Воскресенье , 6 июля 2025

Ұлттық банктің айтқанын КЕРІСІНШЕ ІСТЕУ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

Кеңес орны­на

 

 

Елі­міз­ге таны­мал эко­но­мист, «Қазақ­станды өзгерт­кен сөз» еңбе­гінің авто­ры Евге­ний Коче­тов Қазақ­стан­ның өткен жылғы қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық аху­а­лын сарап­тай келе, отан­даста­ры­на осын­дай кеңес берді.

 

«2016 жыл да ешкім­ге оңай­ға соқ­пай­ды. Ұлт­тық банк эко­но­ми­ка­лық өсім мен инфля­ци­яға қар­сы күрес ара­сын­да арпа­лы­сқа түсетін бола­ды. Оған тең­генің құл­ды­ра­уы­ның жалға­суын қосы­ңыз», – дей­ді экономист.

Оның айтуын­ша, өткен жыл халы­қтың ұлт­тық валю­таға деген сені­мін бір­жо­ла­та жоғалт­ты. Соның сал­да­ры­нан ел жиған-тер­генін шетел валю­та­сы­на ауы­сты­ра баста­ды. Шетел валю­та­сын­дағы ақша мас­са­сы­ның үштен бірін депо­зит­тер­де­гі ақша құрап отыр. Бұл көр­сет­кіш бір жыл ішін­де бір жарым есе­ге артқан. Қазір жеке тұлға­лар­дың депо­зит­терінің 80 пай­ы­зы шетел валю­та­сы­мен сақталған.

Тең­генің мұн­ша құл­ды­ра­уын эко­но­мист Ұлт­тық банк­тің тең­ге «еркін жүзіп жүр­ген» теңіз тереңді­гін аны­қта­уға жүрексі­нуі­мен түсін­діреді. Соның нәти­же­сін­де өткен жылы төл валю­та 65 пай­ы­зға құнсызданған.

Эко­но­мист елі­міз­де бас бан­кир­дің ауы­суын орта­лық банк­ке деген күдік­ті одан әрі қою­лан­ды­рған оқиға деп баға­лап отыр.

«Ұлт­тық банк бас­шы­сын ауы­сты­ру керек деген әңгі­ме қыр­күй­ек айын­да бастал­ды. 2 қара­ша күні ол ауы­сты. Келім­бе­то­втің орны­на бұры­нғы бас­шы­лар­дың ішін­де­гі ең жас және осы сала­да ұзақ жыл­дық тәжіри­бесі бар Ақы­шев кел­ді. Ресей­де де осын­дай тағай­ын­дау бол­ды. Онда Орта­лық банк Эль­ви­ра Наби­ул­ли­наға сеніп тап­сы­рыл­ды. Екі елде де халық жаңа бас­шы­дан не күтерін біл­меді. Ақы­ры өзі­міз көр­ген­дей, тең­генің құл­ды­ра­уы тоқта­ма­ды. Оның үстіне Бас банк­тің жаңа бас­шы­сы ашық сая­сат жүр­гіз­бей отыр және оның кей­бір мәлім­де­ме­лері де қар­жы­лық нарық қаты­су­шы­ла­ры­на «қызық  көрін­ді» деген Евге­ний Коче­тов Д. Ақы­шев­тің қар­жы нары­ғы­ның ойын­шы­ла­ры­мен, халы­қ­пен тіл табы­са алмаға­нын жеткізді.

«Өткен жылы дол­лар­сызда­ну деген тер­мин жиі қол­да­ны­ста бол­ды. Ресми мәлім­де­ме­лер жаса­лып, баға­ны тек ұлт­тық валю­та­мен бел­гілеу, тек тең­ге­мен сауда жасау тура­лы ұсы­ны­стар тастал­ды. Құры­лыс, авто­көлік нары­ғын­да тең­ге­мен баға бел­гіле­у­ге көшу­ге әре­кет жасал­ды. Бірақ ақша­ны тең­ге­мен жинау ешкім­ге пай­да әкел­меді. Ұлт­тық валю­та­мен сақталған депо­зит­тер­дің мөл­шер­ле­месі инфля­ция дең­гей­і­нен де төмен бол­ды. Деваль­ва­ци­ядан шошы­нған халық та тең­ге­мен депо­зит ашуға жүрексін­ді» деген пікір иесі инфля­ция дең­гей­інің 2016 жылы да төмен­де­уін күт­пе­уді ескертті.

«2016 жылы инфля­ция деген­ді ұмы­та­мыз деп ойлау – қате. Қазір баға өсі­мі осы­мен тоқта­май­ды. Өйт­кені шағын және орта биз­нес өкіл­дерінің қой­ма­ла­рын­да ескі бағам­мен алы­нған тау­ар­лар сақта­лып кел­ді. Кеше­гі жаңа жыл­дық жап­пай саты­лым­дар­да оның да түбі көрін­ді. Яғни, жаңа жыл­дың алға­шқы айын­да-ақ, инфля­ция дең­гей­інің артуы ғажап емес» деген қауіп­ті жет­кіз­ген сарап­шы Ұлт­тық банк­ке бар­лық жұмысын ашық жүр­гізу­ге кеңес береді.

«Тек ашық қар­жы­лық сая­сат қана төл валю­та мен Ұлт­тық банк­тің жоғал­тқан сені­мін қай­та­ра ала­ды», – дей­ді Е. Кочетов.

Халық пен Ұлт­тық банк төраға­сы ара­сын­дағы түсіністік мәсе­лесін­де эко­но­мист  АҚШ-тың Феде­рал­ды резерв­тік жүй­есін басқарған Алан Гри­спен­нің сөзін мысалға келтіреді.

«Оның (А. Грин­спен – Ред.): «Егер сіз мен бар­лы­ғын түсінік­ті жет­кіздім деп ойла­саңыз, онда сіз ештеңе түсін­бедіңіз» деген сөзі бар. Бұл сөз біз­ге де жат емес. «Ұлт­тық банк өкілінің айтқа­нын тың­да да, бар­лы­ғын керісін­ше істе» деген қағи­да Қаза­қстан­да да мықтап орна­ды», – деді өткен жыл­дың қар­жы­лық тыны­сы­на шолу жасаған экономист.

 

Qamshy.kz

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн