақ тілін үйре­ну, білу қиын деген­дер­дің, Абай­ша айтқан­да, «тілін кесу керек» деуші еді. Қаза­қтың тілі құр­ды­мға кетіп бара­ды, жоға­луға айнал­ды деген секіл­ді салы суға кет­кен­дер­дің шара­сызды­ғын да қабыл­да­май­тын. Мысал ретін­де ағы­л­шын­дар­дың ота­ры болған Уэльс халқын кел­тіретін. Ол тура­лы: «Жүз­де­ген жыл бойы олар ана тілін­де сөй­ле­ме­ген. Уэльс тілін­де бір­не­ше сөз­ден ғана тұра­тын тас жазу сақталған. Бірақ соның өзі­нен олар тіл­ді қай­та жаңғыр­тып, ақы­рын­да Уэльс тұрғын­да­ры ана тілі­мен қай­та табысты», – дегені бар.
Ұлт­тың ұлаға­тын ұғы­нуға деген ұмты­лыс Мәс­ке­уде оқи­тын бір топ қазақ жаста­ры­на жаңа­ша жігер бер­ді. Сөй­тіп, олар қазақ жаста­ры­ның ұйы­мын құра­ды. Бұл атақты «Жас тұл­пар» еді. Ұйым­ды құрған Мұрат Әуе­зов пен Болатхан Тай­жан баста­пқы­да қазақ жаста­ры­ның оқу­дан шығып қал­мауы­на ықпал етуді көз­деді. Кей­ін­нен қаза­қтар­ды «оқу­дан шыға­ру» сая­са­ты аста­рын­да ұлы­о­ры­стық шови­низм қитұрқы­сы барын біл­ген «жастұл­пар­лы­қтар» ұлт­тық мүд­денің мұқтаж­ды­ғын сезін­ді. Қан­ша­ма қазақ сту­ден­тінің пікір­ле­сетін орта­сы­на айналған ұйым­ның оты­ры­ста­рын­да әңгі­ме бір­те-бір­те оқу тура­лы ғана емес, қазақ халқы­ның жағ­дайы, оның тілі, ұлт­тық қаси­еті мен тарих жағы­на да ауды. Сөй­тіп, «Жас тұл­пар» ұлт­тық бол­мысты, өткенін білу­ге ұмты­лған, азаттық пен теңдік­ті ту еткен қазақ жаста­ры­ның орта­сы­на айнал­ды. Бола­шақ қазақ зия­лы­ла­ры­ның қалғып кет­кен қаза­қи рухын оятуға күш салған сол ұйым­ның бел­сен­дісі әрі табандысы – Болатхан Тай­жан еді.
Ол жай­лы Мұрат Әуе­зов өз естелі­гін­де: Басын­да «Жас тұл­пар» кон­церт ұйым­да­сты­ра­тын, сту­дент­тік жатақ­ха­на­лар­да оқу мәсе­лесін жақ­сар­та­мыз деген ниет­пен құр­дық. Бөкеңнің бел­сен­ділі­гі­мен «Жас тұл­пар» жүй­елі ұйы­мға айна­ла баста­ды. Сол кездің өзін­де Болатхан кеңе­стік жүй­ені «отар­шыл», «тота­ли­тар­лық жүйе» деп айтатын.
«Біз осы импе­ри­я­ның құра­мын­да құрып бара жатқан елміз, соған қар­сы шығуы­мыз керек» деген ұғым­ды ең бірін­ші, алтын­нан құй­ы­лған оқтай әрқай­сы­мы­здың сана­мы­зға ендір­ген сол Болатхан бол­ды», – деп ағы­нан жары­ла­ды. Кей­ін­нен Болатхан Тай­жан дипло­мат ретін­де­гі қыз­метін енді бастаған шағын­да Кеңес Одағын­да ара­б­та­ну­шы маман­дар тап­шы еді. Ал Бөкең сту­дент кезін­де-ақ өзінің қазақ тілі­мен бір­ге ағы­л­шын және араб тіл­дерін де мең­геріп алған еді. Сон­ды­қтан араб тілін біл­мей­тін кеңес дипло­мат­та­ры «МГИМО» сту­дент­терін қыз­мет­ке тар­та бастаған кез­де талап тұрғы­сы­нан таны­лған жастар­дың қата­рын­да Болатхан аға да бол­ды. Тағ­дыр­дың сый­ы­на қараңыз – Кеңес Одағы­ның сол кез­де­гі бас хат­шы­сы Ники­та Хру­щев Еги­пет­ке ресми сапар­мен барған­да, пре­зи­дент Гамаль Абдель Нассер­мен келіс­сөз­ге аудар­ма­шы ретін­де жас Болатхан Тай­жан тағай­ын­да­ла­ды. Осын­дай мем­ле­кет­тік маңы­зды жұмыстар­ды ойдағы­дай атқарған жас дипло­мат­тың қыз­мет­тік ман­са­бы тез өсе бастайды.
Бөкеңнің дипло­ма­ти­я­лық қыз­меті мен өмірінің біраз бөлі­гі әлем­де­гі ең маза­сыз әрі қауіп­ті өңір – Таяу Шығы­стағы араб елдерін­де өтті. Әне-міне Изра­иль­мен соғы­са­мыз деп, ішкі қай­шы­лық пен сая­си тұрақ­сызды­қтан, текетіре­стен көз ашпаған араб әле­мін­де жүр­ді. Өзі айтқан­дай, осы араб елдерін­де­гі төрт бір­дей мем­ле­кет­тік төң­керісті көзі­мен көр­ді. Осын­дай қауіп­ті жағ­дай­да жүріп, Болатхан Тай­жан кәсі­би білік­тілі­гі­мен қоса, қай­рат­кер­лі­гі­мен, адам­гер­шілік бол­мысы биік қаси­ет­тері­мен көз­ге түсті.
Болатхан аға Еуро­па­да дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­те бол­ды. 1968 жылы сол кез­де­гі Чехо­сло­ва­ки­ядағы көтеріліс КСРО-ның осы елде­гі жас кон­су­лы Болатхан Тай­жан­ның сараб­дал сая­сат­кер­лі­гін жақ­сы көр­сет­ті. Бұл тура­лы: «Бір­де-бір кеңес аза­ма­ты­ның қаза болуы­на неме­се жарақат алуы­на жол бер­ме­ген Кеңес Одағы­ның осын­дағы өкіл­ді­гінің мықты­лы­ғы сезіліп тұр­ды» деп жазы­лған баты­стық газет­тің бір дана­сы Болатхан Тай­жан­ның жеке мұраға­тын­да сақта­лып қалған екен.
Осы мұрағат­тан Бөкеңнің өміріне қаты­сты штрих­тар ізде­сті­ре оты­рып, қаға­зы сарғай­ып кет­кен бір қол­жа­з­ба­сы­на кез бол­дық. «Біздің дипло­мат­тар қаза­қтың тілін, әде­би­етін, тарихын жақ­сы білуі керек, – деп жазып­ты ол мұн­да. – Өйт­кені жұмыстан тыс уақыт­тағы кез кел­ген әңгі­ме Қаза­қстан тура­лы, оның тарихы, мәде­ни­еті, құн­ды­лы­қта­ры тура­лы бола­ды. Ана тілін біл­мей­тін, мәде­ни­еті­нен хабар­сыз дипло­мат­тар­мен сөй­лес­кен шетел­дік­тер сенің туған елің тура­лы қан­дай пікір­де бола­ды? Бұл бүтін мем­ле­кет­тің беделіне үлкен нұқ­сан келтіреді».
Тағы бір басы­лы­мға бер­ген сұх­ба­тын­да Болатхан Құл­жанұ­лы былай деп­ті: «70-жыл­да­ры Мәс­ке­уде­гі Пуш­кин атын­дағы орыс тілін зерт­тей­тін ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты орыс тілінің фра­зео­ло­ги­я­лық сөзді­гін шығарады.
Үлкен бір инсти­тут тек қана осы­мен айна­лы­са­ды. Төрт мың тұрақты тір­кес жинап­ты. Ал марқұм ака­де­мик С. Кеңе­сба­ев аға­мыз жапа­дан-жалғыз өзі ғана, жұмыстан кей­ін, үйін­де оты­рып, қазақ тілін­де он бір мың фра­зео­ло­ги­я­лық тір­кес тауып­ты. Салы­сты­рып қараңыз­шы! Сон­да Ресей­дің бізді соңғы жыл­да­ры сон­ша қара­лап, мәде­ни­еті, тілі жоқ деп басып таста­уы­на қан­дай негізі бар?!».
Тағы бір штрих: Бөкең Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның Орта­лық коми­тетін­де жұмыс істеп жүр­ген кезін­де Мәс­ке­уде­гі өкіл­дік­ке «қаза­қ­ша баса­тын, жаза­тын машин­ка» жібе­руді сұрап, хат жол­даған екен. Сол хаты үшін кеңе­стік шолақ бел­сен­ділер мен әсі­ре «интер­на­ци­о­нал­шы­лар» Болатхан Тай­жан «ұлт­тық мәсе­ле көтер­ді» деп, соңы­на да түс­кен екен. Бірақ Бөкеңнің жоға­ры кәсі­би білік­тілі­гі мен білім­дар­лы­ғы олар­дың аяқтан шалып, қыз­мет­тен шет­те­туіне жол бер­меді. Керісін­ше, осын­дай «сенім­сіз», «теріс көзқа­рас­тағы» маман бола тұра, Қазақ КСР СІМ-нің Бас хат­шы­лы­ғы­на дей­ін өсті.
Дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­пен жырақта жүр­се де, Болатхан Құл­жанұ­лы бір сәт­ке елін­де болып жатқан оқиға­лар­дан шет қал­ма­ды. Мәс­кеу Ген­на­дий Кол­бин­ді Қаза­қстан­ның бірін­ші пар­ти­я­лық бас­шы­сы етіп тағай­ын­даған­да, ол Оңтүстік Йемен­де­гі КСРО елшілі­гінің Бас кон­су­лы еді. Сон­да елшілік­те болған бір жиын­да «орта­лы­қтың» жер­гілік­ті халы­қ­пен сана­спаған ұр да жық сая­са­ты­на нара­зы­лы­ғын ашық біл­дір­ген екен. Бұл – қылы­шы­нан қан тамып тұрған Кеңе­стер Одағы кезін­де болған жағдай.
Кей­інірек тәу­ел­сіз елдің дипло­ма­ти­я­лық қыз­метін қалып­та­сты­руға атса­лы­сқан кезін­де де Бөкең ұлт мүд­десін жоға­ры қою қағи­да­сы­нан айны­ма­ды. Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры бар­лық келісім­дер мен қажет­ті құжат­тар­ды тек қазақ тілін­де жүр­гіз­ген жалғыз елші болға­нын бүгін­де ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гін­де жүр­ген­дер біле ме екен?
Дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­те жүріп, Ислам әле­мі мен Қаза­қстан­ның қарым-қаты­на­сын күшей­ту­ге де аса мән бер­ді. 90-жыл­дар­дың басын­дағы сыр­тқы бай­ла­ныс пен сауда көр­сет­кі­ш­терін қара­сақ, елі­міздің өркен­де­уіне Түр­кия, Мысыр және басқа да мұсыл­ман елдері­нен едәуір қар­жы тар­ты­лға­нын бай­қай­мыз. Ал осын­дағы араб әле­мі­нен елге инве­сти­ци­я­ның келуіне Болатхан Тай­жан­ның сіңір­ген еңбе­гі аса зор. Кей­ін Сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар (СЭБ) мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры болған кезін­де Ази­я­ның даму бан­кі секіл­ді азу­лы халы­қа­ра­лық қар­жы ұйым­да­ры­мен алғаш рет бай­ла­ныс орна­тып, тығыз әріп­те­стік­ке бастаған да осы Тай­жан болатын.
Соны­мен бір­ге ол Қаза­қстан­нан пай­да табуға кел­ген шет мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­мен, тран­сұлт­тық алпа­уыт ком­па­ни­я­лар­дың пре­зи­дент­тері­мен де тере­зесі тең дәре­же­де сөй­ле­се біл­ді. Оқыр­ман­ның есін­де бол­са, ҚР СЭБ мини­стр­лі­гінің алға­шқы мини­стрі халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дан мақұ­рым адам бол­ды (марқұм­ның атын атау артық болар). Осы кез­де ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев дипло­ма­ти­я­лық қаты­на­стар­дың білік­ті мама­ны Болатхан Тай­жанға шетел­дік инве­стор­лар­мен жұмыс жүр­гі­зуді, тиісті заң­дар мен келісім-шар­ттар жаса­уды тіке­лей тап­сы­ра­ды. Осы өкілет­тік­ті ел мүд­десіне пай­да­ланған Бөкең шетел­дік ком­па­ни­я­лар басқа­ры­луы­на беріліп жатқан кен орын­да­ры мен өндіріс ошақта­ры­нан түсетін пай­да­ның жар­ты­сы­нан аста­мы Қаза­қстан­да қалуы­на күш салды.
Бұл кез­де елге келіп жатқан өндірісті басқа­ру­шы неме­се кен орын­да­рын жеке­ше­лен­діру­ге тыры­сқан шетел­дік ком­па­ни­я­лар пай­да­ның 80 пай­ы­зын өздеріне алып, тек 20 пай­ы­зын Қаза­қстанға қал­ды­ру тура­лы ҚР үкі­метіне ұсы­ныс жасаған бола­тын. Ал Бөкең шетел­дік инве­стор­ларға бұл үлес керісін­ше болуы керекті­гі жөнін­де талап қойды.
Осы орай­да тағы бір штрих кел­тірей­ік: 90-жыл­дар­дың басын­да Қаза­қстан­дағы ең алға­шқы ірі инве­сти­ци­я­лық жоба – Теңіз мұнай кені­шін иге­ру­ге аме­ри­кан­дық «Шев­рон» ком­па­ни­я­сы (кей­ін­нен – «Теңіз­шев­ройл») кел­ді. Сон­дағы ұза­ққа созы­лған әрі тар­ты­сты өткен келіс­сөз­дер бары­сын­да Болатхан Тай­жан ел пре­зи­ден­тіне мына­дай жаз­ба жол­даған екен: «Ұсы­ны­ла­тын роя­л­ти дең­гейі құбыр­мен кет­кен мұнай­дың әр тон­на­сы­на шаққан­да, 40 жыл­дық уақыт ішін­де орта­ша 20 пай­ыз болуы керек… Біз ұсы­нған роя­л­ти мөл­шері шетел­дік әріп­тесі­міз салған шығын­ның үсті­нен 18–20 пай­ыз табыс көру­ге мүм­кін­дік беретінін есеп­те­дік. Бұл әлем­де­гі мұнай биз­несін­де­гі кез кел­ген көр­сет­кі­ш­тер­ден жоға­ры. «Шев­рон» ком­па­ни­я­сы ел бас­шы­лы­ғы­мен көмір­су­тек шикі­за­тын ұқып­ты пай­да­ла­нуға және қосым­ша өнім­дер­ді де өңде­уді қалып­та­сты­руға мін­дет­те­ме алуы тиіс…».
Бірақ кей­ін бел­гілі болған­дай, Болатхан Тай­жан­ның ұсы­ны­сы өтпей, ҚР пре­зи­ден­ті шетел­дік­тер жасаған ұсы­ны­стың жете­гін­де кет­ті. Ел мүд­десін ойлап, келіс­сөз бары­сын­да алған беті­нен қайт­паған Болатхан Тай­жан қыз­меті­нен босап қал­ды. Соны­мен бір­ге Қаза­қстан да ұты­лып тын­ды: бүгін­гі ақпа­рат көр­сетіп оты­рған­дай, Теңіз кені­шінің мұнайы толы­ғы­мен «Теңіз­шев­ройл­дың» үлесін­де қал­ды, ал ком­па­ния тек салық төлеп, жұмыс беру­шінің рөлін ғана атқарады.
Болатхан Құл­жанұлы­ның эко­но­ми­ка­лық сая­сат­та ұлт­тық, мем­ле­кет­тік мүд­дені табан­ды түр­де қорға­уға бар күш-жігерін салға­ны­на осы жағ­дай жарқын мысал бол­са керек. Осы орай­да ол өзінің бір сұх­ба­тын­да: «Мен өз мүд­дем­ді ойла­сам, шалқып-бай­ып өмір сүрер едім. Оған мүм­кін­ді­гім көп бол­ды. Бірақ уақыт алдын­да, ұрпақ алдын­да жүзі­ме қара күйе жаққым кел­меді», – депті.
Тіл­ге тиек болған осы «Шев­рон­мен» шай­қастан кей­ін Болатхан Тай­жан Қаза­қстан­ның Малай­зи­ядағы елшісі болып кет­ті. Осы жоға­ры дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­те жүріп, сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар үшін аса маңы­зды тариф­тер тіз­бе­гін түзей­тін Гато келісі­мін тап­жыл­май оты­рып, ағы­л­шын тілі­нен ауда­рып шықты. Әлем­нің өзге елдері­мен Мәс­ке­усіз, дер­бес қарым-қаты­нас, сауда-сат­тық жасай бастаған жас Қазақ мем­ле­кеті үшін аса маңы­зды құжат­тың аудар­ма­сы қан­ша­ма эко­но­ми­ка­лық пай­да әкел­генін шотқа салып, ақша­мен есеп­теу мүм­кін емес.
Болатхан Тай­жан жас тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің қажетіне жарай­ды деген құн­ды дүни­е­лер­ді қаза­қ­ша сөй­ле­туді мін­деті сана­ды. Бір­не­ше тіл­ді жетік мең­гер­ген аға­мы­здың тағы бір сүй­ік­ті аудар­ма­сы – талай нары­қтық эко­но­ми­ка маман­да­ры­ның, тіп­ті бірқа­тар ел бас­шы­ла­ры­ның жата-жаста­на оқы­ған оқулы­ғы­на айналған Махатхир Мохам­мад­тың кіта­бы. Малай­зия пре­мьер-мини­стрінің «Малай­зи­я­лық валю­та дағ­да­ры­сы. Бұл қалай және нелік­тен бол­ды?» деген кіта­бы Болатхан Тай­жан осы елде елші болып жүр­ген­де жарық көр­ді. Батыс елдерін­де бест­сел­лер­ге айналған дүниені Бөкең бір­ден орыс­шаға ауда­рып, қол­жа­з­ба­сын пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа жол­да­ды. Аудар­ма­мен таны­сып шыққан малай­зи­я­лы­қтар оны кітап етіп басып шыға­ру­ды ұсы­нған. Ең қызы­ғы – малай­лы­қтар Махатхир Мохам­мад­тың еңбе­гін орыс тіліне аударған Ресей және Түр­кі­мен­стан ғалым­да­ры­ның да нұсқа­сы­мен таны­сып шыққан соң, дәл Болатхан Тай­жан­ның аудар­ма­сын лай­ы­қты деп тауып, 2001 жылы бас­па­дан шығар­ды. Малай­зи­я­ның өткен тарихы­нан қаза­қтың басы­нан өткен­дері­нен көп ұқса­стық тапқан ол Малай­зи­я­ның даму жолын­дағы тәжіри­бені мең­ге­руді маңы­зды деп сана­ды. Малай­зи­я­ның эко­но­ми­ка­сы­нан бөлек, тіл, діл, дін жағы­нан қолға алған сая­са­ты­нан үйре­нетін тұстар­ды жады­мы­зға ұста­уы­мыз қажет деген­ді ел бас­шы­ла­ры­ның сана­сы­на салу­мен болды.
Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның Мысыр­дағы тұңғыш елшісі болған кезін­де де жер­гілік­ті мысыр­лы­қтар­дың құр­метіне ие бол­ды. Болатхан Тай­жан­ның өзгені жақы­нын­дай сый­лап қана қой­май, оларға өз халқын сый­ла­та біл­геніне тағы бір штрих кел­тірей­ік: Араб еліне талай қар­жы­сын салып, маман­да­рын оқы­тып, тех­ни­ка, тех­но­ло­ги­я­сы­мен бөліс­кен кеңес үкі­меті қан­ша тырыс­са да, Мысыр­дың аста­на­сы Каир­де­гі бір көшені кеңес көсем­дерінің аты­мен атай алмай кет­ті. Есесіне, Қаза­қстан­ның Мысыр­дағы елшісі Болатхан Тай­жан Каир қала­сы­ның бір көше­сіне Абай­дың есі­мін бер­гізді. Перға­уын­дар еліне барған­да, Каир­ге жол түсіп, сол көше­ге кезік­сеңіз, қазақ, ағы­л­шын және араб тіл­дерін­де: «Бұл ұлы ақын – Абай Құнан­бай­ұлы­ның атын­дағы көше» деген тақтай­ша­ны оқисыз.
Қыз­мет­тен кетіп, еңбек дема­лы­сы­на шыққан кезін­де де Болатхан Құл­жанұ­лы құр қарап отыр­ма­ды. Елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық өзгерістер­ге, қоғам­да болып жатқан оқиға­ларға көзқа­ра­сын біл­діріп, ұсы­ны­ста­рын айтып жүр­ді. Кәні­гі дипло­мат әрі эко­но­мист ретін­де Қаза­қстан­ның бар­лық елмен тара­зы­ның тең басын­дай көп век­тор­лық сая­сат ұстанға­нын қол­да­ды. Деген­мен, бірін­ші кезек­те Орта­лық Ази­ядағы көр­шілер­мен қоян-қол­тық ара­ла­су­ды, олар­мен бар­лық сала­да әріп­те­стік орна­ту­ды жақтай­тын. Түбі бір түр­кі әле­мінің Батыс өрке­ни­етінің жетісті­гін пай­да­ла­нып, бір­ге дамы­ға­нын көк­седі. Және мұның бәрі ең алды­мен ұлт­тық, мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сы­нан сара­ла­нып, сал­мақта­нып барып қолға алы­нуы тиіс деуді де ұмытпады.
Болатхан Құл­жанұлы­ның өмір бой­ғы арма­ны – халқы­ның Тәу­ел­сізді­гі еді. Ол арма­ны жүзе­ге асып қана қой­май, Бөкеңе сол ұлы мұрат жолын­да күре­су, тер төгу, тәу­ел­сіздік­тің ірге­та­сын қалау бақы­ты бұй­ы­рып­ты. Бұл жағы­нан Болатхан Тай­жан­ның үлесі ұлтқа қыз­мет етуді бақы­ты­на балап кет­кен Алаш ары­ста­ры­нан бір мысқал кем емес. Өйт­кені Болатхан Тай­жан да ғұмы­рын екі қаси­ет­ті ұғым – Ұлт пен Ұятқа қыз­мет ету­ге арна­ды. Адал қыз­мет етті. Және Ұлты­ның Ұяты болуға лай­ық ұлда­ры­ның қата­ры­на қосылды.
Бей­ба­рыс БАЙСУАН
ДАТ»-тың тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша жазылды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн