Воскресенье , 6 июля 2025

Ұлтабар мен көтенішек: АЙЫРМАСЫ ҚАНДАЙ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Пікір

 

Білім беру жүй­есіне ұлт­тық стан­дарт керек

 

Соңғы кез­дері біз­де­гі білім сала­сын­да нешетүр­лі экс­пе­ри­мент жасау көбей­іп кет­ті. Мек­теп­тен басталған рефор­ма­лар­ды олай да, бұлай да тарт­ты… Әрине, бар­лы­ғы да жақ­сы бол­са екен деп ойлай­ды. Бірақ әркім өзін­ше жөн­ге кел­тіріп, жаңа­лық енгіз­гісі келеді. Біре­се Изра­иль, біре­се Батыс жүй­есі дей­ді. Солар­дың да жетісіп жатқа­ны шама­лы. Мүм­кін, олар­дың өзін­дік ұлт­тық ерекшелік­теріне сай жүй­е­лері бар шығар. Ұлт­тық мүд­дені ескер­ме­ген біздің қазір­гі білім сала­сы нешетүр­лі қателік­тер мен кемістік­тер­ге толы.

Мыса­лы, мек­теп оқулы­қта­ры­на айты­лып та, жазы­лып та жүр­ген сын аз емес. Маман­ды­ғы­ма жақын­дау пән­дер­ді мысалға кел­тірей­ін. Соңғы жыл­да­ры мек­теп­те оқы­ты­ла бастаған «Сала­у­ат­та­ну» (Валео­ло­ги­я­ны қаза­қ­ша­лаған түрі­міз) оқулы­ғы­ның бетін ашып, ас қоры­ту жүй­есінің суретін қараңыз – ұлта­бар­дың тұсы­на «он екі елі тік ішек» деп жазы­лып­ты. Оны оқы­ған бала ұлта­бар мен көтені­шек­тің қай­сы 12 елі, қай­сы тік екенін түсіне алмай дал болады…

Бір мек­теп «Ата­мұ­ра» бас­па­сы­нан шыққан оқулы­қты хош көр­се, екін­шілері «Мек­теп» бас­па­сы­нан шыққан­ды алы­ң­дар дей­ді. Оған қоса, оқулы­қтар­ды жыл сай­ын ауы­сты­ра­ды. Бұл үрдіс мен білетін соңғы 10 жыл бойы қай­та­ла­нып келеді.

Білім беруді жақ­сар­та­мыз деп, баты­стың «тест» деген дүни­есін алдық. Шын­ды­ғын­да, тесті­мен оқы­ту үйре­ну­шінің сана-сезі­мін, тіл бай­лы­ғын дамы­туға ешқан­дай үлес қос­пай­ды. Бұл тәсіл – бағ­дар­шам­ның қызыл, сары, жасыл түстері нені біл­діретінін жат­та­ту сияқты ақпа­рат­ты үйре­ну­шінің қалай жат­таға­нын тек­се­ру­ге ғана жарай­тын тәсіл. Оқу­шы мен сту­дент саңы­рау, мылқау сияқты көз­бен көріп, көңіл­мен ұқса­сты­қты таба­ды да, «тисе терекке, тиме­се бұтаққа» деп, бел­гіні бат­ти­тып қой­ып кете бара­ды. Оқу­шы­ның ойын­да тит­тей де шығар­ма­шы­лық про­цесс жүр­мей­ді. Демек, біз шәкірт­тері­мізді тесті­мен оқы­та­мыз деп, SМS арқы­лы ақпа­рат жинай­тын сана қалыптастырдық.

Әр ұлт­тың Ана тілі – сол ұлт­тың гене­ти­ка­лық бір Коды. Көп жыл­дар бойы өзге жүй­е­де, өзге тіл­де оқы­та­мыз деп коды­мы­зды шата­стыр­дық. Тілі­міз шұбар­лан­ды. Коды бұзы­лған сана – функ­ци­я­сы быж-тыж болған күр­делі меха­низм іспет­ті. Оры­стың фило­лог маман ғалым­да­ры бүгін­гі орыс тілінің аху­а­лы­на «Рус­ский язык болен» деп диа­гноз қой­ып отыр, ал біздің қазақ тілі­міз реани­ма­ци­яда жатыр. Қазір тура сон­дай жағдайдамыз.

Бәрі­міз қазақ тілін­де оқы­тып, дәрі­гер маман дай­ын­да­уды мақ­сат етіп жатыр­мыз. Бірақ меди­ци­на­лық оқу орнын­да дәріс беріп жүр­ген ұстаз ретін­де айта­рым, меди­ци­на сала­сын­да оқып жатқан сту­дент­тер­ге де, қазақ топ­та­ры­на меди­ци­на­ны мең­гер­тетін оқы­ту­шы­ларға да көңілім тол­май­ды. Неге дей­сіз ғой? Өйт­кені сабақ беретін, білім үйре­тетін маман­дар­дың көбісі кезін­де орыс­ша оқы­ған­ды­қтан, ана тілінің тамы­ры­нан ажы­рап қалған. Орыс тілінің де шыңы­на шыға алған жоқ. Сол шала қазақ мұғалім қай тіл­де сабақ бер­се де, тіл­ді шата­сты­ра­ды. Сөзі жұтаң, ойы таяз. Ол кере­мет хирург, мықты тера­певт, өз сала­сы­ның мама­ны дей­ік. Бірақ тала­пқа сай қазақ тіліне көшіп, сабақ бер­ген кез­де тіл­ді бүл­дір­гені­мен қой­май, инфор­ма­ци­я­ны дұрыс жет­кі­зе алмай­ды. Ондай ғалым­ның жазған оқулы­ғы­ның тілі сақау, демек, бола­шақ маман­да­ры­мыз шала­білім­ді болып шығып жатыр.

Білім мен тәр­бие егіз ұғым. Тәр­би­есіз бер­ген білім де, ғылым да қауіп­ті, өте қауіп­ті. Олай бол­са, біздің осы биті­мізді салып, ынтық боп, білім сала­сы­на тық­па­лап жүр­гені­міз қай стан­дарт? Стан­дарт – нор­ма, эта­лон, модель, үлгі деген сөз. Жазуға, сызуға, оқы­туға, өндіріс­ке, затқа, ере­же­лер­ге, т.б. қой­ы­ла­тын талап­тарға стан­дарт жасап алуға бола­ды. Импорт­та­лып кел­ген халы­қа­ра­лық стан­дарт қаза­қтың қаза­қты­ғын, Қаза­қстан­ның мүд­десін ескер­мей­тін стан­дарт. Аузы­мы­здан түс­пей­тін АҚШ-тың да, «өлі тілін тірілт­кен» Изра­иль­дің де, білім беру стан­дар­ты қаза­ққа жат, түп-тамы­ры­нан жат. Қаза­қтың өзін­дік ерекше ұлт­тық коды бар, пси­хо­ло­ги­я­мыз басқа. Біз қой­ы­мы­зды қасқыр қырып кет­кен­нен кей­ін барып қора­мы­зды бекі­тетін қаза­қ­пыз ғой…

Тіл бұзы­лу, дін­сіз­де­ну, дүбәра­ла­ну – ұлт­тың негіз­гі Кодын шата­сты­ра­ды. Бүкіл әлем бой­ын­ша «ұлт­тық коды» мың құпи­я­лы халық – Қытай, себебі саны сапаға айна­лып үлгер­ген. Бір ғана өрмек­ші-иеро­гли­фінің торы­на кім­ді бол­са да түсіреді. Ал біздің саны­мы­здың да, сана­мы­здың да кіре­беріс есі­гін­де «коды бар құл­пы­мыз» бір­де істеп, бір­де істе­мей қала­ты­ны бар. Ондай­ды, тілі жар­гон­да­нып үлгер­ген қазақ сту­дент­терінің сөзі­мен айтқан­да, «қуып кететіні­міз бар»…

 

Мұхам­бе­дия Ахметов,

Аста­на меди­ци­на Уни­вер­си­тетінің профессоры,

kazbilim.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн