ЛУИНА – Жомарттың ЖАРЫ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №41 (358) от 10 ноября 2016 г.

 

Ойдан-қырдан

  • Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын мойындады. Одан бөлек, әнші продюсерімен ғана емес, оның анасымен және үш перзентімен бір шатырдың астында өмір сүріп келетінін айтты.


«5 жылдан бері Жомарт менің продюсерім және осынша уақыт біз бірге тұрамыз. Оның үш баласы бар, олар да бізбен бірге. Менің балаларым жоқ. Біз әлі үйленген жоқпыз. Үйленген соң, балалы болуды ойланатын шығармыз… Біріншіден, бізге солай ыңғайлы. Айтпақшы, біз оның анасымен бірге тұрамыз. Бүгінгі таңда ресми емес болса да, келін атанған жайым бар. Мүмкін, келесі жылы біз қарым-қатынасымызды заң жүзінде тіркейміз… Екеуміздің ресми келісім-шартымыз келесі жылы аяқталады. Бірақ бізге қазір қағаздың да қажеті жоқ. Мен бұл адамды жақсы көремін, оның жанында өзімді жайлы сезінемін. Ол менің жақын адамым болып кеткен. Оған өзімнен де артық сенім артамын», – деді әнші «Компромат» бағдарламасында.

 Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн