Пятница , 4 июля 2025

Ұлттық кодтың КІЛТІ ҚАЙДА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Қуғын-сүр­гін: жаңа көзқарас


 

Пре­зи­дент Н.Назарбаев «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сын­да «Өткен ХХ ғасыр халқы­мыз үшін қасы­рет­ке толы, зоба­лаң да зұл­мат ғасыр бол­ды», – дей­ді. Ал қазір­гі ғасыр ше?

 

Біз – «Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің бір топ бел­сен­ділері 2014 жылы сол кез­де­гі ҚР пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов мыр­за мен ҚР пар­ла­мен­ті мәжіліс төраға­сы­ның сол кез­де­гі орын­ба­са­ры Дариға Назар­ба­е­ва ханы­мға, Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­нан сай­ланған мәжілістің тоғыз депу­та­ты­на, 2016 жылы Бас Мүф­ти­ге келесі­дей мәтін­де хат жолдадық:

«ХХ ғасыр­да жер бетін­де қазақ ұлтын­дай қасірет шек­кен халық болған жоқ! Тарих­тың 1918, 1921–22, 1931–32 жыл­да­рын­да үш рет айна­лып соққан ала­пат ашты­қтан қазақ ұлты­ның жет­піс пай­ы­зы қырыл­ды. Қол­дан ұйым­да­сты­рған нәу­бет­тен қаза­қтың жері бос қал­ды. Құдай­сыз қоғам құру­ды көз­де­ген қызыл импе­ри­я­ның қан­ды­қол бас­шы­ла­ры қазақ дала­сын­да көмусіз қалған мүр­де­лер­дің үсті­нен Кеңес одағы­ның «халы­қтар түр­месін» сал­ды. Солақай сая­сатқа жақ­паған ұлт­тар топ-тобы­мен Қаза­қстанға жер ауда­рыл­ды. Қор­лық пен қия­нат­тың сан түрін көріп, қина­лып, қасірет шек­кен қазақ халқы тағ­дыр­дың айда­уы­мен жат жер­ден қуы­лып кел­ген ұлт­тар­дың ешқай­сысын ала­ла­ма­ды. Бір үзім наны­мен бөлісіп, бауы­ры­на тартты.

Қасірет ата­улы­ның ата­сы бір. Сая­си қуғын-сүр­гін мен ашар­шы­лық қасіретін бөліп қарау – теріні еттен айы­рған­мен бір­дей. Сон­ды­қтан 31 мамыр­да атап өтілетін «Сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске алу» күнін – жазы­қ­сыз жапа шегіп, жоқта­у­сыз кет­кен ашар­шы­лық құр­бан­да­ры мен сол кезең­де әр қаза­қтың өміріне ара­ша түс­кені үшін қуғын-сүр­гін­ге ұшы­рап, аты­лып кет­кен қай­рат­кер­лері­міздің рух­та­ры­на тағ­зым ететін «Қасірет күні» деп бел­гілеп, елі­міз­де дема­лыс жари­я­лау керек. Осы күні мем­ле­кеті­міз­де көңіл көте­ретін ойын-сауы­қтар тоқта­ты­лып, туы­мыз төмен түсіріліп, бар­лық жер­де қара­лы музы­ка ойна­лып, бүкіл халық аза тұтып, құр­бан­дарға арнап Ас беріліп, рух­та­ры­на бағы­шта­лып, Құран оқы­лып, тағы да басқа игілік­ті іс-шара­лар өткізілуі тиіс».

Сол хаты­мы­зға ала­пат ашар­шы­лық тура­лы бір ауыз сөз жоқ: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы кәсіп­тік және өзге де мере­ке­лер тура­лы» ҚР Пре­зи­ден­тінің 1998 жылғы 20 қаңта­рын­дағы №327 Жар­лы­ғы­мен 31мамыр – «Сая­си қуғын-сүр­гін­дер құр­бан­да­рын еске алу күні» деп бекітіл­генін мәлім­дей­міз» – деп, ресми түр­де жазы­лған жау­ап­тар алдық. 

Тек қана Ассам­бле­я­дан сай­ланған мәжіліс депу­та­ты Роман Ким: «…Ұсы­ны­сы­ңы­зды қол­дай­мын. Бұл еске алу­дың ізгі дәстүрін салуға мүм­кін­дік береді. Әрине осы күні әртүр­лі ойын-сауық іс-шара­ла­рын өткі­зу күпір­лік болар еді. Уақыт – әділ­дік­тің төре­шісі. Осы аза­лы күн­дер халы­қтың жадын­да мәң­гі сақта­ла­ды», – деп аза­мат­тық ұста­ным таныт­ты. Қалған сегізі үнсіз қалды.

Халық қай­ғы­лы жағ­дай­да, неме­се ортақ қай­ғы­ны бірі­гіп еске алған­да бірі­геді. Ұлт­ты ұйы­сты­ра­тын шара­ларға билік­тің немқұрай­ды қара­уы – жақ­сы­лы­қтың ныша­ны емес.

 

Ескен­дір Мұң­шы баба­мыз: «Құран оқы­лған жер­де мен адам­ның кез кел­ген пен­десі­мен тең­мін. Қан төгіл­ген жер­де – тек­ті­мін! Ой төгіл­ген жер­де – теңіз­бін!», – деген екен. Сөздің реті кел­ген соң айта кетей­ін, Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның құры­лған күні 1 наурыз – елі­міз­де «Алғыс айту күні» деп жари­я­лан­ды. «Алғыс айту күні – тағ­дыр тәл­ке­гі­мен Қаза­қстан жеріне еріксіз қоныс аударған түр­лі этно­стар­дың мил­ли­он­даған өкіл­дерінің құт­ты қоны­сы­на айналған қаси­ет­ті қазақ жері мен қонақ­жай қазақ халқы­на терең тағ­зым­ның бел­гісі», – делін­ген осы орай­дағы жар­лы­ққа беріл­ген түсінік­те­ме­де. Бірақ осы күн тура­лы қара­пай­ым халы­қтың пікірі келесі­дей: «Тағ­дыр­дың айда­уы­мен Қаза­қстанға кел­ген халы­қтар мей­ман­дос ұлт­ты кез­де­стір­гені үшін, қаза­ққа алғыс айту­ла­ры керек емес пе? Қаза­қтарға алғы­сты еріксіз қоныс аударған ұлт­тар­дың Ота­ны айтуы тиіс. Бірақ бұл күн – Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның аты­нан сай­ланған депут­тар мен Ассам­блея мүше­лерінің бір ғана Пре­зи­дент­ке алғыс айту күніне айна­лып кет­кен сияқты», – дей­ді. Осы сөздің жаны бар тәрізді.

Қалай десек те, құн­ды­лы­қтар­дың орны ауы­сқан мына заман­да халы­қты тәу­бе­ге шақы­ра­тын бір күн қажет. Жылы­на бір рет биле­уші – тағы­нан, атқа мінер­лер – аттан түсіп, халы­қ­пен бір­ге ала­пат ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­ның әру­ағы­на бас иіп, құран оқы­са, осы игілік­ті іс келер ұрпақтың сана­сы­на сәу­ле түсіретін, тәр­би­елік мәні зор шараға айна­ла­ры даусыз.

Пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев атал­мыш мақа­ла­сын­да: «Жаңа тұр­пат­ты жаңғы­ру­дың ең басты шар­ты – сол ұлт­тық коды­ң­ды сақтай білу. Онсыз жаңғы­ру дегеніңіздің құр жаңғы­ры­ққа айна­луы оп-оңай», – дей­ді. (1982 жылы Мәс­ке­уде «Совет­ская Энцик­ло­пе­дия» бас­па­сы­нан шыққан сөздік­те: Код (франц. Code), сово­куп­ность зна­ков (сим­во­лов) и систе­ма опре­де­лен­ных пра­вил, при помо­щи кото­рых инфор­ма­ция может быть пред­став­ле­на (зако­ди­ро­ва­на) в виде набо­ра из таких сим­во­лов для пере­да­чи, обра­бот­ки и хра­не­ния (запо­ми­на­ния). Конеч­ная после­до­ва­тель­ность кодо­вых зна­ков назы­ва­ет­ся сло­вом. (стр. 603)     Ғасыр­лар­дан ғасыр­ларға жалға­сып келе жатқан ұлт­тық таным мен құн­ды­лы­қта­ры­мыз – қазақ халқы­ның гене­ти­ка­лық дең­гей­де­гі кодын аны­қтап, өзін-өзі тану­дағы басты құрал. Сон­ды­қтан «Кім едік, таң­даған бағы­ты­мыз қан­дай, енді не істеу керек?», – деген сұрақтар­дың жау­а­бын өткен­нен ізде­ген абзал.

Ерте заман­нан жет­кен аңыз-әңгі­ме­лер­де түр­кілер жау­ла­ры­нан ойсы­рай жеңіліп, жой­ы­лып кету қау­пі туа­ды. Сол кез­де ұлт­тың сақта­лып, ұрпағы­ның жалға­суы­на қасқыр­лар себеп­ші болған екен. Бүгін­гі түр­кі тек­тес халы­қтар өздерін «Көк­бөрі­ден тараған­быз, Көк­бөрінің ұрпағы­мыз», – дей­ді. Мұн­дай аңы­здар­дың шығу себебі: «Баба­ла­ры­мыз бола­шақ ұрпағы – қасқыр сияқты қай­сар мінезді бол­са екен, ешкім­ге бас имей­тін, әділет­сіздік­ке төз­бей­тін батыр болып өссе екен», – деген арман-қия­лы­нан туған бол­са керек.

Аң пат­ша­сы ары­стан­нан бастап, бар­лық аңдар – жол­ба­рыс пен піл­дер­ге дей­ін цирк­те өнер көр­се­те­ді. Тек қасқыр ғана цирк­те ойна­май­ды. Себебі ол – оның басқа аңдарға қараған­да, ақы­лы­ның азды­ғы­нан емес, туа біт­кен табиғи бол­мысын сақта­уын­да, бостан­ды­қта өмір сүретін, ешкім­ге бағын­бай­тын мінезінің қай­сар­лы­ғын­да. Нағыз көк­жал қасқыр кегін жібер­мей­ді, ұрпағы мен ұяла­ста­рын қорға­уда жан­пи­да­лы­ққа бара­ды. Сон­ды­қтан қаза­қтар ержүрек, намысқой, мінезді жігіт­тер­ді көк­жалға теңеген. 

Бүгін­гі аға буын­ның мой­нын­дағы басты парыз: Көк­бөрінің қаси­ет­терін негіз­ге ала оты­рып, тобы­рға айна­лып бара жатқан заман­даста­ры­мы­здың намысын оятып, кезін­де көре­ген­дік­пен әлем­ді биле­ген дана баба­ла­ры­мы­здың қан­мен берілетін тек­тілі­гін жас ұрпақтың бой­ы­на сіңі­ру арқы­лы жаңа ұлт қалып­та­сты­ру. Баба­ла­ры­мы­здың айбы­нын сана­мы­зда жаңғыр­ту – жаһан­да­ну дәуірін­де Қаза­қстан­ды руха­ни құл­ды­ра­удан сақтап, алпа­уыт мем­ле­кет­тер­ге жұты­лып кету­ден құтқа­ра­тын ұлт­тық иде­я­ның ірге­та­сын қалайды.

Жас ұрпақ ұлт­тың руха­ни мәй­е­гі­мен ауы­здан­са ғана халы­қтың сана­сы жаңғы­рып, ұлт­тық коды­мыз сақта­ла­ды! Себебі ұлт­тық рух – қаза­қтың эпо­стық жыр­ла­ры­нан, ән-күй­лері­нен, салт-дәстүр­лері­нен нәр ала­ды. Соны­мен қатар, бағ­зы заман­нан бері ұлты­мы­здың ата­дан балаға мұра болып келе жатқан асыл қаси­еті (коды) – баба­ла­рын қастер­леп, өмір­ден озған­дар­ды құр­мет­теп, құран бағыштау.

Елдің азатты­ғы мен жер­дің тұта­сты­ғы жолын­да күресіп, шей­іт болған ары­ста­ры­мыз бен ата­ме­кен­нен таң­дай­ға басар талға­жу тап­пай, баста­ры ауған жаққа босып кетіп, аштан қыры­лған, ашық аспан астын­да көмусіз қалған бауыр­ла­ры­мы­здың рухы риза бол­са, біздің Мәң­гілік елге айна­лу жолын­дағы ұлт­тық код­ты сақтаға­ны­мыз. Ал егер бұл шар­тты тәрік етсек, тарих­тан тағы­лым алмай­тын мәң­гүрт елге айналғанымыз…

Рама­зан ҚҰРМАНБАЕВ,

«Ашар­шы­лық құрбандары»

қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн