Суббота , 5 июля 2025

Ұлттық зейнетақы қоры ҮКІМЕТТІҢ АСТАУЫ ЕМЕС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Мәсе­ленің мән-жайы

 


Аста­на­да өткен жиын­да ҚР Инве­сти­ция және даму вице-мини­стрі Аль­берт Рау Қаза­қстан халқы­ның біры­ңғай зей­не­тақы жинағы­нан тағы 50 мил­ли­ард тең­ге алы­на­ты­нын айт­ты. Сөйт­сек, ол темір­жол сала­сын дамы­туға және жүк вагон­да­рын сатып алуға жұм­са­ла­ды екен. Нары­қтағы пай­ы­здық мөл­шер­мен инве­сти­ция түрін­де жұм­са­ла­тын қар­жы­ға Ұлт­тық банк келісі­мін бер­ген-міс. Басы бәле­ден арыл­маған Ұлт­тық банк­тің басқар­ма кеңесі осы­лай депті.

Жақын­да ғана қаза­қстан­ды­қтар­дың зей­на­тақы қоры­на жау­ап­ты Ұлт­тық банк­тің былы­ғы­нан кей­ін Қоғам­дық кеңес құры­лып, оның тіз­гінін Досым Сәт­па­ев мыр­за ұстаған еді.

Біз Аль­берт Раудың ресми мәлім­де­месіне қаты­сты қоғам­дық кеңе­стің төраға­сы, сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев­тің пікірін білдік.

 

 

–Досым аға, сіз жақын­да ғана осы қоғам­дық кеңес­ке төраға бол­ды­ңыз. Білуім­ше, қоғам­дық кеңе­стің құзы­реті шамалы…

– Өзіңіз білесіз, қоғам­дық кеңес­ке төраға болға­ны­ма – бар болға­ны бір апта. Біз, түр­лі сала­ның маман­да­ры­нан жиналған оты­зға шақты адам, бірін­ші­ден кон­суль­та­тив­ті жұмыстар­мен айна­лы­са­мыз. Біз, Ұлт­тық банк­тің, мини­стр­лік­тің жұмыста­рын бақы­лап, оның ашық әрі жария түр­де жүр­гізіл­генін талап етеміз.

– Вице-министр мыр­за зей­не­тақы қоры­нан 50 мил­ли­ард тең­ге алуға құл­шы­нып оты­рға­нын көр­сет­ті. Бұған не айтасыз?

– Вице-министр Рау мыр­за біры­ңғай қор­дан 50 мил­ли­ард тең­ге алы­на­ты­нын және оның темір­жол сала­сын дамы­туға жұм­са­ла­ты­нын айт­ты. Бұған біз, қоғам­дық кеңес қар­сы пікір айт­тық. Иә, біз қар­сы­мыз. Себебі, темір­жол сала­сын суб­си­ди­я­ла­удың өзге де жол­да­ры бар. Ал жаңа ғана маған ҚР Инве­сти­ция және даму мини­стрі хабар­ла­сып, орын­ба­са­ры­ның мәлім­де­месіне қаты­сты пікірін айт­ты. Кешірім сұра­ды. Бұл – біздің кеңе­стің мәлім­де­месіне жоғарғы жақтан реак­ция бар екенін бай­қат­ты. Біз бұл про­цес­стер­дің ашық әрі жария түр­де өтуін талап етеміз.

– Досым мыр­за, қоғам­дық кеңес Үкі­мет­тің темір жолға Ұлт­тық қор­дан қар­жы бөлу жөнін­де­гі баста­ма­сын кері қай­та­ра ала ма?

– Біз зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы­ға қаты­сты бар­лық про­цес­стер­ге бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­са­мыз. Үкі­мет те, Ұлт­тық банк те, қоғам­дық ұйым­дар да біз­бен сана­суы тиіс. Біз – халы­қтың өкілі­міз. Бұл – бола­шақ зей­нет­кер­лер­дің ақша­сы. Бұл – қазір­гі зей­нет­кер­лер­дің ақша­сы. Сон­ды­қтан, бұлай бетал­ды ақша алын­ба­уы тиіс.

Бір мәсе­лені мой­ын­дау керек. Зей­не­тақы қоры мен Ұлт­тық банк бүгін­гі жағ­дай­да Үкі­мет­тің әми­я­ны секіл­ді. Халық та ақы­мақ емес қой. Инфли­я­ция бар, деваль­ва­ция бар. Жоба­лар­дың өзін-өзі ақта­мауы бар. Бір сөз­бен айтқан­да тәу­е­келі көп.

Мен зей­не­тақы қорын басқа­ру­дың Син­га­пур­лық әдісін мысалға кел­тірер едім. Қазір Қаза­қстан­ның зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы халы­қтың емес, жеке­ле­ген ком­па­ни­я­лар мен жоба­ларға суб­си­дия түрін­де Үкі­мет­тің мүд­десіне жұм­са­лып жатыр. Ал салым­шы­лар өз қар­жы­ла­ры­на бақы­лау жасай алмай­ды. Сон­ды­қтан, біз Син­га­пур­дың жүй­есін қол­да­ны­сқа енгі­зуді ұсы­на­мыз. Ол дегеніңіз – зей­не­тақы қоры­ның 3 түрін енгі­зу. Бірін­шісі – кәдім­гі қор. Яғни зей­нет қоры. Адам­дар­дың зей­нет жасы­на кел­ген­де ала­тын ақшасы.

Екін­ші – тұрғын үйге арналған қор. Біз­де қазір қан­ша­ма қаза­қстан­дық пәтер­ден – пәтер­ге тен­тіреп жүр. Бұл про­бле­ма­ны шешу де оңтай­лы бол­мақ. Үшін­ші – меди­ци­на­лық қор. Кез-кел­ген төтен­ше жағ­дай­да салым­шы­ға өзінің қор­дағы қар­жы­сы есебі­нен емде­лу­ге мүм­кін­дік жасау. Қазір айта кетей­ік, түр­лі сал ауру­ла­ры неме­се күр­делі ота жаса­луы тиіс жағ­дай­лар көп­теп кез­десіп жатыр. Олар­дың ем ақы­сын төле­у­ге мүм­кін­дік­тері жоқ. Ал меди­ци­на­лық қор болған жағ­дай­да – әлгі про­бле­ма­лар­ды шешу­ге әбден бола­тын еді.

– Бұл қан­ша­лы­қты тиім­ді? Себебі, өзіңіз айтқан­дай, салым­шы­лар, яғни сіз бен біз ол қор­дағы қар­жы­на бақы­лай алмай­мыз ғой.

– Міне, сон­ды­қтан біздің қоғам­дық кеңес құрыл­ды. Рас айта­сыз, біздің Ұлт­тық банк пен Үкі­мет­ке жол­данған ұсы­ны­сы­мы­зда – тұрғын­дар­дың, салым­шы­лар­дың зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы­ны жар­ты сома­сын уақы­ты­нан бұрын шешіп алу құқы­ғын беру бол­ды. Бұл дегеніңіз, кез-кел­ген төтен­ше жағ­дай­да, салым­шы­ларға шот­та­рын­дағы қар­жы­ның жар­ты бөлі­гін иге­ру­ге мүм­кін­дік жасау. Егер осы меха­низмдер­ді қол­да­ны­сқа енгіз­се, кей­бір мәсе­ле­лер шеші­мін таба­ры сөз­сіз. Әйт­пе­се, қан­ша адам пен­си­яға шық­пай жатып қай­тыс болып жатыр. Өмір­лік бей­нетінің зей­нетін көр­мей марқұм болып жатқан­дар­дың қар­жы­сы сұра­у­сыз қал­мауы керек. Қатаң бол­са да солай. Зей­не­тақы қорын­дағы ақша­ның игілі­гін тек Үкі­мет көр­ме­уі тиіс қой. Сон­ды­қтан, біз өз ұсы­ныс, талап­та­ры­мы­зды әлі де айта­тын бола­мыз. Әзір­ше, біз бақылаушымыз.

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

Abai.kz

 

• Редак­ци­ядан: Ескер­те кетей­ік, сей­сен­бі күні инве­сти­ция және даму мини­стр­лі­гі Ұлт­тық қор­дың 50 млрд тең­гесін темір жол сала­сы­на жұм­сау – инве­сти­ци­я­лық қар­жы­ны иге­рудің бір ғана нұсқа­сы деп мәлім­деп, А.Раудың сөзіне түсінік бер­ді. «Бұл жөнін­де әлі нақты шешім қабыл­данған жоқ», – деп мәлім­деді министрліктегілер.

 

 

Қор­да қанша

ҚАРЖЫ БАР?

 

2017 жыл­дың 1 ақпа­ны­на «Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы­лық қоры­на» (БЖЗҚ) жинақталған зей­не­тақы­лық жинағы­ның жал­пы сома­сы 6,71 трлн тең­ге бол­ды», –делін­ген зей­не­тақы­лық қор­дың бас­пасөз қыз­метінің хабарында.

БЖЗҚ бас­пасөз қыз­меті таратқан хабар­да айты­лған­дай, 2017 жылғы 1 ақпан­да шар­ттар­дың бар­лық түр­лері бой­ын­ша салым­шы­лар­дың (алушы­лар­дың) жеке зей­не­тақы шот­та­ры­ның (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бір­лік, оның ішін­де мін­дет­ті зей­не­тақы жар­на­ла­ры (МЗЖ) есебі­нен 9,58 млн. бір­лік бол­ды. Мін­дет­ті кәсіп­тік зей­не­тақы жар­на­ла­ры бой­ын­ша салым­шы­лар­дың ЖЗШ саны 421,25 мың бір­лік, ал ерік­ті зей­не­тақы жар­на­ла­ры бой­ын­ша 38,99 мың бір­лік болды.

2017 жылғы қаңтар­да түсім­дер­дің жал­пы сома­сы 61,2 млрд. тең­ге бол­ды. Әске­ри қыз­мет­шілер мен әле­ует­ті құры­лым­дар қыз­мет­кер­лерінің пай­да­сы­на 2016 жылғы 1 қаңтарға дей­ін бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен ауда­ры­лған мін­дет­ті зей­не­тақы жар­на­ла­ры сома­сы­нан 50 пай­ы­зын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке қай­та­ру есеп­ке алы­на оты­рып, қай­та­ры­лған жар­на­лар сома­сы 0,4 млрд. тең­ге болды.

2017 жыл­дың басы­нан бастап, салым­шы­лар­дың ЖЗШ-ына есеп­тел­ген таза инве­сти­ци­я­лық табыс сома­сы 10,79 млрд. тең­ге бол­ды. 2017 жылғы қаңтар­да БЖЗҚ-дан төлен­ген зей­не­тақы төлем­дерінің сома­сы 43,14 млрд. тең­ге, оның ішін­де сақтан­ды­ру ұйым­да­ры­на ауда­рым­дар 2,09 млрд. тең­ге болды.

Салым­шы (алушы) өзінің ЖЗШ-сын­дағы зей­не­тақы жинақта­ры­ның жай-күйі тура­лы (оның ішін­де есеп­тел­ген инве­сти­ци­я­лық табыс тура­лы) ақпа­рат­ты БЖЗҚ-ның 231 дер­бес қыз­мет көр­се­ту орта­лы­ғы­ның бірі­нен, пошта бай­ла­ны­сы арқы­лы, элек­трон­дық пошта арқы­лы, БЖЗҚ сай­ты неме­се ұялы қосым­ша арқы­лы ала ала­ды. Толық мәлі­мет­ті www.enpf.kz интер­нет-сай­ты­нан алуға болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн