ҚҰЛЫБАЕВТЫ ҚҰТҚАРҒАН Мағауов маңып қалмады

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.)

 

Апта аптығы

Сыйға – сый…


Елдегі бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрі қызметінен кеткен Әсет Мағауов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды.

 

Kazenergy-дің төрағасы Тимур Құлыбаев Әсет Мағауовты «Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының» бас директоры қызметіне тағайындады. Бұл Тимур мырзаның «сыйға – сый» ретінде жасаған қамқорлығы деп бағалайды тәуелсіз сарапшылар.

Еске сала кетейік, жуықтағы бензин тапшылығына қатысты бірқатар баспасөз құралдары Ресейден бензин импорттаушы компанияны жазғырған еді. Ал ол монополист Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компания еді. Енді, міне, ел президентінің өзіне үстел тоқпақтатқан сол дағдарыс кезінде «Тимур және оның командасын» құтқарып, премьер-министрдің қаулысымен вице-министрлік қызметінен кеткен Мағауов маңып қалмады.

Сырым ДАТОВ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн